Сайт учителя начальных классов
.
Мазмұны
1.Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
2.1. Балдың шығу тарихы жайында.
2.2. Балдың түрлері.
2.3. Балдың құрамы.
2.4. Балдың жасалу жолдары.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Біздің жобамыздың басты мақсаты- балдың пайдасын зерттеу, адамдардың оны қандай жағдайларда пайдаланатынымен кеңірек танысу.
Міндеттері:
• Балдың пайда болу тарихымен танысу;
• Балдың жасалу технологиясымен танысу;
• Балдың құрамын оқып-білу;
• Балдың түрлерін анықтап білу;
• Балдың қалай және қай жерде қолданылатынын оқып-білу.
Зерттеу нысаны- адам
Зерттеу заты- бал
Зерттеудің өзектілігі- біз балды күнделікті өмірде жиі қолданылғанымен,оның көптеген пайдасын,өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз.
Зерттеудің болжамы-егер біз бал жайлы көбірек оқып білсек, онда балдың көптеген сырларын ашар едік.
Зерттеу әдістері
- ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;
- бақылау;
-зерттелген нәтижеге талдау жүргізу.


І. Кіріспе
Мен табиғатымнан жиі ауыратын баламын. Ауырған кезде анамның емдік шарала-рының бірі-балды қолданады.Анам балды сүтке қосып ішкізеді. Осындай кезде ма-ған мынадай ой келді: « Бал деп нені айтады ? Оның тарихы қайдан бастау алады ? Аралар оны қалай жасайды ? »
Менің ойымша бал - бұл тәтті тағам деп есептеймін.
Осы сұрақтарға жауап іздеп ең алдымен энциклопедияны ақтарып, мынадай анық-тама таптым:
« Бал- жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын өнімі – қоймалжың, тәтті сұйық зат.»
Осы анықтаманы тереңірек түсіну үшін, сұраққа нақты жауап алу үшін біз осы тақырыпта ғылыми жоба жазуға бекіндік.

ІІ. Негізгі бөлім:
2.1.Балдың шығу тарихы
Археологтардың зерттеуіне сүйенсек, аралар алғашқы адамдардың пайда болуына дейін 56 миллион жыл бұрын пайда болған дейді.
Ежелгі мәдени ескерткіштердің сақталу негізінде алғашқы адамдар балды тәтті, нәрлі өнім ретінде қолданған екен. Испания мемлекетінің Валенсия мекенінде
табылған ежелгі ескерткіште адамның балды алып жатқаны бейнеленген.Адамның балды аралар арасынан алып жатқан таңбасы тастарда бейнеленіп, сақталған екен.
Балдың ғажайып қасиетін алғашқы адамдар да өте бағалаған.Барлық уақытта әр халық оны емдік мақсатпен қолданған. Египет папирустарында 3000 жыл бұрын ау-руды емдеу,аурудың алдын алу мақсатымен қолданылған деген жазбалар сақталған.
Ежелгі қытай және үнді жазбаларында да балдың ғажайып,ең керемет қасиеттерге ие екендігін көрсеткен.Үнді құдайы Вишну лотос гүлінде қонып отырған бал арасы бейнесінде бейнеленген екен.Ежелгі үндістер,бал адамға зор ғанибет сыйлап, ден-саулығын нығайтып, жастықты сақтайды деп санаған.
Ежелгі Грецияда бал «жастықтың сусыны» деп,табиғаттың керемет сыйы деп есептеген.Олар құдайға құрбандыққа бал жағылған жемістерді қойған,бұл құдайға мәңгілік өмір береді деп сенген.
Ұлы грек математигі Пифагор,өзінің ұзақ жасауының себебі осы балды жиі қол-данғандықтан деген.Сол сияқты белгілі ойшыл,философ Демокрит те,өзінің 100 жа-сауының,денсаулығының мықтылығы балды пайдаланудан деп айтқан.
Ресейде бал жайлы 945 жылдың Лаврентьев жазбаларында айтылған екен.Бірақ тағам түрінде емес,сусын ретінде көрсетілген.
Осыдан бір жарым ғасыр бұрын Өскеменнің іргесіне алғашқы араларды әкеліп,
қолға ұстай бастаған.Сол себепті Шығыс Қазақстан облысы Орталық Азия айма-ғында омарта шаруашылығының отаны саналады.Елімізде өндірілетін балдың 80 пайызға жуығы Шығыс Қазақстанның үлесінде.
Бал арасы өмір бойы бір шай қасығының 12 де бірін ғана өндіреді!
Еңбекқорлығымен танымал бал аралары, бал өндіру кезіндегі жүріп өткен шақырымдар, бір-бірімен байланыс қабілеттері, қорғану жүйелері, өзара көмекшіл ерекшеліктерімен назар тартады. Бал аралары «аналық ара», «жұмысшы ара», «еркек ара» болып, бір-бірлерінің міндеттерін істей алмайтын үш түрден құралады.
42 күн өмір сүретін жұмысшы аралар, алғашқы 21 күн бойы ара ұяларының ішінде қызметші ара ретінде тазалық жасайды, аналық ара мен бала аралардың қоректенуі, ара сүтінің бөлінуін, балдың пісіп жетілуін, ара ұясын жасау және ара ұясына күзетшілік сияқты міндеттерді атқарады. Ал қалған 21 күн ішінде сыртқы қызметші ара ретінде нектар, гүл тозаңы, су және балауыздарды (прополис) жинайды.
Аралардың кейбір түрлері 5-7 жыл өмір сүре алады. Ұзақ өмір сүретіндер ұясында ара сүтімен азықтанады.

