Оқушымен жұмыс

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Оқушымен жұмыс

"Гурьев-Астрахан темір жолын салудағы тыл еңбеккерлерінің еңбегін насихаттау" ғылыми жоба
29.11.2015, 16:24

Материалдың жеке номері 2219

"Гурьев-Астрахан темір жолын салудағы тыл еңбеккерлерінің еңбегін насихаттау" ғылыми жоба

загрузка...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Атырау облысы Исатай ауданы
Жалпы білім беретін Аққыстау орта мектебі

Қамалова Парасат Ерболатқызы
10 - сынып оқушысы

"Гурьев-Астрахань" теміржолын салудағы тыл еңбеккерлерінің тағылымды еңбегін насихаттау

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар
саяхат маршруттары
Секциясы: Өлкетану

Жетекшісі: Қойшекен Светлана Жақсығұлқызы
Аққыстау орта мектебінің тарих пәні мұғалімі


Аңдаухат

Зерттеу мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарында Гурьев-Астрахань темір жолын салуға қатысқан, маңдай терін аямай төккен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектері мен көрген қиыншылықтарын, теміржол саласында еңбек еткен теміржолшылардың еңбегін насихаттау.
Гипотеза: Өткенсіз бүгін жоқ. Ұлы Отан соғысы тарихтағы ең қантөгілген соғыс болса, Гурьев-Астрахань темір жолының құрылысы Ұлы Отан соғысы тарихындағы ерлік беттерінің бірі болады.
Зерттеу міндеттері:
Ұлы Отан соғысы кезіндегі Гурьев-Астрахань темір жолын салу кезіндегі Еділ-Жайық тұрғындарының бастан кешкен қиындықтары мен ерен еңбектерінің жанқиярлық көріністерін айта отырып, достарым мен замандастарымды адами қасиеттерге, өзін-өзі тануға тәрбиелеу; аудан еңбекшілерінің, теміржолшылардың өнегелі еңбек жолын, ел экономикасын өркендетуге қосқан үлестерін дәріптеу, баяндау; тарихи мұраны сақтауға шақыра отырып, тарих беттерінде жазылған бабалар ерлігі мен еңбегін бағалау мақсатында кітапша құрастыру, замандастарымды патриотизмге, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге шақыру.
Зерттеу кезеңдері:
Үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезеңде аудандық кітапханадан, аудандық мұражайдан теміржолды салуға қатысқан тыл еңбеккерлері туралы мәліметтерді жинау арқылы зерттеудің алғышарттары, негізгі мақсаты мен міндеттері анықталды.
Екінші кезеңде аудан көлемінде теміржол саласында еңбек еткен тыл еңбеккерлерінен сұхбат алу арқылы естеліктер, қосымша тарихи мәліметтер, шежіре суреттер жинақталды.
Үшінші кезеңде Атырау-Астрахан темір жолының ширек ғасырлық тарихын зерттеуде аудандық, облыстық мұражайдан алынған тарихи дереккөздерін, архив материалдарын негізге ала отырып, ғылыми тұжырымдама жасалды, аға буынның ерлік істері мен ерен еңбегін есте сақтау, бағалау, насихаттау мақсатында естелік кітапша жинақталып құрастырылды.
Зерттеу нәтижесі: Исатайлық тыл еңбеккерлерінің, теміржолшылардың өнегелі еңбек жолын, ел экономикасын өркендетуге және теміржол саласын дамытуға қосқан үлкен үлесі мен өшпес өнегесін дәріптеу, кейінгі ұрпаққа жан-жақты насихаттау.

ЖОСПАР

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

ІІ.1 Теміржолшылар Ұлы Отан соғысы жылдарында

ІІ.2." Гурьев-Астрахань" темір жолын салу - уақыт талабы

ІІ.3. Естеліктер шежіре боп сыр шертсе...

