Сайт учителя начальных классов
.
Қостанай облысы,
Қостанай ауданы әкімдігінің
Мичурин орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі:
Баймуханова Гулмиран Абилхановна

Тақырыбы: « Эрудит» танымдық ойыны .
Мақсаты: Білімділік: оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып ой - өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын , білімге қызығушылығын және ойлау , ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.
Барысы:
• Ойынның мақсатымен таныстыру.
• Ойынның шартымен таныстыру.
• Ойыншылармен таныстыру.
• Әділқазылар алқасымен таныстыру.
• Жеңімпаздарды анықтау.
• Жеңімпаздарды марапаттау.
Ойынның шарты:
1 тур: «Ертегілер кейіпкерлері» Ертегілер кейіпкерлерін кім бұрын тапса 5 ұпайдан алады.
2 тур: « Менің сүйікті авторларым». Кітаптың апвторын дұрыс тапқан адам 10ұпай алады.
3 тур: «Қызықты деректер» ойыншы өзіне ұнайтын пәнін таңдап алады. Дұрыс жауап 10 ұпай.
4 тур: «Сөзжұмбақ.»
5 тур: «Жорға»

Жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар,
Бәрінің де бастысы – барлығының
Қатты істейтін миы бар! (ойыншылар таныстырылады.)
1 тур: «Ертегілер кейіпкерлері»
Сұрақтар:
• Ер Төстіктің әкесі.
• Ер Төстіктің қалыңдығы.
• Жер астындағы хан.
• Ер Төстіктің сенімді аты.
• 40 уәзірі бар хан.
• 19 әйел алған хан.
• Қарасудың бойындағы кедей.
• Қазанғаптың ұлы.
• Уәлі байдың қызы.
• Құстың жаманы.
2 тур: « Менің сүйікті авторларым».
Сұрақтар:
• «Ғылым таппай мақтанба » өлеңінің авторы.
• «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінің авторы.
• «Қызғыш құс »өлеңінің авторы.
• « Ақсақ киік» өлеңінің авторы.
• « Лашын » әңгімесінің авторы.
• « Қайырлы түн» өлеңінің авторы.
• «Әсемпаз болма әр неге » өлеңінің авторы.
• «Қара бұлт» өлеңінің авторы.
• «Далада» өлеңінің авторы.
• «Анам тілі» өлеңінің авторы.

3 тур: «Қызықты деректер»

Сұрақтар:
1.Қазақ тілінен:
• Сан есімнің анықтамасы.
2. Әдебиет:
Жаздай інге тығылып ,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып ,
Әкелді әжем бір күні (сәбіз)
3. Орыс тілі:
Глаголдың орыс тілінде неше түрі бар? (совершенный, не совершенный)
4. математика:
Бөлінгіш пен бөлгіштің таңбалары әр түрлі болса , қандай сан теріс сан болады?
( бөлінді)
5. Биология:
Ағзаның белгілі бір қызмет атқаратын бөлігі не? (мүше)
6. География
Атмосфера сөзінің грекше мағынасы.(атмос – бу, сфера - шар)
7. Математика:
Бір – бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу қандай түзулер деп аталады?
( перпендикуляр)
8. Орыс тілі: Я читаю книгу друга қазақшаға аудар.
9. Биология:
Дәнек қандай жеміс? ( 1 тұқымды.)
10. Тарих.
Алтын киімді адам қай жерден табылған? ( Есік қорғанынан)

4 тур: «Сөзжұмбақ.»

С
Ы
Н
Е
С
І
М

5 тур: «Жорға»
• Қазақ тіліндегі дауыстылар саны.
• Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
• Менің әкем нешінші жақта?
• 9х9 нешеге тең? (81)
• 25 қазан қандай мереке?
• « Сәрсенбі» сөзінің ағылшынша атауы
• «Олар» сөзінің орысша аудармасы.
• Абай қай жылы туған?
• «Күз» өлеңінің авторы.
• 2: 5 нешеге тең? (0,4)
• Буын түрлерін ата.
• Тасбақа қандай мекенділер тобына жатады? (қосмекенділер)
• 16 желтоқсан қандай мерекеге жатады?
• 3х3:3 нешеге тең? (3)
• «Мен оқушымын» ағылшынша қалай аталады?
• «Өмір» сөзінің орысша аудармасы.
• 1 мамыр қандай мереке?
• 5х6:5 нешеге тең? (6)
• Қазақтар сөзінде неше буын бар? (3)

ID: 1999 | Просмотров: 3621