2.2.Балдың түрлері

Өсімдіктің бір түрінен жиналған бал «бір шырынды», ал бірнеше өсімдік түрінен жиналған бал «көп шырынды» деп аталады. Оны өсімдіктің түріне қарай атайды. Қазақстанда әр ұядан орта есеппен жылына 15 кг-ға дейін, жекелеген тәжірибелі бал ара өсірушілер 180 кг-ға дейін бал жинайды екен.
Ара балының бөлінуі
Негізінен, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырын-ды бал – тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің тү-ріне қарай – қара-құмық балы, жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды.
Көп шырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.
Табиғи балдың түрлері
Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады.
Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағдайында анық-тауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды аралас-тырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол –балдың құрамында крах-малдың бар екендігінің айғағы.
Гүлдейтін қаншама өсімдіктер бар болса, соншама балдың түрлері бар.

2.3. Балдың құрамы

Балдың құрамы мен қуаты
Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.
Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахороза, мальтоза, т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сон-дай-ақ, химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тәрізді қышқылдар да болады Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық қасиеттері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 кал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.

2.4. Балдың емдік қасиеттері
1. Ара желімімен ұшықты емдейді
Ауыз маңына шыққан ұшыққа ара желімі майын жағу арқылы емдейді.Ондай майды дайындау үшін 100 г сары майды ерітіп, оған 15 г ара желімін араластырады. Қоспаны сүзіп,күніне 3 рет 1 шәй қасықтан сүтпен ішеді.
2. Өкпе ауруын емдеу
Сүйек туберкулезіне 0,1 г мумиені жарты шәй қасық балмен араластырып, күніне бір рет таңертең аш қарынға сумен ішеді. Бір емдеу мерзімі 20 күн
3. Қорылға ем.
1 қырыққабаттың қабығын еттартқыштан өткізіп 1 шәй қасық балмен араластырады. Емдік қоспаны күнде ұйықтар алдында 1 шәй қасықтан ішеді.Бір ай емделген соң қорылдан толықтай айығуға болады.
4. Қатты жөтел.
Қатты жөтел пайда болған кезде 500 г пиязды,50 г ара балын және 400 г қантты 1 литр суға салып, жақсылап араластырып, 3 сағатқа жуық жәйлап қайнатады. Болғаннан кейін қайнатпаны салқындатып, шыны шөлмекке құйып аласыз.Мұны күніне төрт-бес рет бір ас қасықтан ішу керек.
5. Буын сырқырағанда
Жарты стакан шырғанақ майын жылытып, оған 1 ас қасық теңіз тұзы мен 2 ас қасық бал қосып, баяу отта араластырады.
