Сайт учителя начальных классов
.
Абайдың дүниеге келуі «видео-клип»
Айша : Иә, алып тұлғалы, қазақтың бір туар ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы осылайша дүниеге келген екен.
Альфара:Хронологиялық кесте
1. 1845ж. 10 тамызда Шыңғыс тауының баурайында дүниеге келген. Анасы Ұлжан мен Айғыздың арқасында «Телғара» атанып өсті.
2. 1855-1857 ж. Ауыл молдасынан сауат ашты. 9 жасында «Кім екен деп келіп ем түйе қуған» деген ең алғашқы мысқыл өлеңін шығарды.
3. 187-1859 ж. Семей қаласында Ахмет Риза медресесінде білім алды. Үш ай «Приходская школа» орыс мектебінде қосымша оқиды. Араб, парсы, түркі тілдеріндегі шығыс ақындарының кітаптарын оқыды.
4. 1870ж. Семей қаласында Лев Толстойдың кітабын сұрап тұрғанда Е. П. Михаэлиспен танысты.
5. 1876-1878ж. Абай қоңыр Көкше еліне үш жыл болыс болды. Абай үш сайлауда інісі Ысқақты, екі сайлау Оспанды, бір сайлау Шәкәрімді болыстыққа сайлады. 28 жастағы Абайдың үстінен күндес топтар жоғарыға өтірік арыз-шағымдар жазды. Үзікбай Бөрібаевтың жалған арызымен Абайдың үстінен Семейдің ұлықтары тергеу ісін қозғайды.
6. 1877-1878 ж. Абай 12 іспен тергеліп, Семейде 3-4 ай жатады. 1884ж. Абайды ақтап 700 кісі куәлік беріп, «қылмыстық ісі» жабылады.
7. 1880 ж. Михаэлис арқылы Н. И. Долгополов, С.С. Гросс, П. Д. Лобанский, Н.Коншин секілді орыстың демократтарымен танысты.
8. 1889 ж. 25 –ке жуық өлең шығарады. Осы жылы «Күлембайға», «Жаз» деген өлеңдері Омбыдағы «Дала уалиаты» газетіне Көкбайдың атымен жарияланды.
9. 1890-1898 ж. Қара сөздерін жазды.
10. 1891 ж. Інісі Оспан қайтыс болған соң мұңды өлеңдер жаза бастады.
11. 1895 ж. Баласы Әбдірахман 27 жасында қайтыс болады.
12. 1898 ж. Өзінің бала кезгі досының ұйымдатыруымен тұрлі ру басылары Абайды соққыға жығады, дүниесін тонайды.
13. 1899 ж. Абайдың өлеңдері көбейеді.
Абай шешіресінің сызбасы тақтадан көрсетіледі
Әлішер:Кеңес өкіметі тұсында Абайдың әкесі Құнанбай туралы да теріс пікір болды. Ол шынжыр балақ, шұбар төс шонжар, елді қанап, қиянат көрсеткен адам ретінде бейнелейді.
Шындығына келетін болсақ, Құнанбай белгілі ру басы, ел құрметіне бөленген , көпке танылған, адал, шешен адам болған. Поляк революционері Янушкевич өзінің жазбаларында оның іскерлігіне, адамгершілігіне сүйсініп, шешендігі, тапқырлығы жағынан батыстың белгілі ойшылдарымен қатар қояды, тиісті білім алса олардан артып түсер еді деп тамсанады.
Перизат:Құнанбай қажы -ел көкейінде ұзақ уақыт тозаң баспай сақталатын асылдардың бірі. Ал Абай болса - сол асылдардың тот баспайтын сынығы. Әжесі сүйікті немересі Абайға ән-жыр ертегілерді ұзақты кеш айтып беріп отыратын. Анасы ұлжан Абай үшін елдің атақты әнші –жыршыларын әдейі шақыртып, бірнеше күн күтіп қонақ етіп, ән-жырларын тыңдатып кейін оларды үлкен сый құрметпен шығарып салады екен. Абай осылайша жастайынан туған халқының рухани байлығынан мол сусындап өскен.
Руслан:Өмірінің көпшілігін далада өткізетін көшпелі елдің баласы Абайға қоршаған табиғатының әсері де мол болды. Туған жерінің әсем табиғаты сезімтал жастың ақын боп қалыптасуына да елеулі ықпалын тигізген еді. Абай табиғат, қоғам адам өмірінің бір бірімен тығыз байланысын жасынан сезіп өсті. Бұл оның табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеп, кейіннен шығармаларында халқының сипатын, туған жер табиғатын жырға қосқанда олардың ерекшеліктерін дөп басып, нағыз шындық бейнесін беруіне жәрдем жасады. Бала Абай дін оқуын місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылды.