ІІ.4. Ескерткіш қоюға лайықты Еңбек ерлері

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Тәуелсіздік алғаннан кейін өз тарихымызды қайта қарап, барымызды түгендеп бұрын жазылған мұрамызды қайта саралап, тарихымызды жаңа көзқараспен, яғни тәуелсіз көзқараспен жазуға мүмкіндік алдық. 2004 жылы Қазақстан темір жолына 100 жыл толуына байланысты темір жолдың Қазақстан тарихына өзіндік ықпал жасағандығын біз тарихтан білеміз. Темір жол Қазақстанның әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуына үлкен ықпал жасады. Темір жолдың мемлекетіміз үшін маңыздылығын Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан темір жолының ерекшелігі оның үлкен транзиттік мүмкіндіктерінде ол Еуропа мен Азия елдерін жалғастырады және біз осы артықшылықтарды пайдалануымыз керек,» - деп атап өтті. Сонымен қатар елбасымыз ұсынған «Қазақстан-2030» бағдарламасындағы 7 басымдықтардың бірі транзиттік жолдарды дамыту керек делінсе, соның ішінде осы темір жолды дамыту ерекше аталып өтіледі.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бері Елбасы Н.Ә.Назарбаев теміржол көлігінің дамуына көп көңіл бөлуде. Елбасы тапсырмаларына сәйкес экономика трансформациясының теріс салдарын ойдағыдай жеңіп шығуға мүмкіндік берген теміржол көлігінің терең институционалдық реформалары жүзеге асырылды. Бүгінгі күні Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан теміржол көлігін басқарудың жаңа жүйесі қалыптастырылды. Қазақстанның үш теміржолының негізінде "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылып, кейіннен ол акционерлік қоғам болып қайта құрылды.
Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ТМД Теміржол көлігі жөніндегі кеңесін құру және Қазақстанның Теміржолдар ынтымақтастығы ұйымына кіруі арқылы посткеңестік кеңістікте теміржол көлігінің интеграциясын сақтап қалу бойынша дипломатиялық іс-шаралар жүргізілді.
Елбасының осындай қолдауы арқасында теміржол көлігі отандық өнімнің халықаралық нарықтарға шығуын, экономиканың қалыптасуын және елдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде басты роль атқарды.
Теміржолдың даму тарихы еліміздің тарихымен, мыңдаған адамдардың, тұтас ұрпақтардың тарихымен тығыз байланысты.
Теміржолда теміржолшылардың даңқты дәстүрлері, өте жоғары жауапкершілік, отансүйгіштік, өз ісіне берілу сияқты қасиеттер сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізілуде.
Темір жол - жолаушылар, жүк, почта тағы басқа тасуға арналған техникалық жүйесі бар комплексті транспорттық кәсіпорын. Оның негізгі техникалық жүйесіне жылжымалы құрам (локоматив пен вагон), рельс жол, жасанды құрылыстар (көпір,эстакада,виадук), темір жол тораптары мен станциялар, автоматика және телемеханика құрамдары, жөндеу пунктері (депо, шеберхана, техникалық бақылау орындары) , әр түрлі әкімшілік үйлер(вокзал,қоймалар, платформа тағы басқалар) жатады. Өткенсіз бүгін жоқ, Өткен күндердің тарих бетіне қалдырған өрнегі бар. Тарих дегеніміз де -
сол өткеннің бүгінге шертілер шежіресі. Сол тарихтың - бір кезеңі Ұлы Отан соғысы жылдары болса, осы ғылыми жоба жұмысына негіз болып отырған 1942-1943 жылдардағы Гурьев-Астрахань темір жолының құрылысы - соның бір парағындай.
"Астрахань - Гурьев" теміржолының құрылысы Мемлекеттік қорғаныс комитетіңің 1942 жылғы 7 қыркүйектегі № 2257 шешімі мен Жол байланысы Халық Комиссариатының 14 қыркүйектегі № С-943Ц бұйрығы негізінде басталған. Басты жолдың ұзындығы - 335 шақырым. Жер жұмыстарының мөлшерлі көлемі - 35 миллион текше метр. Желіде 25 аялдама пункті, 8 станция, 17 разъезд болады деп жобаланған. Ганюшкино, Новобогатинск және Забурында сумен қамтамасыз етіп отыратын 3 пункт салу көзделінген. 53 кіші, 12 орта құрылыс, 7 үлкен көпір - барлығы 72 құрылысты қолдан жасау жоспарланған. Олардың 1-еуі Жайық өзені арқылы өтетін көпір болады деп жобаланған. Оны аяқтау 1942 жылдың 10 қазаны болып белгіленген. Ұзындығы 335 шақырым, жер жұмыстарының көлемі 35 млн. текше метрді құрайтын ауқымды шаруаны тындыру елде қалған 14-17 жастағы балалардан, 40-50 - ден асқан аналар мен үлкендердің мойнына жүктелді.
Теміржолды салу - облыстағы ең маңызды қорғаныс құрылысы болып белгіленді. Жобаның бір мақсаты - Қызыл Армияға мұнай өнімдерін, азық-түлікті, басқа да қажетті заттарды үздіксіз тасымалдау болған. Құрылысқа өз облысымыздан басқа Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарынан мыңдаған адамдар жұмылдырылған. 1942 жылдың 16 қарашадағы құжатта мынадай деректер келтіріледі: Теңіз ауданынан 2234 жұмысшы, 82 жылқы, 57 түйе; Новобогат ауданынан 2046 жұмысшы, 258 түйе; Бақсай ауданынан 1060 жұмысшы, 10 жылқы,39 түйе; Есбол ауданынан 659жұмысшы, 48 жылқы, 168 түйе; Жылыой ауданынан 481 жұмысшы, 13 түйе алынған.
Құжаттарды оқи отыра, құрылыстың өте бір күрделі жағдайда жүргізілгендігін көруге болады. Техника, материалдар, арнайы киімдер, жұмыс құралдары, көлік-арба транспорты, азық-түлік - барлығы да тапшы болған. Мынадай үзінділер келтіруге болады: "Только в декабре месяце получили 150 платок, в которых можно разместит 4000 человек". "Во избежание невыходов на работу с наступлениемраспутицы из-за отсутствие обуви просить Каз-Наркомторг выделить Строительству 3000 пар рабочей обуви. Бытовые условия рабочих строительства далеко неудовлетворительны. Лишь незначительная часть рабочих обеспечена матрацными и подушечными наволочками и простынями. Рабочие спят на земляном полу, кипяченой водой обеспечиваются с перебоями". [3]
Жоба бойынша өндірістік норма әрбір жұмысшыға күніне 3,25 текше метрді құраған. Техника жетіспегендіктен де, бұл жұмыс негізінен қол күшімен атқарылған. Қатаң табиғат жағдайында атқарылған құрылыстың негізгі салмағы аналар иығына түскені анық. Ер азаматтардың көпшілігі майданға аттанғандықтан да, осылай болған. Ғажайып техникалары бар
қазіргі заманда бұл салыстырып айтуға келмейтін норма, жұмыс шығар. Бірақ, темір жолды қол күшімен салу, соның ішінде әйелдер қолымен салу - ерлік емей немене?!
ІІ.1. Теміржолшылар Ұлы Отан соғысы жылдарында
Соғыс...оны естігенде көз алдымызға қантөгіс, қырғын, ажал атты қорқынышты көріністер елестейді. Өкініштісі сол, мұндай зұлмат-зобалаңдар адамзат тарихының 6 мың жылында 14 мың 513 соғыс болған және қазірде де қайталануда. Солардың ішіндегі ең қанды да қасіреттісі екінші жиһанкерлік соғыс еді. Оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысып, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды. 40 мемлекеттін жері соғыс отына шарпылып, 110 миллион адам қару алды.
Соғыс уақытында Қазақстан теміржолшылары 8 бөлімшеге қараған еді. 1941 жылдың 24 маусымнан бастап Теміржол транспорты соғыс талабына сай жаңа кестемен жұмыс істей бастады. Майданды тылмен байланыстыратын кестемен жұмыс істей бастады. Соғыс уақытындағы барлық тасымал жүктің 83 пайызы теміржол арқылы тасылды. "Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін" деген ұранмен - шаруашылық, әскери, саяси ұйымдастыру ісі жеңіс жолына бағындырылды. Отанымыздың соғыс экономикасын дамытуда Қазақстан жанар-жағар май өндіруде ерекше роль атқарды. Қарағандының көмірі мен Ембі мұнайы соғыс мұқтаждығына шығарылды. Жаппай бүкіл одақтық жарысқа теміржолшылардың 85 пайызы қатысты.
Байланыс жүйесін дамыту, майданды керек-жарақпен қамтамасыз ету үшін тез қарқынмен Ақмола-Қарталы, Гурьев-Қандыағаш, Орск-Қандыағаш темір жолдары салынып, тұрақты пайдалануға берілді.
1942 жылдың жаз айы болатын. Ұлы Отан соғысы майданында елеулі қиын жағдай болған кез. Жау әскерлері Краснодарды басып алды. Майдан шебі Грозный мен Сталинград қалаларына жақындады. Сталинград шайқасы – екінші дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жыл 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жыл 19 қараша – 1943 жыл 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады. 1942 жылдың жазында Фашистік Германия мен оның одақтастары Еуропада екінші майданның ашылуын пайдаланып, кеңес – герман майданының оңтүстік қанатына басты соққы беруді ұйғарды. Олар Қызыл Армияны Орелдің оңтүстігінде талқандап, Донбасс, Дон және Кубань экон. маңызды аудандарын алуды, Кавказ арқылы өтетін жолдарды, Сталинградты басып алуды басты мақсат етіп қойды. Жау 1942 жылдың жазында шабуылға шығып, үлкен табыстарға жетті. Тамыздың 23 – інде майдан шебі Сталинградқа келіп тірелді. Сталинград бағытында Германия мен оның одақтастарының қару – жарақтардың барлық түрімен жақсы жарақталған, 6 далалық армиядан құралған 14 дивизиясы тұрды.
Қаланы Қызыл Армияның 62 (қолбасшысы – генерал – лейтенантВ.И.Чуйков)
және 64 (қолбасшысы – генерал – мойор М.С.Шумилов) армияларының
бөлімдері қорғады. Қаланы қоршауға шұғыл түрде жұмысшы және халық жасақтары тылдағы бөлімдер ұйымдастырылды. 1945 жылы 25 тамызда неміс әскерлері батыс жақтан Сталинград түбііне жетті. Сталинград майданы құрылып, қалаға тың күштер жіберілді. Қалаға жақын жерлерде қорғаныс шептері салынды. Бұл майданның ерекше маңызын ескеріп, Мемлекеттік Қорғаныс комитеті 12 тамызда Бас штаб бастығы генерал – полковник А.М.Василевскийді, 29 тамызда армия генералы Г.К.Жуковты көмекке жіберді. Гитлершілдер қалаға солтүстік жағынан ғана емес, оңтүстік тұстан да басып кірді. Неміс – фашист әскерлері қаланы шабуылмен алмақ болып, қатарынан төрт рет әрекет жасады. Кеңес әскерлері қыркүйектің басында екі рет қарсы шабуылға шықты, бұл қаланы қорғаушылардың жағдайын едәуір жеңілдетті. Жау әскері біршама шығынға ұшырағанына қарамастан, 13 – 15 қыркүйекте Волга (Еділ) шебінде шабуылды қайта Қазақстан Сталинград майданының ең жақын тылы болды. Батыс Қазақстан станциялары мен елді мекендерінің кең көлемді бөлігі соғыс қимылдарының аумағына таратылды. 1942 жылы 1 қыркүйекте Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 15 қыркүйекте облыстың мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс жағдайын енгізді. Сталинград майданы әскери кеңесінің нұсқауы бойынша 1942 жылы 16 қазанда Орал майдан өңіріне, ал 10 күннен кейін КСРО ХКК – нің арнаулы қаулысымен әуе шабуылынан қорғану пункттерінің қатарына енгізілді. Чапаев, Умаков, Тайпақ, Зеленов аудандарында 10 әуежай салынды. Ақтөбе облысының Байғанин, Жұрын, Шалқар, Ключев аудандарында қорғаныс құрылыстары іске қосылды. Сталинград түбінде қарсы шабуылды әзірлеу кезеңінде майданның тыл қызметі 600 км ішкері орналасты. Сайхан, Жәнібек және Шұңғай станцияларында авиация бөлімдерінен басқа 1 – танк армиясы мен 57 – армияның қоймалары орналасты. Орал қаласында ірі әскери – оперативтік байланыс торабы құрылды. Атыраудан бастап, Жайық өзенін бойлай Сталинградтан әкелінген «Волготанкер» кемелері, Каспий және Еділ флотилияларының әскери катерлері жүзіп жүрді.
Бакудегі мұнай өндірісіндегі тікелей қауіп төнді. Осы жағдайға байланысты Майкоп пен Грозный мұнай кен орындарының жұмысы тоқтатылды. Мұнай өңдеу зауыттары жедел тылға көшірілді. Кавказдағы мұнай өнімдері майданға Гурьев арқылы жеткізіліп тұрды. Қажетті жанармай мен басқа да жүктерді жеделдетіп жеткізу үшін Мемлекеттік қорғаныс комитеті Гурьев-Астрахан темір жолын салуға арнайы қаулы қабылдады.
1942 жылдың қақаған қысы қатты болды. Теңіз ауданының төрт балықшы колхозының (Амангелді атындағы, "Қызыл ту", "Қызыл таң", "Төңкеріс") жасы мен кәрісіне қарамастан қазіргі Аққыстау-Ақсарай аралығындағы темір жол табанының алғашқы топырағын төсеуге жұмылдырылды. Тәртіп аса қатал, айтылды-орындалады... Әрбір үш адамнан бір топ құрылды, олардың әрқайсысы тәулігіне жиырма төрт шаршы метр
жердің топырағын ойып, тасып, теміржол табанына төгуі керек. Бір адам
сүйменмен тоңды ойып тұрады, екеуі дайындалған топырақты зембілге салып теміржол табанына апарып, керек орынға төгіп тұрады. Жұмыс өте
ауыр және қатал, жасы 15-тен асқандардың ұл-қызына қарамастан жұмысқа қатыстырды... Сақылдаған аязда жұмысшылар шатырларда тұрды, жерден қазып алған қораны, үйлерді паналады... [5]
Сонымен, Еділ-Жайық арасын құрлықпен жалғайтын теміржолдың табаны толық төселіп аяқталды да. Бірақ, 1942 жылдың 19 қарашасында Қызыл Армия басқыншыларды ойсырата жеңді.
Атырау-Астрахань аралығына төселетін теміржол құрылысын тоқтата тұруға тура келді. Жол салуға қатысқан қыз келіншектердің еңбектері кезінде және кейін де тиісті бағасын ала алмады, қазір олардың көпшілігі қатарымызда жоқ.
Арада бірнеше жыл өткенде, сол теміржол төсендісі пайдаланып, Атырау-Ақсарай тармағы пайдалануға берілген еді...
Темір жол майданды тылмен байланыстыратын күре тамыр. Тек, 1941-1942 жылдары Қазақстанға майдан шебінен 142 өнеркәсіп орындары мен 536 мың адамдар теміржол арқылы көшірілді.
1941-1945 жылдары Қазақстанда 460 зауыт, фабрика, цех және бөлімшелер іске қосылды. Соғыс уақытында жүк тасымалы 1940 жылмен салыстырғанда 37 пайызға өсті, оның ішінде келген жүктер 16 пайызға артты.
Атыраулықтардың Сталинград шайқасы кезіндегі ерліктері ерекше. Сталинградты қорғаушыларға су жолымен мұнай жеткізу үшін шұғыл қарқынмен 15 күн ішінде Пешной аралында теңіз порты салынды. Мұнай Атыраудан Астраханға жеткізіліп, аз уақыт ішінде 505,5 мың тонна өнім өндіріліп тасылды. Атыраулықтардың белсенді қатысуымен Астрахань-Гурьев-Оралды жалғастыратын 700 шақырым байланыс жүйесі қосылды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында "Правда" газеті "Қазіргі соғыс - моторлар соғысы, мұнай қазіргі заман соғысының негізгі наны" деп жазған еді. Теміржолшылар -Ембінің мұнайын, Қарағандының көмірін, Шымкенттің қорғасынын, Балқаштың мысын тасып майдан талабын мүлтіксіз орындады.
Мемлекеттік қорғаныс комитетінің көшпелі Қызыл Туын Ембі мұнайшылары 12 рет, Қазақстан теміржолшылары 13 рет ие болған екен.
Теміржолшылардың қаһарлы ерлігі Ұлы Жеңісті баянды етті.

