Сыныптан тыс жұмыс

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Сыныптан тыс жұмыс

«Бастауышым-балбұлағым»
[ Сайттан жүктеу (20.2Kb) ] 03.09.2015, 20:41

Материалдың жеке номері 1736

«Бастауышым-балбұлағым»

загрузка...
«Бастауышым-балбұлағым»
Мақсаттары:Білімнің сара жолы мектептен басталатындығын түсіндіріп,білімге деген құштарлығын арттыру,оқуға,білімді болуға шақыру;ақыл,ой-өрісін,сана –сезімдерін,оқу білімге деген ынтасын арттыру;мектепті,ұстазды,ата-аналарын құрметтеуге,Отанының адал ұл-қыздары болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Слайдтар,суреттер,қанатты сөздер,тақырып,шарлар.
Барысы:Қош келіпсіздер,құрметті ата-аналар,қымбатты әріптестер,оқушылар!Бүгінгі күн біз үшін ерекше күн.Оның ерекшелігі сол,осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышты оқып,білім алып,қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Толқимыз,толқып тұрмыз баршымыз да,
Мұндай күй болған сірә,қаншаңызда
Қол соғып,қошеметтеп шақырайық
4-сыныбымды ортамызға!
Музыка әуенімен билеп,балалар ортаға келеді.
Мұғалім:Армандасаң да,қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді.Өйткені,биік асуға беттеген аяулы ғұмыр,қажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады.Міне,бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныьымен қоштасып,бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған,білім нәрімен сусындатқан,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ардақты ата-аналарына,тәрбиешілеріне өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса ,сөз тізгінін жүргізушілерге беремін.
1-жүргізуші:Бала шақты болашаққа жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армызысдар,ұстаздарым қымбатты!
2-жүргізуші :Армызысдар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер
Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
1-жүргізуші:Бүгінгі күн қоштасады бастауышпен балбұлақ
Әніменен жырына көрерменім сал құлақ
Кеше сәби бүгін міне жас ұлан
Лаулап жансын болашағың шамшырақ.
2-жүргізуші :Армысың сен,алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Олай болса мектебімізге арналған өлеңдерді тыңдалық.
Ұлмекен: Мектеп –кеме,білім-теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін,
Азық етіп,ер жетеміз.
Мақсат:Мектебім,алтын ұям,нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
1-жүргізуші: «стаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай,алғаш қолымызға қалам ұстатып,оңымыз бен солымызды танытқан,бізден бірге қупнып,42 әріпті танытып,білім нәрімен сусындатқан ,мектептегі анамыз-ұстаз екені бәрімізге мәлім.
Ақкенже:Есімде ұстаздың алғашқы қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думен боп осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.
Енді міне ,сағымдай боп өте шықты,
Жыл уақыт аз ба екен,кім біліпті.
Ұстаз Анан жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.
Ақарыс:Үйретіп бізге алғаш әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой –арманы ,мақсаттары
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Нұрила:Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты.
«Қоссаңдар бірлді екіге үш болады»
Деуші едің «Біліммен күш толады».
Алғыр бол,әдепті бол,сабырлы бол,
Ақылмен іс істесең іс болады.
Беруші ең бізге айтып өлең,тақпақ,
Таласып алушы едік біздер жаттап.
Бәрі:Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!
Ән:Ұстазым
1-жүргізуші:Иә,осыдан 4 жыл бұрын,біз 6-жастағы сәби-балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттап едік.
2-жүргізуші:Енді міне,сауатымызды ашып,білім негізін қалаан бастауш сыныппен қоштасып,орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
1-жүргізуші:Сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде бізді ұстаз анамыз сауатты,тәрбиелі,өнегелі азамат етіп шығарды.
2-жүргізуші:Ендеше бастауыш сыныбымыз,сыныпта болған қызқты сәттер,апайымыз туралы неге айтпасқа?
Бірдей біздің ойымыз да,сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп –ойнап біріміз бен біріміз.

