Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар

Алтын жүрек анамыз
[ Сайттан жүктеу (55.2Kb) ] 30.03.2015, 13:03

Материалдың жеке номері 1067

Алтын жүрек анамыз

загрузка...
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Мақтаарал ауданы,
Я.Есенбеков атындағы жалпы орта мектебінің
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Айнұр Мелдебекова.

Сабақтың тақырыбы: Алтын жүрек анамыз
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек » қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы,балаларға деген қамқорлығы туралы, жасаған жақсылықтары туралы балаларға түсінік беру. Сара апамыздың ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың бойында сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді қасиеттерді бойына жинауға тәрбиелеу.
Барысы:
Шаттық шеңбері: Қайырлы күн, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Шаттық шеңберін құруға ортаға шақырамын.Шеңбер бойымен жұмсақ жүректі бір-бірімізге бере отырып, бір-бірлеріңе ең жақсы деген тілектеріңді айтыңдар.
Мұғалім: Айтқан тілектерің бәрімізді қуанышқа бөледі. Енді осы жақсы көңіл-күймен сабақты бастайық. Балалар, алтын жүректі деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Үлкен жүректі деп кімдерді атаймыз?
-Айналаңыздағы адамдардың жақсылығын байқап, бағалайсың ба?
- Адамдар сізге «рахмет» айта ма? Ал сіз ше?
Оқушылармен осы сұрақтарды қою арқылы біраз әңгімелесу.
Мұғалім: Ардақты балалар, құрметті қонақтар! Біз бүгін «Алтын жүрек анамыз» атты мейірімділік сабағын бастаймыз.
Оқушы: Жетімдердің анасы, жесірлердің панасы,
Алпыс аға бөбегі, Нұрағаның Сарасы.
Жанын салып жүр бүгін қарлығашы бақыттың
Жақындаса түссін деп адамдардың арасы,
Жамандықпен күресіп, жақсылыты жетелеп,
Қиындықсыз өмір жоқ, қиындықпен өт ептеп
Дейді бізге Сарамыз, дегеніне нанамыз
Өзі бастап барардай бір сәулетті бекетке.
Оқушы :Бөбек сөзі түспейді сенің сөздік қорыңнан,
Баспана боп оларға, келе жатсың болып нан.
Сол балалар үшін бір бәйек болып күндіз-түн.
Аяп көрген жоқсың сен келгеніңді қолыңнан
Алда талай қиналу, алда талай толғаныс,
Жетсем екен дейтұғын арман да асыл,жол да алыс.
Шешек жару, гүл ату- Жер- Ананың Төл ісі.
Жылағанды жұбату- ел – анадан қалған іс.
Оқушы : С Алпысқызы. 1941 жылғы 12 ақпанда Қарағанды обылысының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын құрылыста істеп, салықшылықпен бастаған. Білімі жоғары, мамандығы инженер экономист. Жұбайы- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев , Қазақстан Республикасының Президенті. 3 қыздары бар : Дариға –саясат ғылымының докторы, Динара- Нұрсұлтан Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады, Әлия – бизнеспен айналысады, «Элитстрой»құрылыс компаниясын басқарады.
Оқушы : Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. «Бөбек» қайырымдылық қорының Президенті С. Назарбаеваның жетім балалардың мүдделерін қорғау ісіне қосқан үлесі өте қомақты. Жетім балаларды тәрбиелеудің жаңа жүйесін қалыптастырып, елімізде тұңғыш «SOS Киндердорф» балалар ауылының өмірге келуіне мұрындық болды. Соның арқасында жетімдік тақсыретін тартқан бүлдіршіндер отбасылық ортада өсіп , тәрбиеленіп жатыр. Кәмелеттік жасқа толған соң мемлекет олардың жұмысқа орналасуына, оқуларын жалғастыруына жағдай жасайды. Жоғары оқу орындарына түскен жастарға «Бөбек» қоры шәкіртақы тағайындап, көмек көрсетеді.