ІІ.2." Гурьев-Астрахань" теміржолын салу - уақыт талабы
Аса ауыр шақ, қиын кезең. Елімізге неміс басқыншылары тұтқиылдан шабуыл жасап, сұрапыл соғыс басталған жыл. Жау Кап тауындағы Грозный, Майкоп мұнай айыру-өңдеу зауыттарын басып алуға өршелене ұмтылды. Одан кейінгі кезекте Атырау өңірінің мұнай кәсіпшіліктеріне көз алартты.
Әлем тарихына ең қанқұйлы соғыс ретінде қанды әріптермен енген сонау 40- жылдары Атырау елі бойынша соғыс жағдайында деп жарияланған жалғыз облыс болды. Сол кездерде Гурьев-Астрахан бағытындағы темір жол құрылысын салу - Атыраудың басына түскен өз алдына бөлек қиындық еді.
Жауға қарсы оқ болып атылған Атырау мұнайы осы жолтабан арқылы тасымалданып, майдан даласында от кешкен жауынгерлерге күш-жігер бергендей болды.
Гурьев атқару комитетінің құжаттарында анықталған мәліметтерге сүйенсек, Гурьев облыстық депутаттар кеңесінің атқару комитеті 1942 жылы 18 маусымда "Астрахань-Гурьев" темір жолын салу үшін қабылданған қаулысында Новобогат пен Теңіз аудандық кеңестеріне темір жол табанын төсеуге еңбекші күші мен техниканы осы құрылысқа жұмылдыру бағытында Новобогат ауданынан 60 мың адам мен 9 түйе, Теңіз ауданынан 30 мың адам мен 3 түйе бөлу керек екені жазылған.
Облыс мұрағатындағы мәліметтер бойынша, бұл құрылысқа 30 мың жұмысшы мен 4500 арба қамтылған. Оның ішінде Гурьев облысындағы он мыңдай жұмысшы мен 500-дей арба пайдаланылыпты. Елде қалған ерлер мен әйелдер, ес білген ұл-қыздар да тартылды. Олар адам төзгісіз қиын жағдайда қызмет жасады. "Ол кезде қала маңында "Ракуша" колхозы болған-ды, - деп еске алады осы еңбекке араласушы Дүйсен Мырзағалиев, - негізгі кәсібі - мал, егін, балық шаруашылығы. Ер азаматтардың көпшілігі әскер қатарына аттанған мезгіл. Ауылда қалған жұмысқа жарамды қариялар бригада ұйымдастырып, жол салу жұмысына шақырылды. Біздің отбасымыздағы анам Ділдә, ағам Ғылымғали, апам Айша және мен қатынастық. Өзіміздің түйе арбамыз бен күрек-саймандарымызды апаратынбыз. Жұмыс уақыты күн көзі көкжиекке көтерілгенде басталатын. Сол уақытта басына қызыл жалау байланған сырық-таяуды жерге шаншып көтеретін. Түс мезгілі болғанда бұл таяқ түсіріліп, жұмыс басталарда қайта жоғары көтерілетін. Сөйтіп, кешке күн қауыса жұмыстан тарап, ауыл жаққа аттанамыз. Біреулері түйемен, енді біреулері шаршаңқы түрлерімен жаяу шаңдатып, жолға шығатын. Ерлік пен бірлік, майдан мен тылдың тұтастығы, еселі еңбек пен маңдайдан тамған ащы тер арқасында аға ұрпақ қасиетті Отанды қорғап қалды. Олардың елге деген сүйіспеншілігі, тылдағы ерліктері - кейінгі буынға өшпес үлгі-өнеге.[4]
Сталинградты қалпына келтіру, опат болған жауынгерлер мүрделерін тазарту жұмыстарына ауданымыздан бір топ әйелдер барса, 1942 жылы майданға соғыс техникалары мен азық-түлік жеткізу үшін басталған «Гурьев-Астрахан» теміржолының құрылысына ауданнан бір топ қыз-келіншектер мен мектеп оқушылары араласты. Ұлы Отан соғысы кезіндегі немістер жіберген диверсант топтар Новобогат ауданы аумағына түсірілгені туралы деректер бар. Немістердің басты мақсаты мұнай бар жерлерді білу, халықты қарсы үгіттеу болды. Жау ұшақтарының Каспий теңізінің жағалауына, Гурьевке қарай бомбалар тастағаны белгілі болды. Осындай жағдайда аудан басшылары да, селолық кеңестер мен ұжымдастар жетекшілері де аса қырағылықпен, табандылық танытты. Сол кезде «Гурьев-Астрахань» темір жолы құрылысының басталуы да арғы төрі Сталинград шайқасына Шығыс жақтан қару-жарақ, жауынгерлерге азық-түлік тасымалдау мақсатынан туындаған еді." Темір жолдың Таскран маңындағы құрылысына жергілікті
адамдар да, олардың ішінде қыз-келіншектер де тартылды. Олар уақытпен
санаспай ауыр қызметті атқарысуға өз үлестерін қосты. Оған қатысқан адамдардың есімдері туған жер тарихынан тым-тырыс жойылып барады. Олардың жан төзбес ауыр жағдайда жасаған ғажап қайсарлықтары мен есепсіз ерлік еңбектері жайлы бүгінгі ұрпақ хабарсыз қалуда. Біз Ұлы Отан соғысының оқиғаларын ұрыс даласы мен қаласында болған қан төгістер арқылы естіп - білудеміз. Ал Еділ-Жайық арасында да адамдар азап шеккен, ауырған, содан өліп кеткен қаралы күндерді бастан кешкендер аз емес-ті. Олар да соғыстың салдарынан туындаған ауыр оқиғалар болғандықтан, азды-көпті мағлұмат бергенді орынды санадым. Әсіресе, қазіргі жастардың ойға түйсін, қиындық дейтіннің қандай екенін сезетіндей түйсігі оянсын деген ізгі мұрат еді, - деп жазады жазушы, журналист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Рахмет Иманғалиев. Бұл өзі ешқашан ауызға алынбай келе жатырған тарихи күрделі тақырып. 1941-1945 жылдарға жалғасқан Ұлы Отан соғысы кезінде Еділ-Жайық арасы тұрғындарының бастан кешкен ғаламат арпалыстары мен ерен еңбектерінің жанқиярлық көріністері бір үлкен шығармаға да арқау болар еді. Оқиға екі салада болды. Алдымен майдандағы жауынгерлерді азық-түлікпен қамту жолында Каспий теңізінен балық аулайтын "Еңбек майданы" деген қауырт жұмыс жылдар бойына жалғасты. Оның жұмысы майдандағы соғыс жағдайымен бірдей саналып, өте қатаң тәртіпте жүргізілді. Еділ-Жайық арасындағы балықшы колхоздардың ер азаматтары сол "Еңбек майданына" шақырылып, қолдарына "бронь" беріп, соғысқа қатысушылар есебінде болды. Бір тәуірі олар ұрыс даласындағыдай жауған оқтың ортасынан аман жүрді, өлмеді, мүгедек болмады, ақырында соғысқа қатысушылар қатарында есепке алынды. Ал көрген қиындықтары мен шеккен азаптарын айтып жеткізу мүмкін болмады. Екінші ауыр жағдай: Атырау-Ақсарай теміржолы табанын төсеуде жасалды. Онда өлім мен өмір ауылда да белдесті.
Жағдай былай болғанын тарихи деректер нақтылайды. 1942 жылдың жазында неміс әскерлері Еділ өзені бойына бекініс жасап, Сталинград (қазіргі Волгоград) қаласын қоршауға алып, Мәскеу мен Солтүстік Кавказға теміржол қатынасын тоқтатуға күш салды. Майданға қару-жарақ пен азық-түлік толассыз жеткізіліп тұруы керек. Немістер соны болдырмауға тырысты. Ғаламат қырғын, қантөгіс жасалғаны соғыс шежіресінде жазылды. Жау Сталинградты уақытша қоршауға алды, ауылымыздың іргесінде Астрахан қаласы мен Сайқын стансасын (Бөкей ордасы ауданның орталығы) бомбалап жатты. Осындай жағдайда майданға тура қатынасты жақындату үшін мұнай мен азық-түліктің қоймасы саналған Атыраудан Ақсарайға дейін шұғыл түрде теміржол қатынасын жасау керек болды. Ол кезде елді Қорғаныс Комитеті басқарды, барлық қозғалыс соғыс жағдайында, сот үкімін тосатын уақыт жоқ. Берілген бұйрыққа қарсы болғандар атылады, айдалады, кейбіреулерін түрмеге қамайды. Атырау-Ақсарай теміржолының стратегиялық маңызы жоғары еді. Ақтөбеден бермен қарай тартылған қостабан жол Ақсарайға жетіп, Астрахан-Саратов аралығындағы Привольже
теміржолына қосылуы керек. Ондай жағдайда Солтүстік Кавказға, әсіресе
Әзірбайжанның мұнайын тезірек жеткізуге мүмкіндік туады. Сондықтан адамдар "өлсін-тірілсін" онымен санасатын жағдай жоқ, майданда да талайлар қырылып жатыр, Украина, Белоруссия елдерінің миллиондаған халқы босқын болып жүр. Ендеше Еділ-Жайық арасы тұрғындарына жеке жеңілдік көрсететін мүмкіндік жоқ. 1942 жылдың қыркүйек айынан бастап, 1943 жылдың ақпанына дейін алапат қимыл жағдайында Атырау-Ақсарай арасындағы 300- дей шақырымға созылатын теміржол табанын төсеу керек. Оған 15-17 жастар арасындағы жасөспірімдер (ұл-қызына айырмайды), 45 жасқа дейінгі әйелдер қатаң тәртіппен қатыстырылды. 50 жасқа дейінгі ер азаматтар түгелдей майданға алынды. Әсіресе Еділ-Жайық арасындағы балықшы колхоздардың тұрғындары өте ауыр қиындық көрді. Ерлердің барлығы теңіздегі "Еңбек майданына" алынды, әйелдер мен жасөспірімдері теміржол табанын төсеуге қатыстырылды. 1942 жылдың қараша, желтоқсан айларының қысы адам төзгісіз суық болды, аяз қатты, жерде қар қалың. Аштық, жалаңаштық бар. Шатырда, жертөледе тұрып жұмыс істеді, адамдар үсіді, ауырды, кейбіреуі өліп те кетті. Бірақ жұмыс тоқтаған жоқ, аса жанқиярлық ерлік жасалып жатты. Рахмет Иманғалиев ағамыз оған шежіредей саналатын деректерді келтіреді: "Ол кезде біздің үйіміз қазіргі Киров селолық округіне қарайтын Тінімнің Тулағы деп аталатын аралда шопандар ауылында тұрды. Әкеміз, ағамыз соғысқа аттанып кеткен анамыз колхоздың қойын бағуға көмектеседі. Бір тәуірі мал өсіретін колхоздардың әйелдері мен балаларын теміржол құрылысына алған жоқ, олар малын бағып, майданға ет пен май жібереді, жүннен қолқап, шұлық тоқып тапсырады. Үйіміздің терістік тұсында төрт шақырымдай жерде Қамыскөл деген жер бар(қазіргі Ақкөл кенті орнаған). Ол күнде елсіз дала. Теміржол табанының топырағы төселіп жатыр. Желтоқсанның сарышұнақ аязында түнделетіп екі бала үйімізге келді. Үсті-бастары аққырау, саусақтары иілмейді, аяқта жыртық бәтеңке. Жастары 16-17-да болар деп шамаладық. Бірақ екеуі де балаша боздап жылайды. "Жаурадық, қарнымыз аш, мама," дейді анамызға. Үйдегі барымен тамақтандырды, тойынды, пештің түбіндегі қазандыққа тығылып отырып, ұйықтаған болды. Біреуі қызулап ауырып отыр екен, тық-тық жөтелден ауыз жаппайды. Ертесіне анамыз бір таба нанды қолтықтарына қысып, жұмыстарына жіберген еді. Үш күннен кейін сондағы қатты жөтелген бала өліп қалды деп естідік. Бұл бір ғана білетінім. Теміржол құрылысында
