Математикадан ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Математикадан ашық сабақтар

Жеті қасиетті сан
[ Сайттан жүктеу (91.0Kb) ] 02.05.2015, 23:41

Материалдың жеке номері 1530

Жеті қасиетті сан

загрузка...
Қасымова Әлима Жалаңтөс Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының физика-математика пәнінің мұғалімі
Тәрбие сағатының тақырыбы: Жеті қасиетті сан
Тәрбие сағатының мақсаты: Жеті санының маңызы мен қасиетін ашу, жеті саны ұғымына
байланысты қастерлі түсініктермен қағидаларды дәріптеу.
Оқушыларға елін қастерлеуге, Н.Ә.Назарбаевтың 2030
бағдарламасындағы «7» санын қастерлеп көрсеткенін айта отырып,
халық дәстүрін сүюге, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, слайдтар:
Әлемнің жеті кереметі
Әлемнің жаңа жеті керметі
Қазақстанның жеті керметі
Лондон – 2012 ж - 7 алтын иегерлері
Ұйымдастыру: Оқушылар екі топқа бөлінеді.
1 топ: «Жеті жарғы»
Ұраны: «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер»
2 топ: «Жеті қазына»
Ұраны: «Жетелі елдің баласы, жеті жаста баспын дейді, Жетесіз елдің баласы жеті жаста жаспын дейді».
Жеті – ең ерекше сандардың бірі. Неге екені белгісіз, тұла бойы ашылмаған құпияға толы сынды. Әлем халықтары оны қасиетті, тылсым, таңғажайып, бақыт пен сәттілік әкелетін сан деп баға береді.
Жүргізуші: Армысыздар ардақты көрерменім,
Көрсетеді өнерін өрендерім.
Біз сайысқа кетеміз қадам басып,
Алдыменен алайық амандасып.
«Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, Жеті ғасыр тарихын білмейтін ел тексіз»-демекші , «жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталадаы, жеті қасиетті сан болып есептеледі. Мысалы. Ол Ислам дінінде де киелі сан болып есептеледі. Ислам дінінің қасиетті кітабы «Құран» -да «жер бетіндегі нәрсенің бәрін сендер үшін жаратты. Оған жет қат аспанды үлестірді»,-деген сөз бар. Яғни, «аспан-жеті қабат» деген ислам дінінде де бар.
Жүргізуші: христос дініндеде де «Христос жетінші күні аспанға ұшып барып,жетінші күні қайта дүниеге келді», деген ауғыз бар. Үнді мәдениетінде де «жеті» киелі сипат алған сандар қатарына жатады. «Жеті жан» , «жеті мүше» ұғымын көне Үнділер жаратқан. Қытай мәдениетіндеде де «жеті» саны –киелі сан.
Қазақ халқында «жеті шелпек» деген ұғым бар. Үлкендер бір нәрседен қауіп қылса, үрейленсе, болмаса жайсыз жатып, жаман түс көрсе, жеті нан жеті шелпек пісіреді. Жеті нанды қасиетті жұма күндері, сәрсенбінің сәті күні пісіріп, жеті үйге таратады. Бұл жеті санның киелі қасиеттілігінен болар. Әйтпесе, алты немесе сегіз нан пісіруге болады ғой.
Жеті жарғы
1-жарғы: Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бүйырылсын.
2-жарғы: Түркі халқының мүддесін сатып, елінің опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.
3-жарғы: Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.
4-жарғы: Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасаған ақ некені бұзушыларға өлім жазасы бұйырылсын
5-жарғы: Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.
6-жарғы: Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін:
А) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса қыздың қалың малын береді.
Ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7-жарғы: Ұрланған жылқы өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірсін.

Н.Ә.Назарбаевтің 2030 бағдарламасы:
1.Ұлттық қауіпсіздік
2. Саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.
3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуі.
4. ҚР азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты.
5. Өнергетика ресурстары
6. Инфрақұрылым әсіресе көлік және байланыс.
7. Кәсіби мемлекет
2-топқа арналған сұрақтар:
1. Жеті күндік аптаны алғаш шығарған мемлекет.(Вавилондықтар)
2. Сабалақ деген атпен Абылайды жеті жасында қай би өз қамқорлығына алды.(Төле би)
3. Мақалды жалғастыр. « Жеті атасын білмеген .... Жетімдіктің белгісі
4. Жеті атаны атаңыз (әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)
5. Н.Ә.Назарбаев жеті жыл мерзімге екінші рет қашан сайланды? 1997 жылы 10 қаңтарда
6. Орта ғасырдағы металды атаңыз( алтын, күміс, темір, қолайы, мыс, қорғасын, сынып)
7. Жеті ғаламды атаңыз(оңт,солт, батыс, шығыс, жер, аспан, жер асты)
8. Жеті күнді атаңыз( бүгін, ертең, бірсүгіні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына)
9. Қазақтың ер жігітіне қоятын жеті талабы? Кескін-келбет, қадір –қасиет, қабілет-икем, жігер күш, білім, адалдығы, әділеттілігі)
10. Абайдың жетінші қара сөзінде не жазылған( жан мен тән).

