Сыныптан тыс жұмыс

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Сыныптан тыс жұмыс

Ғажайыптар әлемі!
[ Сайттан жүктеу (2.41Mb) ] 26.11.2015, 14:48

Материалдың жеке номері 2197

Ғажайыптар әлемі!

загрузка...
Қош келдіңіздер, қымбатты оқушылар, ардақты ұстаздар, информатика жанкүйерлері!
Бүгін біз мұнда «Ғажайыптар әлеміне» ене отырып, информатика ғылымының қызықтарына үңілу, әр – түрлі виктариналарды шеше отырып, тарау бойынша алған білімдеріңді пайдалану. 6 сынып оқушыларының арасында өтетін «Ғажайыптар әлемі» атты сайысын көруге шақырамыз.

1-жүргізуші:
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі.
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады

2-жүргізуші:
Армысың, жас толқын білім қуған,
Білім жолы – қашанда ол бір думан.
Оқушының жаратылған жолы нұрдан.
«Ғажайыптар әлемі» деген тақырыбы,
Бүгінгі кешімізге қош келдіңіздер!

Сайысты әнмен ашамыз.
Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.
Ақапарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
Интернет желісін жүктейсің де,
Әлемдік жүйеге сен енесің
Өмірдің тулап жатқан толқынында.
Өзіңді өзгелермен бір көресің
Ақапарт, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың

Армысыңдар, бүгінгі кешке жиналған қауым!
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай –адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене
Бәріңіз маған қараңыз!
Ойынымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
Информатика пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толғалық жүйелі
Таңдайымызға татырлық

1-жүргізуші: Сайыс жоспарымен таныстырып өтейік. Сайысқа екі команда қатысады. Сайыс 5 кезеңнен тұрады. Екі топтан 7 оқушыдан 14 оқушы қатысады.
Командалармен танысайық!

2-жүргізуші:
Таныстырып таңдамалы команданы,
Ұшталсын деп тілейік қадамдары.
Бірінші айналым да басталыпты,
Сәтті болсын иллайым қадамдарын!

1-жүргізуші:
Ғылымда асулар көп алатұғын,
Қанатын биіктерге қағатұғын.
Ұшқырлығын танытып қыран құсытың,
Кез келді кім жылдам екенін көретұғын.

2-жүргізуші:
І кезең «Кім жылдам?» Әр топқа 10 сұрақтан беріледі, сұраққа жылдам жауап беру қажет. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
І топ.
1. Paint қандай редактор? (графиктік)
2. «Компьютердің атасы» деп кімді атаған? (Чарльз Беибидж)
3. Ақпараттың кіші өлшем бірлігі? (бит)
4. Дыбыстық ақпартты енгізуге арналған құрылғы? (микрафон)
5. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан? (латын)
6. Вирусты жоятын программа? (антивирус)
7. Информатика дегеніміз не? (ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым)
8. Компьютер жанына қойылатын өсімдік? (кактус)
9. Ақпаратты шығару құрылғысы? (принтер)
10. Адам мен компьютер арасындағы қарым- қатынас? (интерфейс)
ІІ топ.
1. Компьютердің миы? (процессор)
2. Бас әріптер режимін іске қосу пернесі? (CapsLock)
3. Көз бен монитордың ара қашықтығы неше см болуы тиіс ? (60-70, 65-75)
4. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)
5. Компьютердің ауруы/? (вирус)\
6. «Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда нені білдіреді? (есептеуіш)
7. 1 байтта неше бит бар?(8 бит)
8. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?(түсіндіру, баяндау)
9. Функцияналдық пернелер нешеу? (12)
10. Интернеке шығу құрылғысы? (модем)

1-жүргізуші:
«Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші,
ІІ кезең «Жалғастыра жарысу» деп аталады. Әр топ қарсылас тобына 5 мақал - мәтелдіңбастапқы жолын айтады, қарсыласы мақалды жалғастыру керек. Әр дұрыс табылған мақал 5 ұпай.
1. Таппасаң сөздің жүйесін / отына өзің күйесің.
2. Ақылдың сөзі қысқа / көпке болар нұсқа.
3. Шешен сөз бастар / батыр қол бастар.
4. Қылыш жарасы бітеді / сөз жарасы бітпейді.
5. Көп сөз күміс / ас сөз алтын.
6. Жақсы жігіт аспандағы жұлдыз / Жақсы қыз жағадағы құндыз.
7. Әке көрген оқ жонар шеше көрген тон пішер.
8. Өткір тіл дарын / ұзын тіл жауың.
9. Тоқсан ауыз сөздің / тобықтай түйіні бар.
10. Тіл тас жарады / тас жармаса бас жарады.
2-жүргізуші:
Әр жүйріктің жететін мәресі бар,
Биіктерге жете алмас өресі тар.
Екеуінен сүрінбей өттіп кеттік,
Қалғандарын ойнауға қалайсындар?!
ІІІ кезең «Жұмбақтар әлемі» Әр жауабы табылған жұмбаққа 5 ұпай.

Ақпаратты қағаздағы,
Компьютерге енгізеді.
Егер білсең айта қойшы,
Бұл қандай құрылғы ( сканер)

Ұзынтұра жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пенесі, пробел)

Бүтін сан, бөлшек сандар
Барлығыда бар онда,
Бұл қандай сан айтындаршы
Оң, теріс сан бәрі осында (нақты сандар)

Айтындаршы ал енді,
Марал, барыс бар елді (Қазақстан)

1-жүргізуші:
IV кезең «Сәйкесін тап». Әр сәйкестіктік тапқанға 1 ұпай.


