Сайт учителя начальных классов
.
Білім беру саласы: « Шығармашылық»
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Аққала»
Мақсаты: Балаларға шеңбер және сопақ пішіндерді алу үшін бұрыштарды дөңгелектеп кесуге, композицияны құруға үйретуді жалғастыру.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,сергіту сәті,қорытындылау.
Көрнекілік: қыс көрінісі суреттері,геометриялық дөңгелек пішіндер,үлгі, желім,қылқалам,бояулар.
- Балалар бүгінгі күн ерекше,өйткені біздің топқа қонақтар келді.
Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылды,
Көкке шуақ шашылды.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге тәрбиенің басы ғой.
Ал қанекей бәріміз,сәлем дейік үлкенге.
Балалар келген қонақтармен сәлемдеседі.
-Балалар,енді орындарыңа отырып,мына суретке қараңдаршы,далада қандай өзгерістер бар екен ?(сурет бойынша жұмыс)
-Далада қар жауып тұр,айнала аппақ қар.
-Дұрыс олай болса мен сендерге жұмбақ жасырайын,сендер шешуін табыңдар.

Жұмбақтар:
Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. (қар)

Қырға сүйреп шығам,ойға мініп түсем. (шана)

Аяқтарым қалтырап,қос тай міндім жалтылдақ.
Шапса жубын жазбайды,қолымда екі таяғым. (коньки)

Зырлаймын қардың үстімен,озамын атты кісіден.

ID: 1226 | Просмотров: 2369