қаза тапқандар ондап-ондап саналған екен. Бәрін кейін білдік қой".
Сонда да ерліктің ерен қимылын жасаған адамдар аз болмаған. Исатай ауданында бүкіл Атырау өңірінің мақтанына айналған Хатима Дайырова есімін мақтанышпен айтамыз. Ол кісі ширек ғасыр бойына ферма басқарды, атақ - абыройы Одаққа танылды. Партияның ХХІVсъезіне делегат болып қатысып, Ленин орденімен марапатталды. Атырау-Ақсарай теміржолы табанын төсеуде өлім мен өмір белдесті.
Хатима Дайырқызы 1927 жылы Атырау облысы, Есбол ауданы, Айбас ауылдық кеңесінде колхозшы отбасында дүниеге келген. 1945-1948 жылдары
"Жаңа тұрмыс" колхозының мүшесі, 1948-51 ж. - Айбас ауылдық кеңесінің
хатшысы, 1951-54 ж, Бабан ауылдық кеңесінің төрайымы, 1954-57 жылдары Жанбай ауылдық кеңесінің төрайымы, 1957-60 ж. Қазақстан Компартиясы жанындағы Шымкент облысаралық партия-кеңес мектебінің тыңдаушысы, 1960-85 ж. Чапаев атындағы кеңшар № 2 қой фермасының басқарушысы. 1985 жылдың қазан айынан бастап зейнеткерлік демалысқа шыққан. 1970 жылы В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойлық "Ерлік еңбегі үшін" медалімен, 1971 жылы Октябрь революциясы орденімен, 1983 жылы Ленин орденімен, бұдан басқа Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің алтын және күміс медальдарымен марапатталды. 1966 жылы КПСС ХХІІІ съезінің, 1971 жылы Қазақстан Компартиясы ХІV съезінің делегаты, сондай-ақ Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшелігіне кандидат болып сайланған. " 1942 жылдың соңғы айлары. Мен бар болғаны 15 жасқа толғанмын. Нарынның белортасындағы Бабан қонысында тұрамыз. Теміржолға жер қазуға адам жетпей жатыр деп өзімнің туысым Бақыт Әбілқайырқызы екеуімізді осы Таскранға алып келді. Адамдардың барлығы жерден қазылған қуысқа паналайды екен. Үш адамнан бір топ құрады. Күндік норма үш шаршы метр жердің топырағын бір метр тереңдікке қазып, теміржол төселетін биікке апарып төгу. Мен "қаражоңқа" қайраттылау болдым, жерде тоң қалың, әрі сақылдаған сары аяз. Оған қарайтын жағдай жоқ, қалың тоңға сүйменді ұрғылап топырақ қопсытамын, екі қыз зембілге салып, топырақты көрсеткен жерге апарып төгеді. Қалайда ет, күндік норма орындалуы керек, әйтпесе тамақтан қысады. Мен тәуір жұмыс жасап, стахановшы деген атақ алдым да, біздің топқа көтеріңкі тамақ беретін болды. Бірақ аяғымдағы ескі бәтеңкемнің үсті жыртылып, екі башпайым үсіп кетті. Сонда да жұмыстан қалдырған жоқ. 1943 жылдың ақпанында Сталинград қаласы жаудан тазартылды деген хабар келді.
Теміржол құрылысының уақытша қажеттілігі жоқ делініп, тірі қалған адамдарды үйлеріне қайтаруға рұқсат етті. Ендігі бар арман - үйімізге жетіп өлсек дедік. Төрт қыз, бір келіншек бесеуміз - үйімізге жетіп өлсек дедік. Төрт қыз, бір келіншек бесеуіміз Таскран-Қызылүй -Сары төбе (Жамбыл колхозы) үстімен Айбас, Бабанға бірнеше күн жүріп ботадай боздап келеміз. Жолда шеген үйде тұратын бір кемпірдің үйіне келіп, бесеуімізге бір таба құмаршық нанын қойғанда, көзімізден еріксіз жас ақты. Ақжуа дейтін жер бар, жерді шұқылап соны теріп жеп те талшық қылғанбыз" деп Хатима апай толғана жазған.
Бүгінгі күні Исатай ауданында "Гурьев-Астрахань" темір жол табанын төсеуге қатысқан тірі куәгерлердің арасында Тұщықұдық селосынан Қажиденова Қайлаш, Исмағұлова Сақыш, Күмісбаева Зүлкарима, Х.Ерғалиев ауылынан Сүйінішалиева Лиза, Шакесова Мақпал, Зинеден селосынан Утешқалиева Жамиған, Серғазиева Ұштап, Мұқанбетов Жұмағұл, Биханова Күлаш, Исатай селосынан Мұсаева Қазималар бар.
Ерлік пен бірлік, майдан мен тылдың тұтастығы, еселі еңбек пен
маңдайдан тамған ащы тер арқасында азаматтарымыз қасиетті Отанды қорғап қалды. Олардың елге деген сүйіспеншілігі, тылдағы ерліктері кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық.
ІІ.3. Естеліктер шежіре боп сыр шертсе...
Соғыс ауыртпалығы қашанда өлшеусіз. Тылдағы елдің тартқан азабы мен тауқыметі майдандағыдан аз болды дей алмаймыз. Еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін еңбек етті.
Миллиондаған жанның құрбан болуына себепші болған сұрапыл соғыстың аяқталғанына 70 жыл таяп келеді. Айтулы күнге орай жеңісті жақындатып, қан майдандағы қиындықтарға қарамай салынған Гурьев-Астрахан бағытындағы темір жол құрылысына қатысқандар туралы қанша айтсақ та артық емес. Бұл ретте Тұщықұдық селосының тұрғыны Исмағұлова Сақыш туралы айтсақ, оның балалық шағы Ұлы Отан соғысы кезімен тұспа-тұс келген болатын. Оның айтуынша қара жерді қазу үшін бірнеше адам бір түйеге мінгесіп, қалғандары жаяулатып сол жерге жететін. Сұрапыл соғыстың кезінде жарытып ішетін тамақтың жоқтығы белгілі. Олар құмаршықтан пісірілген нан мен қатықсыз құмаршықтан пісірілген қара көжені азық етті. Киген киімдері де құрақ, тіпті түйенің көнінен тігілген еді. Жер қазу жұмыстарының ішінде ауыл тұрғындары Шеруенова Жаңыл, Қарасова Сақыш, Қапақова Жаңылдар бар. "Қиындықтың ешбіріне мойымадық" деген Сақыш әжей бүгін сол бейнетінің зейнетін көріп отырғанына шүкіршілік етіп көзіне жас алды.
Атырау-Ақсарай темір жолын салуға атсалысқандардың бірі - Асанов Смағұл еді. Ол 1927 жылы Новобогат ауданына қарайтын Мыңтөбе ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Смағұл аға былайша еске алады: "Мен сол алапат қимылды қантөгіс оқиғаның ортасында жүрген адамның бірімін. 1942 жылы 15 жастан жаңа ғана асқан шағым болатын. 1942 жылдың желтоқсан айында біздер тұратын Елтай деп аталатын колхоздан 20 жасөспірімді теміржол табанын төсеуге жұмысқа барасыңдар деп жаяу шұбыртып, жолда бірнеше қонып, Новобогатқа жеткізді. Мыңтөбе ауылдық кеңесінде ол кезде төрт колхоз болатын. Солардан сыпырып жинағанда 67 жасөспірім болған екенбіз. Бәрімізді топ-топқа бөлді, басқаратын екі-үш кісілер болды. Олар да алпыс жасты алқымдап қалғандар. Ондай қарттарды әскер қатарына алмағанымен, қара жұмыстардың қандай түрінен де қалдырған жоқ. Сонымен біздің үлесімізге қазіргі Атырау - Ақсарай теміржолының Туманный деп аталатын бекетінің көлемі берілді. Қамтитын жеріміз бірнеше шақырымға созылады. Үш адамнан бір топ болып жұмысқа кірістік. Күндік норма бар. Жерде қар қалың, сақылдаған сары аяз. Алғашқы кезде бізде ешқандай баспана болған жоқ. Жерді тереңдеп қазып, үңгір жасап алдық. Киім жұқа, төсеніш жоқ қоға шауып әкеліп астымызға саламыз. Тамақты тек бір мезгіл - түс кезінде
жарықта әкеліп таратады. Қараңғы түскенде жаңағы үңгірге тығыламыз. Шам
жоқ, әкеліп беретін отындары болса, үңгір алдына от жағамыз, жылынамыз. Ауырсаң, өлсең, оған есеп жасамайды. Күндіз сары аязда ақ қардың жерге жарық түскеннен кешке іңір қараңғысына дейін носилка тасисың, түнде астыңда төсеніш те жоқ, ызғарлы, сулы топырақтың үстінде іннің түбіндегі қасқырдың күшіктері құсап бір-біріне тығылып, құнысып отырып, қалғып-мүлкіп отырамыз. Енді ойласақ, шынында да біз қасқырдан кем болмаған екенбіз.Қайсарлық, төзімділік, тіпті өжеттілік десек те болар, әйтеуір бізді аман сақтады. Сонымен 1943 жылдың сәуір аяғына дейін теміржолдың табан топырағын төсеумен жұмыстандық. Аздық, тоздық, үстіміз кірлеп, киім жыртылды. Моншаға түсу түсіңе де енбейді, арасында беті-қол жуатын су да тапшы, ақ қарға екі қолды уқалап-уқалап ерітіп, көзіміздің былшығын тазалаймыз. Қысқасы жартылай жабайы адамдар сияқты едік", - деп еске алады. Сол бір сын шақта, ел басына күн туып, ерлердің бәрі Отан қорғауға аттанған тұстағы, "Бәрі Отан үшін, бәрі Жеңіс үшін" деп таңды - таңға ұрып еңбек еткен елде қалған еңкейген кәрі мен бұғанасы бекімеген бала-шағаның тағылымды ісінің бір бөлегі еді. Уақыт өткен сайын осынау жол құрылысында тер төккендердің де қатары сирей түспегіне сөз жоқ. Бүгінде жасы сексеннен асқан Әліпқайырова (ол кездегі тегі Бисенғалиева) Мағрупа әже де сол құрылыстың басы қасында бастан-аяқ болған көзі тірі куәлардың бірі болып шықты.
