Сыныптан тыс жұмыс

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Сыныптан тыс жұмыс

Қадірлейік қарттарды, майдангерді! Ұлы Отан соғысының ардагерлерін еске алу туралы тәрбие сағаты
[ Сайттан жүктеу (380.7Kb) ] 17.09.2015, 23:10

Материалдың жеке номері 1775

Қадірлейік қарттарды, майдангерді! Ұлы Отан соғысының ардагерлерін еске алу туралы тәрбие сағаты

загрузка...
Қадірлейік қарттарды, майдангерді!
Ұлы Отан соғысының ардагерлерін еске алу туралы тәрбие сағаты
Алматы облысы Іле ауданы
«№35 орта мектеп» МКМ
8 а сынып жетекшісі
Тезекбаева Лаура Мауленбаевна
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Ұлы Жеңісті дәріптеу, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеу, ауылдасымыз Белгішев Естай ата мен Дәмелекұлы Бейсен атаны т.б. ауыл ардагерлерін еске алып, өмір жолын, ерлігін таныту және үлгі-өнеге тұту.
2. Оқушылардың өз Отанына, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін оятып, елін құрметтеп, қорғай білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу және патриоттық сезімін ояту.
3. Оқушылардың ой-өрісін арттырып, мәнерлеп айту дағдыларын жетілдіріп, сөздік қорларын молайту.
Әдісі: : түсіндіру, ауызша журнал
Сабақтың көрнекілігі: безендірілген сахна, интерактивті тақта слайдтар.
Нақыл сөздер: «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ», Жасасын Жеңіс!,Бақытты елім күле бер!,Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!,
Болмасын соғыс!, Ұлы Жеңіске -70 жыл! Ұлы Жеңіске мың тағзым!
Өткізілу барысы:
1. Кіріспе
2. Отан үшін от кешкендер (ауыл ардагерлері туралы мәлімет.) 3. Ұлы Жеңіске мың тағзым! (жеңіс туралы әндер, өлеңдер оқу)
4. Концерт
Кіріспе бөлімі
Кіріспе сөз (интерактивті тақтада слайдтар арқылы суреттер көрсету) Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де, ұмтылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүние жүзілік соғыс. Өздеріңізге белгілі 1941 жылы 2-маусым күні таңғы сағат 4-те бейбіт жатқан елімізге фашистңік Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол күні байтақ елімізге, жер-жердегі ауыл-селоға тарады. Ер-азаматтар асығыс соғысқа аттанды. Кейбірі өздері сұралып кетті. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Елімізге жауынгерлері қасық қаны, шыбындай жаны қалғанша шайқасты. Жауынгерлер батырлықтың, батылдықтың үлгісін көрсетті. Орасан зор майдан шебінде соғыс қатты жүріп жатты. Осы соғыста Совет Одағының басқа Республикаларымен бірге біз – Қазақстан да аянбай жаумен шайқасты. Иә, балалар бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Осы Ұлы Отан соғысында жерлес аталарымызда шет қалған жоқ.
«Отан үшін от кешкендер» (ауыл ардагерлері туралы мәлімет.)

