Психологиядан ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Психологиядан ашық сабақтар

Технология саласы
[ Сайттан жүктеу (33.9Kb) ] 20.09.2015, 10:27

Материалдың жеке номері 1799

Технология саласы

загрузка...
ТЛЕПОВА АЛИЯ ЕРКАЕВНА
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Бисен ауылы
Бисен Жаникешев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі
Атам қазақ бала тәрбиесінде өмір тіршілігінің ертеңгі келешегіне ерекше мән берген. Бала жас кезінен көзі көргенді көңілге тоқып, қолы үйреніп істей алатындай болуға бейімдендіріледі. Өнер – әсемдіктің ең жоғарғы түрі, өйткені ол табиғаттың әсемдігін де, адам еңбегімен жасалған заттардың әсемдігін де, сол адамның ұлылығы мен сұлулығын да, оның ой-арманын да өз бойына жинақтап, жан-жақты бейнелей алады.
Технология саласы оқушыларды халық дәстүрімен, әдет-ғұрыптарының түрлерімен таныстыра отырып, ұлттық этика, эстетикалық қабілеттерін және әділеттік, инабаттылық әдет-дағдыларын қалыптастырады.
Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі оқытудың нәтижесін алдын ала болжап, оқушылардың қызығушылығы мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны санасында терең зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемідамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мүмкіндіктерін технология пәнінің оқу үрдісінде тиімді пайдалану. Бұл мәселенің нәтижелі жүзеге асуы мұғалімдердің қазақтың ұлттық бұйымдары бойынша толық білім сапасын және оны оқушылардың тәрбиесіне пайдалана алу іскерлігі мен қабілетін қажет етеді. Қазақстан Республикасында өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақтың мәдени өрісін көтеру, сұлулықты қабылдау қасиетін қалыптастыру арқылы төл мәдениеттің белсенді жасаушысы, иесі, жалғастырушы болуына зор мән берілуде. Демек, оқушыларға көркемдік білім, эстетикалық тәрбие беріп, шығармашылық белсенділікке баулу – басты міндеттердің бірі. Қазақтың бүгінгі ұлы мен қызы кез келгеннің қасында өнер, білім жарыстыра алатын болуы керек. «Өнер таусылмас қазына, жұтамас байлық» дейді дана халқымыз. Ұлттық өнеріміз төлтума бітім, қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен, шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен қазына. Осы ұлттық өнерді үйреніп, ары қарай дамытуымыз қажет. Ұлттық өнердің көне оқыту тәсілдерін, дәстүрін жаңа ғылыми негізге салып, жаңа ғылыми ізденістер арқылы көптеген мәселелерді шешуге болады. Ұлттық өнеріміз бүгінде даму, жаңару үстінде. Білімді де, зерделі, өнерлі де, парасатты, инабатты ұрпақ өсіп келеді. Оқушыларға жан-жақты тәрбие беру тәсілдері мен түрлері алуан түрлі. Олар: көркемсөз үйірмесі, әдеби-шығармашылық үйірме, би, сәндік-қолданбалы үйірмесі, т.б. үйірмелер. Оқытушылар ұжымы осы шараларды тиімді пайдаланса, оқушы бойында сұлулықты өз қолымен жасау құштарлығын оята алады, әсемдікті дұрыс пайдалануға машықтандырады. Ұстаздық өміріміздегі алдымызға қойған мақсатымыз – баланы оқу ісіне өзінше қызықтырып, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу, дағдыларын жетілдіру. Демек, оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастырып, дамыту басты мақсат болып саналады. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы әдбен мүмкін. Біздің міндетіміз оқушының бойында жасырынып жатқан дарынды ашып көрсету. Шығармашылық тұлға қалыптастырудың бір жолы, ең алдымен, оқушылардың танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастырумен жүзеге аспақ. Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты – оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Өзім сабақ беретін технология пәні бойынша «Сәндік-қолданбалы өнерді үйрету арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» деген тақырыпта жұмыс жасап келемін.
