Оқушымен жұмыс

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Оқушымен жұмыс

М.Шұғайыпұлының бойындағы рухани – адамгершілік қағидалары ғылыми жоба
15.11.2015, 13:48

Материалдың жеке номері 2097

М.Шұғайыпұлының бойындағы рухани – адамгершілік қағидалары ғылыми жоба

загрузка...
М.Шұғайыпұлының бойындағы рухани – адамгершілік қағидалары ғылыми жоба

Зерттеу мақсаты: Атырау өңірінде ислам діні қайта жаңғырған
күндерден-ақ дінге бет бұрған, өз ықыласымен дінге
қызмет еткен мұсылмандардың бірі, жыршы, термеші
М.Шұғайыпұлының өмірі, еңбек жолы, өнегелі
қасиеттерін зерттеуді мақсат еткен.

Гипотеза: Нарын өлкесінде дүниеге келген ақындар мен
жыраулардың өнегелі сөзін, ұлағатты толғауларын
насихаттаған жыршы, термеші М.Шұғайыпұлының
өмір жолын дәріптеу арқылы болашақ ұрпақты
адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Зерттеу міндеттері: Махмиден атамен сырлас болған адамдардың
естеліктеріне сүйене отырып, оның өнегелі қасиеттерін
толық таңдаған.

Зерттеу әдістемесі: М.Шұғайыпұлының өнегелі өмір жолына талдау
жасай отырып, өзінің ғылыми жоба жұмысына арқау ету

Зерттеу нәтижесі: Ізденуші оқушы М.Шұғайыпұлының имандылық
жолындағы өнегелі жолына арналған дінтану курсы
ашылса деген түйін жасайды.

Теориялық және практикалық маңыздылығы: Ізденуші оқушы
Махмиден Шұғайыпұлының өмір жолын, шындық
істерін талдау жасай отырып, ой-пікірін тың деректермен,
дәйексөзбен дәлелдеп шыққан.

ЖОСПАР

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Өнегелі тұлға қалыптасуындағы ұлттық құндылықтардың ролі.

2.2. Махмиден Шұғайыпұлы –жырды насихаттаушы.

2.3. Адамгершілік пен имандылықты ту еткен асыл тұлға.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе

Бүгінгі Қазақстанда ұлттық діни қайта өрлеу кезеңі белең алуда. Дін халықтың мәдени дәстүрлерін сақтаушы және рухани – адамгершілік идеалдардың қозғаушы күші ретінде біздің отандастарымыздың көз алдында зор құндылықтарға ие. Осыған байланысты діни этиканың күші өскелең ұрпақтың адамгершілік және рухани дүниетанымын қалыптастыруда барынша белсенді қолданылуда. Дәстүрлі діни танымдардың сенім үдерістері ғасырлар бойы адамдардың өз ұрпақтарын тәрбиелеуіне, еңбек етуіне, кітап жазып, ұлы өнер туындыларын жасауына ықпал етіп келді. Басқаша айтсақ, дәстүрлі діндер қоғамдық өмірдің және мәдениеттің ажырағысыз бір бөлшегіне айналды.
Ислам – ең соңғы, таза дін. Өзге діннің бар қасиетін бойына сіңірген дін екенін өмір дәлелдеді. Бұл дін-бірліктің діні. Осы бірліктің дінін біз де әспеттеуіміз керек.
Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң, қасіретің болады. Қасиетін қадірлей алмаған ел қасіретке ұшырайды. Мұны тарихтан жақсы білеміз. Дін – рухани азық, білмегенге – от, оттан өрт шығады. Біз кеше тоталитарлық заманның сұмдықтарын көрдік., басымыздан кештік. Қазақпын деп те айта алмадық. Ана тілім – қазақтілі деуден жасқандық. Қазір тіліміз туралы да, еліміз жайлы да еркін айта аламыз. Жаңа заман келді. Тәуелсіздіктің арқасында осындай бақытқа бөленудеміз. Осы күнді әдебиетіміздің ұлы тұлғасы Мұхтар Әуезов, академик Әлкей Марғұлан да, қазақ ғылымының атасы Қаныш Сәтбаев та көре алмады.
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Мыңдаған жылдар бойы дінге негізделген мәдениет тарихта өзінің жанды сөзін сақтап келді. Бір жағынан ойлап қарасақ, өзінің діни рухын сақтау тарихта тұтас бір халықтың сақталуының кепілі болып келді», - деп атап көрсетті. [1]
Мұсылмандық Шығыс мәдениетіне тарихи жақындасу Қазақстанда ғылым мен мәдениеттің дамуына барынша қозғау салды. Бір жағынан, көне діни танымдардың орнына келген ислам қазақ халқының адамгершілік жағынан өсуіне интеллектуалдық және мәдени дамуына ерекше ықпал етті. Екінші жағынан алғанда, мемлекеттіліктің, этностық және мәдени ерекшеліктердің сақталып қалуының шешуші факторларының бірі ислам болды.
Көптеген дәуірлердегі түркі дүниесі және қазақ ойшылдары элитасының ұлы өкілдері – Қожа Ахмет Яссауи және Асан Қайғыдан бастап, Абай мен Шәкәрімге дейін ислам рухани құндылықтарын таратушылар болды. Адам тумысынан кісілікті, адамгершілікті болып тумайды. Ислам діні адам баласын
1
адамгершілікті, парасаттылықты дәріптеу үшін пайда болады. Ол жөнінде
қасиетті Құран кәрім мен ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед хадистерінде кездеседі. Н.Ә.Назарбаев: «Тегіміз-түрік, дініміз-ислам, кітабымыз – Құран кәрім деп ислами құндылықтарымызды естен шығармауымыз керек және біздің әрбіреуіміздің жүрегімізде қасиетті Құран кәрім тұруы тиіс», - деп атап көрсетті.
Қазақстан - бейбітшілік пен берекенің алтын бесігіне айналған іргелі ел. Мұны әрбір азамат мақтанышпен айтады. Ұлттар мен ұлыстардың бірлігі мен ынтымағын нығайтуда ислам дінінің атқаратын ролі жоғары. Бейбіт заманды басты байлығы санаған сүйікті Отанымыз әлемге бітімгер, ымырашыл іргелі ел ретінде танылды. Осы орайда, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың игі бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық этностарды ортақ мақсатқа жұмылдырып, береке мен бірліктің ұйытқысына айналды. Дін қайраткерлерінің басын қосып, барша халықты діни татулық пен тұрақтылыққа үндеген еңселі елордамыз – Астана рухани келісімнің ордасы екенін еліміздің әрбір азаматы мақтанышпен айтады. Бір шаңырақ астында бір атаның баласындай тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан 100-ден астам ұлт өкілдері Қазақстанның қарыштап дамуына үлкен үлес қосуда. Ата Заңымызда айқындап жазылғандай, азаматтардың діни сеніміне еркіндік берілген. Достық пен ынтымақтың орталығы саналған Қазақстан ұлтаралық қарым-қатынас бағытында көш бастап келеді. Біз санаулы жылдарда осындай жетістіктерге қол жеткіздік. Халқымызда «Байлық – байлық емес, бірлік – байлық» деген нақыл сөз бар. Діннің мақсаты – ізгілік, береке мен бірлік. Ислам діні мемлекетте, қоғамда тыныштық, әділдік болуын көздейді. Адамды соған тәрбиелейді. Ахмет Байтұрсынұлы бабамыз: «Қазіргі заман – өткен заманның баласы, болашақ заманның атасы», - деген. Ортақ Отанымыз – Қазақстан халқының бүгінгі бірлігі мен татулығы болашақ заман үшін үлгі өнеге, өсиет болып қала бермек.
Халқымыздың «Аталар сөзі – ақылдың көзі», «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деген ұлағатты сөздер бар. Қазіргі алмағайып заманда адамдарға жүрек жылуымен, рухани қазына өрелі сөздерімен жігер, күш-қайрат, үлкен-кішіге имандылық, қайырымдылық, мейірімділік қасиеттерімен шапағат нұрын сыйлаған Атырау өңірінде ислам қайта жаңғырған күндерден-ақ дінге бет бұрған, өз парасат ықыласымен ақ ниетпен дінге қызмет еткен игі мұсылмандардың бірі – Махмиден Шұғайыпұлы болатын. Жүздеген адам жиналған алқалы топтарда, үлкен жиын, басқосуларда өмірді көрген – көсемдігімен, өсиет айтар шешендігімен, ұрпаққа айтар аманатымен дараланды.

