Мектептен тыс мекемелер

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Мектептен тыс мекемелер

Күзгі бақта
[ Сайттан жүктеу (319.8Kb) ] 01.10.2015, 08:55

Материалдың жеке номері 1837

Күзгі бақта

загрузка...
Тақырыбы: «Күзгі бақта»
Білім саласы: «Таным», «Денсаулық», «Шығармашылық», «Қатынас».
Білім бөлімі: Айналамен танысу, жапсыру, қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру, дене тәрбиесі.
Мақсаты: балаларға күз мезгілінің ерекшеліктерін бақылай отырып, түсініктерін кеңейту, табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, өлеңдерді көркем әдеби тілде мәнерлеп айтқызу. Балаларды ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамытып, жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру.
Көрнекілігі: Жыл мезгілдерінің суреті, жеміс-жидектер, көкөністер. Күзге арналған нақыл сөздер, түрлі жапырақтар, шарлар ілінген.
Тәрбиеші: Күз халқымның ежелден берекесі,
Жерде гой адамзаттың несібесі.
Тойлаймыз бізде бүгін күз мерамын,
Алтын күз құтты болсын мейрамын,
Бүгін біздің топқа бірқатар келіпті. Кәнекей барлығымыз қонақтармен амандасайықшы.
Мотивациялық қызығушылығын арттыру.
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері:
Кел балалар ортаға,
Үлкен шеңбер құрайық.
Қайырлы таң, Көк-аспан,
Қайырлы таң, Жер-Ана.
Қайырлы таң қонақтар,
Қайырлы таң достарым.
Балалар мына менің қолымдағы күнді сендерге сыйлаймын. Күндей күліп, жайнап жадырап, жүре беріңдер.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
Музыка ырғағымен Алдар көсе кіреді. Сәлеметсізбе Алдар ата!. Сәлеметсіздерме балалар. Біздің балалар өте ақылды, білімді. Алдар ата бізге қонаққа келген екенсіз ендеше бізідің балаларымыздың білімін көріңіз. Ал, балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді бастаймыз. Балар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әркетіміздің тақырыбы «Күзгі бақта»
-Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар?
-Төртеу.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі.
-Күз мезгілінің неше ай бар?
-Күз мезгілінде үш ай бар.
-Ендеше балалар, күздің үш айын атап беріңдерші?
-Қырқүйек, Қазан, Қараша.

Тыныштық сәті:
Өрік,алма, шие, алша,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын қарбыз, қияр, сәбіз,
Дүкендерге түседі.
Астық пісіп, ортақ түсіп,
Бөбектерім! Айтыңдаршы!
Бұл қай кезде болады.
(Күз мезгілінде)
Өте тамаша! Балалар, сендер күз мезгілі туралы біледі екенсіңдер.
-Балалар барлығымыз жан-жағымызға қарайықшы біз қай жерде тұрамыз?
-Күзгі бақта
-Дұрыс айтасыңдар!
Тәрбиеші: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаныма , тоңғаныма,
Жылқы ойнап,бие қашқан тай жарысқан-деп Абай атамыз айтқандай осы күз мерекесіне арналған қандай тақпақтар білесіңдер?
Арын: Құстар қайтты,күз болып,
Сұр бұлт жапты аспанды.
Жапырақ түсіп, гул солып,
Қыс ызғары басталды.
Нұрай: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденген халқымыз.
Абылай: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді. М.Сабина: Ой, алақа тамаша,
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша,
Аунарма еді жатып ап.
Мұхамедияр: Алтын, сары жасыл,көк.
Алуан алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Шерхан: Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар білгендей.
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып ұлгермей.
Айдархан: Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гулдей жүріңдер.
Келіңдер күз тойын тойлайық,
Би билейік ойнайық.
Сания: Құстар қайтып күз болып,
Сұр бұлт жапты аспанды
Жапырақ түсіп күз болып
Қыс ызғары басталды.
Абрам: Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Сергіту сәті:
Жел үрлейді у-у-у
Құйын кетіп бейлейді зу-зу-зу
Қатты-қатты жел соқты гу-гу-гу
Жапырақтар қол соқты ду-ду-ду
Тәрбиеші: балалар күз мезгілінде тағы қандай құбылыстар өзгерістер болады?
-Күн салқындайды.
-Жаңбыр жауады.
-Жемістер-көкөністер, дәнді дақылдар піседі.
-Дұрыс айтасыңдар, күзде тынымсыз жұмыс басталады. Егін ору, бау-бақшада жеміс-жидектер мен көкөністерді жинау басталады.
Ойын: Көкөністер мен жемістерді өз себеттерінешатастырмай жеке-жеке себетке салу.
Күзгі бақта күз байлығы көп екен.
Алмалды жинау: 10 алманы жинап алып тура және кері санау.
Балалар еңбек туралы мақал-мәтелдер білесіңдер?
1 бала: Еңбек етсең ерінбей,
Тойады қарның тіленбей.
2 бала: Еңбексіз өмір жоқ,
Ауырсыз жеңіл жоқ.
3 бала: Еңбек барлығын жеңбек.
Балалар енді сендерге жұмбақ жасырайын, сендер жауабын тауып көріңдерші.
Жұмбақтар
Жауап жаңбыр, Жазда тұрып жоғары
Жер сабыр Күзде жерге түседі. (Жапырақ)
Шөп, жапырақсолады.
Бұл қай кезде болады. (Күзде)

Қияр, сәбіз,қызынақ, картоп, қызылша, бір сөзбен қаллай аталады.? (Көкөністер)
Алма, алша, банан, жүзім,анар бір сөзбен қалай айтамыз? (Жемістер)
Жемістермен көкөністерді жуып жеу керек.
Алдар ата сіз қандай ойындарды білесіз? Мен кішкентай кезімде; «Кім жылдам?» ойынын көп ойнайтын едім. Кәне бәріміз бірігіп ойнайықшы. Рахмет!
Ал, балалар менің қайтатын уақытым болды. Қош сау болыңыздар!
Балалар бідің бақтан,балбақшаға оралатын уақытымыз болып қалыпты. Барлығымыз бақша шеберханасына барып, осы бақтан жинаған жеміс-жидектер мен көкөністерімізді, әдемі етіп жасап көрейікші.
Кәнекей балалар жайғасып отырып,әр қайсымыз өз жұмысымызды бастаймыз.
Ұжымдық жұмыс
Жетекші жөндеуші:
Жұмыстарды тақтаға іліп, бағалау, мадақтау.
Қорытынды шығару, жеке-жеке балалардан өз пікірлерін сұрау.
loading...

Автор: Ағажанова Жұлдызай Сағындыққызы

ОҚО Шымкент қаласы №19 «Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасының әдіскері

Бөлім: Мектептен тыс мекемелер
Көрсетілім: 1168 | Жүктеулер: 541 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 16
Қонақтар: 16
Тіркелгендер: 0