Белгишев Есбол атаның немере інісі Белгишев Кеңес атамен 8а сынып жетекшісі Л.М.Тезекбаеваның кездесуі.
Белгишев Есбол 1892 жылы Жаңаарна аулыныда дүниеге келіп, 1983 жылы 91 жасында қайтыс болған. 50 жасына қараған шағында, яғни 1941 жылы совет армисына алынып, соғысқа кеткен 1945 жылы оралды. Құдай қосқан қосағы Әпен апамен сол жасына дейін өмір сүрген.
Дәмелекұлы Бейсен 5 мамырда 1905 жылы дүниеге келген. ЖанаАрна ауылында «Көтерме» қыстауында туған. 1925-1941 жылы колхозда жұмыс істеген. 1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысына қатысқан Артилерия құрамында болған. 1944 жылы көкек айында аяғынан жарақат алып госпитальдан емделіп маусым айында өз әскери құрамына қосылып 1945 жылы Берлинге барып жеңіспен ауылна оралған. 1945 жылдан 1955 жылдары темір жол милиция күзетінде жұмыс істеген. 1955 жылдан 1967 жылдары ЖанаАрна ауылында «Мұрап » болып жұмыс атқарған, ерлігі үшін тағыда басқа медальдермен марапаталған 1989 жылы 5 ақпанда 84 жасында дүниеден өтті.
Айтжанов Талқамбай ата, Сыдықбаев Айтжан ата, Жансейтов Айдарбек ата тағыда көп майдангерлер соғыста болған .
Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 50 млн адамның өмірін жалмады. Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толып отыр. Соғыс өрті қашан да халық есінде. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқартаудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп, тағзым етейік. Дәл осынау жадыраңқы жай күні, Болсадағы қай ғасырдың қай күні Ұлы Отаным басын иіп бір минут, Есіне алмақ сол бір апат қайғыны (1-минут үнсіздік, еске алу).
Хор «Катюша»
Аркенжан:
«70 жыл» - Бейбіт көктем таң атқаны,
«70 жыл» - Шуақты күн таратты әнін
Есімде содан бері жетпіс рет,
Ашылды жеңіс күннің парақтары.
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

[size=12] Аркен. Сол сұрапыл қанды ұрыста Түн түндігі түрілген Күн күлімдеп, таң шапағы білінген Сол сұрапыл қанды ұрыста Біздің ерлік танылған Әрбір көше, әр бұрышта Жеңіс дабылы қағылған
Асылхат. Ер азат, еңбек, ерлік,ер ерлікті,
Еңбектің өрнегімен жер көріпті
Мыңдаған Қазақстан күрескері
Жеңіске жеткізді елін, ерлер ері.

Мұғалім -Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.
Мұғалім Жеңіс күні! Ол қалай келді? 1945 жылдың 30 сәуірінде рейхстаг үстінде Р. Қошқарбаев тіккен жеңіс туы желбіреді. 8-мамыр Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылдың 9 мамыр күні бұрын соңды болмаған мың зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.
Асылхат. 70 жыл – бейбіт көктем таң атқан,
70 жыл – шуақты күн таратты әнің есімде,
Сонан бері 70 рет ашылды жеңіс күнінің парақтары.
Аслан. 70 жыл – үзілмейді құстар әні
Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әрі
70 жыл – жауымыздың ажал оғы
Біздің ел үстінен ұшпағаны
1. Хор: «Көкшолақ»
2. Ән: «Ақ көгершін» орындайтын Олжабаев Асылхат, Досымчал Сержан.
3. «Жамбыл 25 » орындайтын Алланазаров Саламат
4. Хор: «Туған жер»
Қорытынды сөз Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды. Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта есінде сақтайды. Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Отан үшін, ел үшін құрбан болады. Отанымыздың даңқы – ерлік пен қаһармандықтың даңқы. Біз оның жүріп өткен ерлікке толы жолдарын, азаттық үшін күрескен ерлері мен батырларын ешқашан ұмытпаймыз. Қарттарды, майдангерлерді қадірлейік! Олардың есімі ел есінде мәңгі қалады.


8 а сынып домбырашылар оркестрінің орындауындағы әндер
Алматы облысы Іле ауданы
«№35 орта мектеп» МКМ
8 а сынып жетекшісі
Тезекбаева Лаура Мауленбаевна
loading...

Автор: Тезекбаева Лаура Мауленбаевна

Алматы облысы Іле ауданы «№35 орта мектеп» МКМ

Бөлім: Сыныптан тыс жұмыс
Көрсетілім: 1148 | Жүктеулер: 570 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5923
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 66
Қонақтар: 66
Тіркелгендер: 0