2.1. Өнегелі тұлға қалыптасуындағы ұлттық құндылықтардың ролі.
Әлем өзінің байлығымен және алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Әлемді рухани-практикалық игеру үдерісі барысында адам болмысы өз құндылықтары
2

арқылы қарастырады. Бұл қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар тұлғаның
сезімдеріне, ұмтылыстарына сәйкес келетін әлемге деген ерекше эмоционалдық реңге ие болатын қатынасты білдіреді.
Құндылықтар әлемі – сөздің кең мағынасында мәдениет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлығы өлшемін білдіретін, оның адамгершілік санасының, басымдылықтарының саласы. Құндылықтар – өмірге еңбекке, шығармашылыққа, адамгершілік насихаттарға адам өмірінің мәніне деген бағалаушы қатынас.
Құндылықтар – материалдық және рухани қажеттіліктерді өтеу үдерісіндегі қалыпты нәрселер. Қалыпты мәнге қайырымдылық, сұлулық, әділеттілік идеалдарға ие болуы мүмкін. Құндылықтар – материалдық және рухани қажеттіліктерді өтеу үдерісіндегі қалыпты нәрселер. Әдебиеттерде құндылықтар жіктелуі былайша беріледі:
-витальді (өмір, денсаулық, игілік, экология және т.б)
-әлеуметтік (әлеуметтік мәртебе, абырой, байлық, отбасы және т.б)
-діни (Құдай, сенім, ғұрып және т.б)
-моральдік (қайырымдылық, достық, сүйіспеншілік, парыз, адалдық, әділеттілік және т.б)
-саяси (заңдылық, мемлекеттілік, ата заң, азаматтық, еркіндіктер және т.б)
Құндылықтар – адами асыл қасиеттер. Оларға деген табынушылық қатынас бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады. Құндылықтар адам бойына моральдық жауапкершіліктер жүктейді, сезімін айқындай түседі. [5]
Жақсы адам пайдалы заттарды, өнер туындыларын және ой жүйелерін тудыра алғанымен, бұл игіліктің ең маңыздысы оның өзі болып табылады. Аристотельдің айтуынша, ізгіліктің адам мақсатын назарға алу арқылы анықтауға болады. Жақсы адам – бұл ақыл-ойдың көмегімен өз әрекетінде адам бойына тән мүмкіндіктерге жол аша алатын адам. Руханилықтың тағы бір келбеті адамның өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерін әлемге паш етуге дайындығы, өзінің ақылы, дарыны, қабілеті, ішкі нұры мен жүрек жылуын айналасындағылармен бөлісуге ұмтылысы.
Әр өңірде өлшеулі ғұмырының саналы бөлшегін кіндік қаны тамып, туып-өскен жеріне, туған халқы мен еліне қалтқысыз да адал қызмет қылуға арнаған, абыроймен өткерген, соның арқасында есімі өз отбасы, әулетінің ғана емес, ауылдастарының, қала берді елінің есінде сақталып, жұртының жадында жатталып, қалған жандар болады. Солардың қатарында қасиетті де киелі Нарын топырағында дүниеге келген Махмиден Шұғайыпұлы еді.
Махмиден Шұғайыпұлы 1933 жылы 10 қыркүйекте Интернационал
совхозы қазіргі Тұщықұдық Мыңтөбе ауылында дүниеге келген. 1940 жылы
Ұлы Отан соғысы басталған жылдары 4-ші сыныпқа дейін білім алған. Оның
3
балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келгендіктен, ол кезінде жөнді
білім де алып үлгермеді. Алайда жастайынан зеректігімен көзге түсті. 1948-1951 жылдары Владивосток қаласында әскери борышын өтеген.
Еңбек – адамның рухани және дене күшін жұмылдыру арқылы өзіне дейін жасалған тәжірибені пайдаланып, тиісті құрал-саймандар мен жұмыс тәсілін қолдану арқылы жүзеге асырылатын іс-қимыл процесі. Еңбек адамның өзінің өмірлік қажетін қамтамасыз ету жолында жұмсаған күш-жігері. Ол 1951 жылдың аяғында Гурьев өзен портына қарапайым жұмысшы болып орналасады. 1955 жылдан Грузовой портының мастері, 1968-1972 жылдары капитан, 1973-1974 жылдары Социалистік жарыс жеңімпаз туларымен, 1975 жылы В.И.Лениннің 100 жылғы медалімен және мақтау қағаздарымен марапатталды. 1975-1986 жылдары Гурьев өзен портында 1996 жылға дейін мастер болып жұмыс жасап, 45 жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты. 1958 жылы КПСС мүшесі бола жүріп облыстық партия жиналыстарында, сол кездегі «Транспорт және Теңіз флоты» министрлігінің бірнеше мақтау қағаздарымен, Теңіз флотының медалімен марапатталды.
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі, тұлғалық негізі қаланатын өмір сүру және даму ортасы. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, 1957 жылы Махмиден Шұғайыпұлы Әдемі Қабдрахманқызымен отау құрды. Ата-бабадан келе жатқан нақыл сөздердің бірінде «Адамның бір қызыға бала деген» деп айтылғандай ата-ана бар жиып-тергендерімен балаларын оқытып, ер жеткізіп, қатарға қосуға тырысады. Өмірде 5 қыз, 4 ұл тәрбиеледі. Ол туралы қызы Гүлбаршын былай деп еске алады: «Әке Махмиден қажы Шұғайыпұлы анамыз Әдемі Қабдрахманқызымен өмірде 5 ұл, 4 қыз әкеліп ұлын-ұяға, қызын қияға қондырды. Анамыз Әдемі 52 жасында өмірден өтті. Анам домбырада күй, әндерді тамаша орындайтын. Әкем әйел жанын қатты түсініп, сыйластықта өмір сүрды. Әкем өмірге құштар, жыр-дастандарды жас кезінен жаттап жүретін. Атырау өзенпорты (бұрынғы Гурьевөзенпорты) зейнеткелікке шыққанға дейін 45 жыл еңбек етіп, анамыздың жоқтығын білдірмей, оқытты, балаларын шындыққа, имандылыққа, білімге, дінін, тілін, Отанын сүюге үйретті»,- деп еске түсіреді.
Жастардың терең біліммен қаруланып қана қоймай, рухани жан-дүниесінің бай, инабатты да иманды жеке тұлға қалыптасуында дініміз, асыл құндылығымыз – ислам дінінің алар орны мен атқарар ролі ерекше. Ислам шариғаты ең алдымен білім алуға шақырады. Тіпті ең алғашқы аят: «Оқы, оқы, Алланың атымен оқы» деп түсіндіреді. Ендеше дінді жетік білу үшін білім керек. Дін үш түрлі біліммен таралады: біріншісі – тілмен, екіншісі-жазу сызумен, үшіншісі көркем мінезбен.
Махмиден Шұғайыпұлы өз өлкесіндегі халықтың иман салауатын қалыптастырып, оны көздің қарашығындай сақтап, қорғауда елді бірлікке үндеуші, жабыққанға пана, тарыққанға таяныш боларлық рухани тұлға бола
4
білді. 1996 жылы зейнеткерлікке шықса да, өзінің жастайынан зеректігімен,
еңбек ете жүре діни жыр дастандарды жатқа айтқан. 2003 жылы қасиетті
Меккеге барып, қажылық парызын абыроймен өтеп, аман-есен оралып, халқымен бірге жүріп, жастарды адамгершілікке, имнадылыққа баулып, діни уағыздарын, ақыл-кеңестерін беріп жүрді. Дархан көңілді, жомарт жүректі, жаны таза аяулы Махмиден Шұғайыпұлы артында бедерлі із, беделді есімін қалдыра білді. Сол есімді ұмытпау, еңбегін ескеру, атын ардақтау – ұрпақ парызы деп білемін.

