Оқушымен жұмыс

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Оқушымен жұмыс

Дәрілік өсімдіктер
[ Сайттан жүктеу (3.20Mb) ] 05.04.2015, 00:06

Материалдың жеке номері 1198

Дәрілік өсімдіктер

загрузка...
«Рудный қаласы әкімдігінің № 7 орта мектебі » КММ

«Дәрілік өсімдіктер »

Секция: Биология

Нуранбекова Әсел
2 сынып
№7 орта мектебі
Қостанай облысы
Рудный қаласы


Ғылыми жетекшісі: Жаңабай Анар Ғалымқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
№7 орта мектебі

Рудный, 2015 ж
№7 орта мектебінің 2 «Ә» сынып оқушысы Нуранбекова Әселдің
«Дәрілік өсімдіктер » атты ғылыми жұмысына

Алғы сөз

2 «Ә» сынып оқушысы «Дәрілік өсімдіктер» атты жобасында өсімдіктерден дайындалатын дәрілердің адам денсаулығына маңызы мен тигізетін пайдасы, олардың салауатты өмір салтына тигізетін әсерін үйрене отырып кеңінен қолдануын, қорғап тани білуге негізделген. Сондай-ақ өсімдіктерден дайындалатын дәрілердің түрлі ауру түрлеріне тигізетін емдік қасиеті бар екендігі айтылады.
Бұл тақырыппен жұмыс жасаудағы мақсаттары оқушылардың өсімдіктерден дайындалған дәрілердің адам өмірі үшін маңызы, қажеттілігі және пайдасы туралы түсінік бере отырып, оны қорғауға кеңінен қолдануды үйрету.
Әселдің «Дәрілік өсімдіктер» туралы ғылыми жұмысын жан – жақты зерттеп жазған. Әрбір бөлімдерін өзінің шамасына қарап зерттеген. Алдағы уақытта бұл жұмысын өмірде және құрбыларымен, сыныптастарымен қолдану дүниетану сабақтарында балаларға қосымша материал ретінде пайдалануға көптеген көмегі болады.

Ғылыми жетекшісі: Жаңабай Анар Ғалымқызы бастауыш сынып мұғалімі
Андатпа

Автордың ғылыми жұмысының тақырыбы «Дәрілік өсімдіктер» деп аталады.
Дәрілік өсімдіктердің түрлерін, олардың биологиялық қасиеттерін сонымен бірге өсімдіктердің түрлерін, олардың биологиялық ерекшеліктерін сонымен бірге өсімдіктердің шипалығын кеңінен насихаттау көзделген.
Жұмыстың тәрбиелік мәні бүгінгі күнгі бала тәрбиесіне тигізер пайдасы мол.Өсімдіктердің табиғатта ауаны тазартуы, емдік қасиеттері бар екенін толығырақ жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу.Тақырып мазмұнында дәрілік өсімдіктер түрлерінің алуандығы, ерекше емдік қасиеттері айқын көрсетілген.Оқушы ғылыми жұмысты газет, журнал, кітап, интернет желісі, көмекші әдебиеттер,ғылыми мақалалардан жинақтаған.
Оқушы бұл материалдарды сабақта, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында өмірде, күнделікті тіршілік барысында пайдалануға болатындығын дәлелдеп келтірілген
Сын пікір

Бұл жұмыста оқушы дәрілік өсімдіктердің түрлерін, сонымен бірге өсімдіктердің шипалығын кеңінен насихаттау жолдарына тоқталған. Оқушы зерттеу жұмысын жаза отырып өсімдіктерден дайындалатын дәрілердің ауру түрлеріне тигізетін емдік қасиеті бар екендігі айта отырып, сипаттама берген. Қазақ халқы ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келгендігін байланысын көрсете білген. Бұл берілген тақырыпты дүниетану пәнінен, сондай-ақ қосымша сабақтарда оқушылардың өсімдіктерге байланысты тақырыптарға қосымша мәлімет түрінде кіріктіріп , жинақ дайындатуға, емдеу әдіс - тәсілдерін кеңінен қолданылу жолдарын үйрету, салауатты өмір салтын ұстану шараларында кеңінен пайдалануға болатын маңызды жұмыс.

Сын пікір жазған : Жаңабай Анар Ғалымқызы.


