Музыкадан ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Музыкадан ашық сабақтар

: Көне аспаптар сыр шертеді- қобыз және скрипка
[ Сайттан жүктеу (17.6Kb) ] 27.03.2015, 19:46

Материалдың жеке номері 1004

: Көне аспаптар сыр шертеді- қобыз және скрипка

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Көне аспаптар сыр шертеді- қобыз және скрипка
Сабақтың мақсаты:Ән айтып күйді тыңдау барысында музыканың қыр-сырын түсінуге үйрету.музыкалық шығарманы талдауда, музыкалық бейнені сипаттауда өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабақтың міндеті:
1. Ән айту дағдыларын сақтауғ үйрету.
2. Есту, есте сақтау қабілетін жетілдіру.
3. Туған жерге, елге, табиғатқа сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың барысы: Кіріспе әңгіме.
Қобыз және скрипка
Жұмбақ
Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды,
Азынаса көмейінде мал жылайды.
Құйрығын қара жерге тіреп алып,
Келеді баяғының әнін салып.
Қобыз –ішекті, ыспалы музыкалық аспап.Қобызды ысқышпен ысып әуен шығарады. Қобыз орындайтын адамды қобызшы деп атайды.
Қобыз қазақ халқы қасиетті деп есептейді. Бақсы-балгерлер қобызбен науқас адамды емдеген.
Қобыз-қоңыр үнді, дыбыс ыңыранып, күңіреніп шығады.
Қобыз аспабын ойлап тауып, қазақ даласын күңіренткен адам- Қорқыт ата.

Қорқыт атадан кейін қобызды адамша сөйлеткен күйші Ықылас Дүкенұлы (1843-1916) болды. Ол қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туып-өскен. Кылқобызда аса шебер ойнаған.Оның әкесі де, атасы да қобызшы болған.
Ықыластың күйлері: «Кертолғау», «Жезкиік», «Айрауық», т.б.
Музыка тыңдау: «Қобызым» Б.Әлімжан .Скрипка аспабында орындалған музыкалық шығарма тыңдау. Ықыластың күйі «Жезкиік».Қорқыттың күйі «Қоңыр».
Скрипка-ыспалы, ішекті аспап.
Ағаштан жасалып, төрт ішек тағылған.Аттың қылынан жасалған ысқышпен ішекті ысу арқылы ашық, нәзік дыбыстар шығарылады.
Скрипка қазақ арасына 19-ғасырдың аяғында тарай бастады. Скрипка аспапбының дыбысы нәзік, әуезді.дыбыс ерекшелігіне қарай скрипканы «музыка ханшасы» деп атап кеткен.
Скрипка аспабы жайлы мынандай аңыз бар.Далада жалғыз қалған жігітті жан-жақтан аш қасқырлар қоршап алады.қалай құтыларын білмей сасқан скрипкашы қолындағы аспабын тарта бастайды.Сол кезде аспатан шыққан дыбыс қасқырлардың тілін тапқандай, олар тып-тыныш бола қалады.Айнала мүлгіп, музыка үніне елтиді.Скрипка үнімен қасқырлар келген жақтарына кете барады.Осылайша аш қасқырдың қоршауынан музыкант жігіті скрипка құтқарып қалған деседі.
Сергіту сәті: «Биле, биле»
Домбыраның күйіне
Қане биле, балақан.
Қосылайық биіңе,
Шапалақтап алақан.
Биле талдай бұралып,
Қанатың қақ қаз болып.
Өнеріңе қуанып,
Қол соқсын ел мәз болып.
Ойын арқылы домбыра, қобыз, дауылпаз аспаптарының үні, орындау қимылы еске түсіріледі.
Сұрақ-жауап:
• Күй ырғақтарын салыстыр.
• Қобыз және скрипка аспаптарынң қандай ұқсастықтары және айырмашылықтары бар?
• «Жезкиік» күйінің жылдамдығы қандай?
• Күйдің көңіл күйін ажырату.
• Күйдің әуені мен суреттегі киіктің бейнесін салыстыр.
• Киіктің суретін сал.
• Күйдің мазмұнын есіңе түсір.

Ысқышпен ойналатын ішекті аспаптарды-ыспалы ішекті аспаптар деп атайды.
Ән үйрену: «Қобыз» әні балалардың үйренуіне жеңіл, ән әуенінің қозғалысы дауыс диапазонына ыңғайлы, шаттана, көңілді орындалатын ән.
Ән үйренбес бұрын ән айту дағдыларын еске түсіріп, одан әрі бекітеміз. Денені тік, еркін ұстау, орындықтың шетіне түзу отырудың бала омырқасының дұрыс дамуына әсері зор.
Әнді оқушыларға таныстыру.
Әсерлі орындап шығу.
Сөздерін, мазмұнын талдау.
Әндік жаттығулар.
Қорытынды: «Жеті ғажайып бақ» ойыны.
Ойын мақсаты: Сұрақтарға дұрыс жауап беру.
Ойын шарты: Кестедегі санды тауып, сол санның сұрағына жауап беру.
1 2 3
7
4 5 6
Бағалау:
loading...

Автор: Сауле

Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Музыкадан ашық сабақтар | Қосты: Хасенова_Маншук | Ілмек сөздер: Музыка
Көрсетілім: 1395 | Жүктеулер: 679 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5901
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 25
Қонақтар: 25
Тіркелгендер: 0