ІІ.2. Махмиден Шұғайыпұлы – жырды насихаттаушы.

Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер-ғасырлар бойы халық сынынан екшеліп өткен құнды мұра, асыл қазына. Халқымыздың өмірінде сөз, сөйлеу өнері ең басты, шешуші роль атқарады. Халық өз тарихын да осы ауызша сөз арқылы жеткізіп отырды. Қазақтың ұлы ғалымы Ахмет Байтұрсынұлы: «Шешендік сөз дегеніміз – белгілі бір мәселені баяндау, сипаттау, белгілі бір ойдың ақиқаттығын түсіндіру, сөйтіп, ақылға қону жағын көздеу», - деп көрсетті.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері кесек-кесек ойлар айтқан, ақпа-төкпе шешендігімен, көсемдігімен, алты алашты аузына қаратқан әділділігімен көзге түсіп, тіпті қажет кезінде биліктің де тұтқасын ұстаған ақын-жырауларды әділет жаршысы ретінде жоғары бағалаған. Өйткені қарапайым жұрттың ханға, төреге айта алмаған арман-тілегін қырғи тілмен қиялай жеткізетін жезтаңдай ақын-жыраулардың қазақ қоғамының әлеуметтік және саяси-құқық жүйесін жетілдірудегі алатын орны бір төбе болды. Майқы биден бастап Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспанбет, Жиембет, Бұқар жырау сынды аузы дуалы дала билері мен жыраулары қайшылықты дәуірдің төрелік биігінен көрінген ерекше тұлғалар болды. Халықтың қайғы – мұңын жеңілдетіп, қуанышын көкке көтерген құдіретті өлең-жыр иелері «тура биде туған жоқ» деген семсер ұғымды ұстанып, «айттым – шешілді, кестім-үзілді» сынды әділдіктің өлшемі іспеттес бәтуагер жыр төккенін осынау інжу-маржан қазынаны қайталап парақтаған кезде сезінуге болады.
Қазақ халқының қазіргі кезде баса назар аударатын тұстары елдегі тыныштық, бірлік, ынтымақ және Отанға деген сүйіспеншілік сезімі – тәуелсіздіктің бірден-бір кепілі. Сондықтан өткенге көз жіберіп, көне ұлттық рухани қазыналардың танымдық жақтарына бұрылып, тағзым етіп өнеге алу – келешекке сенімді қадам басудың теңдесі жоқ шарты. Қазақ шешендерінің, ақын-жырауларының философиялық танымының бастамасы халықтың көне рухани қазынасында екенін ұғамыз. Шығыс халқының шешендік сөздері Майқы би мен Асанқайғыдан, Жиренше мен Аяз биден басталмақ. Осылардың сөз
5
саптау дәстүрі халық арасында бірі өлең, бірі қара сөз, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі, аңыз, жыр, дастан түрінде сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған.
Шешендік сөз дегеніміз – тауып айтылған тапқыр сөз, ақылға қозғау
салып, ой түсіретін даналық сөз, қиялға әсер етіп, сезіміңді қозғайтын көрікті сөз, бұра тартпас дәлелімен сендіретін білімді сөз, оқиғаны жанды суреттей көз алдыңда алып келетін суретті сөз, тоқсан ауыз сөздің түйінін жеткізетін терең мағыналы сөз.
«Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды» деген халық даналығын растайтын қазаққа тән табиғи өнер жолын жалғастырып, насихаттау жолында өлкемізде туып-өскен көзі тірі тума таланттар қатарында елге сыйлы Отан игілігі үшін небір қиындықтарды басынан кешкен жыршы азаматтарымыз өз өлкемізден де көп табылады. Солардың бірі Махмиден Шұғайыпұлы еңбекке ерте араласып, 18 жыл жүргенде түйдек-түйдек теңеме, баламаларға толы толғаулар мен жырауларды жаттап,
Бізді алла жаратты,
Егізде қоңыр ел етіп,
Топырақ құмды жаратты
Жүруге қара жер етіп,
Жер сусынын қандырды
Шалқып жатқан көл етіп,
Жарықта бердің бәріне
Жарқырап туған күн етіп,
Күннің де көзін батырдың,
Қаптаған қалың түн етіп, - деп 1916 жылы қара жұмыста болғанда Насихат Сүгірұлының ойға түйгендегі мен елдегі мұсылман дінінің өкілдерімен кездескенде айтқан жыр жолдары талабы таудай Махмиденді қанаттандыра түсті. Бұл жолдар тіпті кейіннен мұсылмандық деген ұғымның халық санасына тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта халыққа қуат әкелгендігін, діни тазалыққа бағыштайтындығын да ой елегінен өткізіп, насихаттады. Махмиден Шұғайыпұлының атақты «Орақ-Мамайдан» үзінділер; Н.Сүгірұлы, Аралбай (адай), Ертілеу жырларын, Қазыбек бидің шешендік сөздерін сайрай жөнелетіні таң қалдырмай қоймайды. Қасиетті Нарын өлкесінде би-шешендердің нақыл-сөздерін толғауларын насихаттаушы Махмиден Шұғайыпұлы бастаған жыршы ақындар көптеп кездескен. Солардың біразының өмір жолдарына тоқталып өтпекпін.
Барқымбаев Тәжен 1910 жылы Атырау облысы, Қызылқоға өңірінде айтулы Кермеқаста дүниеге келген. Тайсойғанда мектеп ашып, имандылықты, өнер-білімді насихаттаған Хасан хасірет мешітінен өз еркімен дәріс алған, діни сауатты. Еңбек жолын өндіріспен ұштастырған мұнайшы Доссор-Мақат мұнай кәсіпшіліктерінде ерен еңбегімен де көріне білді, оның куәсі мақтау қағаздары.
6