Естеліктер айтылады.(слайдтан суреттер көрсетіледі)
1-жүргізуші:Ыстық-ау кім-кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай ,мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
2-жүргізуші:Дүниеге әкелген,ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген,ол да сені анашың.
Тіл алмасаң кешірген,ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!
Жүргізушілер:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгіп,еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Ән:Әкем-анам.
1-жүргізуші:Біз интернат балалары ата –аналарымыздан шалғайдамыз.Сондықтан ата-ана орнында жүрген,бізге қарап,тәрбиелеп жатқан тәрбиеші апайлар мен ағайлар.Олар да бізге өз отбасы мүшелеріміздей жақын тұлғалар.Сол себепті бүгінгі мерекеде тәрбиешілерді де тыс қалдырған болмас.
Ойын:
1-жүргізуші:білім аққан сел дейді,
Бірақ оңай келмейді.
Мерекеде сөйлесін мектептегі пәндерім.
2-жүргізуші:Мәре болған білімге ,
Мән көп ана тілінде
Сөз беремін алдымен
Сөйле қазақ тілінде.
Ана тілі:Сәлем,достар аман ба?
Аман болған әманда
Ана тілін ардақтар
Ата-бабаң,анаң да.
Елдің атын сақтаған
Ана тілмен мақтанам.
1-жүргізуші:Ана тілі ,сен бізге көп білім,ғылым үйреттің.Отан,туған ел,туған жер туралы,халық ауыз әдебиеті,әлем әдебиеттерімен таныстырдың.Ақындардың өлеңдерін үйреттің.Ендеше төрлет.Соның дәлелі ретінде «Шыбын мен көбелек» көрінісін тамашалайық.
Мәнерлеп өлең оқу:
1-жүргізуші:ана тілі,қазақ тілі пәндері өзара тығыз байланыста.Қазақ тіліміз біздің мақтанышымыз.Қазақ тілі пәнінен де алған білімді көрсету мақсатында «Сөз құра» ойынын ойналық.
2-жүргізуші:Енді кезекті математика пәніне береміз.
Математика:Сәлем,достарым
Сабағы боп жоспардың
Еңбек мәнін есептеп
Еліме көп қосқаным.
Асылы мен білімнің,
Амалымен біліндім.
Төрт амалды қолданған
Төресімін ғылымның.
Есеп істің-әр қамы
Есеппен ой артады.(Жұмбақтар шешу.)
Орыс тілі: «Здраствуйте!»деп бүгін
Амандасар бәріңмен
Орыс тілі мен болам
Достастырар өзге ұлтпен
Ән:Пусть всегда будет солнце
Ағылшын: «үш тұғырлы» тілдің бірі ағылшын,
«Гудмони» деп амандасып мен тұрмын.
Ағылшынша сайрап бүкіл әлеммен
Ұғыстырар достастырар мен тілмін.
Ағылшыншы өлең оқу.
Мұғалім:Біздің сынып оқушыларының мектептегі жетістіктері туралы сөз етпекпіз. «Біздік жетістіктер» айдары.Слайдтан әрбір оқушылар жетістіктеріне куә болайық.
1-жүргізуші:Бірге өсіп ен жайлаған ұл мен қыз,
Асыға сәлем жолдап біз жүретінбіз.
Тәтті күй,асқақ ән мен әсем биді
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.Ертеңгілігіміздің кенлесі бөлімі мерекелік концертпен жалғасады.
Ән:Ертегілер
Қазақ биі.
Ән:Саржайлау
Испан биі.
Өзбек биі.
1-жүргізуші:Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сізге арнап айтатын тілегін де,-дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз.
Ұстаз тілегі:Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік-шәкірттерім ертеңіне.
Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жданыңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
Ән:Балдырған валсі
Қорытындылау.
loading...

Автор: Джыкинбаева Айнур

"Бейнеу мектеп-интернаты"КММ

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Сыныптан тыс жұмыс | Қосты: Джыкинбаева_Айнур | Ілмек сөздер: Бастауыш, Ұстаз, Әліппе, білім
Көрсетілім: 1167 | Жүктеулер: 576 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5898
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 32
Қонақтар: 32
Тіркелгендер: 0