Мазмұны

І. Кіріспе........................................................................................................4 бет

ІІ. Негізгі бөлім ............................................................................................6-7бет

2.1. Негізгі дәрілік өсімдіктерге характеристика...................................9-15бет

2.2 Шикізаттың сапалық көрсеткіштері.....................................................16-18 бет

2.3 Жемістерде емдік қасиеттерді иеленеді............................................19-20 бет

ІІІ. Қорытынды..............................................................................................21 бет

ІҮ. Пайдаланылған әдебиет..........................................................................22 бет

Ү.Қосымша.....................................................................................................23 бет



Кіріспе
«Өсімдік өмір кепілі» деген қағиданы ұстана отырып өсімдіктердің емдік қасиеттерін зерттеуге бел будым. Менің бұл тақырыпты таңдауыма сынып жетекшім мен анам ықпал етті. Өзім бала күнімнен бөлме өсімдіктерін өсіріп, күтіп, баптауды ұнататынмын. Ес білгеннен бері оқыған - түйгенімнің арқасында тек бөлме өсімдіктері ғана емес, жалпы өсімдік атауының адам өміріне, олардың денсаулығына тигізетін пайдасы, қасиеттері қызықтыра бастады. Қоршаған ортаның адамдарға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Соның ішінде дәрілік өсімдіктердің адам өміріне тигізетін маңызы зор екеніне ешкім күмән келтіре алмас. Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген.
Өсімдіктердің емдік қасиеттерін білу үшін көп еңбек етуге тура келді. Мектеп және аудан кітапханаларында болып осы төңіректе көптеген мәліметтер, деректер жинақтадым. Көп ізденіп, көп оқыдым. Өз бөлімше дәрігерім, Ботакөз апаймен кездесіп, емдік өсімдіктердің түрлерін, қолданылуын білдім. Көп ізденіп зерттеу барысында өсімдіктердің емдік қасиеттері туралы деректер жинала бастады.Отбасымызда анам Жұлдыз Гранатқызы емдік мақсатта пайдалану үшін бөлме өсімдіктерін көп отырғызады. 1 - сыныптан бастап «ана көрген тон пішер» демекші менде анамнан көргенімді ойға түйе отырып, бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттерін біле бастадым. Атап айтсам, бөлме өсімдіктерінен емдік мақсатта алой (алоэ), орыс халқы оны «столетник» (жүзжылдық) деп те атайды, герань, фикус, алоэ, кактус т. б. өсіремін. Жаз айларында өзіміздің бақшамызда өсетін аскөкті, меруетгүлді, бақбақты, сонымен қатар даланың кез келген жерінде өсетін түймедақ, өгейшөп, жусан өсімдіктерін теріп, кептіріп емдік мақсатта пайдаланамын. Қазіргі технология қарқындаған заманда ауаның түрлі себептермен ластануына байланысты адамдарда көптеген ауру түрлері көбейіп отырған жайы бар. Сол ауруларды өсімдіктермен емдеу жолдарын білген әрбір адамға тиімді болар еді. Өкінішке орай аяғымыздың астында өсіп тұрған емдік қасиеті жоғары өсімдікті тани бермейміз. Егер әрбір саналы, сауатты Қазақстан азаматы, азаматшасы өз елінің табиғат сыйлаған сыйын танып, қолдана білсе, салауатты өмір кепілі болмас па еді. Олай дейтінім ерінбей бар затты пайдалану керек. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демей ме атам қазақ.
Сондықтан табиғаттың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану, оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу мен үшін алға қойған басты мақсат деп білемін.
Қоғам бар жерде адам бар. Адам бар жерде түрлі аурулар бар. Бірақ,сол мәселені шешу жолдарын іздестіру қазіргі таңда әр адамның саналы қорғанысында.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті.
Осы ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты дәрілік өсімдіктердің түрлерін, олардың биологилық ерекшеліктерін зерттеу. Тіршілік процесіндегі өсімділігін және әдемілігін сонымен бірге өсімдіктің шипалығын анықтау.Өсімдіктердің табиғатта – ауаны тазарту, шаң мен улы газдарды өзіне сіңіруі, тағамдық, емдік, сәндік қасиеті жайлы толық мағлұмат алу. Оны мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады.
- ғылыми әдебиеттерге шолу, мәлімет жинақтау
- өсімдіктердің биологиясын және морфологиясын анықтау.
- өсімдіктердің өсуінің ерекшеліктерін анықтау.
- өсімдіктің қоршаған ортаның әртүрлі кері әсерлеріне төзімділігін анықтау.
- өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі пайдасын анықтау жолдары.