5 жыл Ұлы Отан соғысының (Германия, Жапония) бел ортасында қырдан
барған жас жігіт Қиыр Шығыс майданында 3-ші атқыштар полкін тамақ, киіммен жаяу-жалпы қамтамасыз етуге ат салысқан. Тәжен ақсақалдың Мұраттың «Үш қиянын» жатқа айтатыны бір таңғалдырса, Асанқайғы, Қазтуған, Сырым сөздері, Исатай-Махамбет жырларынан
үзінділерді жаңылмай:
Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
Еменге иір бұтақ бітсейші,
Қыранға тұғыр қыларға
Атадан ұл тусайшы,
Ата жолын қусайшы –
Артымыздан біздердің
Ақырға теңдік сұрарға – деген Махамбет төкпелерін, түрікпен соғысының айғағы Төлеп-Қармыс жырын айтқанда шабытының басқаша бір деңгейге көтерілгенін байқауға болады.
Мақу Алпысбесов 1918 жылы Забурын бойында Затонда туып өскен. Балғын балалық шағы мен жігіттігін өткізген туған жерінен 1956 жылы Балықшы ауданы Құрманғазы колхозына қоныс теуіп, Жайық бойының төл кәсібі – балықшылықпен еңбек жолын жалғастырып, бұл салада 40 жылдай еңбек етті. Есте сақтау қабілетінің айғағы ма, әлде жыр-қиссаға құмарлығы ма Мақу ағаның шығармашылық қоржынына кердері Әбубәкір, Насихат Сүгірұлы, Нұрым Шыршығұлұлы, Ерсайын толғаулары нұсқалары түсті. Мысалы: 1922 жылы жазықсыз жазаланған белгісіз біреудің түрмеде отырып айтқан сөздері тыңдаушысын тебірентпей, ойға қалдырмай қоймайды. Көпшілік арасында жиі айтылатын «Отырмайын жамағат» атты нақыл сөзді толғауын тыңдағанда тыңдаушысын тәнті ете түседі.
Оңайбек Баулиев 1921 жылы Маңғыстау облысы Қарашағыр елді мекенінде туған. Ата қонысы Маңғыстаудан еңбек жолының ретімен Ұлы Отан соғысы жылдарында Атырау облысына мекен аударып, мұнай саласында 40 жыл тынымсыз еңбек етті.
Қоғамдық мәні зор, бүкілодақтық сипат алған жауынгер жыраулардың толғауларын жас кезінен естіп, тыңдап, керек десеңіз өзінің түйгендерін қағаз бетіне түсіре жүрген Оңайбек ата есіне сақтаған жыр-қисса, беташар, арнау сөз, айтыстарды жатқа айта алатын қырынан танылып, көпшіліктен өз бағасын алып жүр. Ол кісінің қолында ел тағдырын жыр-сөзбен, семсермен қатар шешкен қазақтың ертедегі жырауларының «Қашаған мен Ізім шайыр айтысы», «Қашағанның сұпы-Есқалиға айтқаны», «Мұрат Мөңкеұлының топқа түскендегі толғауы», «Жібек пен жастабан Бала Ораздың айтысы», т.б нақыл сөздер, беташар, арнау – толғаулары баршылық.
Қолынан кетпей дәулеті,
7
Би қызыға басылмас,
Басынан кетпей нәубеті
Ер қызығы басылмас,
Қолынан кетпей қайраты
Жігітте жігіт болар ма
Алланың өзі бермесе
Ержігіттің белгісі
Айтқан сөзге ермесе
Орынсыз жауап айтылған,
Билікті жерге көнбесе ...- деп Өмір Қараұлының насихат термесін төге
жөнелгенде Оңайбек қарттың жырларды орындағанды ерекше ест сақтауымен қатар майда қоңыр дауыспен әндете алатындығына да көз жеткендей болды.
Өтебай Бисенғалиұлы 1925 жылы Нарын құмында Мыңтөбеде дүниеге келген. Бала күнінен Мыңтөбе баурайында қозы-лақ бағып, таяғын қойшылыққа ауыстырған Өтебай 1953 жылы Гурьев балық-кәсіпорнында қызмет ете жүріп, талабына – тағдырына қоса жазылған өлең-жыр, қиссалардың мәтінін жадында сақтап, кей кезде бір кісінің басынан бірнеше өнердің табылатындығының куәсіндей өз дәрежесіндегі ақындықпен шұғылданды. Жергілікті облыстық, республикалық басылымдарда тілші ретінде де бір қырынан танылды. Өтебай Бисенғалиұлының шығармашылық қоржынын ақтарғанда жазба деректердің тақырыбының әртүрлілігі: батыр жазушылар Б.Момышұлымен, Қ.Қайсенов, Ә.Нұршайықовпен жете таныстығы, жазған хаттары, арнау-толғаулары, сұхбаттарымен қатар Қашаған, Нұрым, Ақтамберді жырларының латын жазуы түріндегі нұсқаларын қазақшаға өз сауатымен аударып жазған жазбаларының өзі үлкен қазына. Ассалаумағалейкүм, халқымның ардақты ұлы, бір алланың сүйікті құлы, Елбасымыз! – деп бастап,
Іргеңнен жау шықпасын,
Ордаңнан дау шықпасын,
Әр ісің адал болсын,
Әр жүрекке қонымды болсын
Туған халқыңа тыныштық, ынтымақ,
Бірлік, Бақыт, Молшылық дарысын! – деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа берген баталы сөзі әрбір жүрекке жылы ұялары хақ.
Кіші жүздің Нарын өңірі – тарихта аты қалған көптеген өнер саңлақтарын дүниеге келтірген өлке. Солардың бірі – жыраулық дәстүрді біздің дәуірімізге ұластырған төкпе ақын, қазан төңкерісінен кейінгі асыра сілтеу кезеңінің құрбаны болып арманда кеткен ақындардың бірі Насихат Сүгірұлы Нарын аймағында, Атырау облысы, Исатай ауданы, Мыңтөбе ауылында мал баққан шаруа жанұясында 1891 жылы дүниеге келген. Насихат Кіші жүз Байұлының Адай руынан, оның Қосай деген әулетінен, Тоқпамбет деген ауылынан шыққан. Насихат жас кезінен бастап Еділ, Жайық өңірінде кең тараған Шалкиіз, Шәйтім,
8
Махамбет, Сүгір, Нұрым жырларын жаттап өседі. Ауылы қоныстас әрі ағайын-туыстас, атақты ақын Нұрым Шыршығұлының қасына еріп, сөзін тыңдап, жыр толғауларын үйренеді. Ойын-сауыққа, жиын-тойға қатысып, ән салып, жыр толғап, айтысқа түседі, он бес- он алты жасынан «Насихат ақын» атанады. Ол кедейлік салдарынан жас кезінде де, өсе келе де оқи алмаған. Өлеңдеріндегі «Қалам алдым қолыма, жазайын деп хатымды» деуіне қарағанда өздігінен үйренген аз-кем сауаты болғанға ұқсайды. Әйтсе де, ол бағзы ақын, жыраулар дәстүрімен өлең, жырды ағыта, селдете толғаған ақпа-төкпе, суырыпсалма ақын болған.
Бұл сипаттағы Насихаттың барлық толғауларына тән шалқыған шабыт пен өр рухтан айқын аңғаруға болады.
Насихат Сүгірұлы 1930 жылы 22 ақпанда жазықсыз жазаға ұшырап, әуелі Астраханға айдалып, кейін Атырау түрмесінде азап шегеді. Насихат туған жерін аңсап, «Еділ, Жайық – екі су» аталатын ұзақ толғауларын шығарады. 1937 жылы қамауға алынып, сол жылы қараша айының 22-жұлдызында «үштіктің» шешімімен ату жазасына кесіледі. Қағаз бетіне түскен өлең, толғаулары тәркіленді. Қымбатты қазынасындай көріп, жаттап айтып жүргендер жұмған аузын аша алмай, қолындағы ақын өлеңдері жазылған қағаздарын сұқ көзге түсірмей құртуға, жыртуға мәжбүр болды. Бірақ, Насихат шығармалары халық көңілінде қалды. Жамиғат жадындағы жырларды өшіруге ешбір тергеу орнының құдіреті жетпеді. Табиғатында жалғандық, әділетсіздік атаулыға қарсы Насихат ақынның жазықсыздан жазықсыз қуғынға ұшырауы, оның айыпсыз ату жазасына кесілуі өлеңдерінде өз ізін қалдырды:
Сан есікті сарт ұрып, Өттік неше тергеуден, - дейді ол. Әйтсе де, түптің түбінде шындықтың жеңетініне сеніммен, үмітпен қараған, бірақ Насихат шындыққа сол кезеңде көзі тірісінде жете алмады. Тек ширек ғасырдан кейін, 1964 жылы 20 қазанда ғана Атырау облыстық сотының төралқасы оған тағылған айыптардың бәрі де негізсіз болғандықтан, ақтау туралы шешім қабылданған.
Насихат жырлары 1972 жылдан бері жарық көре бастады. Ол «Дүние, шіркін, жел қайық», «Телегей жатқан теңізден», «Жүйрікті көпке мақтама», «Ұяда жатып талпынған», «Тұмарланған тұлпар ат» деп басталатын өлең шумақтарының қай-қайсысында да өмір мәні туралы тебіренеді. Ел намысын арқалар азаматтар ісін өнеге етіп, ер мен ез, шын дос пен жалған жолдас келбетін салыстыра суреттейді. Ақын мұрасы аса көп емес. Бірақ, Насихат жырлары – «аз да болса саз» дегендей, ақын жүрегінің тереңінен қайнап шыққан асыл сөз, құнарлы поэзия. Арманда кеткен ақынның жырлары қиын – қыстау заманның қапия шындығын қалтқысыз жеткізуімен құнды. Қиянатқа ұшырап, қасірет өмір кешсе де қамықпаған оның өткір өлеңдері бүгінгі ұрпақты жігерлендіреді, қайратқа шақырады. Сондықтан да оны кешегі жауынгер Шәлкез, Махамбеттердің ізбасары десек те ақиқаттан ауытқи алмаймыз. [3]
Халықтың замандар бойында екшелген, саф алтындай таза, өміршең дана
9

