Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар

Сабыр түбі - сары алтын
[ Сайттан жүктеу (19.9Kb) ] 30.04.2015, 14:32

Материалдың жеке номері 1464

Сабыр түбі - сары алтын

загрузка...
Өзiн-өзiтану сабағының жоспары

МектепМанашыМерзiм10.03.15ж.ТақырыпСабыр түбі – сары алтын
Құндылық Дұрыс іс - әрекетҚасиеттер сабырлылық, ақылдылық, ұстамдылық
МұғалiмБисенбаева А.К. Класс 4 Оқушылар саны 20

МіСабақ мақсаты:Оқушылардың «сабырлылық», «ұстамдылық» адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- сабырлы, ұстамды болудың маңыздылығын түсіндіру;
- жағымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- ізеттілікке тәрбиелеу. Ресурстар(құралдар, мәлiметтер)
фломастер, А3, музыкалық әуендер.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштықсәтi. «Нұрға бөлену»
2. Үй тапсырмасын сұрау
1. «Төзімді жан мойымас», «Төзген жетер мұратқа» деген өлең жолдарын қалай түсінесің?
2. Табандылыққа жетудің неше жолы бар?
3. Табандылық пен төзімділікке байланысты қандай түйінді ойлар білесіңдер?
Сабақ барысын талдау:
Дәйексөз.
Асығыс түбі өкініш, ойланып алмақ – сабыр сол.
Абай Құнанбаев

Әңгiмелеу

Сабырлылық – адам бойындағы сезімнің, ойлаудың тереңдігі. Сабырлы адам – ақылды, шыдамды, байыпты, ұстамды болады. Сабырлылық адамның дұрыс шешім қабылдауына, мұратына жетуіне мүмкіндік береді.
Асыл шөп
Ы. Алтынсарин
Зылиқа мен Бәтимадеген біреудің қызметінде тұрған екі қыз төбесіне бір-бір
Жәшік жеміс көтеріп, қалаға сатуға келе жатыпты-мыс. Зылиқа аһлап-уһлеп,
Шаршадым деп, Батима күліп,әзілдесіп келе жатыпты. Сонда Зылиқа айтыпты:
- Сен неге мәз болып келесің? Төбеңдегі жәшіктің ауырлығы да менің басымдағыдан кем емес. Өзің де менен күшті емессің.
- Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір асыл шөп салдым, - депті Бәтима.
- Ай, ондай болса, шөбіңнің атын айтшы, мен де жүгімді жеңілдетейін, - депті Зылиқа.
- Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, ал іздегің келсе, аты «сабыр» деген, - депті Бәтима.

- Сұрақтар:
- 1. Бәтиманың көңілді жүруінің себебі неде деп ойлайсыңдар?
- 2. Сендердің ойларыңша сабырлы адам қандай болады?
- 3. Зылиқаның «сабыр» атты шөпті таба алуы мүмкін бе?
- 4. Өздерің сабырлылық танытқан кездерің болды ма?
- Шығармашылық жұмыс.
- Оқушыларды 3 топқа бөліп, тапсырмалар беремін.
- І топ: «Сабырлылар» тобы Сабырлылық туралы мақал – мәтелдер айту;
- ІІ топ: «Сабырсыздар» тобы Өлең шумақтарын шығару
- ІІІ топ: «Әдептілер» тобы Сабырлылық пен сабырсыздық туралы сурет салу
Топпен ән айту.
«Көңілді күн»
Ұ. Жолдасов- А. Дүйсенбі
Теріп едік жемісін сезім бақтың,
Сыйластықтың алауын өзің жақтың.
Сенің думан тойыңның әнін естіп,
Есігіңді шыдамай өзім қақтым.
Қ-сы:
Бүгін қандай тамаша
Көңілді күн 3-рет
Сені қуанышыңмен құттықтаймын
Бақытты бол, жан досым.
2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп,
Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп.
Есігіңнен мен кіріп келгенімде
Қуандың ау балаша мені көріп.
Қ-сы:
Бүгін қандай тамаша
Көңілді күн 3-рет
Сені қуанышыңмен құттықтаймын
Бақытты бол, жан досым!

Үйге тапсырма беру
Мәтінді оқу, М. Әшірбековтың «Жастарға» өлеңін жаттау.
Соңғы тыныштық сәті.
1. Әрбір істі ойланып, ақылға салыңдар!
2. Байыбына барып, себебін табуға тырысыңдар!
3. Шыдамсыздық танытпай, ұстамды болыңдар!
4. Әр кезде де өз – өздеріңді жігерлендіріңдер!
loading...

Автор: Бисенбаева Алтыншаш Куанышбаевна

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Манашы орта мектебі

Бөлім: Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар | Қосты: bisenbaeva_2016 | Ілмек сөздер: келсе
Көрсетілім: 3257 | Жүктеулер: 570 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5904
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 94
Қонақтар: 93
Тіркелгендер: 1
sayorochka77