Сүйініш: Әкееркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме , сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантыменбойына сіңіре береді. Әке шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді. Бос уақытында араб, парсы , шағатай тілдерін үйренеді.Шығыс әдебиеті алыптарының өлеғ, дастан, қиссаларына ден қояды.
Шаяхмет: Абайдың шығармашылықпен еркін араласуы 1880 жылдар болды. Бұл кездердегі көпшілік өлеңдері Көкбай жанатайұлы атымен таратылды. Абай мен Көкбай 25 жылдай айырылмас жолдас айнымас дос болған. 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастады. 40-тан асқан шағында ақындыққа біржола берілді.1886 жылдан бастап ол И.А. Крылов, А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов шығармаларын қазақ тіліне аудара бастайды. Ақын өлеңді дәл аударуды мақсат еткенде орысша айтылған ойды қазақша жеткізуге асқан шеберлікпен таң қалдырды.Абай қазақ әдебиетіне шын мәнінде аударма тәжірибесін енгізген ақын.
Айдана:Абайды Абай еткен, оның тұлғасын, жан дүниесін, арман-мұратын танытқан-поэзиясы, асқақ шабыттың қуатымен жүрегін жарып шыққан сөздері.
Айсұлтан: «Мен жазбаймын әлеңді ермек үшін»
Шаяхмет: «Әсемпаз болма әрнеге» «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерінде болашақта өмірден өз орныңды тап, талапкер жасқа жарасымды қасиеттерді айтып, ұнамсыз мінездерден аулақ болуды айтады. Өмір-тартыс, майдан сонда көрін, халық құрметіне бөлен, адал еңбек ет дейді.
Ажар: «Әсемпаз болма әрнеге»
Аида: «Интернатта оқып жүр»
Мөлдір: Бұл өлеңінде қазақ балаларының сол кездегі қандай мақсатпен оқып жүргенін айтып, шенге, малға, баққа құмартушыларды әшкерелейді. Сонымен қатар шен- шекпен, мал табу үшін оқымай, білім үшін, ғылым иесі болуға тырысу үшін оқу керек деген көзқарасын айтады. Абайдың бұл пікірі балаларды көп оқып, көп зерттеп ерінбей, жалықпай білім алу жолында жан аямай еңбек етуге шақырады. Ғылымның асқар шыңына адал еңбек пен қиыншылықа төзімді табандылықпен, өз бетімен ізденіп кітап оқу жұмыс істеу арқылы шығуға болатынын айтады.
Айдана:Абай поэзиясы – қазақ поэзиясының шыңы. «Абай эпопеясы» қазақ прозасының зәулім шоқтығы. «Абай» операсы- музыкалық жанрымыздың асқары. «Абай» трагедиясы – драмалық шығармаларымыздың заңғар биігі. Ендеше, Абай шығарған әндердің де осал еместігі жөнінде зерттеліп жазылған жүзге тарта мақалалардың, еңбектердің бар екендігін айтсақ та жеткілікті.Абайдың бізге қалдырған музыкалық мұрасы жайлы да айтсақ артық емес.
Қолда бар мәліметтерге қарағанда Абайдың 70 ке жуық әні, 3 күйі бар. Әндерінің көбінің екіден, ал «Сегізаяқ» әнінің 5 түрлі нұсқасыда осыған кіреді.
Айсұлтан: «Құлақтан кіріп бойды алар»
Расул: «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»
Думан: «Өзгеге, көңілім, тоярсың...» әнін тыңдау
Айша:Абай құзғындармен күресте шынығып, халқын одан сайын жақсы көрді. Ащы ой улы қасіретті жан ойға шомып,күңгірт тартқан заманнан іздеген түйінін шешер кілт таппай:
Жөн таба алмай,
От жалындай
Толды қайғы кеудеге...деп шерленді.
Дүниені қайта тудыратын, оны өзгертетін, шындықты танытатын күшке –терең ой, ақыл арқылы бостандыққа жетудің тетігі- өнер, білім, еңбек –харекетке бой ұрып, барлық омірін сол ұлы жолғасарп етуге серт етеді, ізденеді.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан...
деп, өзіне де, өзгеге де адамгершілік жол сілтейді.
Ол адамның қасиеттері жылы жүрек, нұрлы ақыл, ыстық қайрат дей келіп.
«Ақыл керек, іс керек, мінез керек,
Ер ұялар іс қылмас болса зерек»- дейді.