көркемсөз қазынасын жетілдіруде, ұлы мұра жырды дәріптеп, әлеумет тілегіне
орай насихаттауда майда қоңыр даусымен, туа біткен қабілетімен, талмай жинастырып, бүгінгі ұрпаққа жеткізуде игілікті қызметімен танылған азаматтардың бірі Махмиден Шұғайыпұлы еді. Махмиден имандылық жолын дәріптеумен қатар қасиетті Нарын өлкесінде дүниеге келген от ауызды орақ тілді ақындар мен жыраулардың өнегелі сөзін, ұлағатты толғауын жырлап насихаттаудан бір танған емес. Ол 2004 жылы Қызылорда қаласында «Жыр сүлейлері» деген жыр термешілер сайысына қатысып, Алғыс хатпен марапатталса, сондай-ақ Атырау қаласында өткен «Мәңгі мұра – жауһар
жыр» атты жыршылар шеруінде ата баба мұрасын болашақ ұрпаққа мирас болар дәрежеде насихаттағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Махмиден қарт термеші де болатын. Әсіресе, Насихат Сүгірұлының термелерін жатқа айтатын. Жұртшылыққа жариялайтын жырларын да имандылық пен адамгершілікке уағыздайтындай етіп құратын.

2.3. Адамгершілік пен имандылықты ту еткен асыл тұлға.