II. Жеті ғашықтар жұбын табу
Ләйлі ... Мәжмүн
Шырын .... Фархат
Тахир .....Зухра
Арзу....Қамбар
Фаһра...Уалик
Зылиқа...Жүсіп
Күлшар...Уаки

III .Жеті жаман қасиет
Күншілдік деген бар, содан сақтан,
Кекшілдік деген бар, содан сақтан,
Астамшылдық деген бар, одан алыс жүр,
Сараңдық деген бар, одан қалыс жүр
Қараулық деген бар, одан таза бол,
Бәлеқорлық деген бар, одан ада бол,
Ынсапсыздық деген бар, содан аман бол!
Жеті қазына
1. Ер жігіт
2. Сұлу әйел
3. Ақыл –білім
4. Жүйрік ат
5. Қыран бүркіт
6. Берен мылтық
7. Жүйрік тазы
Жеті жұт
1. Құрғақшылдық
2. Жұт
3. Өрт
4. Оба
5. Соғыс
6. Топан су
7. Зілзала
Жұрттың жеті белгісі
1. Елтаңба
2. Ел ұран
3. Әнұран
4. Елтеңге
5. Төлқұжат
6. Ұлт жазуы
7. Ту
Жеті жетім
1. Тыңдамаған сөз жетім
2. Киюсіз қалған тон жетім
3. Иесіз қалған жер жетім
4. Басщысыз қалған ел жетім
5. Аққу-қазсыз көл жетім
6. Елінен айырылған ер жетім
7. Замандасы қалмаған қарт жетім.
Жеті жетекші
1. Адамның басшысы-ақыл
2. Жетекшісі- талап
3. Жолаушысы-ой
4. Жолдасы-кәсіп
5. Қорғаны-сабыр
6. Қорғаушысы-мінез
7. Сынаушысы-халық
Жеті жоқ
1. Жерде өлшеуіш жоқ
2. Аспанда тіреуіш жоқ
3. Таста тамыр жоқ
4. Тасбақада талақ жоқ
5. Аллада бауыр жоқ
6. Аққуда сүт жоқ
7. Жылқыда өт жоқ
Жетісудың жеті өзені
1. Көксу
2. Ақсу
3. Лепсі
4. Шарын
5. Басқан
6. Қаратал
7. Іле
Әлемнің жеті кереметі.
1. Хеопс пирамидасы
2. Семирамиданың аспалы бағы
3. Зевс мүсіні
4. Артемида ғибадатханасы
5. Родос алыбы
6. Галикарнас кесенесі
7. Александрия шамшырағы
Әлемнің жаңа жеті кереметі.
1. Ұлы Қытай қорғаны
2. Колизей
3. Мачу-Пикчу
4. Петра
5. Тадж-Махал
6. Христос мүсіні
7. Чичен-Ица

