Оқушымен жұмыс

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Оқушымен жұмыс

«Қазақ хандығы – тәуелсіз Қазақстанның негізі» Танымдық шара
[ Сайттан жүктеу (4.36Mb) ] 08.11.2015, 14:01

Материалдың жеке номері 2045

«Қазақ хандығы – тәуелсіз Қазақстанның негізі» Танымдық шара

загрузка...
Мақсаты: Оқушылардың қазақ хандығының құрылу тарихы туралы білімдерін тереңдету, тарихи-танымдық қабілеттерін өз бетінше ізденуге баулу, тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуының негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге үйрету, оқушылардың ойлау, сөйлеу, қазақ хандары туралы деректерді есте сақтау қабілетін дамыту, ұлттық рухқа, ұлтжандылыққа отансүйгіштікке, саяси сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сыныптан тыс шараның түрі: интеллектуалдық сайыс
Күтілетін нәтиже: Қазақ елінің тарихын терең білу, тарихи тұлғаларды үлгі тұту, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосу, өмірде қолдана білу, өмірде қолдана білу.
Көрнекілігі: интерактивті тақтаға көрсететін слайд, үлестірмелі қима қағаздар, суреттер
Сайыстың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Сайыс кезеңдері:
Жүргізуші:
Ақиық дүниені алаңдаттың,
Толғанып сол бір дәуір Далам жаттың
Жиырма бірінші ғасырдан сәлем саған,
Он бесінші ғасыры Адамзаттың!