Бүгінгі Қазақстанда ұлттық діни қайта өрлеу кезеңі белең алуда. Дін халықтың мәдени дәстүрлерін сақтаушы және рухани-адамгершілік идеалдардың қозғаушы күші ретінде біздің отандастарымыздың көз алдында зор құндылықтарға ие. Осыған байланысты діни этиканың күші өскелең ұрпақтың адамгершілік және рухани дүниетанымын қалыптастыруда барынша белсенді қолданылуда. Дәстүрлі діни танымдардың сенім үдерістері ғасырлар бойы адамдардың өз ұрпақтарын тәрбиелеуіне, еңбек етуіне, кітап жазып, ұлы өнер туындыларын жасауына ықпал етіп келді.
Ислам діні қазақ даласына қадам басқан күннен бастап, жергілікті халықтың мәдениетіне үлес қосып, ғылым мен білімнің жетілуіне жол ашты. Кеңес үкіметі кезінде ислам дінімен күресу маңызды саяси міндеттердің бірі саналды. Атеизмге баулудың әдіс-тәсілдері анықталып, бекітілді. Ол әр жанұядан, балабақшалар мен мектептерден басталды.
Әрбір дінге сенушімен жеке-жеке жұмыс істеу коммунистпін, атеистпін дейтін адамның борышына айналды. Дінге сенетін жастармен жұмыс істеу міндеті ерекше күн тәртібінде тұрды.
Атеизмді зерттеушілер оның дамуы мен қалыптасуын бірнеше кезеңге бөледі:
1-кезең. Қазан төңкерісінен бастап, берекесіздік, бытыраңқылық кезеңі (1925 жылға дейін)
2-кезең. 1925 жылдан құдайсыздар қоғамы құрылғаннан бұқаралық ауқымға ие болғанға дейін.
3-кезең. Қазан төңкерісінен Ұлы Отан соғысына дейінгі аралық.
10
Ислам діні әрбір адамның иманды болуын, жамандықтан, арам ойлардан, өтіріктен, мақтаншақтықтан және білімсіздіктен алыс жүруін тілейді. Орталықтан басқарылған жойқын насихат науқанының нәтижесінде халқымыздың көп бөлігі өз дінінен, тілінен ажырап кетті. [8]
Елімізде жаппай қуғындау 1925 жылы дін адамдарын қудалаудан бастау алып кең етек алды. Коммунистік идея мен дін сыйыспайды деген ұранды желеу етіп, бетке ұстаған Кеңес үкіметі діни нанымға қарсы күрес жүргізіп, 1926 жылы өлкелік партия жанынан комиссия құрып, нақты шаралар белгілеп жұмыстар жүргізді. Діни қызметкерлерді қудалап жазалай бастады. 1926 жылы өлкелік партия жанынан комиссия құрылып, жергілікті жерлерде бөлімдері жұмыс істей бастады. Олар мұқтисибтар, хазіреттер,
хазіреттер, молдалар қажылармен күресіп, діни мешіт тағы басқа орындарды талқандап жаптырды. Бұл кезде халықтың діннен интенсивті шығуы айқын көрінді. Сау қалған мешіттер атқоралар мен қамба, қоймаларға айналдырылды. Бірақ біртін келе олардың аман қалған аз бөлігін тарихи жәдігерлер ретінде мемлекет қарауына алып, сақтап қалудың сәті түсті.
Қолдан ұйымдастырылған жалған жаламен ислам қайраткерлері, дін ғұламалары абақтыларға қамалды, жер аударылды. Жан сауғалаған кейбіреулер шетелдерге кетуге мәжбүр болды. Жүздеген жылдар бойы жиналған қолжазбалар мен діни кітаптар өртелді, суға тасталды, жерге көмілді. Құранды оқу ғана емес, оны үйге сақтаудың өзі де қылмысқа баланды. Отыз жылға созылған сталиндік жеке басқа табыну, мұсылмандар үшін нағыз қасірет болды. Атеистік насихат өзге де мұсылмандар сияқты, біздің халықты да экономикалық қана емес, сондай-ақ рухани жағынан да күйзеліске ұшыратты. Халықтың рухы тапталды. Құдайсыз жүйе жымысқы да зымиян тәсілдермен ғибадат және діни оқу орындары ғимараттарын жоюға белсене кіріскендерімен, ескі қорым, мазарлар маңындағы кесенелерді бұзуға халықтан қаймықты. Сол себепті де біздің кезімізге мешіт, медреселерге қарағанда белгілі тарихи адамдар, әулиелер мен абыздар, ишандар мен дін ғұламалары басына қойылған күмбезді кесенелер көбірек жетті. Бұған мысал ретінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ибраһим ата мен Қарашаш ана, Арыстан баб, Қожа Ахмет Иассауи, Абдул Әзиз баб, Жамбыл облысындағы Бабаджа хатун, Айша бибі, Қарахан, Қызылорда облысындағы Асан Ата, Абыз Ата, Жезқазған аймағындағы Алаша хан, Аяққамыр және тағы да басқа көптеген күмбездер мен кесенелерді айтуға болады. Жинақтай айтсақ, ХХ ғасыр басында социализмді халыққа күштеп таңған большевиктер жұртты ғасырлық дәстүрінен, руханияты мен дінінен ажыратты. Діни сенімді коммунистік идеологиямен алмастыруға тырысты. Соған қарамастан, қазақ халқы рухани құндылықтарын, төлтума мәдениеті мен дінін, ділін берік сақтап қалды.
Махмиден Шұғайыпұлы 1996 жылы Атырау қаласы Самарқанд көшесіндегі ескі мешітке иман болып жұмысқа кірді. Қайда жүрсе де, қандай
11
қызмет атқарса да Махаңның көңілінде ұлы Жаратушыға деген сенім ешқашан жоғалған емес. Онымен жұмыстас болғандардың айтуынша, Махмиден қарт діни кітапшаларды қолынан тастамай, әрдайым өзімен бірге алып жүреді екен. Сол заманның қысымшылығына қарамастан жүрген жерінде ислам дінін насихаттаудан танбаған. Кез келген мемлекет үшін ең алдымен ішкі тыныштық ауадай қажет. Ислам діні бұл мәселеге де үлкен мән береді. Өзге ұлттардың тіліне, дініне, тағы бір жайт, тағы басқа игіліктеріне қысым жасамай, барынша түсіністікпен қарап отырған – Тәуелсіз Қазақстан.