Қазақстанның жеті кереметі
1. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі
2. Тайқазан
3. Айша бибі мазары
4. Тамғалы жартас суреттері
5. Алтын адам
6. Домбыра
7. Күлтегін ескерткіші
2-оқушы: Бүгінгі тәрбие сағатымызда 7 керемет жайында айтылып отыр. Адамзат тарихында әлем кереметтерінің саны жетеу ғана. Неге жетеу? Кездейсоқ алынды ма бұл сан? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін өткенді еске алған артық емес. Кереметтер туралы қысқаша айтып кетейік.
3-оқушы. Ендігі әңгіме бұдан көп ғасыр бұрын сәулет және мүсін өнері шеберлерінің қолымен жасалған асыл мұралар туралы. Суы жоқ, тіршілігі жоқ Нуби шөлінде орналасқан Мысыр пирамидалары да жеті кереметтердің бірі. Мысыр пирамидалары осыдан 5000 жыл бұрын тұрғызылған, сәулетшісі Имхотеп.
4-оқушы: Нағыз керемет деп саналатын Хеопс пирамидасының биіктігі 147метр, әр қырының ұзындығы 235 метр. Пирамиданың алып жатқан алаңы 55 мың.Құлдар азабының куәсі, бұл тарихты ұмытуға болмайды.
5-оқушы: Классикалық Грек өнері тарихынан келіп жеткен аты әлемге әйгілі ескерткіштің бірі- Зевс мүсіні. Бұл біз сөз етіп отырған « Жеті кереметтің» бірі.
6-оқушы: Ендігі сөз Артемида ғибадатханасы туралы. Эфес жерінде 7-6 ғасырда Артемида құрметіне салынған, Грек жұртының мақтанышы.
7-оқушы: Эгей теңізіндегі Родос аралы. 4-ғасырда Родос аралының экономикалық және мәдени жағынан гүлденуіне жол ашылды. Родос тұрғындары күн құдайы Гелиосқа айрықша табынған. Арал иесі атанған құдайға арнап бұрын – сңды болмаған ескерткіш орнату Родос азаматтарының борышы деп саналған. Оны тұрғызу 12 жылға созылды. Құрылысты басқарған мүсінші Хареске.
8-оқушы: Кіші Азия, 6-ғасыр. Аты сирек естілетін шағын ғана Галикарнас қаласы. 356- жылы осы елдің патшасы өз ажалынан дүние салды. Патшаның мұрагерлерінің бұйрығы бойынша оған екі қабат, биіктігі 40-45 метрлік ғибадатхана ұрпақтан ұрпаққа үлгі болды, кейіннен кесене деп атала бастады.
9-оқушы: Енді заңғар тау мен телегей теңіз ортасында, көкпен тілдесіп, бұлт бүркенген толқын үстінде тербетілген ғимарат- Александрия шамшырағы туралы сөз. Александрия шамшырағы ІІІ ғасырда, Фарос аралы мен құрлықтың арасына салынды. Жұмысты жүргізген архитектор Сострат Книдский.
10-оқушы: Азия, Тигр және Ефрат- жарыса аққан қос өзен аңғарын жайлаған Месопатамия – мәдениет, тұрмыс – салт, өнер тарихынан із қалдырған тамаша ел. Бұл заманымыздан бұрынғы ҮІ ғасыр шамасы.Вавилон шаһарындағы Семирамида аспалы бағы-жеті кереметтің бірі.
11-оқушы: Міне, бүгін біз сіздерге әлемнің жеті кереметі туралы қысқаша айтып кеттік.
1.Пирамидалар ( Мысыр)
2.Семирамида бағы ( Вавилон )
3.Зевс мүсіні ( Олимпия )
4.Артемида храмы ( Эфес )
5.Родос алыбы ( Родос аралы )
6.Галикарнас кесенесі ( Кіші Азия )
7.Александрия шамшырағы ( Мысыр)
Бұлардың қайсысы болса да, мүсін және сүрет өнерінің теңдесі жоқ тамаша үлгілері.
Келесі кезекте: «Әлемнің жаңа жеті кереметіне» тоқталып өтейік
1.Ұлы Қытай қорғаны. Әлемнің ең ұзын қорғаны Қытайда орналасқан. Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы 8850 километрден асады. Бұл жер радиусынан да ұзын. Қорған құрылысы б.з.д. ІІІ ғасырда салына бастады, екі мың жыл бойы қытай халқы қорғанды жалғастырып, оны одан әрі ұзартты. Қытай қорғанының кей жерлері эрозияға ұшырап, қиратылды. Саяхатшыларға ең танымал жері Бадалин Мао Цзе Дун заманында күрделі жөндеуден өткен. Бадалин Бейджин (Пекин) қаласынан 75 километрден қашықтықта орналасқан. Қорғанға Қытай астанасынан темір жол және автобус арқылы қатынауға болады.