Елім-халқым осы бір күнін күткен,
Күй шалқиды балбырап буын біткен,
Он бесінші ғасырға бас иемін,
Қазақ деген хандықтың туын тіккен!
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуы Қазақстан тарихының маңызды кезеңі болды. Тарихи мыңжылдықтармен есептелетін біздің жеріміздегі бұл кезең ұзақ саналмағанымен, орын алған оқиғалардың желісі өте күрделі болғаны белгілі. Қазақ жеріндегі құрылымдар жақын көршілеріне ғана емес, әлемдік өркениетке де өзінің ықпалын тигізді. Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай 9-сыныптар арасында өткелі отырған «Қазақ хандығы – тәуелсіз Қазақстанның негізі» деген тақырыптағы сайысымызды бастаймыз.
Әнұран орындалады
– топты таныстыру
Жүргізуші:
Гүлденіп көк орайлы жасыл бағым,
Жадырап ата берді асыл таңым,
Хандық құрған қазаққа жарты ғасыр,
Қазақ жерін кеңейткен Қасым ханым.
Жебе тартса аспаннан асқан оғы,
Түгенделіп өмірде басқа жоғы.
Осылайша өмірге келген еді,
Ежелгі ҚАСЫМ ХАННЫҢ ҚАСҚА ЖОЛЫ
Ортадаға 9 Г сыныбы оқушыларын шақырамыз.
ҚАСЫМ ХАН ТОБЫ
Бастағандай барша бұл түрік елді,
Қазақтың хандығының үніне енді,
Тарихқа ӘЗ ТӘУКЕ ХАН атыменен,
Хан болып Жәңгір ханның ұлы келді.
Бақ қонар қасиетті халқым да асыл,
Әз Тәуке ханмен бірге орнағанды,
Бұл қазақ хандығына «Алтын ғасыр» ортада ТӘУКЕ ХАН ТОБЫ 9 а сынып оқушылары
Мемлекет қайраткері, Кіші жүз ханы, жоңғар басқыншыларына тойтарыс беруді ұйымдастыруда шешуші роль атқарған ӘБІЛХАЙЫР ХАН ТОБЫ 9 «Б» сыныбын ортаға шақырамыз
Тәңір берген патшаны тағы да айтам,
Бақ қонған құдай берген бағын айтам,
Он жетінші ғасырдан аса беріп,
Үш жүздің ханы болды – Абылай хан!
Оза шабар бәйгеге салған елі,
Тұлпарлар тұяғы отпен жанған еді,
Мұсылман елдерінің басын қосу-
Абылай, Ер Абылай арманы еді! Ортаға 9 «В» сынып оқушыларын шақырамыз
АБЫЛАЙ ХАН ТОБЫ
Жедел жауап:
Әр хан ауылына арналған конверт ішінде сұрақтар болады, конвертті ашып, жедел жауап беру керек.
Абылай хан тобы:
Абылай ханның әкесі (Уәли)
Абылай хан дамытуды қолдаған шаруашылық саласы: (Егіншілік)
Абылай тұсында хан билігіне енгізілген өзгеріс (билер кеңесі)
Абылай хан жерленген қала: (Түркістан)
Жекпе-жек ұрыста Абылайдың қолынан қаза тапқан жоңғардың атақты
батыры кім? (Шарыш)
Қасым хан тобы:
1.Қасым хан тұсында Қазақ хандығының астаналары болған қалалар (Сығанақ , Түркістан).
2..ХVІ ғ бас кезінде Қазақ хандығының Сыр бойына билік жүргізуіне бөгет жасаған хан (Мұхаммед Шайбани).
3..Орыс деректерінде Қасым ханның 1521 ж қаза тапқаны туралы
айтылған қала( Сарайшық)
4..Қасым ханның кезінде Қазақ мемлекетінің халқының саны қаншаға жетті? (1 млн)
5. Қасыым ханның атты әскерінің саны қанша? (3 000)
Тәуке хан тобы:
Тәуке хан өз билігін күшейту мақсатында кімдерге арқа сүйеді(Билер кеңесі))
Тәуке ханның ел билеген жылдары? (1680 – 1715 жж)
Тәуке ханның тұсында жасалған заң жинағы (Жеті жарғы)
Жеті Жарғы заңдар жинаған жасауға қатысқан билер кімдер? Төле, Қазбек, Әйтеке).
Жеті Жарғы заңдар жинағының негізі осы хандардың заңдар жобасы негізінде алынды? Қасым , Есім)
Әбілхайыр хан тобы:
1730 ж Аңырақай шайқасына басшылық жасаған кім? (Әбілхайыр)
Әбілхайыр хан Ресейге қай жылы ант берді? (1731 жылы)
Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауы мен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жасаған елшілер кімдер? (Қойдағұлұлы және Қоштайұлы)
Болат хан өлгеннен кейін , аға хандыққа таласқан хандар кімдер? (Әбілхайыр мен Сәмеке).
Әбілхайыр хан кімнің қолынан қаза тапты? (1748 ж 1 тамызда Барақ сұлтанның).
Тапқыр болсаң тауып көр.
1 . Қазақ хандығының халықаралық жағдайын нығайтуға үлес қосқан 1538-1580 жылдары қазақ хандығын билеген Қасым ханы ұлы. Ол Батыстағы Ноғай Ордасымен, Оңтүстігінде Орта Азия халықтарымен, Солтүстігінде Сібір хандығымен, іргелес жатқан Шайбани әулетімен сенімге негізделген қарым- қатынас орнатуға қол жеткізді. Ол елін сыртқы жаудың шабуылынан сақтауға, халқының бірлігін нығайтуға бар өмірін арнаған хан ол кім?(Хақназар хан)

2. «Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуға көшіп келуі 1465-1466 жылдары болды сұлтандар Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, Қозы басында Қазақ хандығын құрды бұл кімнің сөзі? (Мұхаммед Хайдар Дулати).

3. “Абылай – аңызға айналған тұлға. Бірақ, біз ата тарихының бар шындығын ашу үшін, сол аңыздан ақиқатты ажыратып алуымыз керек және оны өткеннен сабақ, тарихтан тағылым алу үшін жасауымыз керек... Нұрсұлтан Назарбаев