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының соңында Құлсары қаласындағы мешітте жастар теріс ағымға түсіп, елді біраз дүрліктірді. Есіріп алған олар шамалыға басыла да қоймады. Енді жастарға ақыл айтып, жөнге
шақыратын сөзі өтімді адам керек болды.Бұл міндет Махмиден қартқа тапсырылды. Ол Құлсарыда біраз күн болып, жастарды тыныштандырды,
жұртты да сабасына түсірді. Махаң сөзге шебер еді, шешендігімен тамсандыратын. Өмірінің соңғы күндерінде өз еркімен Құспан молда мешітіне қызметке ауысты. Махаңмен бірге сол мешітке береке де барғандай болды, 60 жыл бойы жөндеу көрмеген мешіт қалпына келтірілді, оның іші жамағатқа толды. Қазір Құспан молда мешітінің материалдық-техникалық базасы да нығайды. Мұнда діни кітаптар мен мерзімдік басылымдарды насихаттау да жолға қойылды. «Иманғали» мешітінің қызметкері Кенжинов Какимжан Мұрасқалиұлы Махмиден қарт туралы былай деп еске алады:
«Әлі есімде, 1991 жылы шілде айында Махмиден ақсақалды «Құспан молда» мешітіне облыс имамы Заринов Абай имамымыз жұма күні таныстырды. Сол жылдан бастап елге молда болып 2006 –шы жылға дейін дүниеден өткенше жұмыс жасады. Ол ақсақалдың айтқан уағызы өте жүрекке қонымды, сіңімді болды. Ашық ойлағанын бүкпесіз жеткізе алатын еді. Халыққа көне көз имамдардың, молдалардың шариғатын айтады. Насихат Сүгірұлының жырларын, діни шежірелерді, мақал-мәтелдерді жатқа айтатын. Мысалы: Қабдолла хазіреттің шежіресі, Әубәкір молданың шежіресін жатқа соғатын еді. Мәкең көне заманмен, мына заманды, кеңес заманын айтып, салыстырмалы түрде жаңалап, содан нәтиже, қорытынды жасап шығарушы еді. Қаншама жаназа, қаншама қайғылы, азалы үйге басу айтты, қаншама құдай жолы садақаларды атқарды. Жастардың некесін қиды, сәбилерге азан шақырып ат қойды. Бір үйге барсақ, Махмиден айтатын еді деп еске алады. Артында Жасталап, Жайлыбектей иманды ұрпақ тәрбиелеп қалдырды». Ал 2000 жылы 5 мамырда Атырау қаласында «Иманғали» мешіті ашылғанда, Махмиден қарт сол кездегі өкіл имам Серғазы Ибадулланың қалауымен осында қызметке келді. Аяулы ақсақал көптеген имнды істердің, тың бастамалардың иесі болды. Ол халық арасында «Батагөй қарт» атанды. Қалада өткен түрлі мерекелерге шақырылатын. Қазақы шапанын киіп, жұрт алдына шыққанда көпшіліктің көңілі көтеріліп қалатын. Сұңғақ бойына қазақы шапаны жараса кеткен
12
Махмиден қарт жұртшылықпен жайдары амандасып, бәрінің амандығын сұрап жүретін. Оның қоңыр даусы саңқ еткенде, мүлгіген тыныштық орнап, жиналғандарәр сөзін тамсана тыңдайтын. Қазір осы абзал қарттың орны ойсырап тұр. Бірақ Махаңның тәрбиесін көрген кейінгі ұрпақ ол ұйытқы болған істі одан әрі жалғастырып келеді. Оның ұлы Жасталап Исатай ауданында имам міндетін атқарып жүр.
Қай кезде болса да қажы атану қастерлі ұғым. Мұсылмандықтың бес парызы бар:
• Иман
• Намаз оқу
• Зекет беру
• Ораза ұстау
• Меккеге барып қажылық ету. Мұсылмандықтың бес парызының бірі
Қажылық ғибадаты исламдағы бес негізгі міндеттің ең соңғысы. Қажылық – дұғатта зиярат ету, ниет ете отырып, саналы түрде барып көру дегенді
білдіреді. Құранда: «Адамдарға қажылықты жария ет! Олар жаяу, яки талай алыс жолдан арып-шаршап келген түйелерге мініп, өздерінің тиесілі көптеген пайдаларды әбден көру үшін, Алла оларға ризық етіп берген құрбандық малдарға белгілі күндерде Аллаһ есімін айтулары үшін, құрбан шалулары үшін саған Қағбаға келсін. Ендеше сол құрбаннан өздерің де жеңдер, жоқ-
12
жітіктерге жегізіңдер!» делінген. («Хаж» сүресі, 27-28 аят). Мұсылмандар қажылық айлары деп аталатын арнайы уақытта Мекке қаласына сапар шегеді. Қажылық құлшылығын орындау барысында Арафат тауына шығу, Қағбаға тауап ету секілді бірқатар діни амалдар атқарылады. Қажылар «ихрам» деп аталатын арнайы жамылғымен оранады. Мұсылмандар шын ниетімен өажылық жасаған адам бүкіл кінәларынан арылады деп сенеді.
Махмиден Шұғайыпұлы 2003 жылы қасиетті Меккеге барып, қажылық парызын абыроймен өтеді. Одан оралған соң да насихат жұмысын жандандырып, көпшілік қошеметіне бөлене білді. Махмиден қарттың қажылыққа барып келуі баспасөз беттерінде былай деп көрсетілді:
«Қазақстан мұсылмандарының діни танымдық газеті «Ислам және Өркениет» редакциясына! Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосының азаматы Жұмағазы тегі Ғабделкәрімұлы Закариядан хат. Мен «Ислам және Өркениет» діни танымдық газетінің оқырмандарының бірімін, Қоңыр қажының үлкен ағасы Төлемістің шөбересімін. Төлемістің шөбересі Шұғайыпов Махмиден Атырау облысының наиб имамы осы жылы Меккеге қажылыққа барып қажы атағын алды»
Ислам дінінің адамзатты тәрбиелеудегі құнды қыры – Отанға деген, отбасына деген сүйіспеншілік. Отан – адам баласының өсіп-өнер құтты мекені.
13

