Математикадан ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Математикадан ашық сабақтар

Ұзындықты өлшеу. Километр
[ Сайттан жүктеу (39.0Kb) ] 12.05.2015, 23:39

Материалдың жеке номері 1559

Ұзындықты өлшеу. Километр

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Ұзындықты өлшеу.Километр
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың ұзындық бірлігі километрмен таныстыру және оның ұзындықтың басқа бірліктерімен қатынасын меңгерту.Күнделікті тұрмыста ұзындықтың әр түрлі бірліктерінің қолданылуын түсіндіру.
2.Үш таңбалы сандарды оқуды,жазуды салыстыруды бекіту,логикалық тапсырмаларды орындата отырып ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Алғырлыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,талдау.т.б.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, ойын,интернет материалдары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Тірек-білімді еске түсіру.
1)«Көңілді санамақ» ойыны Слайд №3.
Тақтаға жазылған сандарды атаңдар. Сандарды кему ретімен орналастырыңдар.
291 305 292 300 301 293 294 303 299 295 297 296 298 302 304
2) Шапшаңдығыңды тексер.Жауабын ғана айт. Слайд №4
1.Шөл далада ұзақ уақыт сусыз өсетін кактус өсімдігін кездестіруге болады.Оның бір жапырағының салмағы 5 кг.Осындай 20 жапырақтың салмағы қанша болады? (100 кг)
2.Қайыңның биіктігі 40 метр,ал үйеңкінің биіктігі одан 12 м аласа.Үйеңкінің биіктігі неше метр? (28 м)
3.Екі бала 2 сағат дойбы ойнаса, әр бала қанша сағат дойбы ойнады? (2 сағат)
4.Пілдің баласы 100 см болып туылады.Ал 5 жасқа келгенде оның бойы 2 есеге өседі. 5 жасар пілдің бойын септеп шығар. (200 см)
-Бұл тапсырмаларда түрлі өлшем бірліктер кездесті.Ал қазір сіздер берілген заттардың ұзындығын өлшем бірліктермен сәйкестендірулеріңіз керек.
3) Слайд № 5
Қаламның ұзындығы 14 ...
Үйдің биіктігі 10 ...
Партаның ені 1 …
Тақтаның ұзындығы 2 …
Оқушының бойы 130 …
-Оқушының бойын басқа өлшем бірлікпен алмастыруға бола ма?
-Қалалардың ара қашықтығы 120 …(см, дм, м)
-Бұл өлшем бірліктер сәйкес келе ме? (Жоқ)
-Неліктен? (Олар кішкентай)
-Бұл жағдайды қалай шешуге болады? (Бізге жаңа ұзындықтың өлшем бірлігі керек).
-Жаңа ұзындықтың өлшем бірлігі метрден үлкен бола ма, кіші бола ма? (Үлкен болады).
-Метрден үлкен ұзындықтың өлшем бірлігін білетіндеріңіз бар ма? (Километр)
-Сонымен сөйлемді қалай аяқтаймыз? (-Қалалардың ара қашықтығы 120 км).
-Олай болса,үлкен қашықтықтарды ұзындықтардың бірліктері-метрмен және километрмен өлшеу керек.
Қорытынды: Жаттап ал! Слайд №6
1 см = 10 мм
1 дм= 10 см
1 м = 10 дм
1 м = 100 см
1 км =1000 м

ІІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІҮ.Жаңа сабақ.
1.Оқулықпен жұмыс.
№1 Слайд №7
Мына суреттегі заттарды қандай өлшем бірліктерді қолдана отырып өлшейміз?
Үлкен қашықтықты қандай өлшем бірлігімен өлшейді?
«Метр» - деген сөз француз тілінен аударғанда «өлшем» - деген ұғымды білдіреді.
«Кило» - сөзі «мың» - деген мағынаны білдіреді.
1 км = 1000 метр.

№ 2
Жиектің ұзындығы – 5 мм
Тақтаның ұзындығы – 3м
Дәптердің ұзындығы – 21 см
Мектептен үйге дейінгі жолдың ұзындығы – 769 м
Екі қаланың арасы – 1000 км

2.Сергіту сәті.

№ 3
600 см = 6 дм 37 см = 3дм 7 см
6000 см = 60 дм 49 дм = 4 м 9 см
600 дм = 60 м 586 см = 5 м 8 дм 6 см

3. Сен білесің бе? Слайд№ 8
Қазақтың байырғы өлшем бірліктері
Тұтам – бес саусақты жұмғандағы көлденең ұзындық. Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақты жазғандағы ара-лық. Сынық сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақтың екі буыны бүгілгендегі аралық, бір сүйемнің төрттен үш бөлігі. Қарыс – бас бармақ пен ортан саусақты кергендегі аралық. Кере қарыс – бас бармақ пен ортан саусақты керіңкіреп созғандағы аралық. Аршын – шынтақтан саусақ ұшына дейінгі ұзындық. Құлаш – иық деңгейінде созылған екі қол ұшының аралығы. Кере құлаш – иық деңгейіңде кере созылған екі қол ұшының аралығы. Сала (көш) құлаш – үш құлаш. Адым, қадам - жай жүргендегі екі аяқ арасының алшақтығы. Аттам – адымның созылыңқы шегі. Ұзындыққа есік пен төр аралығы, қамшы сабы, арқан, желі бойлары, бір көйлектік (мата) өлшемдері де алынған.

№ 5.Слайд №9
Қазақстанның географиялық орны және Қазақстандағы өзен-көлдер туралы әңгімелеу.
Табан балық – 38 см
Аққайран - ? 32 см ұзын
Ақмарқа - ? 10 см ұзын
Ш: (38+32)+10 = 80
Ж: Ақмарқаның ұзындығы 80 см
Каспийде-97 түрі
Аралда- ? 47 түрі кем
Балқашта-?17 түрі кем
Ш: (97-47)-17 = 33
Ж:Балқашта балықтың 33 түрі бар.
Ү.Рефлексия. Слайд №10
Ұзындықтың бірліктері және олардың қатынасы туралы оқушылардың алған білімі нақтыланады.
1 дм=_ см 10 см=_дм
1 м = _ см 100 см =_ м
10 дм = _ м 1 м = _ дм
1000 м = _ км 1 км = _ м
1 см = _ мм 10 мм =_ см
10 см = _ мм 1 м =_ мм

ҮІ. Қорытынды.
- Бүгінгі сабақта нені үйрендік?
ҮІІ.Үйге тапсырма. №6 «заттармен практикалық әрекеттер орындау),№7
Бағалау.
loading...

Автор: Салыкбаева Гульмира Сидыховна

Атырау облысы Индер ауданы Ынтымақ ауылы Гребенщик орта мектебі

Бөлім: Математикадан ашық сабақтар | Қосты: salykbaeva73 | Ілмек сөздер: километр, Ұзындықты, өлшеу
Көрсетілім: 2357 | Жүктеулер: 583 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5901
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 6
Қонақтар: 6
Тіркелгендер: 0