-Е - е, қарағым, оның несін айтасың, мына бастан талай тауқымет өтті ғой, - деді Мағрупа әже сол күндер елесін көз алдына келтіре отырып, үзіп-үзіп айтқан әңгімесінің басында, - Әкем Иманов Бисенғали соғыстың аклдында Бабан ауылдық кеңесіндегі Молотов колхозында жылқышы болатын. Анам Түнзира менің тоғыз жасымда дүние салған екінші анам Ұрқия екеуміз әкеге көмекші болып жүрдік. 1942 жылы әкеміз майданға аттанды. Жылап-сықтап шығарып салдық, қайтып соғыстан оралмады.
- "Басқа түскен баспақшыл" деген, тірі адам тірлігін қылады, анам екеуміздің әке құрығын қолға алуымызға тура келген күндер еді ол. Сол күнде мен 19 жаста екенмін, бәріне көндік, төздік. Жылқы да бақтық, от та жақтық, құдық та қаздық, пішен де шаптық. Ол кездегі жағдай, жұмыс таңдайтын уақыт па еді. Мағрупа әже Бекбикеге "машина жолын" салуға колхоздан жіберілген 4 баланың бірі болғанын да айтады. Иә, сол қырық екі ме, қырық үштің басы ма екен, әйтеуір әкем соғысқа алынып, жылқы баққан Ұрқия апаға бір-ақ күнде теміржол құрылысынан бір-ақ шықтым. соғыс кезінде санасатын кез бе, - деп күрсіне дем алып бір кідірген әже негізгі әңгіме желісіне түскен. Гурьев пен Таскранның аралығын колхоз -колхоздың адамдарына бөліп беріп қойған ғой. "Ақтікен көпір" деген жері де болды. Тұрағымыз - жерден қазып жасаған барақ. Жұмысымыз - тоң бұзу, топырақ тасу, оны үю. Елең -алаңда тұрамыз, содан іңір қараңғысына дейін сол жұмыс. Қиындыққа шыдамай қашқандар да болды арамызда. Күніне алты текше метр тоң бұзып, топырақ тасу оңай ма енді. Өз нормамызды бітіргеніміз орындай алмай жатқандарға көмектесеміз. Бір баракта тұратын 60 адамның бәрінің құралы - сүймен,
кирка, балта. Сүйменмен тоңды бұзамыз, киркамен, балтамен уатамыз, күрекпен үш метр жерге дейін атып түсіретінбіз.Бұл теміржолдың табаны осындай еңбекпен төселді ғой.
Мағрупа әже ауыл-елдің Жеңіс хабарын қандай қуанышпен қарсылағанын толғана әңгімелейді. 1946 жылдың 13 ақпанында майданнан аман оралған Әбілқайыров Ғайнеденмен бірігіп түтін түтетіп, дәл 40 жыл жарасымды жұбайлық өмір кешіпті. 1986 жылғы 13 ақпанда дүниеден озған отағасы екеуі Сақтапберген, Мәнсия, Есенберген, Жансая, Байжан, Орынша есімді ұл-қыздарын өсіріп жеткізген.
Теміржолды салуға қатысқандардың барлығының да тағдыры, тіршілігі бір-біріне ұқсас. Бегайдар ауылдық кеңесінде туып-өскен Бәтікен Салыққызының да көрген қиындығы талай жылдарға жалғасыпты. Бұл кісі 1941 жылы Құлсары-Бекбике аралығында салынған автожолдың ауыр жұмыстарына қатысқан. Одан 1942 жылы теміржол табанын төсеуге 17 -бекет орнында істеген. Күні-түні носилкамен топырақ тасып, аяз бен желге аяқ-қолдары жарылып, азып-тозып азап шеккен қыздардың бірі екен.
Ақыры қантөгіс жағдайында жасалған еңбек зая кеткен жоқ. Ол кезде Сталинград қаласы неміс басқыншыларынан тазартылуына орай аталған теміржол құрылысы уақытша тоқтатылды. Арада ширек ғасыр өткенде (1942-1967 жылдар) Атырау-Ақсарай теміржолының құрылысы қайта басталғанда, бұрынғы төсеген жол табаны сол қалпында пайдаланылды.
Ауырлығына, қиындықтарға қарамастан мыңдаған адамдардың жанкешті еңбегінің арқасында жұмыстар қарқынды жүріп жатты. Қыстың суығында, жаздың аптабында, шыжыған күн мен тоқтаусыз жаңбыр астында екпінді еңбек етілді, көптеген адамдар норманы бір жарым - екі есе артық орындады. Сақталған құжаттарда мынадай есімдер аталады:
Амирова Батима: 1914 жылы туылған, Гурьев облысы Новобогат ауданы Айбас ауылдық кеңесінің колхозшысы. № 108 құрылыста 194 % 1942 жылдың қазан айынан жер қазушы болып жұмыс жасайды, норманы 180 % орындайды.
Абдикаликов Абдулла. 1867 жылы дүниеге келген. Гурьев облысы Новобогат ауданы Айбас ауылдық кеңесінің колхозшысы. 1943 жылдың қазанынан № 108 құрылыста жер қазушы болып жұмыс жасайды, норманы 160 % орындайды.
Алиева Набила. 1924 жылы дүниеге келген. Гурьев облысы Теңіз ауданы Қазақстан колхозының колхозшысы. 1942 жылдың қарашасынан
№108 құрылыста жер қазушы болып жұмыс жасайды, норманы 150 % орындайды.
Солардың бірі Исатай селосының тұрғыны Мусаева Қазима. 1924 жылы Гурьев облысы, Теңіз ауданы, 2-ауылда дүниеге келген, ол соғыс басталғанда 17 жастағы өрімдей жас қыз еді. 1933-1937 жылдары төрт жылдық білім алған бойжеткенге арықарай оқуға мүмкіндік болмай, өзі қатарлы қыздармен ұжымшар жұмысына араласуына тура келді. "Соғыс
балаларды балалықтың бал дәуренімен ерте қоштастырып, тез есеюге
мәжбүр етті. Әр маусымның күндіз шаруашылықта мал бағып, соқаға жұптап жегілген өгіздермен жер жыртып, егін егіп, орақпен шөп шауып, пішен тасып еңбек еттік. Түн баласында майшамның жарығымен шешелеріміздің иірген жіптерінен қыздар болып майданға қолғап, шұлық тоқыдық. Мектепте бірге оқыған бозбалал, кейіннен темір жол құрылысының қара жұмысында 4 жыл болдық. Таң ата жұмысқа шығып, 1 шақырым жерден носилкамен, түйемен саз төгіп, таситынбыз. 1937 жылы Атанкеткенде, 1939 жылы Қарақамыста, 1941 жылы Көкарнада, 1942 жылы Мартышида жұмыста болдық. Баку жерінде майшабақ аулап, Бекбикеде канал қазу жұмыстарында да болған едік. 1943-1946 жылдары "Қарабатыр" ұжымшарында сауыншы, майшы болдым. Күніне 19 сиырды екі мезгіл сауатынбыз. Сауған сүтіміздің есебінен күн көріп жүрдік, есесіне жалақы берілмейтін. Жыл
"Мынау ауыр жұмыс, қолдан келмейді деп тартынсаң, бірден "барса келмеске" айдатып жоқ қылады, заңның да күйіп тұрған кезі. Бірде Зібайда деген жасөспірім қызды жұмыстан қашып, бір үйде тығылып жатыр деп көрсетіп, бес жылға түрмеге айдатып жібергенін көрдік. Сондайды көріп, қарап жүріп өлгің келмейді, құлап-сүрініп жұмыстан қалмайсың, берілген норманы қрындайсың. Күн суық, киім жұқа, қарын аш. Теміржол табанын төсеуге Теңіз (Құрманғазы) ауданындағы төрт балықшы колхозын өзара жарысқа салды. Олар Амангелді атындағы, "Қызыл ту", "Қызыл таң" және "Төңкеріс" колхоздары еді. Үш адамнан бір звено құрды, әр адам 4 шаршы метр жердің топырағын белгіленген тереңдікте қазып алып, теміржол табанына төсеуге міндетті. Менің звеномда Қапия деген келіншек пен Көбен есімді бала болды. Біздің "Төңкеріс" колхозының бозақай жасөспірімдері түгелге дерлік осы алапат жұмысқа қатысты. Олардан есте қалғандары - Құмарова Мінәш, Дүйсекенова Әсима, Томарғалиев Сафон, Егізбаева Кәкима және тағы басқа адамдар болды. Бірде сол кездегі аудан басшылары Михаил Тарасов пен Қалқан Төрешов келді. Жұмысты тексерді, норманың қалай орындалғанын көрді. Менің звеном ылғи асыра орындап шығушы еді. Бізге ауыспалы Қызыл ту берді. мемлекет тарапынан тегін тамақтанатын болдық. Нан жейтін болдық. Колхоздарда азық-түлік тапшы, барын майданға жөнелтеді, колхоз есебіндегі адамдар аш-жалаңаш жүріп жұмыс жасады. Біз Қызыл туды қолда ұстауға тырысып бақтық, ақыры солай болды, әрі жан үшін, нан үшін күрес күндері еді. Сталинград жаудан тазартылды, біздерді ауылымызға қайтарды", - деп еске алады теміржол құрылысына қатысқан Халенқызы Ақмәнет.
Теміржол табанын төсеуге қатысқан аналардың бірі Айман Кемелқызы Сейтқалиева болды. Ол 1918 жылы Жалтырөзекте қазіргі Тұщықұдық кеншарында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. 1937 жылы Сейтқалиев Хамзаға тұрмысқа шыққан. 1939 жылы Қадіржан, 1943 жылы Халима дүниеге келген. 1942-43 жылы жолдасы Хамзаның бригадасында
Томан тұсындағы (Атырау-Астрахань) темір жолды салуға атсалысқан. Бұл атақты "Қызыл ту" бригадасы болған. 1943 жылы жолдасы Хамзаның басқа жұмысқа ауысуына байланысты колхоз орталығына келіп Молшағыл колхозында еңбекке араласқан. Толық зейнеткерлік жасына шыққанша мал бағумен айналысқан. 2012 жылы қыркүйек айында дүниеден өтті. 19 немере, 49 шөбере, 5 шөпшегі бар.