І.Негізгібөлім
Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. Шипалы өсімдіктерден дәрі жасау әдістері ұрпақтан - ұрпаққа өтіп, бұл дәстүр атадан жалғасып отырған.Қазақстан табиғи жағдайлары әртүрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000 - ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады екен десек, оның 500 түрінен дәрілік заттар алынады екен. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып, білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген.Әбу - Насыр - Әл Фараби, Әбу - Әли Ибн - Сина, Беруни, Әл - Джуржани қазақ халқының медицинасының дамуына әсері дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40 -%- ы өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу әдіс - тәсілдері кеңінен қолданылып жүр. Үй жағдайында кеңінен қолдануға жеткілікті. Ол үшін «дәрісіз ем - дом» дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы», аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Дәрілік өсімдіктерді ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көре аламыз.[2, 75 бет]
1.1.Мың теңге тұратын дәрі ,шарбағының дәл түбінде өсіп тұр. (Халық мақалы)
Қазақ емшілерінің ауру - сырқаулармен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі - дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғаттағы өсімдіктер дүниесі. Олай болса, аяғымыздың астында өсіп жатқан дәрілік өсімдіктерді танып, білім зерттеп ауруымызға шипа етпеске. Біздің Хромтау ауданы маңындағы жерлерде, елді мекендерде өсиетін көптеген дәрілік өсімдіктер бар. Оларға түймедақты, итмұрынды, бақбақты, өгейшөпті, жусанды, жатқызуға болады.
Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктер де жатады, өйткені олардың көпшілігі ляззат мүмкіндігімен ғана (бұлардың шипалы күші де осында) шектелмейді, бойындағы физиологиялық сергек заттардың арқасында ( мерует гүл, шегіргүл, гүл шетен) олардың денсаулығымыздың серігі де бола алады. Сондай - ақ біздің бау – бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады, өздерінің жер үстіне және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы, мәселен, бақбақ ата заманнан «өмір нәрі» аталған, ал қалақай – витаминдер қоймасы саналады. Өсімдіктерді отап тастауға асықпай, алдымен олардың пайдалы қасиеттерін біліп алуға тырысу керек.Қазақ емшілерінің ауру - сырқауларымен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі - дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғатты өсімдіктер дүниесі.өсімдіктердің сабағы, тамыры, гүлі, жапырағы, қабығы, жемісі шайыры және тұқымынан дәрі - дәрмек жасалады. Қазақ емшілерінің қолданатын дәрілерінің басым көпшілігі - өсімдіктер. Өсімдіктердің әрбір бөлігінің, мәселен, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс тұқымдарының дәрілік қуаты әртүрлі болып келеді. Сондықтан оларды емдік қуаты ең күшті болатын мезгілде жинағанда ғана сапалы дәрі - дәрмек алуға болады.Дәрілік өсімдіктер жиналып алғаннан кейін, жас күйінде бірден пайдаланудан қалғандарын кептіріп, жақсы сақтай білу оның емдік қасиеті мен сапасының жоғалмауының басты кепілі болып табылады. Мұндай өсімдіктердің дәріге бірден пайдаланылмайтын бөліктерін топырақ, балшық секілді лас нәрселерден арылтқаннан кейін, әрқайсысының ерекшелігіне қарай кептіру, көлеңкеде кептіру, самалдатып кептіру. [1,23-бет]
* Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлерінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен , алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.
* Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады.Дәрілерді дайындау үшін шикі зат ретінде пайдаланатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
* Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар көбіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
* Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады. [6, 48-53 беттер.]



