Сыныптан тыс жұмыс

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Сыныптан тыс жұмыс

"Денсаулық фестивалі-2015"
[ Сайттан жүктеу (18.5Kb) ] 18.09.2015, 23:00

Материалдың жеке номері 1782

"Денсаулық фестивалі-2015"

загрузка...
«№35 орта мектеп» МКМ бойынша 2015-2016 оқу жылында «Салауатты өмір салтын ұстан!» ұранымен өтілген «Денсаулық фестивалі-2015» апталығының жүргізілуі туралы мәлімет
Алматы облысы Іле ауданы
«№35 орта мектеп» МКМ
9 а сынып жетекшісі
Тезекбаева Лаура Мауленбаевна
2015 жылдың 3 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Президентінің 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын және Іле аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 03.09.2015жылғы №363 бұйрығын іске асыру мақсатында «Салауатты өмір салтын ұстан!» ұранымен «Денсаулық фестифалі — 2015» өтті. Салауатты өмір салтын насихаттау өткен мектеп сыныптары қатысып, белсенділік танытты.
Аталмыш акция қаз-қатар тізілген оқушылардың жиынымен басталды. Әнұран ойналып, ұлттық рух шарықтады. Мектеп директоры Т.С.Исаева жиналған қауымды мерекелерімен құттықтап, биікті бағындырар жеңістер тіледі.
«Денсаулық фестивалі-2015» апталығында өткізілген сыныптан тыс іс-шаралар:
1. «Денсаулық – зор байлық» 5а,б сыныптары.
2. «Дұрыс тамақтану қағидалары» 6а,б сыныптары.
3«Денені шынықтыру- денсаулық негізі» 7а,б сыныптары.
4.«Денсаулығым мықты болсын десең…» 8а,б сыныптары.
5.«Жасыңнан шынықсаң – ғасырға жарайсың!» 9а,б сыныптары.
6.«Салауатты - өмір көтерінкі көңіл» 10а сыныбы.
«Спорт –күш, спорт-өмір!» атты сурет көрмесі 5-6 сыныптар арасында апта бойы өткізілді.Суреттің тақырыпқа сай келуі, колориті/бояу түстері/ қағазға дұрыс орналасуы қаралды, мына төмендегі оқушылар жүлделі орынға ие болды: 1 орын- Әлібек М. 5а сынып және Қадырғалиева М. 5а сынып, 2 орын-Жумаев Р. 5б сынып және Исмайлова К. 6б сынып, 3 орын- Камитова А. 6а сынып және Еменов А. 6б сынып оқушылары.
«Денсаулық фестивалі-2015» апталығында өткізілген «Спортты қолдайық» атты асфальтте сурет салу жарысы 6 қыркүйек күні бастауыш сыныптар арасында өткізілді.Бастауыш сынып оқушылары өте жақсы қарқынмен қатысып, мына төмендегі сыныптар жүлделі орынға ие болды:
1 орын- 4а сынып, 2 орын- 3а сынып, 3 орын- 3б сынып оқушылары.
Жарыс аяқталған соң асфальттегі суреттер түрлі-түсті бояумен әдемі, қызық түске боялды. Жарысқа оқушылар қызығушылықпен қатысты
2015 жылы 7 қыркүйек күні сағат 12.30-да 9-10 сынып оқушылары арасында «Жаппай қашықтыққа жүгіру» 100 метрге жүргіру жарысы өткізілді. Жарысқа АӘД және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н.Е.Бақырбаев төрелік жүргізді. Жарысқа 12 оқушы қатысты. Мектеп медбикесі Э.Адилова жарыста келеңсіз жағдай болып қалмасын деп, қадағалап отырды Жарысқа 8а,9а,10а, сынып оқушылары белсенді қатысты. 1-орынды 9а сынып оқушысы Назаркулов Нұрсұлтан /13.17 с/, 2-орынды 10а сынып оқушысы Шаяхметов Ернат /13.80с/, 3-орынды 9а сынып оқушысы Досымчал Сержан/14.89с/ иеленді. Жарысқа оқушылар жоғары белсенділікпен қатысты.
«Көңілді старт» жарысы 4а, 4б сынып оқушылары арасында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Т.Т.Суйкимбекова қыркүйектің 5 күні өткізді. Өздерінің ептілігі , жылдамдығымен 5а сынып командасы жеңіске жетті. Жеңіске жеткен сынып командасы мақтау қағазымен марапатталды.
8-10 сыныптар арасында өтілген волейбол және баскетбол жарысында 1 орынды 9а сынып, 2 орынды 9б сынып , 3 орынды 8а сынып командалары иеленді.
2015 жылы 8 қыркүйек күні өтілген «Денсаулық фестивалі-2015» апталығының жабылуында апта бойы фестивальге белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.
loading...

Автор: Тезекбаева Лаура Мауленбаевна

Алматы облысы Іле ауданы "№35 орта мектеп"МКМ

Бөлім: Сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 1356 | Жүктеулер: 553 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5928
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 25
Қонақтар: 25
Тіркелгендер: 0