Антистресс

  • Жүктеулер: 853
  • Көрсетілім: 1614
  • Психологиядан ашық сабақтар
  • 15/Май/2015
Қызылорда облысы Шиелі ауданы
№48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектеп
Педагог-психолог: Баекеева Нұргүл Насреддинқызы

Антистресс .
Мақсаты : Психологиялық тренингтің ережелерімен таныстыру , тренингтік топта қарым – қатынас әдістерін талқылау , стресс , негативтік стресс туралы ұғымды қалыптастыру , стрестік жағдайда тәртіп стратегиясын , өзін-өзі ұстау дағдысын қалыптастыру , ашу – ыза эмоциясын білдірудің конструктивті тәсілдерін ұсыну .
Құрал - жабдық : Доп немесе жұмсақ ойыншық , А4 ақ парақтар ,
« Жұмыс ережелері » деген жазуы бар плакат , 2 – 3 ватман , фломастерлер , маркерлер .
Сәлемдесу рәсімі
Қатысушылар шеңберге тұрып , сол қол алақанын жоғары көтеріп , оң қол алақанын төмен қаратып , бір – бірінің қолын ұстайды , хормен
«СӘ - ЛЕ – МЕТ – СІЗ – ДЕР МЕ ?» деп амандасады . Соңғы буынға келген кезде қолдарын ажыратып , алақан соғады .
« Менің есімім және оның сапасы »
Қатысушылар шеңберде отырады . Олар бір – біріне допты немесе жұмсақ ойыншықты бере отырып , өзінің атын және өзіне тән бір қасиетті айтады . Бұл қасиеттің бірінші әрпі есімнің бір әрпінен басталуы тиіс . Қатысушылардың әр түрлі болғанына қарамастан бірігіп жұмыс істейтініне көңіл бөледі .
Әр түрлі болсақ та , бірігіп жұмыс істеу !
Ереже қабылдау .
Сұрақ – жауап арқылы талдау жасау , қатысушылар бір – бірінің сөзін бөлмей , кезекпен жауап беру керек екенін жүргізуші ескертеді .
- Қатысушылар бірігіп табысты жұмыс істеу үшін не қажет ?
- Оқушылар сабаққа не үшін барады ?
- Сабақта тәртіп ережелері бар ма ? Қандай ережелер ?
- Біздің бүгінгі тренингіміздің кәдімгі сабақтан қандай айырмашылығы бар ?
- Психотренингте немен айналысатынымыз туралы қандай ойларыңыз бар ?
Талдауды қорыта келе , негізгі ережелерді ұстану қажеттілігі туралы ойланайық .
Негізгі бөлім
« Менің мекен – жайым » жаттығуы
Барлық қатысушылар өз адрестерін басқалар еститіндей етіп дауыстап , бір уақытта бірден айтады , әрі қарай жүргізуші кез келген қатысушыға басқа қатысушының адресін қайталауын сұрайды .
Ережені талдау және қабылдау
Не себепті басқа қатысушының адресін түсіну мүмкін болмағаны талданған соң , ереже жазу ұсынылады .
1. Сөзді бөлмеу .
2. Бір – бірімізге кедергі жасамау .
3. Әр түрлі болсақ та , бірігіп жұмыс істеу .
Психолог : тренингте әр түрлі өмірлік мәселелер талданады , бұл мәселе бойынша әр адамның ерекше өз пікірі болады . Барлық адамның пікірі бірдей болуы міндетті ме ? Тренингте дұрыс немесе дұрыс емес деген жауап және пікір болмайды . Қатысушылар арасында пікірталас туса да ., бір – бірінің пікірін сыйлап , ұрыс – жанжал шығармау .
4. Намысқа тимей , басқа пікірді сыйлау .
Жүзі жылы , күлімдеп , өзіне тартып тұрған адамға өз сырыңды айта аласың , толғантып жүрген ойыңмен бөлісесің , сол адамның жанында өзіңді сенімді сезінесің . Топқа қатысушылар бір – біріне күлімдеп қараса , тренинг жұмысы жылы атмосферада өтеді .
5. Күлімсіреу .
Кешігіп келген адамға , әрине , асығып жеткені үшін рахмет айтуға болады , бірақ бір адамның кешіккені бүкіл топқа және өзіне кесірін тигізетінін ескеру керек .
6. Кешікпеу .
Осы ережелер ватман плакатқа жазылып , тренинг жүргізіліп жатқан аудиторияда әрдайым ілулі тұрады .
« Шатыр астындағы мұз » жаттығуы .
Денеңізді бос ұстап ,жайлы тұрыңыз . Көзіңізді жұмыңыз . Барлық көңіліңізді аяқ саусақтарына аударыңыз , оларды жиырыңыз . Сосын бүкіл табаныңызды ,балтырыңызды , саныңызды , жамбасыңызды ,ішіңізді , арқаңызды , мойныңызды , бетіңізді , иығыңызды , білегіңізді , қол саусақтарын жиырып , тартылыңыз . Сонан соң барлық мүшелеріңізді босатып жіберіңіз .
Бұл жаттығуды дұрыс орындаған жағдайда , бұлшық еттер жиырылуынан
арылып ,күшті қалпына келтіруге болады .Осы жаттығу техникасын жақсы меңгерген адам өз бетінше көңіл – күйін қалыпқа келтіре алады .
Психолог :Стресс деген не ? Ол қашан және не себепті пайда болады ? Стресс кезінде қандай сезімде боласыз ? Стрестің зияны бар ма?
Стресс ұғымына анықтама : әр түрлі факторлардың ( теріс және оң факторлар ) әсер ету нәтижесінен туындаған адам көңіл – күйінің өзгеруі және адамның сол жағдайға қалыптасуы . Мысалы , жылыну үшін тоңған адам дірілдейді , дене температурасын төмендету үшін ыстық күні адам ағзасы терлейді . Яғни , біздің ағзамыз физиологиялық бейімделуге қабілеті бар .
Сонда адамға психологиялық бейімделу қажет пе деген сұрақ туады ?
Бұл бейімделу қай уақытта қажет ?
Қатысушылармен талдау .
Яғни , стресс адамның психологиялық бейімделуіне әсері болып табылады .

Психолог ескертуі : Стресс өз бетінше зиянды емес , кей жағдайда тіпті қажет те ( бұл бейімделу әсері ) . Бірақ стресс ұзақ уақытқа созылса өте қауіпті . Адам стрестің теріс әсеріне ұшырамау үшін , оны басқарып үйренуі қажет .
« Кемпірқосаққа шығу » жаттығуы
Стреске басқару шарттарының бірі - өз көңіл – күйіңді бақылай білу . Ол үшін әр түрлі жаттығулар бар . Орныңыздан тұрып , көзіңізді жұмыңыз , терең дем алу барысында кемпірқосаққа шығып бара жатқандай елестетіңіз . ал деміңізді шығарған кезде кемпірқосақтан сырғанап түскендей болыңыз . Үш рет қайталаңыз . Сонан соң осы жаттығуды көзіңізді ашып орыңдаңыз .
Психолог : Ал сіздер стресті қалай жеңесіздер ? Қатысушылар өз варианттарын айтады . Стресс кезінде бір іске көбірек көңіл бөліп , уақытында демалған жөн . Көмек сұраған да дұрыс . Стреспен күрестің тиімсіз де жолдары болады .

Автор: Баекеева Нұргүл Насреддинқызы

Қызылорда облысы Шиелі ауданы №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектебі

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.