2.1. Негізгі дәрілік өсімдіктерге мінездеме
Дәрілік өсімдіктер дегеніміз – медицинада әртүрлі ауруларды емдеу және олардың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктерден керекті дәрі алумен қатар құрамында әр түрлі витаминдер: белок, май, соның ішінде эфир майы болуына байланысты оларды тағамдыққа және басқада халық қажетіне пайдаланады. Бұлардың ішінен көбіне шөп түрлерін тағамдыққа пайдалану жағы басым. Әдетте өсімдіктердің осындай заттар көп жиналған бөліктері дәрі ретінде қолданылады.
Жолжелкен – ірі жапырақты , екі жылдық өсімдік. Мамыр, маусым айында гүлдеп қыркүйек, қазан айларында піседі. Батпақты, сазды жерде көп өседі. Жолжелкеннің құрамында әртүрлі витамин, белок, май, қышқылдар мен тұздар көп болғандықтан одан жасалған дәріні көптеген аур уларға қолданады. Тамырының қайнатпасын іштен қан өткенде, қан қақырғанда ішеді. Оның жапырағын бозөкпе, созылмалы бронхит ауруларына қолданылады.
Жантақ – Қазақстанда кең таралған өсімдік. Шөл және шөлейтті аймақтарда кездеседі. Бұл әсіресе құрғақшылыққа өте төзімді өсімдік. Күлте күлгін қызыл түсті, гүлдері жұқа тікенектерге орналасқан. Гүлдеп тұрған шіліктер бал өндірудің бағалы көзі болып табылады. Жантақ – құмда, сортаң жерде өсетін көпжылдық өсімдік. Бойы 40 – 50 см. Сабағы тік өседі, гүлі қызыл. Қыркүйек, қазан айларында гүлдейді. Созылмалы гастритке, асқазанға, тік ішектің жарасына қарсы қолданылады.
Бақ – бақ – орман ішінде өзен, арықтың жағаларында өсетін көпжылдық өсімдік. Сап – сары болып сәуір айында гүл ашады. Өт – несеп жолдарын тазартуға, қақырық түсіруге, қуық, бүйрек қатты түйіліп ауырған жерді басуға қолданылады.
Қызылмия – бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік.Бау-бақша арасында, өзен мен арық жағаларында көп кездеседі. Қызылмияны Әбу - Әли Ибн Сина – Орта Азияның «Женьщен» деп атаған. Қызылмия шілде, тамыз айларында гүлдейді. Мұны гастрит, қуық, бүйрек ауруларына, өкпенің қабынуына қолданылады.
Асқабақ – күй талғамайтын бау – бақшаның бәрінде өсе беретін біржылдық өсімдік. Жапырағы ірі, гүлі сары. Асқабақтың ұрығын ұнтақтап, қара мейізге қосып, келіде жаншып ішінде құрты бар балаға 4- рет жегізсе іштегі құртты айдап шығады.Асқабақ сабағын суға қайнатып, ішсе несепті жүргізеді.Бүйрек пен жүректің ісініп, ауырғанын қайтарады. Өсімдік мамыр – шілдеде гүлдеп, дәні қыркүйек– қазан айларында піседі.Адыраспан кіндік тамырлы көпжылдық шөп
тектес өсімдік. Адыраспанның дәрілік қасиеті ертеден белгілі. Адыраспаннан
дәрі жасау үшін сабағын гүлдеген кезде орып алып, дәнін күзде жинайды. Адыраспанды нерв жүйесінің түрлі ауруларына емдеуге, аяқ, тері, қышыма, қотыр ауруларына қарсы қолданылады.
Шырмауық - көпжылдық шөп тектес өсімдік. Сабағы жерге жайылып, басқа
өсімдіктерді орап ұзарып өсе береді. Маусым-қыркүйек айларында ақ, көгілдір, қызғылт гүл ашады.Шырмауықтың кепкен ұнтағын сүтке салып ішсе, өкпені
тазалап, созылмалы жөтелді кетіреді. Кепкен ұнтағын жараға, ауырған жерге
тартса жақсы ем болады.Тұт - субтропиктік өсімдік. Тұт ағашының жіңішке
тамырын қазып,өзегімен кептіреді. Оны ұнтақтап суға салып қайнатып, ауызды
шайса тіс түбінен аққан қанды тоқтатып, босаған тісті бекітеді. Сол сияқты
өт жолының қабынуын, бүйрек, көкбауырдың жұмысын жақсартады.
Жалбыз – көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Оның түрлері көп. Қазақстанда оның 2 түрі кездеседі – қара жалбыз, ақ жалбыз. Өзен мен көл жағалауларында өседі, тау баурайларында, шабындықтарды, бақшаларда кездеседі. Жалбыз өсімдігінің құрамында адам ағзасына керекті заттар көп. Қазір ол шөпті көп жерлерде қолдан өсіріп дайындауда.Осы дәрілік өсімдіктердің ішінде жалбыз өсімдігіне тоқталсам. Анамның айтуынша, кішкентай кезімде денсаулығым сыр бергенде осы жалбыз шөбін қолданып мені емдеген екен. Осы өсімдіктің дәрілік қасиеті туралы қысқаша тоқтала кетсем. Жалбыз (мята) шөбінің емдік қасиетін адамдар ерте заманнан білген. Жүздеген ауруға ем деп айтады. Көктемде қара жалбызды теріп
алып, кептіріп, ұнтақтайды. Осының 2 ас қасығын 0,5 кг балға араластырып жейді. Күніне 1 шай қасықпен 3 рет 2 ай ішсе, жүрек ауруына бірден-бір ем. Сондай-ақ, бүйрек, бауыр, өт қабынуы ауруларына пайдаланады.Жалбыз ұнтағының осы мөлшерін бал орнына сары май қосып қабылдаса, демікпе дертіне, өкпенің тыныс алу жолдарын тазартады. Жөтелгенді тияды, қарлығып шығатын дауысты ашады.Терлегіш адам жалбыздың кепкен жапырағын ыстық суға бұқтырып, демдеп, түнге қарай жарты стаканын ішсе, ал шуашы бар адамдар сол суға 3 рет аяғын жуып жүрсе, сырқатынан жазылады. Бойға күш-қуат беретін қасиеті бар, қуық - несеп жолдарының қабынуын жазады.Сонымен қатар, жалбызды басқа дәрілік шөптерге қосып, өкпе туберкулезіне де қолдануда.Жарақатқа, іріңді сыздауыққа, қотырға жалбыз тұнбасын жағып, таңып тастаса, тез жазылады.
Адыраспан
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Plantae
Бөлімі: Magnoliophyta
Табы: Magnoliopsida
Сабы: Sapindales
Тұқымдасы: Түйетабандар тұқымдасы
Тегі: Peganum
Түрі: P. Harmala
Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) — түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік.Сабы мен гүлінде
уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбіне 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі А. өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары түсті және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр – шілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады.
Қазақстанда адыраспанның бір ғана түрі – ақ адыраспан өседі. Ол – көп жылдық шөп, түйетабан тұқымдастар тобына кіреді.Тамыр діңгегі 2-3 метрге дейін жететін
өсімдіктің сабағы бұтақшалы келеді. Жасыл түсті сабағының ұзындығы 30-80 см
жетеді. Жапырақтары тілімделген, кезектесіп орналасқан. Гүлі ақ және сары түсті болады. Олар ірі жалғыз, не үш кіші гүлдерден құралады. Жемісі қоңыр түсті, құр
ғақ болып, үш жеміс қалтасынан тұрады. Топтанып өсетін өскін шілде айында гүлдегенде оның хош иісі төңіректі алып кетеді. Бір ғажабы, адыраспан өсіп тұр
ған маңайға шыбын-шіркей жоламайды.
Емдік қасиеті
Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап
алады. Алғанда да, сол тұрған бойы бәрі ала бермейді, оның енді пісіп-жетілген бұтақ шаларын, жапырағы мен гүлін алады. Алғанда тамырдан жоғары жағынан ұқыпты кесіледі. Кептірер кезде темір шатыр астындағы көлеңкелі, ауа өтіп тұр
атын жерге қойылады.Өсімдіктің химиялық құрамына көз жүгіртсек:адыраспан
ның тұқымында 3,5-6 пайыз алкалойд, Тамырында -3,3 пайыз, сабағында -3,5 пайыз, гүлінде – 2,82 пайыз, жемісінде – 1,08 пайыз, тұқымында 2,38 пайыз алкалоидты заттар, хинализин мен индол бар. Ал жас өсімдіктің тамырындағы алкалоидты заттың мөлшері 2 есе көп келеді.Фармакологияда адыраспан шөбінен жасалған дәрілер қабыну ауруын, бас, зәр айдауды жақсарту, тер шығару, ішек құрттарын өлтіру, орталық жүйке жүйесін қоздыру үшін қолданылады. Ал адыр
аспан шөбінен қолдан дайындалған тұнбаларды емшілер бұдан да басқа алуан түрлі науқастарды жазу үшін пайдаланады. Айталық, адыраспан тұнбасымен ішкі мүшелерге суық тигенін, безгек, мерез ауруларын жазған. Сол сияқты емшілер шөптің тұнбасымен ірі қара малдарының қотырын емдеген. Адыраспан ерітіндісі
нің ауыл шаруашылығындағы зиянкестермен күресте де орны ерекше. Адырас
пан халық ұғымында Халқымыз дәрулік шипасынан бөлек әулиелік қасиеті
мол санаған шөптерінің бірі «адыраспан» деп аталады. Біздің ата-бабаларымыз сондықтан оны үйдің босағасына іліп қойып, осы арқылы отбасын алуан түрлі бәле-жәлелерден сақтауға тырысқан. Осы өсімдіктің түтінімен үйдің ішін түгел ыстап, сол жын-шайтандарды, жаман адамдардың лас ниеттері мен қарғыстарын шаңырақтан аластайтын болған. Атам қазақ өзі аса киелі деп білген бұл өсімдікті өсіп тұрған жерінен жұлып аларда да оның әдеп - ибасын қатаң сақтаған.Ол сонымен қатар ертеден бояғыш зат ретінде кәдеге асады. Оның тұқымынан негізінен жүннен тоқылған бұйымдарды бояйтын бояу алынады. Түркияда ерте кезеңдерден - ақ адыраспаннан қызыл бояу алып, оны пайдаланған.
Түймедақ.
Түймедақ гүлімен қабынуға қарсы, антисептиктік қасиеттердің жиынтығын кездестіруге болады.Тек гүлді көлік жүрмейтін, ауылдар мен қалалардан алыс шалғындар мен алаңқайлардан жинау керек.Оның алғашқы гүлдеген кезі пайдалы
осы кезеңде емдік қасиеті де күшті болады. Түймедақ өттің айдалуына, тәбеттің ашылуына ықпал етіп, аллергиялық компоненттерінің арқасында аллергияға
қарсы қолдануға болады. Оны өт жолдарына тас байлану, әйелдердің жыныстық
аурулары, тік ішек, асқазан жарасы ауруларына пайдаланса, емі нәтижелі болады.
Түймедақтың жалпы 350-ге тарта түрі бар. Олардың үштен бір бөлігі Ресей даласында кеңінен кездеседі.Сол түрлерінің ішіндегі ең кең таралғандары: римдік, неміс, далматтық, кавказдық, парсылық түймедақтар.Ежелгі Египетте түймедақ гүлі Күн құдайы Раға арналған. Түймедақ адам жүйкесін тыныштандырып, оған түскен ауыртпалықты қалпына келтіреді. Қан қысымын қалыпты жағдайға дейін түсіреді, тағдырдың кейде «сыйлайтын» оқыс жағдайларын жеңіл өткеруге әсер етеді.
Биік андыз
Сипаттамасы:
Биіктігі 1,5 м-ге жететін, тік сабақты көп жылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтары ірі, сопақша-эллипс пішінді, шеттері бейтегістісті болып келеді. Тамырсабағы қысқа, Жуан, көп басты, диаметрі 6-7 см, тамырсабақтан аз санды тамырлар тарайды, ұзындығы 20 см-ге дейін, жуандығы 2-3 см болады. Гүлдері алтын-сары түсті, диаметрі 7 см-ге жететін ірі себетке жиналған. Себеттерде жалғыздан болады. Шілде - тамызда гүлдейді.
Андыз(Іnula) – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстандағы шалғынды алқаптарда, өзен, көл жағасында, жазық және таулы жерлердегі ормандарда 12 түрі өседі. Олардың ішінде ең көп тарағандары – биік андыз (I. helenium) және үлкен андыз (I.grandis). Бұлардың биіктігі 10-70 см-ден 2.5 м-ге дейін жетеді. Тік сабағына бүтін жиекті жапырағы кезектесе орналасады. Ашық сары түсті гүлі қалқанша тәрізденіп, бір-бірден не топтанып біткен себет гүл шоғырына жиналады. Маусым - шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі цилиндр тәрізді тұқымша. Өсімдіктің тамырында жүрекке әсер ететін, қатыну процесін басатын, құрттар мен микробтарды өлтіретін қантты зат – эфир майы, инулин бар. Сондықтан андыз бағалы дәрі-дәрмек алатын өсімдік ретінде пайдаланылады, сондай-ақ тағам өндірісінде және бояу алу үшін қолданылады.
Жинау
Араласпадан арылтып, тазалап жуып, тураған соң кептіріп алады.
Таралуы:
ТМД елдерінің Европалық бөлігінің Оңтүстік және Орталық аймақтарында, Кавказда, Батыс Сібірде, Орта Азияда өседі. Қазақстанда Семей, Көкшетау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды, Шымкент маңайларына өседі. Дайыңдау аймақтары – Краснодар, Ставрополь өлкелері мен Қазақстан.
Дайындалуы:
Тамырлары мен тамырсабақтарын күзде, жемістері пайда болғаннан бастап үсік жүргенге дейін дайындайды. Өсімдік сабағының маңын 20 см радиусында қазады, одан кейін сабағының түбінен ұстап, тік тартып тамырсабағын тамырларымен бірге тартып шығарады. Топырақтан тазартады, суда тез жуады. Тамырлар мен тамырсабақтарды ұзына бойына, ұзындығы 10-15 см, жуандығы 1-2 см болатындай етіп турайды. Шикізатты 2-3 күн бойына ашық ауада қақтайды. Кептіргіштерде, 40º С – тан артпайтын температурада кептіреді.[7, 1 – том 63бет]