Ол сондықтан да шығыс-батыс мәдениетін терең,жүйелі зерттеп өзінің дүниетануымен кеңейтті. Европаның ұлы адамдары Гетенің, Байронның шығармаларымен, көне заманның көрнекті ақындары Гомер, Эсхил,Аристотельдің еңбектерімен танысты.
Әсел:«Тегінде, адам баласы адам баласынанақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен «оздым гой» демектің бәрі ақымақтық»,- дейді Абай.
Абай әдебиет табалдырығын аттаған күннен бастап, айналасын қоршаған қараңғылықты серпілтудің жолын іздеп, халық ағартушылық жолына шын берілді. Ол шындыққа, туралыққа, терең ой мен ақылға беріліп, өзінің өлеңін- найза, өткірдің жүзінен басым, кестенің бізінен шебер деп халықты ғылым, өнерге, «құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең, оқыт, мал аяма», -деп, оқуға щақырады.
Не айтса да, не жазса да әлеумет өмірінен, халық өмірінен алып жазады. Өлеңнің сөзінің көбі үгіт, насихат, мінез құлықты түзетуге арналады.
Әйгерім:Ақынның қай өлеңін алсақт та, астарлы ой мен идеясынан адамгершілікке тән асыл қасиеттерді бойына дарыта білмеген ел-жұртын сынаған немесе адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды оқып білеміз. Қазақты тіршіліктегі қайшылықты өмір көшін, сол кездегі әлеуметтік жағдайды сынап –мінейді. Іс әрекетте ішкі рухани дүние-«иман жүзің сау болу керек» дегенді айтады.
Абай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым...»
Рамазан: «Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын»
Айша: Иә,Өмірінің соңғы жылдарында қарасөздерін жазып кетті.
Марғұлан: «6-қарасөзі»
Көкірегі, көңілі тірі болса, тірлік деп соны айтады. Өзің тірі болсаң да , көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.
Кеселді жалқау, қылжақ бас,
Әзір тамақ, әзір ас,
Сыртың –пысық, ішің-нас,
Артын ойлап ұялмас,- болып жүріп, тірімін деме, онан да Алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық.-дейді.
Ілияс: 8 қарасөзі
Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды? Біреу- болыс, біреу-би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді.
Байлар, олар өздері де бір күн болса да, дәулет қонып, дүниенің жарымы басында тұр. Өзінде жоқты малменен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық, арамдық, ақыл, ғылым, білім,- еш нәрсе малдан қымбат демейді.
Мен боламын демеңдер,
Аяқты алшақ басқанға.
Екі көзің аларып, құр қарайсың аспанға.
Бір ғылымнан басқаның,
Бәрі де кесел асқанға. -дейді
Медеу:10-қарасөзі
Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Хош, сөйтіп жүріп ақ мал таптың, байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзіңе табылмаса балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүниеде жоқ.-дейді.
5ә- сыныбы 17 қарасөз
Әйгерім: 19 қарасөзі
Сәбина: 31 қарасөзі
5ә Сәбина: 37-қарасөзі
Айдана: Абайдың сыншылдығы
(диолог)

Мирас: «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол»- деген нақыл, өнеге сөздерінің тәрбиелік маңызы, астары аса күшті. Бұл сөзін жастарға өсиет ретінде арнаған. Яғни, жастарды халық тілегімен санасып отыруға , барлық ой жігерін, күш қуатын халқының қамы үшін жұмсап, соған адал қызметші болуға шақырады.
Сол сияқты «... адамның баласы-бауырың» деген сөзі де жеке дарашыл болмай, көпшіл, қоғамшыл, халықпен бірге бол дегені.
Әділ: «Ұқпассың үстірт қарап бұлтақтасаң,
Суретін көре алмассың көп бақпасаң.
Көлеңкесі түседі көкейіңе,
Әр сөзін бір ойланып салмақтасаң»- дейді. Оқу ісіне үстірт қараудың зияндылығымен айтумен бірге, оған ұқыпты қараудың пайдасын айтып, тиянақтылықпен бар ынта-жігермен оқуға шақырады.
Ажар:«Өлсе өлер табиғат...»
Айша: Иә, өлмейтүғын артына сөз қалдырған Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.Ұлы атамыздың бізге берген еншісі, қалдырған аманаты-асыл сөздері.
Аз өмір сүріп, өмірі азаппен өткен Абай бізбен бірге мәңгі жасамақ.
(Видое- клип) «Сегіз аяқ» әні

ID: 767 | Просмотров: 2616