Сыныптан тыс жұмыс

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Сыныптан тыс жұмыс

Ел тірегі - тіл
[ Сайттан жүктеу (27.3Kb) ] 15.11.2015, 17:52

Материалдың жеке номері 2099

Ел тірегі - тіл

загрузка...
Тақырыбы: Ел тірегі- тіл (танымдық сайыс )
Мақсаты: оқушылардың ана тіліне деген құрметін, сүйіспеншілігін ояту,
сөйлеу тілдерін дамытып, ой өрісін кеңейту, туған жеріне құрмет көрсете
білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, маркер, слаид, аудио таспа
Түрі: сыныптан тыс шара
Әдісі: танымдық сайыс
Пәнаралық байланыс: тіл, музыка, тарих
Өткізілу барысы: Құрметті оқушылар, ұстаздар!
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде,
бір болашақ» атты Жолдауында ел дамуының басым бағыттарын айқындап
берді. Оның ішінде бүгінгі күннің басты мәселесі ана тілімізді де тілге тиек
етті.
Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні, ділі. Тәңірдің адам баласына
жасаған сыйы да – тіл. Ол – қасиетті де қастерлі.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі»,- деп Жүсіп
Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі ұраны
да, тірегі де – сол елдің ана тілі болмақ.
Ана тілі – асыл күні бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.
Сәби шақтан бесігімде жыр тындап,
Туған тілді жаттап өскен баламын.
Оң жол ізде өмірде көп ойланып,
Алдыңнан атар таңың арайлалып.
Азаматы бар ел деп бұл қазақтың
Талай жұрт құрметтесін қарай қалып.
Құрметті сайысқа қатысушы топтар және қонақтар!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді
меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Даланың терең жұтсақ ауасы кең
Танысайық сайыстың барысымен
Оқушылар топқа бөлінеді. Жамбыл, Мұқағали (флипчарт, маркер, суреттер
беріледі)
Сайыс кезеңдері:1 - кезең «Сәлем – сөздің анасы» таныстыру.
2 - кезең «Бұл кімдер?» ( сурет бойынша жұмыс)
3 - кезең «Өлең сөздің патшасы…»(мәнерлеп оқу )
4 - кезең «Шешендік өнер» (мақал - мәтел сайысы)
5 - кезең «Бәйге» (сұрақ - жауап сайысы)
6- кезең «Білгенге – маржан, білмеске - арзан» (салт - дәстүр)
І. «Сәлем – сөздің анасы» таныстыру.
«Әдепті елдің баласы, алыстан сәлем береді» дейді данышпан халқымыз. Бұл
кезеңде әр топтың атын, ұстанымдарын таныстыруы керек.
II. «Бұл кімдер?» ( сурет бойынша жұмыс)
Әр топ берілген суреттегі тұлғаның кім екенін, ол туралы қысқаша
мәлімет береді.
Жамбыл Жабаев
Мұқағали Мақатаев
IІІ. «Өлең сөздің патшасы…» (мәнерлеп оқу )
4 - кезең
«Шешендік өнер» (мақал - мәтел сайысы)
Мақал-мәтелдер – талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа
ауысып келе жатқан асыл мұра. Сондықтан да сайысымыздың үшінші белесі
мақал-мәтелдерге арналады. Бұл кезеңде мақал-мәтелдердің бірінші жолын
жүргізуші өзі айтады, топтағы оқушылар толықтырады.
Мақал-мәтелдер: І топ
1. Тіл тас жарады,,.........................
Тас жармаса бас жарады
2. Адам досымен мықты,........................
Ағаш тамырымен мықты.
3. Туған жердей жер болмас,........................
Туған елдей ел болмас.4. Досы жоқпен сырлас,............................
Досы көппен сыйлас.
5. Ана сүті бой өсіреді,,...........................
Ана тілі ой өсіреді.
ІІ топ.
6. Батыр туса – ел ырысы,.........................
Жаңбыр жауса – жер ырысы.
7. Ата – байтерек,...........................................
Бала – жапырақ.
8. Еңбектің наны – тәтті,.........................................
Жалқаудың жаны – тәтті.
9. Ер жігіт – ел үшін туады,....................................
Ел үшін өледі.
10. Шебердің қолы ортақ,,...................................
Шешеннің тілі ортақ
V. «Бәйге» (сұрақтарға жауап беру).
Әр топ қолында карточкасын бұрын көтерсе, сол жауап береді. Егер бірінші
топтың жауабы дұрыс болмаса, екінші топ жауап бере алады. Жауап нақты
әрі тез болу керек. Соңында әр топтың ұпайы есептеледі.
Сұрақтары: І топ
1. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған жыл? (1991)
2. Тіл туралы Заң қашан шықты? (1997)
3. 1986 жылғы желтоқсан құрбандарын ата.
(Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, т.б.)
4. Диалог деген не? (екі кісінің сөйлесуі)
5. Қазақ тіліне неше сөз табы бар? (9)
6. Үш биді ата ? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
7. «Сен құрметті, оны, қарағым!» өлеңінің тақырыбы, авторы ( Әбу
Сәрсенбаев, соғыс тақырыбы)
8. Үміт сөзінің синонимі (арман, қиял)9. Кеңес Одағының екі мәрте батыры, ұшқыш кім? (Талғат Бигелдинов)
10. «Қазақстан - 2030» кітабының авторы? (Н. Ә. Назарбаев)
