"Қазақстан-елім менің"

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 2347
  • Сыныптан тыс жұмыс
  • 29/Ноя/2015
"Қазақстан-елім менің"
Мақсаты мен міндеттері:
1. Қазақстан Республикасы туралы оқушылардың алған білімдерін жинақтап, одан әрі танымдығын арттыру.
2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту. Өз ойын мәдениетті түрде білуді қалыптастыру, ауызекі сөйлеуді дамыту.
3. Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызбалар
Шараның барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Ән "Қазақстан-елім менің"
Мұғалімнің сөзі:
"Қазақстан - елім менің" тақырыбына арналған дарынды балалардың "ХХІ ғасырдың көшбасшысы" атты интеллект шоуымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл ойын Қазақстан Республикасы тарихына арналады.
1. Сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.
2. Ойынға қатысушы оқушылармен таныстыру.
3. Ойын шартымен таныстыру.
І айналым
Өзін-өзі таныстыру
Бір ойыншы өзін-өзі, болашақтағы мақсатын, кредосын таныстырады
ІІ айналым
Көкпар
(шарты сұраққа тез, толық жауап беру керек)
1. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздік алды?Алғашқы Конституция қашан қабылданды? 16 желтоқсан, 1991 ж, 30 тамыз 1995 жыл
2. Қазақстанның Елбасшысы Президент қай жылы сайланды? (1 желтоқсан 1991 жыл)
3. Қай жылдары Қазақстанның астанасы Қызылордадан Алматыға, Алматыдан Астанаға көшіп келді? (1929 жылы, 1998 жылы шілдеде)
4. Қазақстанның рәміздерін ата және олар қай жылы қабылданды?
5. Қазақстан Республикасының әнұранының авторлары кімдер, ол қай кезде орындалады?
6. Қазақстан Республикасының туының авторлары кімдер, ту туралы әңгімеле. (Шәкен Ниязбеков)
7. Қазақстан Республикасының елтаңбасының авторлары кімдер? Елтаңба туралы әңгімеле (Авторлары: сәулетшілерЖандарбек Мәлібеков, Шот-Аман-Уәлихан)
ІІІ айналым
Полиглот (Кім көп тіл біледі)
Шарты: жауапты қазақша-орысша-ағылшынша жауап береді
1. Республика басшысын кім деп атайды? (Елбасы-Президент-the President-der)
2. Әрбір адамның несі бар. (Отан - Родина - motherland-die Heimat)
3. Қазақстан Республикасының негізгі заңы не? (Конституция)
4. Одақ құрамындағы мемлекеттер 1990 жылдан бастап не алды?
(Тәуелсіздік-суверенитет-sawerenit)
5. Ұзындығы екі метр, ені 1 метр, көгілдір түсті, ортасында күн сәулесі шашыраған, астында қалықтап ұшқан қыран суреті белгіленген, ол не?
(Ту-флаг)
6. Салтанатты минуттарда жанды дауыспен айтылатын не? (Әнұран-гимн)
7. Көгілдір түсті, шаңырақ бейнеленген, оны айнала күн сәулесіндей уықтар шаншылып, оны қанатты пырақтар көмкерген, ол не? (Елтаңба-герб)
8. Қазақстан Республикасында Астана қаласы несі болып есептеледі? (Астана-столица)
9. Заң шығаратын мемлекеттік орган не деп аталады? (Парламент-парламент)
10. Заңдарды кімдер жүзеге асырады? (Үкімет-правительство)
ІV айналым
Маңызды жеті сұрақ
1. Математика.
Әл-Фараби 870 жылы дүниеге келіп, 950 жылы қайтыс болды. Ол қазір неше жаста, неше жыл өмір сүрді? 1129 жаста 77 жыл өмір сүрді)
2. Қазақ тілі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай тіл? Ол Конституцияның нешінші бабымен бекітілген. Конституцияның деген сөз қандай септікте тұр? (Қазақ тілі, 7 бабымен, ілік септікте)
3. География.
Қазақстан территориясының көлемі дүние жүзі бойынша нешінші орында?
Онда қанша облыс бар? Қазақстан немен шұғылданады? (9-шы орында, 14 облыс бар, ауыл шаруашылығы және саудамен айналысады)\
4. Биология.
Қазақстанда қанша қорықтар бар? Қандай аңдар мен құстар мекендейді?
(Барса-келмес, Алматы, Қоржалжын, Ерементау, Арқар, ақбөкен, аю, қасқыр, аққу, қаршыға, қырғи, қарлығаш)
5. Әдебиет.
Ғабит Мүсірепов кім? Оның жазушылығымен қатар тағы қандай қырын білесіңдер?Еңбектерін атаңдар?
Ол жазушы. Ол аудармашы, драматург, "Ананның арашасы", "Қазақ солдаты"
6. Тарих
Қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ жазушыларын ата. (М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, Б. Майлин, І.Жансүгіров)
V айналым
Бәйге
І нұсқа
1.Қазақстан Республикасының халқының саны неше? (17 млн)
2. Қазақстан Республикасының бұрынғы астаналарын ата (Орынбор, Қызылорда, Астана)
3. Алматы қаласы дүниежүзіне несімен танымал? (апортымен, Медеу мұзайдынымен)
4. Астана қаласы қай жылдан бастап Қазақстан Республикасы-ның астанасы?
(шілде 1998 ж)
5. Алматы қаласы қандай таудың бөктерінде салынған) (Алатау бөктерінде)
6. Қазақстан қай жылы БҰҰ мүше болды? (1992 ж)
7. Жылқының сүтінен не жасалады? (қымыз)
8. Сүттен не жасалынады? (құрт, ірімшік, сүзбе, қаймақ, май)
9. Киіз үйдің сүйегіне не жатады? (кереге, есік, шаңырақ, уық)
10. Мына мақалды аяқта. Отан оттан да...
ІІ нұсқа
1. Астана қаласының бұрынғы атаулары (Ақмола, Целиноград)
2. Алматы қаласы қай жылдары Қазақстан Республикасының астанасы болды? (1929-1998 жж)
3. Астана қаласы қай өзеннің жағасында салынған? (Есіл өзенінің)
4. Еттен не жасалынады? (Қуырдақ, қазы, қарта, ет)
5. Төрге кімдер отырғызылады? (Жасы үлкен және сыйлы қонақтар)
6. Киіз үйдің жабуларына не жатады? (Түндік, есік, туырлық)
7. Қазақтың ұлттық киімдерін ата (Тақия, сәукеле, тон, шапан, шекпен, етік, мәсе)
8. 1-жастан бастап мектеп аралығындағы балаға арналған тойларды ата. (Тоқым қағу, сүндет тойы, тілашар тойы)
9. Мына мақалды аяқта. Өз елім - өлең...
10. Алматы қаласы қандай таудың бөктерінде салынған (Алатау бөктерінде)
Қорытындылау.

Автор: Қойшекен Светлана Жақсығұлқызы

Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау орта мектебі

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.