2. Колизей. Б.з.д І ғасырда салынған Рим қаласындағы Колизей әлемдегі ең үлкен амфитеатр болып саналады. 50 мыңнан астам орны бар Колизейде бірнеше ғасыр бойы гладиаторлық айқастар мен Рим тұрғындарына арналған мерекелік іс-шаралар қойылады. Қазіргі кино құрылымындағы сюжет бойынша Колизейде өткізілетін гладиаторлық айқастар көлемі жағынан екінші орын алатын Тунистегі амфитеатрда түсіріледі. Себебі, Колизей жақсы түсірілім үшін сақталмаған.
3. Мачу-Пикчу. Көне әлемдегі жеті керемет Еуропа мен Азия елінде орналасса, жаңа кереметтердің географиясы кеңейіп, Америка елін де қосып алды. Оңтүстік Америка еліндегі асқар тау баурайында Мачу пикчу қаласы орналасқан. Теңіз дейгейінен 2,5 километр биіктікте орналасқан бұл қала 400 жылға жуық өмір сүрді. Белгісіз себептермен 1532 жылы инктер қаладан жырақ кетті. Ал испан конкисдаторлары биікте орналасқан қалаға шыға алмады. 1911 жылы америка ғалымдары көне қаланы табады. Ғибадатханалардың қираған үйінділері, екі қабатты үйлер мен қоймалар сақталған. Мачу Пикчуға жету оңай емес. Агуас-Кальентес қалашығына темір жол көлігі арқылы жеткен соң, автобуспен Мачу-Пикчуға жетуіңізге болады.
4. Петра – биік тас үйінді жартаста орналасқан Иорания қаласы. Әр кезеңде қала әр түрлі шапқыншыларға тиесілі болды. Б.з.д идумей, набатей, бертін келе орта ғасырда Рим, Византия, Араб шапқыншылары жаулап алды. Әр шапқыншы қаладағы сәулет өнерінің өзіндік жаңа айшықтарын әкелді. Қала шөлді даланы кезіп жүрген керуен сарай жолаушыларына арналған демалыс орны болатын. Тар каньонда керуеншілер шөлдерін қандырып, ұзақ сапарға аттанғандар өздеріне молынан су толтырып алатын. Жартастағы ойылған үйлер мен ғибадатханалар суық күндері пана болатын. Көне қала бұл күндері саяхатшыларды өзінің айшықтарымен таң қалдыруда. Петра қаласында танымал «Индиана Джонс и последний крестовый поход» киносы түсірілген
5. Тадж-Махал
Әлемнің дәстүрлі жеті кереметінің қатарында Галикарнастағы кесене бар. Жаңа кереметтердің қатарында да кесене бар. Ол - Үндістанның Агра қаласында орналасқан Тадж-Махал кесенесі. Бұл кесенені ΧVІІ ғасырдың ортасында Шах-Джахан сүйікті жары Мумтаз-Махалдың құрметіне салған. Мумтаз-Махал 14 баласын дүниеге алып келген кезде өмірден өтеді. Айналасы субұрқақтарға толы саябағы бар, ақ мәрмәр тастардан қашалған ғимарат жыл сайын 5 миллионға жуық саяхатшыларды қабылдайды. Алдын ала ұйымдастырылған «Алтын үшбұрышы» саяхат бағыты бойынша, Дели-Агра-Джайпур қалаларын аралаған кезде, Тадж-Махал кесенесіне баруға болады. Сондай-ақ, Үндістан астанасы Дели қаласынан автобус немесе темір жол көлігі арқылы Агра қаласына барып, Тадж-Махалды көруге болады.
6. Христос мүсіні
Рио-де-Жанейро қаласында бой көтерген Христос мүсіні темірбетон мен сабынды тастан қашалған. Қолдарын екі жаққа қарай жайған Христос биіктігі 38 метрге дейін жетеді. Мүсін құрылысы 1922 жылы басталып, 9 жылға созылды. Жыл сайын бұл мүсінді көру үшін Бразилия еліне 300 000 адам келеді. Коркаваду тауында орналасқан Христо мүсініне кішкентай поезд арқылы немесе эскалатор арқылы көтерілуге болады.
7. Чичен-Ица
Мексикада орналасқан Юкатан жартылай аралда көне қала Чичен-Ица майя өркениетінің дамуында мәдение және саяси рөл атқарды. Бірақ, белгісіз себептермен Чичен-Ица қаласы иесіз қалды. Испан конкистадорлары құпия жермен байланысты барлық манускрипттерді жойып жіберді. Биіктігі 30 метрге жететін 9 сатылы Кукулькана пирамидасы Чичен-Ица қаласының басты нышаны болып табылады. Пирамида ішінде ягуар тағы бар. Мысыр елінің пирамидаларымен салыстырғанда Кукулькана айтарлықтай кішкентай.
