Сайт учителя начальных классов
.
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: № 202 орта мектеп Күні: 23.01.2015 Сыныбы: 3 «а» № 23
Тақырыбы: Мейірімділік – асыл қасиет
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: мейірімділік қайырымдылық, , қамқорлық, сыйластық,түсіністік
Мұғалiм: Азаматова Ботакөз Алтынбекқызы Оқушылар саны: 21
М Мақсаты: Оқушыларға мейірімділіктің мәнін аша отырып
сүйіспеншілік құндылығын ұғындыру.
Міндеттері:
- Өз жақындарының ішкі сезімдерін түсіне білуге, адамдарға тек мейірімділік нұрын себе білуге тәрбиелеу.
- Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
- Оқушылардың бойында қайырымдылық, қамқорлық, сыйластық, түсіністік қасиеттерін дамыту; Ресурстар: оқулық, оқушы дәптері,Ш.Құдайбердиевтің суреті,слайдтар.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. (Сабақтағы жағымды күйге келу)
Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену»
2. Үй тапсырмасын тексеру
23 сабақ бет М. Төрежановтың «Сары тауық пен балапандары» әңгімесін түсініп оқып келу.
1. Оқушылардың мейірімділік туралы пікірлері әңгіме мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауаптары арқылы тыңдалады.
* Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
* Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
* «Күн ашылып,ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
* Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?
* Сіздер айналаңа мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөленесіңдер?
2. Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Ескертулер

3. Дәйексөз : (Жағымды ой- пікір)

Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Шәкәрім Құдайбердиев
Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу.
Барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады.Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан.Адамдарға, айналаңа мейірімді болу жақсылық жасауға жетелейді.
4. Әңгiмелеу : (Мұғалім сыйы)
Мейірімді және ілтипатты бол!
Өнеге: аудармалар /М.Кемел,Қ.Темірбаева – Астана: 2010
Ұстазға жас жігіт келіп шәкірттікке қабылдауын сұрайды.
- Ол саған не үшін керек ? деп сұрайды ұстаз.
- Қайратты да қайсарлы болғым келеді.
- Енді болмайсың ба? Айналаңа мейірімді, кішіпейіл және ілтипатты бол. Мейірім мен ілтипат арқасында елдің құрметін аласың. Ішкі дүниең тазарып мейірімге толады, яғни, жігерлі боласың. Ілтипаттың арқасында кішкентай да болса, өзгерістерді байқайтын боласың да, көптеген қиындықтарды алдын ала болжай аласың, яғни, ұрыс – қақтығыстарға кірмей тұрып оларды жеңіп шығасың. Талас – тартыстардың алдын көре алатын боласың, ешкім жеңе алмайтын қайратты боласың.
- Қалай сонда?
- Иә, ешкім сені жеңе алмайтын болады, өйткені ешкіммен егеспейсің. Жігіт кетіп қалады. Бірақ бірнеше жыл өтіп, ұстазға қайтып келеді.
- Не іздедің? – деп сұрайды қария.
- Сіздің аман – саулығыңызды және қандай да бір көмегім керек пе? – деп сұрайын деп келдім...
Сол кезде ұстаз жас жігітті шәкірттікке алады.
Әңгіме желісі бойынша сұрақтар
* Жас жігіт ұстаздан не себепті шәкірттікке қабылдауды сұрады?
* Ұстаз жас жігітке қандай ақыл- кеңес берді?
* Жас жігіттің ұстазға келгендегі мақсаты не деп ойлайсыңдар
*Айналаңа мейірім тарату дегенді қалай түсінесіздер ?
* Мейірімділікті басқаларға қалай көрсетер едің?

ID: 1237 | Просмотров: 4150