Ұйықтар алдында ауырған жерге дайын мазьді жағып,сыртынан қырыққабат жапырағын тартып, полиэтиленмен және түбіт орамалмен орайды.
6.Іш қатуды қытайша емдеу
1 стақан қайнаған сиыр сүтіне 50 г ара балын қосып, салқындатады.Тамақ ішер алдында ішеді
3. Қорытынды
Таңғы астарымызда тәтті бәліштерге, тіпті сусындарымызға дейін қосып көптеген салаларда пайдаланып жүрген балымыз, сонымен қатар «барлық дертке дауа» болып келетін денсаулықтың негізі. Балда шипа бар. 70 пайғамбар алейһимуссалам балға берекесімен дұға еткен. Бір хадис шәрифте бал жайында: «Өлімнен басқа барлық дертке дауа» делінген. Мыңдаған жылдар бойы адамдар әрі тағам, әрі ем ретінде пайдаланған. Тарихта жараларды және асқазан ауруларын емдеу жолында да пайдаланылған. Витамин және минералға өте бай болған балда, әсіресе A, B1, B2, B6, H ve PP витаминдерімен бірге кальций, магний, натрий, йод, ферум, калий сияқты минералдар мол мөлшерде кездеседі. Бұдан басқа құрамындағы 12 түрлі фермент, әр түрлі ауруларды емдеуде пайдасы бар.
Адамдар да бал және ара сүтімен азықтанса, қатерлі ісіктен бастап көптеген ауруларға қарсы иммунитет жүйесін күшейтеді.
Ара сүті иммунитет жүйесін күшейтеді. Оның құрамында А,D6, E6, K6, H және В дәрумендері бар. Құрамында HDA-10 деп аталатын зат алмасуды күшейтетін ферменттер бар. Араның сүтінде 22 түрлі амино қышқылы бар. Балалардың сүйектерінің дамуы үшін және жақсы өмір сүру үшін қажет. Қатерлі ісіктен қорғайды және жүрек-қан тамырларын қуаттандырады. Тамыр бітелуі және қатаюының алдын алады және қан қысымын түсіреді.
Ара сүті есте сақтау қабілетін арттырады және ұмытшақтықты кетіреді. Альцгеймер ауруына қарсы жақсы әсер етеді. Қанның құрамындағы шекер деңгейін түсіреді және реттейді. Жасушаларды жаңалайды және тері ауруларына жақсы әсер етеді. Балалардың ми дамуына көмектеседі. Ас қорыту жүйесін ретке келтіріп, астың сіңуін жеңілдетеді. Аллергияның алдын алады.
Ара сүтінің антибактериялық қасиеті бар. Ұйқысыздықты қалпына келтіреді. Холестериннің деңгейін түсіріп, қалпына келтіреді. Бұлшық еттердің жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі. Химия терапиядан зиян көрген жерлерді емдейді.
Ұсыныс:
1.Балдың емдік қасиеті туралы мектеп пәндеріне енгізілсін
2. Таза балды айыра білуге арналған кеңестер газет-журналдарда көптеп жазылсын
4. Пайдаланылған әдебиеттер
1.Пайдалы кеңестер. 12/2011 25-бет
2. Пайдалы кеңестер. 10/2013 25-бет
3.Ем болсын. №2 (04) 14-бет
4. Пайдалы кеңестер. 01/2012 24-бет
5. Пайдалы кеңестер. 04/2010 26-бет

ID: 2209 | Просмотров: 3484