11. Абылай ханның шын аты? (Әбілмансүр)
12. Шапшаңдықты көрсететін ұлттық ат ойыны? (бәйге)
13. Тіл білімінің атасы? (А. Байтұрсынов)
14. 100 жасаған ақын? (Ж. Жабаев)
15. «Жауынгер тұлғасы» кімнің шығармасы ? (Б.Момышұлы)
ІІ топ
16. Қазақтың тұңғыш этнограф ғалымы? (Ш.Уәлиханов)
17. Қазақтың қос шынары ? (Әлия, Мәншүк)
18. Ұлттық музыкалық шекті аспап? (домбыра)
19. Асар дегеніміз не? (көмек)
20. Қазақтың атақты кино әртісі? (Ш. Айманов)
21. «Менің атым Қожа» повесінің авторы (Б.Соқпақбаев)
22. Экологиялық апатқа ұшыраған теңіз? (Арал)
23. Үш жүздің басын қосқан хан? (Абылай хан)
24. Айлы кеште ойнайтын ұлттық ойын? (Ақ сүйек)
25. Діни мейрамдар? (ораза айт, құрбан айт)
26. Қобызда ойнаған күйші? (Қорқыт ата)
27. Абайдың шын аты? (Ибраһим)
28. Оқушы сөзінің синонимі? (шәкірт)
29. «Абай жолы» романының авторы? (М. Әуезов)
30. «Мен кім?» өлеңінің авторы? М.ЖұмабаевVI. келесі сайысымыз – «Білгенге – маржан, білмеске - арзан»
Сұрақтарға жауап беру. Қазақтың бұрыннан келе жатқан салт-дәстүрлері.
І топ
1. Сүйінші дегеніміз не?
Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді.
Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған
риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі.
Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі
жоқ.
2. Байғазы деген не?
Байғазы(дәстүр) балалардың ,жастардың жаңа киімі үшін берілетін
ақшалай, заттай сый. Тәбәрік (дәстүр,ғұрып) біреу ойын, тойда бәйге,
жүлде алса немесе құдалық салт-дәстүрде кәде болса,одан
жанындағыларға үлес беруі керек.
3. Араша дегеніміз не?
Екі адам жанжалдасқанда немесе төбелескенде оның жанындағы
адамдар «араша, араша!» деп басу айтуға тиіс. «Араша» деген сөзді
естіген адамдар араша беруге яғни жанжалды дереу доғаруы керек.
Араша бермей жанжалдасу қазақ әдетінде жоқ. Ондай адамға айып бар.
4. Шашу дегеніміз не?
Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты
дәстүр. Келін түскенде, жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы
келгенде, құда келгенде тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер
құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады. Шашылған шашудан
тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып
береді. Шашуды әйелдер ғана шашады.
ІІ топ
5. Көрімдік беру дегеніміз не?
Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте
көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы
алып,беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін,
ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы менкөрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы
көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады.
6. Тоқымқағар деген не?
Жас адам жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Арнаулы мал
сойылып сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан жасалады,
ойын-сауық, өлең, жыр айтылады. Бұл – сапарға шыққан жігіттің
тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін деген жақсы тілек
білдірудің белгісі.
7. Базарлық деген не?
Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-
көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар
әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың
белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.
8. Шілдехана дегеніміз не?
Шілдехана (салт)-өмірге адам келгенінің және оған қуанудың бір
белгісі..Бала туғаннан кейін жан-жақтағы жақындарға сүйіншіге ат
шаптырылады. Сүйінші сұраушылар ұл туса-«атұстар», қыз туса-
көйлек тігер» деп хабарлайды.
Барлық кезеңдер аяқталғаннан кейін топтың алған ұпайлары бойынша
қорытынды жасалады, топтар бірін- бірі бағалайды.
Жүргізуші:
- Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім,
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім – ардақ тұтар алтыным.
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-
бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Б. Момышұлы. Ана тілімізді
құрметтеп, сүйе білейік. Бүгінгі «Ел тірегі – тіл» атты сайысымыз өз
мәресіне жетті.
Қош, сау болыңыздар!
loading...

Автор: Бураншеева Алтынтас Орыновна

БҚО. Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №2 ЖОББМ

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Сыныптан тыс жұмыс | Қосты: Бураншеева_Алтынтас | Ілмек сөздер: Қасиетті, құрмет, ана тілі, Ұлтжандылық, Тәрбие
Көрсетілім: 1156 | Жүктеулер: 591 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 43
Қонақтар: 43
Тіркелгендер: 0