Жүйелік блок Ақпаратты қағазға шығарады
Монитор Дыбыс енгізетін құрылғы
Тышқан Ақпаратты енгізу құрылғысы
Пернетақта Пернетақтаның жұмыс жеңілдетеді
Принтер Графикалық ақпартты компьютерге енгізеді
Колонка Ақпараттық процесстерді жүзеге асырады
Сканер Ақпартты баспаға шығаратын құрылғы
Модем Дыбыс шығаратын құрылғы
Микрафон Интернет желісіне қосылады
NumLock Компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін
Операциялық жүйе Сандық перне

2-жүргізуші:
Кезек келді көрерменді тергеуге,
Жауап беру қиын емес білгенге.
Ойыншының ұпай санын көбейтіңдер,
Бар ма залда демеуші боп келгендер!

1-жүргізуші:
Көрермендер демеушілігі. Ұтқан ұпай сандарын өзі таңдаған командасына береді. Әр дұрыс жауап 5 ұпай.
1. Ең ерте заманғы есептеу құралы? (есепшот)
2. Құжатты қандай батырмалар комбинациясының көмегімен себетке (корзина ) түсірмей жоямыз? (shift+delete)
3. Жұмыс терезесінде анықтаманы шақыру пернесі? (F1)
4. Атақты Micrasoft фирмасының негізін қалаған адам? ( Билл Гейтс)

2-жүргізуші:
V кезең «Кім озып келер?» Командаларға ортақ 4 ортақ сұрақ қойылады. Кім бұрын жауап берсе, сол 5 ұпай алады.
1. Мектептегі сайыста Айнаш басынан санаса да, соңынан санаса да 5 – ші орында тұрады. Сайысқа неше адам қатысқан? (9)
2. Балық ауыр ма, піл ауыр ма? Балық (көк кит)
3. Ең улы жәндікті ата ? (қарақұрт)
4. Ауылда 28 үй бар. Оның 15-де түйесі, 8-де сиыры, 6-ау ның сиыры да, түйесі де бар. Неше үйдің малы жоқ?
Жауабы:
15-6=9 үйдің тек түйесі бар
8-6=2 үйдің тек сиыры бар
9+2=11 үйдің не сиыры, не түйесі бар
11+6=17 үйдің малы бар
28-17=11 үйдің малы жоқ

1-Жүргізуші:
Сайыстың шешуші сәті төрешілер өздеріңізде.
Сайыс жеңімпаздарын анықтап, мақтау грамаотасымен марапаттау. Төрешілер шешімін шығарғанша, оқушылардың өнерін тамашалайық!

2-жүргізуші:
Кешімізге келгендеріңізге рахмет!!!

Сабаққа өзіндік талдау.
Сабақтың өткізілетін күні:17.01.2014ж.
Сынып:6 «А», 6 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: «Ғажайыптар әлемі».
Сабақтың мақсаты: Тарау бойынша алған білімдерін пайдалана отырып, қойған мақсатына жете білуге дағдыландыру, білім дағдысын арттыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардышапшандылыққа,тапқырлыққа баулу.
Тәрбиелігі: шығармашылыққа, ортақ іс үшін жауапкершілікке, қарсыласты сыйлауға, топта жұмыс істеуге, тапқырлыққа, нәтижелі жұмыстануға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылықбелсенділігін арттыру, логикалық ойлауын дамыту, өз бетімен жұмыстануға үйрету
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сайыс сабақта екі командаға бөлініп, екі сыныптан 7оқушыдан 14 оқушы қатысады. Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

І кезең. «Кім жылдам». Әр топқа тапсырмалар беру арқылы компьютердің құрылысы, шығу тарихын, қолданылуын, және информатика пәнінен алған білімдерін тексеру.

ІІ кезең. « Жалғастыра жарысу» кезеңінде қазақ тілі пәнімен байланыстыра отырып, мақал-мәтелдердің жалғасын табу арқылы оқушыларды шапшандыққа, алғырлыққа, тәрбиелеп, алған білімдерін өмірде қолдана алатындығын тексеру.

ІІІ кезең. « Жұмбақтар әлемі». Оқушылардың логикалық , ойлау қабілетін дамыту.

IV кезең «Сәйкесін тап!» Компьютердің әрбір құрылымының атқаратын қызметтерін қандай деңгейде білетінін тексере отырып, алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.

Тарих пәнімен байланыстыра отырып, көрермендерге сұрақтар беру.

V кезең. «Кім озып келер?». Математикамен байланыстыра отырып, логикалық есептер беріп, оларды шапшандылыққа баулу.
Сабақтың әрбір кезеңіне бөлінген уақыт тиімді болады деп ойлаймын, бұл кезеңдердің «байланыс» элементтері ойға қонымды деп сенемін. Оқушыларды қызықтырып, олардың назарын бүтіндей сабаққа аудара алатыныма сенімдімін.
loading...

Автор: Байгараева Жанар Калмахановна

"Теміртау қаласы №8 ЖББОМ" КММ

Бөлім: Сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 926 | Жүктеулер: 545 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5923
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 21
Қонақтар: 21
Тіркелгендер: 0