4.Абылай ханның ұлдарының бірі , патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлердің дербестігін сақтау, қазақ жерін бекіністерімен жаңа округтік билеу арқылы жан – жақты отарлауды тоқтату үшін 1837-1847 жылдары көтеріліске шыққан бұл кім? (Кенесары Қасымұлы)
Білімді мыңды жығар (Топ басшыларының сайысы)
І топ
Қазақ хандығының негізін салушылар (Жәнібек пен Керей)
Ресей елшілері Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков Қазақ хандығында болып қайтты? (Хақназар ханның кезінде)
17 ғасырда Тұрсын ханды қолдағаны үшін Есім хан қатаң жазалаған ру (Қатаған)
Ғажайып ерліктері үшін Жәңгір ханға халықтың берген атауы (Салқам Жәңгір)
Күлтөбеде үш жүздің басын қосқан құрылтай шақырылып отырды (Тәуке хан)
Қазақ хандығындағы хан сайланудың басты шарты (Шыңғыс ұрпағы болуы)
16 ғасырдың соңындағы Қазақ хандығының астанасына айналған қала (Түркістан)
ІІ топ
1. Қазақ хандығындағы жоғарғы билік кімнің қолында болды? (ханның)
2. 1643 жылы Орбұлақ шайқасында 50 мың жоңғарға қарсы 600 сарбазбен тойтарыс берген хан? (Жәңгір хан)
3. Хақназар хан кімнің қолынан қаза тапты? (Баба сұлтан)
4. «Жеті жарғы » заңдар жинағы бойынша ер адамның құны? (1000 қой)
5. «Тәукенің атын атаса-ақ, бар қазақтың жүрегін алғыс кернеп, мақтаныш билейді, Қазақ ордасының Ликургы, Драконты – сол адам»,- деген сөздің авторы кім?
6. Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасында салынған кесене? (Алаша хан кесенесі)
7. Керей мен Жәнібек бөлініп кеткен хандық (Көшпелі өзбектер мемлекеті)
ІІІ топ
Ресейдің саудасын дамытуда Қазақстанды «кілт пен қақпа»,-деп атаған Ресей патшасы (І Петр)
Абылай ханның азан шақырып қойған есімі (Әбілмансұр)
Кіші жүздің соңғы ханы кім? (Шерғазы)
Қазақ хандығының «алтын ғасыры» кезеңі кімнің тұсында болды? (Тәуке)
Бөкей ордасының бірінші ханы (Бөкей)
Керей мен Жәнібек хандардың Өзбек хандығынан бөлініп көшу себептері тұңғыш рет айтылатын еңбек (Тарихи-Рашиди)
Қазақ хандығындағы тақ мұрагерлері (сұлтандар)
ІV топ
Қазақтың ханын сайлауға барлық рудан кімдер қатысты? (Атақты, сыйлы шонжарлар)
Ханталапай дегеніміз не? (Ханды сайлағанда малын бөлісіп алу)
Қадырғали Жалайыри «Жылнамалар жинағы» еңбегін тарту еткен орыс патшасы (Борис Годунов)
Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен дарынды жырау (Бұқар жырау)
16 ғасырдың бас кезінде қазақ хандығын билеген Жәнібек ханның ұлы (Қасым хан)
Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты (Сабалақ)
Керей мен Жәнібек ханды қолдаған Моғолстан ханы (Есен бұға)
Топтарға тапсырма:
«Бес жол өлең»
«Егер мен хан болсам»(эссе)
«Сен болашақ Қазақстанды қалай елестетесің»
«Егер мен Президент болсам»
Жүргізуші:
Секілді өзі барыс, өзі арыстан,
Дем беріп тағдыр деген ғажап ұстам,
Көгінде көк байрағы желбіреген,
Еңселі ел бүгіндері Қазақстан
Бар әлем мойындаған парасатын,
Алдында асулары бар асатын,
Нұр дидар Нұрекемдей ер бастаған,
Бүгінде елміз әлем санасатын.
Жалаудай желбіреген асқардағы,
Тәуелсіз ел болу басты арманы,
Кеудемізге қуаныштан жас тамды,
Тәуелсіздік ашты көкті, аспанды,
Хандық дәуір аяқталып елімізде ,
НАРТӘУЕКЕЛ! ЖАҢА ДӘУІР, ЖАҢА ДӘУІР БАСТАЛДЫ!
Осымен 9 сыныптар арасында өткен «Қазақ хандығы – тәуелсіз Қазақстанның негізі» атты сайысты қорытындылау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Қорытындылау.
loading...

Автор: Қойшекен Светлана

Атырау облысы Исатай облысы Аққыстау орта мектебі

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Оқушымен жұмыс | Қосты: skoysheken | Ілмек сөздер: Жақсығұлқызы
Көрсетілім: 1293 | Жүктеулер: 482 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 2
Қонақтар: 2
Тіркелгендер: 0