Отансыз бақытың баянды болмақ емес, сондықтан әрбір адам туған жерін, елін
қастерлеп қадірлеуі қажет. «Отанды сүю - иманнан» деген хазірет Мұхаммед пайғамбарымыздың мағынасы терең хадисі бар, өйткені иманды адам Отанның қадір-қасиетін біледі, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетеді, ата-ананы сыйлау, жабыққан мен зарыққанның қасынан табылу, елге, жерге деген құрмет сезімдері имандылыққа бет бұрған ізгі ниетті мұсылманның адамгершілік қасиеті болып табылады. Махмиден Шұғайыпұлының өткен өмір жолы – біздің баға жетпес асылымыз. Оған дақ түсірмей, болашақ ұрпаққа жеткізу абзал борышымыз.
Өткен тарихымызды білмей, халқыңды тану, бүгініңді білем деу мүмкін емес.


ІІІ. Қорытынды

Жастардың терең біліммен қаруланып, рухани жан-дүниесінің де бай, инабатты да иманды жеке тұлға ретінде қалыптасуында ата дініміз, асыл-құндылығымыз – ислам дінінің алар орны мен атқарар ролі ерекше.
Данышпан Абай рухани тәуелсіздіктің кепілі – иман екенін айтқан болатын. Өзінің жиырма сегізінші сөзінде «Құдай тағала әрбір ақылы бар кісіге иман парыз деген, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз», - деп жазды. Иман деген сөз сенімді деген түсінікті білдіреді. Абай иманға тәуелсіздіктің кепілі есебінде қарай отырып, иман адамгершіліктің, танымның көрінісі дейді. Бала тәрбиесінде діннің де маңызды орын алатыны, жеке тұлғаның қалыптасуына жан-жақты ықпал ететіні заңды құбылыс. Себебі біз дін арқылы жас ұрпақты имандылыққа, мейірімділікке баули аламыз. Иманды жастардың қатарын көбейту арқылы, иманды мемлекет боламыз.
Егемендігімізді еншілеп, тәуелсіздігімізді қолға алғанымызға жиырма жылдан астам уақыт болғанда өткенімізді бүгінімізге жалғап жатқан өлке тарихын да ой таразысынан өткізіп, ислам дінін қастерлеп, адамгершілік пен имандылыққа үйреткен, халықтың замандар бойында екшелген, саф алтындай таза, өміршең дана көркемсөз қазынасын жетілдіруде, ұлы мұра – жырды дәріптеп, әлеумет тілегіне орай насихаттауда майда қоңыр даусымен, туа біткен қабілетімен, жігерімен айтулы ақын-жыраулардың асыл сөздерін қажымай – талмай жинастырып, бүгінгі ұрпаққа жеткізуде игілікті қызметімен танылған азаматтардың бірі Махмиден Шұғайыпұлы есімін қадірлеуіміз абзал.
Бүгінгі күндегі ислам атын жамылып, қоғамға жат әрекеттер жасап жүрген түрлі секталар мен діни ағымдардың тигізіп жатқан зардаптары да жетерлік. Біздің кейбір жастарымызды елімізге ентелей енген жат ағымдар мен секталар өз жетектеріне ертіп әкетуде. Сондықтан бізге ең алдымен рухани білім керек. Осы білім арқылы ғана біз ненің ақ, ненің қара екенін саналы түрде
14
айыра аламыз. Қоғам болып жұмылып, рухани тәрбиенің бірден-бір көзі болып саналатын дінімізді сақтап, қорғап, мұсылманшылық пен имандылықтың өркен жайып, халыққа қызмет етуіне себепші болайық.

Зерттеуші оқушының ұсыныстары:

• Нарын өлкесінде дүниеге келген от ауызды орақ тілді ақындар мен жыраулардың өнегелі сөзін, ұлағатты жырларын насихаттаушы Махмиден Шұғайыпұлы есімі кеңірек насихатталса, көше аты берілсе;

• білім беру ұйымдарында, мектептерде Махмиден Шұғайыпұлы туралы сынып сағаттары мен шаралар өткізілсе.

Пайдаланылған әдебиеттер:

• Нұрсұлтан Әлімбай. «Қазақстандағы ислам діні : қажылық (ХІХ-ХХ ғ. басы)» «Баспалар үйі» Алматы, 2009 ж

• «Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна » IC6 20106.ISBN 9965–26- 096 -6

• Насихат Сүгірұлы. «Еділ-Жайық – екі су» (толғаулар мен дастандар) «Арыс баспасы», Алматы-2001 ж

• Насихат Сүгірұлы. «Жыр-дастан» Исатай аудандық мәдениет бөлімі, Аққыстау поселкасы, 1992 ж

• Асылов Ұ. «Әдептану», «Еңбек пен бақыт - егіз». «Рауан» баспасы, Алматы 2002 ж

• «Насихат» Атырау ақын-жазушыларының кітапханасы, «Арыс» баспасы, Алматы 2002 ж

• Қосымова Г. «Қазақ тілі. Шешендік өнер» Алматы «Мектеп» баспасы 2007 жыл

• Ғарифолла Есім «Дінтану негіздері», «Білім» баспасы, 2001 жыл

• Қазбек қажы Ахметов «Махмиден жұртының абызы», Атырау 6 қараша 2007 жыл
15
• Базарбаев М. «Атырау жұртының абызы», Атырау 6 қараша, 2007 жыл

• Сұлтанов Қ. «Имандылық – адамгершілік пен адалдықтың жолы»

• «Ислам өркениеті», 2012 ж, № 9 (261) 21-31 наурыз

• Қазақстан ұлттық инциклопедиясы 1998 жыл, І том, 95 бет

• Выготский Л.С. Шығармалар жинағы, 1982 ж, ІІ том

• Ушинский К. Д. Педагогикалық шығармалар жинағы, 1974 жыл
loading...

Автор: Қойшекен Светлана Жақсығұлқызы

Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау орта мектебі

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Оқушымен жұмыс | Қосты: skoysheken | Ілмек сөздер: Жақсығұлқызы
Көрсетілім: 1202 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 3
Қонақтар: 3
Тіркелгендер: 0