Кім жүйрік ойға - сол алда

  • Жүктеулер: 606
  • Көрсетілім: 1387
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 22/Окт/2015
Саулеш, Сыздыккызы, Алькенова, Қарағанды, облысы, Шет ауданы, С.Сейфуллин кенті, Жарық ЖОББ мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі , сыныптан тыс іс-
шара, интеллектуалды сайыс. Тақырыбы: Кім жүйрік ойға – сол алда

Мақсаты: оқушылардың білім-білік дағдыларын байқау, өз-өздерін емін-еркін ұстай білуге үйрету, білім деңгейлерін толықтыру, тез әрі дұрыс жауап қайтаруға жаттықтыру.
Дамытушылығы: оқушылардың ынтасын арттырып, қазіргі заман талабына сай әр түрлі білім сайысына қатысуға дайындау; ойлау қабілеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды Отанын, ана тілін сүюге, белсенділікке, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, мақалдар,т.б.

Барысы
1-жүргізуші:
Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынады.

2-жүргізуші:
Армысыздар, ата-аналар, ұстаздар!
Бармысыздар!
Болашақтың бастауы,
Балғын шақты балалар!

1-жүргізуші:
Қазір сіздер осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсететін
«Кім жүйрік ойға- сол алда» деп аталатын сайысымызды тамашалайсыздар.

2- жүргізуші:
Ал, келіңдер, келіңдер!
Бәріне –бірің еріңдер!
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.
(Ойынға қатысушы оқушыларды ортаға шақырамыз)
1-жүргізуші:
Ашық жарқын жүзді,
Әділ-қазылар біздің.
Таңдап баға беруге,
Шақырайық төрге.
Төрелік өздеріңізде!

Мұғалімнің түсіндірмесі.

І БӘЙГЕ 10 балл. 8 оқушы
1. ҚР Мемлекттік Рәміздерін ата
2. Адамдардың қатынас құралы
3. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері
4. Ы.Алтынсарин кім?
5. Біз тұратын жер не деп аталады?
6. 2 қыркүйекте елімізде қандай оқиға болды?\
7. 16 желтоқсан қандай күн?
8. Біздің Елбасы
9. Адам тіршілігіне ең қажетті жағдайлар
10. Табиғат нешеге бөлінеді?

2-жүргізуші:
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін математикаға берелік.
Арамызда тапқыш достар көп екен
Солардың енді жауаптарын көрелік.

ІІ МАТЕМАТИКА 10 балл. 7 оқушы
1. Жұп сандарды ата
2. Қосу амалының компоненттерін ата
3. Санды нөлге қосқанда не шығады?
4. 9+3=12, 3+12 қандай ереже айтуға болады?
5. а+3 бұл қандай өрнек?
6. Ұзындық өлшеуіштерін ата
7. Геометриялық фигураларды ата
8. 10+9= - = , - = қандай ереже айтуға болады?
9. 1 айда неше күн бар?
10. 1 дм неше см бар?

1-жүргізуші:
Ана тілсіз іс өрге баса алмайды,
Ана тілсіз тарих та жасалмайды.
Желмаяға мініп-ап желіп жүріп,
Күңіренбеген тектен тек Асан қайғы.

ІІІ ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ 10балл. 6 оқушы
1. Тыңдасам, кітабында жұмбақ, мақал өлең басқа да жақсы сөздер көп екен. – деп айтқан кім?
2. Абай Құнанбаев туралы не білесің?
3. Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уалиханов туралы жазған жазушы кім?
4. Байлық пен ақыл ертегісіндегі кенже ұлдың жауабы?
5. Абай Құнанбаев өлеңіндегі бес жаман істі ата. Ол қай өлеңінде айтылған?
6. Ертегілер мазмұнына қарай нешеге бөлінеді?
7. Балаларды оқуға шақырған Ы.Алтынсарин өлеңі қалай аталады?
8. Ашасың көзді сабақтан,
Аласың білім кітаптан.
Боласын адам мектепте – деп жырлаған қай ақын?
9. Қазбайдың үш жақсы нәрсесін атаңдар.
10. Төрт түлікті атаңдар

2-жүргізуші:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер болсаң, байта далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

ІV. ҚАЗАҚ ТІЛІ 10балл. 5 оқушы
1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Жуан дауысты дыбысты ата
3. У дыбысы туралы не білесің?
4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
5. Ұя, аю сөздеріне байланысты ережелерді айт
6. Қатаң дауыссыздарды ата
7. Сый, тый сөздерін тақтаға жаз
8. Ұяң дауыссыздарды ата
9. Кітап – кітабы – анықтамаын айт
10. Үнді дауыссыздарды ата

1-жүргізуші:
Өлең, мақал, жаңылтпаш, ертегі, жыр.
Мұның бәрі жанды сөз, ішінде сыр.

V. МЫҢ БІР МАҚАЛ (жалғасын тап) 4 оқушы
1. Оқусыз білім жоқ, ...
2. Білімдіге дүние жарық, ...
3. Бұлақтың суы таусылмайды, ...
4. Білімдіден шыққан сөз, ...
5. Ұрлық түбі - ...
6. Мал өсірсең қой өсір, ...
7. туған жердің ..
8. Туған жердей жер болмас, ...
9. Күннің шуағы жылы,
Ананың ..
10.Әдепті бала ...

2-жүргізуші:
Ал, қанекей, ойнайық
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайтын.

VІ ЖҮЗ БІР ЖҰМБАҚ 3оқушы
1. Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады.
2. Қыста жер бетін басады,
Көктемде су болып кетеді.
3. Тал басында түндіксіз отау
4. Жылт-жылт еткен еткен, жылғадан өткен.
5. Үлкен-үлкен түйені
Тастапты атам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп.

VІІ СОҢҒЫ АЙНАЛЫМ 2оқушы
А) логикалық жаттығулар
- Екі адам төрт сағат жол жүрді. Олардың әрқайсысы қанша сағат жол жүрді?
- Тауық екі аяқпен тұрғанда 3 кг, ал бір аяқпен тұрғанда неше кг?
Ә) Рөлмен ойнау шеберліктерін байқау
«Бидай мен қаңбақ»

Қорытынды
- Ұпай саны жоғары оқушыға «Үздік оқушы» белгісі, І, ІІ, ІІІ орын иелеріне мақтау қағаздары

Автор: Алькенова Саулеш Сыздыккызы

Шет аудары, Жарық ЖОББ мектебі

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.