2.2 Шикізаттың сапалық көрсеткіштері:
Тамырсабақтары мен тамырларының ұзындығы 2-ден 20 см-ге дейін, жуандығы 0,5 см-ден 3 см-ге дейін болады. Сынған жері бейтегіс. Сырты сұрғылт-қоңыр, іші сарғылт-ақ түсті, хош иісті, ащы дәмді. Ылғалдығы 13%-дан артпау керек, жалпы күлі 10%-дан артпау керек, солған тамырсабақтар мен тамырлар 5%-дан артпау керек, сынған жерінде қарайған тамырсабақтар мен тамырлар 5%-дан артпау керек. Органикалық қоспалар 0,5%-дан көп болмау керек. Минералдық қоспалар 1% - дан артпау керек.
Химиялық құрамы:
Шикізаттың құрамында 40%-ға дейін инулин болады.
Қолданылуы:
Өт пен асқазанды қуаттандырады, у қайтарып сарай ашады. Ауыруды басып, төрелмені тыныштандырады Қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Эфир майының антисептикалық, қабынуға қарсы әсері бар. «Аллонтон» препараты асқазан - ішек жарасын емдегенде қолданылады.
Дәрілік препараттары:
Қайнатпа, «Аллантон», «Девять сил» сусыны
Өсімдіктердің дәрілік қасиеттерінің негізі
1. Алкалойдтар – азотты органикалық қосылыстар.Олар көбіне орталық нерв жүйесінің қызметіне әсер етеді.
2. Глюкозидтер – көмірсулар мен басқа органикалық затардан тұратын күрделі қосылыстар. Бұны көбіне жүрек ауруларына, іш жүргізетін, запыран айдайтын дәрі есебінде қолданылады.
3. Дәрумендер – адам организміне аса қажетті күрделі органикалық заттар.
4.Эфир майы – ұшпалы, сүйкімді органикалық қосылыс. Дәрілік мәні бар өсімдіктер қасиетіне қарай: қан тоқтатқыш, температураны төмендеткіш, тәбет ашушы, тері ауруларын жоюшы, нерв қызметін тынышталдырғыш болып бөлінеді. [3, 78 бет]