Оқушы : «Бөбектің »анасы атанған Сара Алпысқызы көптеген игі істерге ұйтқы болды. Еліміз аумағында балалар емханаларының ашылуына , қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға бір кісідей атсалысып келеді. Ерен еңбегі әлемдік қауымдастық назарын аударып, 1999 жылы «SOS Киндердорф» халықаралық қорының Алтын медалімен , 2002 жылы ЮНИСЕФ- тің арнайы сыйлығымен марапатталған болатын.
Оқушы ; 2006 жылы мамыр айында Мәскеуде адамзаттың ізгі мұраттарына қызмет атқарғаны үшін «Бөбек »балалар қайырымдылық қоры Президенті С.А. Назарбаева «Алтын жүрек » халықаралық сыйлығының лауреаты болды.
Оқушы :С Алпысқызы жалпы имани- рухани адамзаттық құндылықтарды қалыптастырудың , қайта өрлеу жобасының авторы болып табылады. Ол «Өзін-өзі тану»деп аталады. «Өзін-өзі танудың»философиясына ұланғайыр үлес қосқаны үшін Шыңғыс Айтматов атындағы Алтын медальға ие болған еді.
Оқушы : 2010 жылы с А Назарбаеваға аналар мен балаларды қорғаудағы, Қазақстанның жас ұрпағына рухани- тағылымдық білім берудегі еңбегі үшін «Достастық жұлдызы»сыйлығы табыс етілді. Аталмыш марапат білім және ғылым, әдебиет пен өнер, гуманитарлық салалар бойынша берілетін болса , гуманитарлық бағытта тұңғыш рет бұл награданы Сара Алпысқызы иеленіп отыр.
Мәтінмен жұмыс
С Алпысқызының «Өмір әдебі» деген кітабынан алынған үзіндіні оқи отырып, оқушылар әр адамның өз өміріне жауапты екендігіне назар аударады. Төменде келтірілген сұрақтарға жауап беріп, өзара көмектеседі.
«Мен бала күнімде шамадан тыс қарапайым, жасқаншақ болдым. Өзім білетін құрбыларымның барлығы да менен ақылдырақ , маңыздырақ сияқты көрінетін . Актриса болуды армандадым да өзімнің балалық ақылмен : «Қайдағы, бұл таңдаулылардың ғана ісі ғой» деп пайымдадым. Бақытыма қарай жас келген сайын «Балақайдың» арқасында бойымдағы бұйығылықтан біртіндеп арыла бастадым. Рас, актриса бола қойған жоқпын. Бірақ өмірімді бұралмай көрсететін бір қарапайым ақиқатты түсіндім. Ал нақтырақ алатын болсақ, адамдарды бір-бірінен ажыратуға болатын басты айырмашылық жан дүниесі мен рухтың үйлесімі арқылы өмір сүру қабілетін айқындайтын олардың санасының даму деңгейі екен»
Шығармашылық жұмыс : Үй тапсырмасы ретінде оқушылар Сара Алпысқызына арнаған тілектеріни, құттықтауларын, суреттерін слайдтар арқылы дайындап белсенділіктерін көрсетеді. Шығармашылық жұмысты көңілмен шабыттанып орындаған оқушылар еңбектері марапатталады.
Жүректен –жүрекке :Балаларды шеңберге тұрғызып, қол ұстатып ,
Ж Тұрбековтың сөзіне жазылған Ә Еспановтың «Бақытты балалық шақ »
әнімен сабағымызды аяқтаймыз.
loading...

Автор: Айнұр Мелдебекова.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Я.Есенбеков атындағы жалпы орта мектебін

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар | Қосты: Гүлнұр | Ілмек сөздер: Жүрек
Көрсетілім: 1225 | Жүктеулер: 607 | Пікірлер: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 1
avatar
Сара Алпысқызы Назарбаева жайлы оқушылар коптеген малиметтер алды деп ойлаймын. сизге рахмет!
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 5
Қонақтар: 5
Тіркелгендер: 0