Жүргізуші: Бүгінгі Қазақстандағы тарих, археология, сәулат және монументалды өнер ескерткіштерінің саны 25 мыңнан асады. Бұл салада Қазақстан,Таяу Шығыс, Орта Азия, Қытай, Үнді және Жерорта теңізі бойындағы мемлекеттермен теңеседі. Осы бағытта біз: «Қазақстанда ғажайыптар көп, соның ең керемет жетеуі қайсысы?» деген сауалға жауап іздене отырып, Қазақстанның кереметі деп санайтындардың тізімін жасалды. Жеті деген қазақ үшін қасиетті сан. Бүгінгі жас буын «Міне, біздерде мынадай бар!» деп, өз Отанының тарихы мен мәдениетін мақтаныш етіп, сүйе білуі тиіс.
12-оқушы: Қазақ халқының санасында жеті саны сонау ерте заманнан қасиетті саналатыны белгілі. Мысалы: «Жеті оқ елі»,»Жеті нан» (құдайы беру), бұрын қазақтар жеті атадан асқанша құда болмаған. ( Оқушылар жетіге байланысты мақал-мәтел айтып кетеді).
Мұғалім: Ал енді «Қазақстанның жеті кереметіне» тоқтайық.. Бірінші керемет деп біз ежелден атағы жер жарған Түркістан қаласында орналасқан, орта ғасырдан қалған көгілдір күмбезді ғаламат ғимарат – Ахмет Иассауи кесенесін алып отырмыз.
13-оқушы: Ел мен тарихын, ата-бабалар тарихын терең білуге үндеп, қайта-қайта жадына салып, халықтың көз алдындағы көкке бой созған тарихи ескерткіштердің бірі-Тараз қаласының оңтүстігінде жиырма шақты шақырым жерде тұрған Айша бибі мазары. Айша бибі кесенесі – сәулет өнері ескерткіші.
14-оқушы: Қола дәуірінің тасқа салынған суреттері көрген адмды таң қалдырады. Ертедегі адамдар күнге күйген жылтыр тау жартастарына жануарларды, адамдарды, арбаларды, соғыс көріністерін қашап салған. Тамғалы жартастағы таңғажайып суреттерді археологтеріміз әбден зерттеді. Нәтижесінде олар дүниежүзі мәдениетінің қазыналы қорына қосылды.Суреттер ежелгі адамдардың өмірі, көне тайпалардың салт-дәстүрі, діни нанымдары, аңшылық пен соғыс існе байланысты салынган туындылар. Алматы обылысындағы Тамағалы кешені жартас суреттері – бүкіл әлемдік мәдени жәдігерлер қатарында. Бұларды Қазақстанның кереметіне кіргізуге болады .
15-оқушы: 1960жылдардың аяқ кезінде археолог ғалымдар Есік қаласына жақын жердегі обадан «Алтын киімді адамды» тапты. Ол мұнан 2500 жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен. Марқұмға кигізілген бас киімнің, етігінің қонышының сыртына алтыннан жасалған түрлі ұсақ аттың, барыстың, таутекенің, құсиардың бейнелері жапсырылған. Олардың саны төрт мыңдай. Есік қорғанынан табылған олжа бүгінде әлемге әйгілі. Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне де негіз болып отыр. Осы күнге дейін сақталып келген Алтын адамның өзі неге тұрады? Бұл да Қазақстанның кереметінің бірі деп санауға болады.
16-оқушы: Ендігі сөз қазақ халқының жан сезімі, жан серігі-домбыра туралы. Домбыра-халық даналығы. Олхалқымыздың өмір тәжірибесі мен табиғат, адам, әлем туралы білімдерін, ескі діни наным- сенімдері мен философиялық көзқарасын бейнелеп, оларды атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасиырып отырды. Домбыра – көшпелі елдің көнекөз шежіресі7
17-оқушы: Енді 7-кереметіне тоқталсақ: менің ойымша, Күлтегін ескерткіші. (Күлтегін тас жазуы тарихын айта кетеді) Міне, бүгін біз сіздерге Қазақстанның жеті кереметіне осы ескерткіштер кірсе деген ойда қысқаша айтып кеттік.
1. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі.
2. Тайқазан.
3 .Айша биі мазары.
4. Тамағалы кешені жартас суреттері.
5. Алтын Адам.
6. Домбыра.
7. Күлтегін ескерткіші.

Қорытынды: Әйгілі әлемнің жеті кереметін атап айттық, Қазақстанның жеті кереметі туралы сипат бердік. Осы жеті керемет әйгілі, бізге мақтаныш болады деген ойдамыз.Әлемнің жеті кереметі дүниежүзінде болса, Қазақстанның өзінде жеті кереметі бар.
loading...

Автор: Қасымова Әлима Ертайқызы

Қызылорда қаласы Жалаңтөс Баһадүр атындағы спорт мектеп -интернаты

Бөлім: Математикадан ашық сабақтар | Қосты: Қасымова_Әлима | Ілмек сөздер: санауға
Көрсетілім: 1037 | Жүктеулер: 586 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 4
Қонақтар: 4
Тіркелгендер: 0