2.2.Дәрілік өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы
Ас – адамның арқауы. Адам баласының тіршілігі өсімдіктер дүниесімен тығыз байланысты. Тірі организмдер тұтынатын және қоректенетін азықтардың негізгі осы өсімдіктерден алынады. Өсімдік – адам үшін азықтық қайнар көзі.
«Өсімдік жақсы өссе – адамдардың да тіршілігі жақсармақ, өсімдік солып қалса, адамға да қатер төнгені», «Сенің денеңнің қуаты - өсімдіктің шырынында». Өсімдіктің емдік қасиеті адам баласына ертеден белгілі. Дәрілердің барлығы дерлік өсімдіктерден алынады. Әйгілі ғалым және дәрігер Ибн Сина былай деп жазды:
«Дәрігерде үш қару бар. Олар: сөз, өсімдік және пышақ». Бұл қағида осы күнге дейін өз күшінде. Дәрілік өсімдіктерді халық «өмір шөбі» деп атайды, сонымен бірге – «әр аурудың өз шөбі бар» дейді. Осы айтылғандардан-ақ емдік қасиеті бар өсімдіктерді халық өте ерте заманнан – ақ қолдана бастағанын аңғаруға болады.
Өсімдіктен алынған дәрілер жүрек-қантамыр, жүйке жүйелері, бүйрек, бауыр, асқазан, тыныс жолдары ауруларына қолданылады. Өсімдіктердің барлық мүшелерінің шипалық қасиеті бар. Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктерге күнделікті тұрмыста кездесіп жүрген: бақбақ, жолжелкен, итмұрын, мыңжапырақ, түймедақ т.б жатады. [9,23-бет]