Негізгі мақсатым: жасөспірімдердің ұлт өнері мен мәдениетіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қолданбалы өнер жайлы бастапқы түсініктерін қалыптастырып, сабақта шағын бұйымдар жасай білуіне, үйренгендерін тұрмыста пайдалануына бағыт беру, қолөнерді сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың кең көлемде мәдениетін, рухани байлығын дамыта отырып, халқымыздың өнерін бағалай білуге тәрбиелеу. Балаларды қолөнер шығармаларымен таныстыру олардың туған жеріне, халқына, табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастырады, эстетикалық сезіміне әсер етіп, талғамын жетілдіреді. Әсем дүниелер жасайтын зергерлердің, шебердің өзіндік қолтаңбасын, ғажап шеберлігін айыра білуіне көмектеседі. Сондай-ақ сабақ үрдісінде мынадай дағдыларды қалыптастырамыз: еңбекқорлық, ұлтжандылық, рухани мәдениет, іскерлік, ізденімпаздық.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мұраны жаңғырту, уақыт талабына сай жетілдіру үшін технология мұғалімі ретінде ұлттық қолөнерді оқушыларға үйретіп, өнерді зерттеп жүрген ғалымдардың еңбегімен таныстырып, оқушылардың өздеріне ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді тапсырып отырамыз. Баланың білімін тереңдетіп, шығармашылық еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейту барысында қолөнер үйірмесінің мүмкіншілігі мен артықшылығы зор. Өзім жетекшілік ететін «Кестелі орамал» қолөнер үйірмесіне қатысатын оқушылар алған теориялық білімдерін іс жүзінде пайдаланып, түрлі бұйымдар жасауына мүмкіндіктер алады. Оқушының танымдық қызығушылығы артып, әр түрлі пәндерден алған білім-білік дағдыларын пайдаланып, бейнелеу өнері, сызу, математика, тарих, физика пәндерімен тығыз байланыс жасайды. Олар мұғалім көмегімен әр түрлі бұйымдар жасаумен бірге, ол бұйымға өңделу технологиясына талдау жасап, өзіндік пікір айтуға жаттығады. Осылайша оқушылар әр түрлі шығармаларды зерттей отырып, баға беру арқылы өз бойларында келешек кәсіби іске қажетті бағалау, саралау қасиеттерін де қалыптастырады. Оқушымен шығармашылық жұмыс жүргізу ерекше қабілетті, еңбек дағдысына икемді оқушылармен жекелей жұмыс жүргізгенде нәтижесін береді.
ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Ұлттық педагогиканы насихаттауда қай пәннің де ыңғайы мен мүмкіндіктері мол. Соның ішінде технология сабақтарында халқымыздың қолөнерін үйрену ұлттық тәрбиенің қайнар көзі десек те болады. Қолөнерді үйрену арқылы шығармашылықпен ұштастырып, білім алу, еңбек етуге баулумен қатар салт-дәстүрге тәрбиелеу қазіргі заманның талабы. Кез келген бұйымның тарихын ашып, жасау құпиясын білу, қосымша әдебиеттерден мағлұмат алу, жасалу технологиясымен танысу оқушының шығармашылықпен іске кірісуіне жол ашады. Халық өнерінің шығармашылығын игеру жасөспірімдер үшін сәндік-қолданбалы өнердің алуан түрлерін, дәстүрлі техникалық әдістері мен шеберлік дағдыларын жеңіл меңгеруге, өз бетінше жобалар дайындауға дағдыландырады.
Өзге халықтар сияқты қазақтың да балаларға қолөнер шеберлігін үйретуде ерте заман бері жиып-терген мол тәжірибелері бар. Өз ұрпағының «Сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, насихаттап, үйретіп келген. Жалпы технология сабақтарында халқымыздың қолөнерін үйрену арқылыұлттықтәрбиенің артықшылығын байқаймыз.
loading...

Автор: Тлепова Алия Еркаевна

Бисен Жаникешев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі

Бөлім: Психологиядан ашық сабақтар | Қосты: тлепова_алия
Көрсетілім: 1213 | Жүктеулер: 541 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 5
Қонақтар: 5
Тіркелгендер: 0