Сайт учителя начальных классов
.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: «Қуыршақтар қонаққа келді»
Мақсаты: Балаларға тілде көп, аз, теңдей, сонша сөздерін пайдаланып, екі заттар тобының арасында теңсіздік пен теңдікті орната білуін үйретуді жалғастыру. Кеңістікте бағдарлау (оң,сол) біліктерін дамыту. Заттың түсі, пішіні және көлеміне арналған «Дәл соны тап та, себетке сал» жаттығу ойыны. Уақыт бөліктерін ажырата білуді бекіту.
Көрнекілік: қуыршақтар, геометриялық пішіндер, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: теңдей, сонша.
1.Кіріспе:
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын шапақ таратты.
Қайырлы таң, апайлар!
Қайырлы таң, балалар!

Өткен сабақты еске түсіру мақсатында балаларға алдында, артында кімдер немесе нелер бар екенін анықтату.
II. Негізгі бөлім.
Ғажайып сәт:
Айгерім мен Динара қуыршақ қонаққа келеді.
Қуыршақтарды салыстыру. (киімдерінің түстерін, шаштарын, бойларын)
−Балалар қонақтар келгенде оларды қалай күтеміз?
−Дұрыс, дастархан жаямыз,тәтті тағамдар береміз. Ендеше балалар, қонақтарымызға кәмпит берейік.
−Балалар қараңдаршы, Айгерімнің кәмпиттері Динараның кәмпиттерінен аз ба көп пе?
−Егер біреуіне аз, біреуіне көп кәмпит берсек қонақтарымыз ренжіп қалады ғой. Ендеше балалар оларға кәмпиттерді теңдей етіп бөліп беруді үйренейік.
Балалар бүгінгі сабақта «теңдей», «сонша» ұғымдарымен танысамыз.
Балаларға бірнеше заттарды бірдей етіп бөлуге үйрете отырып, түсіндіру.

ID: 1227 | Просмотров: 3810