Адам ағзасына әсер ететін дәрілік өсімдіктерді былайша топтастыруға болады.
Дәрілік өсімдіктер
№ Емдік топтары Түрлері
1. Жүрек-тамыр жүйесіне арналған долана, сасық шөп, қазоты, шүйін шөп (валериана), жалбыз
2. Жарақатты жазатын және тері ауруларына арналған Жалбыз, түймедақ, жөке, қалақай, қырықбуын, арша, жолжелкен, мыңжапырақ
3. Зәр айдайтындар қырықбуын, бидайық, арша, бақ-бақ, қайың, зығыр
4. Өтке арналған шашыратқы, қырықбуын, шайқурай, мыңжапырақ, итмұрын, бидайық, қалақай, жалбыз
5. Қақырық түсіретіндер емен, жөке, тал, өгейшөп, қызылмия, жолжелкен
6. Паразит құрттарды түсіретіндер дермене, сарымсақ


2.3 Жемістерде емдік қасиеттерді иеленеді.
Жеміс - жидектің, оның ішінде алманың денсаулыққа пайдасы мол. Ал оның қандай қасиеттері бар екендігін білесіңдер ме? Алманың құрамында А, С, В1, В2, Р, Е дәрумендері бар. А дәруменi - ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауру
ларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады.А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді. В1 дәруменi - организмде дұрыс зат алмасуы үшін аса қажет. Бұл дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту жүйесі бұзылады. Ағза В1 - ге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі ауруға шалдығуы мүмкін. В2 дәруменi - басқа да дәрумендер сияқты организмнің бірқалыпты өсуіне қажет. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді. Көздің жақсы көру қабілетін арттырады. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, ұшық шығады. Денеге түскен жарақат баяу жазылады. С дәруменi - ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәруменi жетіспегенде ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. С дәруменi ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет.Р дәруменi- жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа келтіреді. Е дәруменi - бұлшық еттердің қызметін жақсартады. Сондай – ақ алмада марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш бар. Бұлар ағзаға жеткілікті мөлшерде болса, ауырмайтын боласыңдар. Ойлау қабілеттерің де жақсы дамиды. Ал ең бастысы – алма темірге бай. Темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бактерия мен әртүрлі вирустардан сақтану үшін күніне бір алма жеу қажет.
Кәдімгіөрік(Armeniacaevulgaris,абрикос).
Сипаттамасы:
Биіктігі 3-10 метрге жететін ағаш. Діңгегінің диаметрі 25-30 см-ге жетеді. Жиі бұтақталған, бұтақтары жалаңаш. Жапырақтарының ұзындығы 6-9 см, жалаңаш, кең жұмыртқа және эллипс пішіндес, жиектері майда тісті, сағақтары қою қызыл түсті. Жапырақ жаймай тұрып гүлдейді. Гүлдерінің саны көп, ақ немесе қызғылт. Таралуы:
Жабайы түрде Орта Азияда, Солтүстік – Шығыс Қытайда, Дағыстанда кездеседі. Таулардың құрғақ, тастақ етектерінде тоғайланып өседі. Қазақстанның таулы
аудандарын теңіз деңгейінен 800-1900м биіктікте өседі. Іле Алатауы, Кіші Алматы өзенінің жағасында, Талғар, Түрен аймақтарында жиі кездеседі.
Дайындалуы:
Шайырлар өріктің діңгегінде, бұтақтарында ағып жиналды. Орта Азияда кейбір ағаштардан 0,5 кг-дан 1,5 кг-ға дейін жинап алуға болады. Қағаз бетіне жайып қойып,жақсы желдетілетін бөлмелерде кептіреді.Шикізаттың сапалық көрсеткіш
тері:Өрік шайырының кесектерінің үлкендігі әртүрлі болады, сыртқы формалары да әртүрлі: майдалары тамшы және сүңгі тәріздес, ірілері шар және жентек тәріздес болады. Жаңа жиналып алған шайыр ақшыл - сары түсті, мөлдір болады, ескікесектері.Сары–қоңыртүстіболады,мөлдірболмайды. [8,23-28 бет]