- Әлі есімде, 1942 жылдың мамыр айында теміржол салу керек деген тапсырмамен Томан елді мекенінен Аққыстау бағытындағы жұмысқа салды. Өзіммен бірге Айтқалиқызы Мыңыш, анам Ұмсынай, Шора, Күмісбаев Сиран, ата-енем Сейтқали мен Марфуға, сіңлім Нәсіп те болғаны жадымда. Жұмысқа ерте кетеміз, іңір қараңғысында қалжырап ораламыз. Жұмысқа ерте кетеміз, іңір қараңғысында қалжырап ораламыз. Жұмысымыз-әуелі тоңды оямыз, сүйменді астына салып тұрып оны құлатамыз, тас кесектерін уатамыз, носилькамен жоғары шығарып апарып төгіп, тегістейміз. Осындай ауыр жұмыстан бізге берілетіні 4 кісіге 1 қалаш нан, қара шай, кейде оларға қосымша ысталған балық, тұрағымыз - жер кепе. Ауыр жұмыстан анам сүзекке шалдығып, орнына сіңлім Нәсіпті алып келгені де есімде. Кейін өзім де сырқаттанып, жұмыс орнымда құлап қалыппын. Осыдан соң мені ту көтеріп адамдарды моншаға, асханаға, жиналысқа алып баратын, арбамен нан басқа да азық-түліктерді жеткізетін жеңіл жұмысқа шығарды. Бригадамыз үнемі алдан көрініп, бізге қызыл жалау берілді. Сол қызыл жалауды бригаданың алдында мен көтеріп жүретінмін, сондықтан бригадамыз "Қызыл ту бригада" атанса, үлкендер жағы мені "Қызыл жалау көтерген қызымыз" дейтін. Теміржол табанын төсеудегі жұмыстың барлық ауыртпалығына төздік, қиындықты үлкен-кіші бірге көтерістік. 1943 жылы жолдағы жұмысты одан әрі жалғастыру тоқтатылды да, өз колхозымызға оралдық", - деп еске түсіреді.
ІІ.4. Ескерткіш қоюға лайықты Еңбек ерлері
Ер азаматтар қан майданда от кешкенде, тылда олардың орнын жоқтатпай күндіз-түні маңдай терлерін сыпыра еңбек етіп, сол қажырлы еңбектерімен жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосқан аналарымыз қандай құрметке де лайық.
Осы тәріздес деректер аз емес. Мұндай күш-қайрат бітірген нендей құдірет деген ой туады.
Әрине, бұл - біріншіден, үкімет бұйрығы. Бірақ, ешқандай бұйрық адамдар бойына құлшыныс, ынта тудыра алмайды. Одан да үлкен күш бар болатын. Ол - қан майданда жүрген отандастар алдындағы борыш, идеяға берілгендік. Отанға деген махаббат, жауды талқандауға үлес қоссақ деген
құлшыныс..."Бәрі де майдан үшін, Бәрі де жеңіс үшін" деген ұранмен
рухтанған еді. Бұл фразалар бүгінде, бүгінгі бейбіт заманда біреулергеәсіреқызыл болып көрінуі мүмкін. Алайда, жұмыстардың сондай қызу екпінмен жүргізілгендігін құжаттар көрсетеді.
Қарны аш жанұяларының қамы аналардың жанына батпауы мүмкін емес. Бірақ, ортақ мүдде жолында бәрін де ұмыта тұруға тура келді. "Емшектегі жас сәбилерге қарап қалар ешкім жоқ, оларды ескі-құсқы шүберекпен қымтап, қасына тастап қою арқылы жол табылған. Сәбилердің аяздан қатып өлген жағдайлары да кездесіп отырған. Отан-Анаға деген махаббат шешелерді осындай құрбандыққа тәуекел еткізген" деген ел аузында жүрген әңгімелер бүгінде аңызға айналып барады.
"Астрахань-Гурьев" темір жолы сол жылдары аяқталмай қалды. Онымен поездар да жүйткіген жоқ. Алайда, маңызды мемлекеттік тапсырмаларды орындап, маңдай терін аяусыз төккен әйел-аналардың, ер азаматтар мен жасөспірімдердің қажырлы еңбектерінің қадірі бұдан төмендемесе керек. Олардың ерен еңбектері, бейнет-михнаттары қайғы-қасіреттері мен құрбан болғандар тағдыры құрмет көрсетуге лайық. Гурьев-Астрахань жолы оңайлықпен салынған жоқ, оны ескерусіз қалдыруға болмайды. Бұл өзі ешқашан ауызға алынбай келе жатырған күрделі тақырып еді. 1941-1945 жылдарға жалғасқан Ұлы Отан соғысы кезінде Еділ-Жайық арасы тұрғындарының бастан кешкен ғаламат арпалыстары мен ерен еңбектерінің жанқиярлық көріністері бүгінгі ұрпаққа беймәлім жағдайда қалып қойған болатын.
1942 жылдың қараша айында теміржол табанын төсеу жұмыстарына Исатай ауданынан 2046 адам, 258 түйе қатысты деген мұрағат мәліметі бар. Қар жастанып, мұз төсеніп, үңгірлерді пана етіп, аш құрсақ болса да жеңіс үшін ерлікке тең жұмыс істеген жас қыздар мен аналар, балалар мен қарттар күніне 4 шаршы метр жердің топырағын теміржол табанына төсеу керек болатын. Жауынгерлеріміздің ұрыс қимылдары батысқа қарай кеткесін бұл құрылысты тоқтатуға тура келді. Сол кездегі тылдағы жан қиярлық ерлік істерді бүгінгі жастар мен ертеңгі ұрпақ жадында жатталуы үшін мазмұнды шаралардың ұйымдастырылуы құптарлық.
Бүгінгі және болашақ ұрпақ аға буынның ерлік істерін еске сақтауы керек деп білемін. Бұл-жастарды патриотизмге, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеудің бір жолы, туған ел тарихы алдындағы борыш. Бұл тек қатары сиреп бара жатқан соғысқа қатысқандар мен тылда еңбектің эпопеясын шерткен жандарға, олардың майдандастары мен замандастарына ғана емес, ол бізге, бүгінгі ұрпаққа, болашақ үшін керек. Тарихи мұраны сақтау дегеніміз де тарих беттеріне жазылған бабалар ерлігі мен еңбегін бағалау. Тылдағы жанқиярлық еңбек майдандағы жауынгерлерге азық-түлік пен киім-кешек және мұнай өнімдерін жөнелтудің төте жолын салуға, жеңісті жақындатуға арналған болатын. Тарих тағылымын бүгінгі ұрпақ жадынан шығармай, Ұлы Жеңіске үлес қосқан ата-әжелерінің жасампаз істерін білуге тиісті. Республика көлемінде жарияланған "Патриот" айлығы шеңберінде
аудан мектептерінде оқушыларға патриоттық тәлім-тәрбие беру, Ұлы Отан
соғысындағы, тылдағы ерен ерлік пен ұрпақ жадында қалдыру, олар туралы тың деректер жинастыру мақсатында Исатай ауданы көлемінде бірқатар игі шаралар ұйымдастырылды. Солардың қатарында "Астрахан-Гурьев" теміржолының құрылысын салуға қатысушылар еңбегін ұлықтауға арналған оқушылардың веложорығы бар. 2013 жылы 16 мамырда веложорыққа қатысушыларға сөз арнаған, осы шараны ұйымдастырудың басын-қасында жүрген тарихшы Ерболат Насимуллин "әкелеріміз бен аналарымыздың тылдағы ерлік істерін кейінгі жастар біліп, тағылым алса, отаншылдық пен патриоттық сезімдерін қалыптастырса, нұр үстіне нұр болар еді" деген пікірін айтып, веложорыққа қатысушыларға сәтті сапар тіледі. Аудан мектептерінен белсене қатысқан жоғары сынып оқушыларының бір тобына Е.Насимуллин аудандық білім бөлімінің атынан Алғыс хаттарын табыс етті.
Соғыс жылдарында Астрахань - Гурьев темір жолын салған әйелдердің қажырлы еңбегін есте қалдыру шараларын алу тарих үшін, бейбітшілік үшін, бүгініміз бен ертеңіміз үшін жасалар игі іс болмақ.
Қан мен тер төгілген аталмыш темір жол - бүгінде қазақ елін шет жұртпен байланыстырып тұрған достық тіні. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев "Тарих бізден ел қамын ойлар естілікті тілейді".
Алғашқы тар табанды, ұзындығы 92 километр темір жол 1925-1926 жылы Гурьев-Доссор аралығына салынды, кейін мұнай өнімдерін еліміздің орталық аудандарында шығаратын тағы бірнеше темір жол іске қосылды. 1938 жылы басталып, Ұлы Отан соғысы кезінде іске қосылған ұзындығы 517 км Қандыағаш-Гурьев темір жолы іске қосылды, Баку тау әскерлерінің қоршауында қалған кезде оның стратегиялық маңызы өте зор болды.
Міне, Атырау-Ақсарай теміржолының табаны алғаш осылай арпалыс, қантөгіс жағдайында жүргізілгені халықтың қаһарман ерлігі болып тарихта қалды. Арада ширек ғасыр өткенде (1942-1967 жылдар) сол төселген жолдың еш жерін өзгертпестен темір рельстер төсеу басталды. Болат жолдың бойында жаңа өмір көріністері жасалды. Ол жұмыстар 1967-1970 жылдарға жалғасты. Еділ-Жайық қос өзен аралығын қосқан болат магистраль 1970 жылдың желтоқсанында толықтай пайдалануға тапсырылды.
1945 жылы қазан айында КСРО Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен бір топ колхозшы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Жапырағын төгілдіре жайған өмірдің осынау салиқалы сәтіне жеткенше олар заманның да, қоғамның да небір қиын түйткілдері мен қатал сынын бастан өткерді. Әсіресе, соғыс жылдары жүрек пен жүйкеге ауыр тиді. Төгілген көз жасын, соғыстың елге салған бүлігі мен қасіретін көп көрді. Қабырғалары қатпаған, буындары бекімеген балаң шақтарында ел басына төнген қатерлі ауыртпалықты жұртпен бірге жүріп көтерді.
