Сайт учителя начальных классов
.
Баскетбол үйірмесінің жоспары

Өтілетін күні: 19.10.2015ж

Тақырыбы: Допты айып сызығынан торға тастау
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға баскетбол ойыны туралы білім беріп,әдіс-тәсілдерін үйрету және ойынға қызығушылығын ояту.
Дамытушылық: Оқушылардың қимыл-қозғалысын, ептілігін, күшін, шапшаңдығын дамытып пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды елжандылыққа, бір-біріне көмектесуге,
өз еркімен шешім қабылдауға тәрбиелеу
Құралдар: ысқырық, волейбол добы.

Бастапқы бөлім 10-12 минут

1.Сапқа тұру, сәлемдесу, түгендеу, өткен сабаққа шолу жасау, сабақтың мазмұнын қысқаша түсіндіру
2. Саптағы жаттығулар
3. Жүгіру жаттығулары
4.Демді басу жаттығулары
5.Жалпы дамыту жаттығулар

Негізгі бөлім 30 минут

1. Допты қозғалыста екі қолмен кезек-кезек алып жүру

2. Допты қозғалыста кеуденің алдынан серіктесіне беру, қағып алу

3. Допты айып сызығынан торға тастау

4. Допты кеуденің алдынан екі қолмен қозғалыста екі адымнан торға тастау

5. Қозғалыста 3х3 тактикасы

6.Жаттығу ойыны

Қорытынды бөлім 3 минут

Сапқа тұрғызу, сабақты қорытындылау. Қателіктерін айту, көрсету

ID: 1997 | Просмотров: 6993