Қорытынды
Өсімдіктің табиғи байлықтары сарқылмайтын қазына емес, оларды орынды пайдаланып, қорғап отырғанда ғана ұзақ уақыт керекті заттарды алу мүмкіндігі туады. Адам баласы өзіне қажет болған қорек, ауа, киім, баспана, дәрі күнделікті өмірде пайдаланып жүрген ұсақ-түйек заттардың бәрін өсімдіктерден алатын болса, оны барынша аялап қорғай білу - әрбір адамның борышы.
Табиғат – адамзаттың материалдық және рухани талабын қанағаттандыратын байлықтың негізгі көзі, табиғи қорлар азайса, байлық та кемиді. Сондықтан бүгінде күн тәртібінде табиғат байлығын сақтау, қорғау, көбейту мәселесі тұр.
Өсімдіктер тіршіліктің тірегі әрі айналамызды қоршап тұрған табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, олардың табиғаттағы түрлерін азайтпай, қамқорлық жасап, молайту және қоршаған ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайынан жойылып кетуге жақын тұрған түрін сақтап қалуды қорғау.
Адамзаттың тіршілік етуі барысында өсімдіктер әлемінің алатын орны ерекше зор. Қазіргі медицинада қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайыздай бөлігі тап өсімдіктер дүниесінен жасалады екен. Қоршаған орта өскіндерінің адам ағзаларын жақсартуға осындай өлшеусіз көмегі барын біздің ата-бабаларымыз бағзы замандардан бері жақсы білген.Осы жүргізілген зерттеу жұмысымның
нәтижелері мен қорытындысына сүйене отырып,алға қойған мақсаттарымызғажетеміз.
Ұсыныс
1. Мектеп оқушыларына өз жерінің дәрілік өсімдіктерін таныту мақсатында жазғы демалыстарында мамандар мұғалімдер топсеруендер ұйымдастырса;
2. Мектеп қабырғасынан емдік қасиеттері бар бөлме өсімдіктерін арнайы өсіріп, баптап,зерттеп,күтетін бұрыш берілсе;
3. Тек дәрілік өсімдіктерді және олардың емдік қасиеттерін жарнамалайтын дәріханалар ашылса;
4. Дәрілік өсімдіктерге түрлі дәмдеуіштер қоса отырып, жас балалар іше алатын түрлі - түсті кәмпиттер секілді дәрілер жасалса;
Егеменді, тәуелсіз мемлекетте тұрып салауатты өмір салтын сақтай білейік!

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ә. Нұрмағамбетов. 1990, 111 «Қазақстан ұлттық энциклопедиясы» 23-бет.
2. Биология оқыту әдістемесі. 1998 ж. 75 бет
3. Биология. «Атамұра», 2002 ж. 78 бет
4. Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет
5. «Келешек ұрпаққа арналған қоршаған орта», «Алматы-2004» 48-53 беттер.
6. “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 – том 63бет
7. «Табиғатты аялайық», «Алматы-2003» 40-41 беттер
8. Шарманов айтқан шындықтар Денсаулық журналы № 10 Алматы , 2010жыл
23-28 беттер
9. Интернет желісі. /Yandex.kz; Google.kz/


.


Қосымша №1
Өсімдіктердің адам ағзасына тигізетін емдік қасиеттері

Қосымша № 2
Зерттеу , тәжірибе жұмыстары арқылы түсінгенім, білгенім.
loading...

Автор: Жаңабай Анар Ғалымқызы

Рудный қаласы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Бөлім: Оқушымен жұмыс | Қосты: Ернур | Ілмек сөздер: ғылыми жұмыс, Дәрілік өсімдіктер
Көрсетілім: 3755 | Жүктеулер: 809 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5926
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 45
Қонақтар: 45
Тіркелгендер: 0