1970 жылдардың басында Гурьев-Астрахань темір жолдары іске қосылуына орай Аққыстау үлкен жолдың бойында үлкен міндет атқаратын стансаға айналды. Кеңес бұрын темір жол дегенді кітаптан оқыған, кинодан көрген, алыс сапар үшіноблыс орталығы Гурьевке барып поездға мінгенді білетін. Осы жылдары жергілікті кадрлар жетіспеді. Мамандардың дені осы жолды төсеу мен уақытша сынақтың пайдалану кезінде келіп қалған басқа жақтың өзге ұлттың адамдары болатын. Сол уақыттағы Гурьев арнаулы темір жол техникумының ашылуы да осы тұрғыдан келешекті көздеген шара. Туған жеріндегі өзгерістердің Кеңестің өмір жолына тікелей қатысы болды. Станса кезекшісі – поездарды жөнелту, жүктерді түсіру немесе тиеу операциялары үшін вагондарды таратып беру, қайта жинап поездар құрастыру сынды станцияның ең негізгі кезінде тікелей басшылық ететін адам. Ол осындай ауыр жұмыстарды абыроймен атқарды. Ел ішінде Кеңаға – деп кеткен Қарабалин Кеңес Қазақстан теміржолында өзіндік із қалдырған азамат десек, асыра айтқандық болмас. Қарабалин Кеңес Қондыбайұлы 1947 жылы 22 қыркүйекте Гурьев облысы, Новобогат ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келді. Кеңес «Құрмет белгісі» орденді ұстаз Қарабалин Қондыбаймен Рахима анасының бесінші перзенті еді. Ол өмір жолын «Забурын» совхозында жүргізуші болып бастады. 1963 жылы 8 сыныпты аяқтап, Ганюшкино селосындағы № 188 орта өндірістік – техникалық училищеге түседі. 1968-1977 жылдар аралығында Исатай станциясында вагон пунктінің техникалық тексеру бөлімінің бас маманы станция кезекшісі болып қызмет атқады. 1977-1980 жылдары Гурьев қаласында темір жол техникумын үздік бітіріп, Исатай станциясында Станция кезекшісі қызметіне қайта оралды. 1983-1990 жылдары Алматы теміржол транспорты институтын сырттай оқып бітірді. 1981-1983 жылдары Доссор темір жол станциясының бастығы болып тағайындалып, 1983 жылдың өмірінің соңына дейін 26 жыл Аққыстау станциясында станция бастығы болып қызмет атқарып келді. Өзін білімді маман, талапшыл басшы шебер ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Қызметте тегеурінді талап қоя білетін, көп жайды үнемі үйретіп жүретін ұстаз, қиын жылдардың тайқазанында әбден қайнаған, көп тәжірибе жинаған, Кеңес Қарабалиннің мамандығында да, адамдығында да үйренер, үлгі тұтар жақтары мол еді. Ол жұмысқа мойнына салынған міндеткерлік деп емес,өз үйінің тәуліктер, апталар, айлар сайын тайсылмайтын аса қауырт шаруасы сияқты қарайтын. Мәселен өз еркімен күн сайын таңғы сағат 6-7-де стансаға келіп, тұйық жолдарды қарап, вагондарды санап, тежегіштерді тексеріп алатын, содан соң ғана кешегі атқарылған істерді қорытындылап, бүгінгі ауқымды айқындайтын ілездеме жиналысқа келетін. Сондықтан бәрі өзі көріп, біліп отырған басшының алдында ешкім сырғытпа сылтау айтып немесе көз бояп құтылып кете алмайтын. Шындықты айтып, кемшіліктерін мойындаған қызметкерлерге кешірім жасайды. Осының өзі ұжым үшін үлкен тәрбие. Бірде Душанбе – Москва жүрдек поезд «Бақсай» РЗД тұсына келгенде вагоннан өрт шығады. Суық хабарды алған бойда станса бастығы жедел сол жерде болып аудандағы мекемелерден де техникасымен, адам күшімен көмектесуді шебер ұйымдастыра білді. Кеңестің жұмыста жауапкершілігі, жұмысшылардан талап ететін тәртібі мығым, адамгершілік қасиеті жоғары, адамдармен араласуы өнеге болатындай азамат. Темір жолда жасаған адал еңбегі бағаланып «Құрметті теміржолшы» атағын алса, 2 рет «Адал еңбегі үшін» медалін алды. Бірінші рет бағалы сыйлықтармен, грамоталармен наградталды. Аққыстау станциясында басшылық еткен 24 жылдың ішінде ауыз толтырып айтуға тұратын табыстарға қол жеткен. Осы уақыттар ішінде жұмысшыларымыз бен қызметшілерінің жұмысты табысты, поездар қозғалысын қауіпсіз атқарды. Жүктелген міндеттерді абыроймен орындап келген станция ұжымы ұзақ жылдар бойы тасымал ісінде шыңдалып, қалыптасып, жүк жөнелту мен түсіруді іркіліспен ақауға жол бермеген.
Соның нәтижесінде барлық кө Төлепов Дүйсенбай 1927 жылы дүниеге келген. 1943 жылдың 15 наурызынан бастап Гурьев вагон жөндеу депосында №7 вагондық учаскесінің үйренушісі болып 1945 жылы Гурьев станциясының резерв вагон бөлімінің шебері болды. 1947-1951 жылдары пассажир ПТО-сы бөлімінде шебер, 1952 жылы вагонды автоматты тіркеу инструкторы, 1953 жылы Гурьев станциясының аға вагон тексерушісі болып жұмыс жасады. 1954 жылы Гурьев станциясының бөлім бастығы, 1956 жылы 2 кластық поездің вагон мастері, 1964 жылы Гурьев станциясының вагонды жинақтау цехының шебері, 1965 жылы Гурьев станциясының вагонды техникалық қорғау пункінің тексерушісі, 1973 жылдың 2 маусымынан бастап Аққыстау станциясының вагон тексеру пункінің шебері болып жұмыстар жасады. 1987
жылы зейнеткерлікке шықты. Жұмыс жасаған жылдарында алған марапаттары: 1948 ж,1950 ж, 1953 ж, 1956 ж, 1958 ж, 1959 ж, 1961 ж, 1963 ж, 1964 жылы табысты еңбегі үшін алғыс алып, 1965 жылы депоның Құрмет грамот1982 жылы рельс қойнауына сол белгіленген жердің нормалы арақашықтығы мен биіктігін, ал бұрмаларда нұсқаулықтағы көрсеткіш шаманы трафаретпен әсемдеп жазуды бастап мен жазып едім, артынан осы үрдіс батысы Астрахань, шығысы Ақтөбеге жетті, қазір елдің бәрі сондай трафарет ойып жазады. 1993 жылы шпалдың басын екі жіп сыммен байлап, шпалдың басының жарылмауын тоқтатып, өндіріске енгіздім. 1995 жылы теміржол өткелінің шлагбауымен бір тақтаймен істеуге таған істеп, қолданыста жұмыс істеөткелінің рельске жақын жерінің қоршауы-қауіпсіздік шарбағы бетоннан істелген еді, жердің тұзды ылғалына шыдай бермей, жиі-жиі ыдырап, шашылып қалушы еді, сол қорғаныс шарбағын өз күшіммен істеп өндіріске енгізідім,сол шарбақ күні бүгін қолданысты жұмыста. Жол жөндеушілер үшін үкіметтің шығарған нұсқаулықтары мен нормалық есептеулерін түгел қазақшалап-қазір менен кейін де қолданып келеді. Өзім жұмыс жасаған жылдарда жол жөндеушілердің өмір қауіпсіздігі жолын сақталды. Қауіпсіздік жөнінде ескерту болған жөн.Кездейсоқ кездесетін кедергілер болмай тұрмайды. Яғни бұрманың кезекті пультіне бағынбауы,шындығында бос тұрған учаскенің көрсеткіш таблода босамай қалуы сияқты сан алуан келіспеушіліктер күн-түн демей кездесе береді. Бұндай да жол Теміржол саласы - ел экономикасының күретамыры саналады.
Қорытынды
Тәуелсіздік алған Қазақстанның көлік қатынасында темір жолдың маңызы ерекше зор.Өйткені темір жол арқылы республиканың халқы тек біздің елімізде ғана емес,сонымен қатар бүкіл жер бетінің барлық аймақтарына ешқандай қиындықсыз бара алады және қажетті тауарларын жеткізе алады. Қазіргі кезде Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөлігін қалалар мен ауылдар және басқада жерлерге жол жүретін жолаушылардың тең жарымы тиеді.Темір жолдарды техникалық жағынан қамтамасыз ету және жүк тасу жөніндегі Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орында алады. Тек 1991-2003 жылдар аралығында Қазақстан темір жолы арқылы 220-миллион тонна мұнай өнімдері 1,1 миллиард тонна көмір 60 миллион тоннадан астам қара металл барлығы – 2,5 миллиард тонна әр түрлі халық шаруашылығы жүктері тасылған.
Қазақстан темір жол көлігіне талаптар жыл өткен сайын өсіп отыр және оның басты міндеттері Президент Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан – 2030 стратегиялық Бағдарламасында көрініс тапқан. Олар темір жол қатынасының негізгі бағыттарын қазіргі кезеңнін талабына сай қайта құру сондай – ақ Трансазия магистралы бойынша жүк тасуды жетілдіру. Шет елдермен байланыс жасауда аса маңызды Достық-Ақтоған станциялары арасындағы жол қатынасын одан әрі дамытып тасылатын жүктін көлемін жылына 10 млн.тоннаға жеткізу. Жүк тасылатын басты аймақтарда қазіргі кезеңнін талабына сай жүк сақтайтын терминалдарды ұйымдастыру барлық көлік және комуникациялық орындардың құрылымдарымен қайтадан қарап жетілдіру.
Бұл маңызды мәселелерді шешуде Қазақстан темір жол құрылымын одан ары жетілдіру ерекше орын алады. Республикада 1977 жылға дейін өз алдына бөлек бір-біріне бағынбайтын Тың темір жолы Алматы және Батыс Қазақстан темір бөлімдері жұмыс істеді.Бірақ олардың іс жүзіндегі қызметі 1991 жылдан басталған нарықтық экономика талаптарына сай келмеді.Сондықтан темір жол көлігінің жұмысын жақсарту олардың басқару құрылымдарын жетілдіру және темір жол бөлімдерін ірілендіру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. 1997 жылғы 31 қаңтарда Үкімет қаулысымен Алматы
Тың және Батыс Қазақстан темір жол бөлімдері біріктіріліп республиканың мемлекеттік Қазақстан темір жолы кәсіпорны құрылды.Ал 2001 жылы бұл мемлекттік кәсіпорын Үкіметтің қаулысымен Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамына айналдырылды.
Қазақстанның территориясы үлкен болса да ол темір жолдың ұзындығы жағынан қазірде көптеген алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттерден әлде қайда артта қалып отыр. Сондықтан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап республика өз жерінде жаңа темір жолдар салу және теміржол станциялары мен желілерді қайтадан жаңартуға ерекше назар аударуда.
"Тау қозғалса да тарих шайқалмайды" деп халық даналығында айтылғандай, , бүгінгі таңда елеусіз қалып, ұмытылып бара жатқан соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің, теміржолшылардың өнегелі еңбек жолы мен тағылымды істерін насихаттау, есте сақтау мақсатында, аудан орталығында ескерткіш орнатылса деп ойлаймын.
Ғылыми жоба жұмысында өзіндік ой қорыту, ғылыми тұжырымдамаларды қорытындылай келе төмендегі ұсыныстарды назарға ұсынамын:

Ұсыныстар:

1. Исатайлық тыл еңбеккерлерінің өнегелі еңбек жолы мен тағылымды істері кейінгі ұрпаққа жан-жақты насихатталса;

2. Аға буын өкілдерінің ел экономикасын өркендетуде және теміржол саласын дамытуда қосқан үлкен үлесі мен өшпес өнегесін дәріптеу, есте сақтау мақсатында аудан орталығындағы көшелердің біріне аты берілсе;

3. Бүгінгі таңда елеусіз қалып, ұмытылып бара жатқан соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің, теміржолшылардың өнегелі еңбек жолын насихаттау, есте сақтау мақсатында аудан орталығынан ескерткіш орнатылса.

4. Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мақсатында қолданбалы, өлкетану курстарында осы жұмыс пайдалануға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1." Атырау энциклопедиясы"

2. "Атырау". 3 наурыз.2009 ж Ешекеева Алмагүл "Тау қозғалса да тарих шайқалмайды"

3."Атырау" 26 ақпан, 2009 ж, Рахмет Иманғалиев "Адамның қанымен салынған жол еді" Атырау-Ақсарай темір жолының тарихынан бір сыр

4."Атырау" 2004 ж, Ғинаятолла Нығмет, "Теміржолшылар соғыс жылдарында"

5. "Атырау". 7 қаңтар, 2014 ж № 1, Дүйсен Мырзағалиев. "Тылдағы еңбек тасқыны немесе Гурьев-Астрахан темір жолы қалай салынды? "

6. "Исатай ауданы шежіресі" 2-кітап 43 бет

7. "Қазақстан теміржолшысы" 26 тамыз 2008 ж № 94 "Гурьев-Астрахань темір жолы, ол туралы біз не білеміз?"

8. "Нарын таңы" № 19 (3608) 09. 05. 2013 ж. Айсана Махмудова. "Елің үшін еңбек етіңдер дейді ардагер әжеміз"

9.Рахмет Иманғалиев. "Өлмейтін өмір", Алматы - 2010, Арыс баспасы. 158-172бет

10. Тихон Әліпқали. "Ортақ тағдыр толғамы" , "Полиграфсервис" ЖШС Орал қаласы 2009 ж
loading...

Автор: Қойшекен Светлана Жақсығұлқызы

Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау орта мектебі

Бөлім: Оқушымен жұмыс | Қосты: skoysheken | Ілмек сөздер: қажырлы еңбек
Көрсетілім: 1213 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 16
Қонақтар: 16
Тіркелгендер: 0