Қозғау белгілері, атқаратын қызметі
Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 1320 | Просмотров: 2783 | Размер: 1.41 Mb | Автор: сакуова_гульмираОқытушы: Сакуова Г.
Топ: 1 сынып
Тақырыбы: Қозғау белгілері, аталуы, атқаратын қызметі.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Әуен көптеген дыбыстардан тұрғандықтан, дыбыстарды, олардың қасиеттерін қарастыру, орналастырып санай білу.
2. Тәрбиелік мақсаты: Ән айтудың қарапайым түріне және қимыл әдістеріне үйрете беру, бұл істе музыкалық шығармалардың табиғи және әсерлі орындалуын қадағалау керек.
3. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың , ырғақтық қабілетін, санау және жаза білу қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі:
Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Түсіндіру, сұрақ-жауап, түрлі еске сақтау қабілетін дамытушы ойындар.
Көрнекілік құралдары:
Күйсандық, слайдтар, үлестірілетін материалдар, схемалары бар жеке үлестірілетін буклеттер.
Пәнаралық байланыс:
Гармония, педагогика, математика, физика.
Сабақ барысы:
1. Амандасу. Сабаққа бейімдеу. 2 мин
2. Дауыс ашу жаттығуларын жасау. 7 мин
3. Үй тапсырмасын сұрау. 10 мин
4. Өткенді қайталау. 10 мин
5. Жаңа материалды түсіндіру. 20 мин
6. Ырғақтық диктант. 10 мин
7. Жаңа сабақты бекіту. 5 мин
8. Сабақты қорытындылау. 4 мин
9. Үй тапсырмасын беру. 2 мин
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды амандасып отырғызу, оқу құралдарын дайындау.
Дауыс ашу жаттығулары:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
До мажор тональдігі.
Тұрақты тұрақсы дыбыстарды айту.
I II III IV V VI VII I
I. III. V – ДЫБЫСТАР ТҰРАҚТЫ
II. IV. VI. VII – ТҰРАҚСЫЗ
Өткенді қайталау.
Карточкалар пайдалану..
Ребустар шешу..
Жұмбақтар шешу...
ID: 1110 | Просмотров: 2783