Мектептен тыс мекемелер

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Мектептен тыс мекемелер

Автомобиль кузовы мен қаңқасы
[ Сайттан жүктеу (3.67Mb) ] 05.11.2015, 20:09

Материалдың жеке номері 2011

Автомобиль кузовы мен қаңқасы

загрузка...
Байқоңыр Космос коледжінің арнайы пән оқытушысы Тлегенов Даурен Аманжолович
Сабақ тақырыбы: Автомобиль кузовы мен қаңқасы
Білімділік мақсаты: Тақырыпты өткен сабақтармен байланыстыра отырып, студенттердің білімін пысықтау, Автомобиль кузовы мен қаңқасы мен олардың қызметтерін және айырмашылықтарын ажырата білу
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, көргендерін еске сақтап, оны қайта жаңғыртуға үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Модульдік технология бойынша сабақ барысын ойын арқылы, студентердің өзіндік ізденістерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, видео таспа, сұрақ жауап слайдтары.
Сабақ барысы:
* Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу. Сыныпты түгендеу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру: оқу құралдары
* Өткен сабақты пысықтау
Дифференциал - айналдырушы иінді күшті жетектегі екі білік арасында берілген катынаста бөліп, олардың Әртүрлі бұрыштық жылдамдықпен айналып қозғалуын камтамасыз ететін күштік берілістің механизмі.
Жаңа сабақ тақырыбы: Автомобиль кузовы мен қаңқасы
Кузов түрлер
Шанақ (Кузов) – Жолаушы мен жүкті тасымалдауға арналған көліктің құрамдас бөлігі. Шанақ көліктің рамасына бекітіледі. Рамасы жоқ шанақтардың түрлері де болады. Оларға көліктің қалған құрамдас бөліктері бекітіледі. Жеңіл көліктердің кең таралған шанақ түрлерін қарастырайық.
Минивэн – көліктің рөлі машинаның алдыңғы білігінің тура үстінде орналасқан, біркөлемді, жолаушыларды тасымалдауға арналған шанақ түрі. Бұл анықтамаға жапондық және корейлік көліктерді жатқызуға болады.

Кабриолет - жиналмалы төбесі бар шанақтың түрі. Жұмсақ жиналмалы тент пен шешілмелі бүйір терезелермен жабдықталады. Халықаралық классификацияға байланысты бұл көліктің бүйір терезелері түсірілмелі емес, шешілмелі.

Купе – екі немесе үш көлемді есіктері бар жолаушылар шанағы. Бір негізгі немесе бір негізгі және бір қосымша отырғыштар қатарымен жабдықталады.

Лимузин – жолаушылар шанағы, бірінші мен екінші қатарлардың арасында қорғаныс қалқасы болады. Германияда бұндай шанақты көліктерді Pullman деп атайды. Кейде лимузин деп құрамында 3 тен кем емес отырғыштар қатары болатын көлікті атайды.

Пикап – жолаушы мен жүкті тасымалдауға арналған шанақ түрі. Жүкті орнату платформасы ашық түрде орындалған. Көлік кабинасы мен жүк салғыш стационарлы қалқамен ажыратылған.

Родстер – ашық, екі орынды жолаушыларға арналған шанақ түрі. Алынбалы, жұмсақ төбесі болады.

Седан – үш көлемді, төрт есігі бар көлік шанағының кең таралған түрі. Шет елдерде басқа атауларға ие: АҚШ - Sedan, Англия – Saloon, Франция – Berline, Германия – Limousine, Италия – Berlina.

Универсал – үлкен көлемді жүкті тасымалдайтын орны бар жолаушылар шанағы. Артқы отырғыштар қатарын алып тастауға болады. Соның салдарынан жүк салғыштың көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Екі көлемді, артқы есігі бар шанақтың жүк салғыш орны жолаушылар салонынан қалқамен қоршалмаған.

Фургон – шанағы жабық жүк көлігі. 2. Жүк пен жолаушыны тасымалдайтын көліктің шанағы. Жолаушы мен жүк орындары бір-бірінен қалқамен қоршалған. 80-90 жылдары қосымша отырғыштар мен бүйір тереземен жабдықталған көліктер үлкен сұранысқа ие болған. Басқа атаулары: Англия - Van, Германия - Kastenwagen, Франция - Fourgonette.

Хэтчбек – универсалға ұқсас шанақ түрі. Айырмашылығы еңкейтілген артқы есігінде, сондықтан жүк салғыштың көлемі де кішірек болады.


Қорытындылау.
Жаңа материал бойынша сұрақтар қою:
Машинаның жалпы құрылысы неше бөліктен тұрады?
Жұмыстан қорытынды шығару. Топ қалай жұмыс істеді. Студенттер қандай жаңа нәрсені үйренді. Қай студент ерекше тырысты. Студенттерді салыстырмалы түрде бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Автомобиль кузовы мен қаңқасы. Қазіргі таңдағы жаңа көліктерде қолданысқа енген бөлшектерді іздеу?. Бөлшектердің тозуын алдын алу шаралары.
загрузка...

Автор: Тлегенов Даурен Аманжолович

Байқоңыр Космос колледжі

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Мектептен тыс мекемелер | Қосты: Даурен91 | Ілмек сөздер: кузов, минивен, Универсал, седан
Көрсетілім: 1159 | Жүктеулер: 611 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 6164
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 16
Қонақтар: 16
Тіркелгендер: 0