Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару. Заттың бағасын, санын, құнын табуға берілген есептер.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың баға, сан, құн шамалары туралы алған білімдерін жетілдіру.. Есептер шығару арқылы білімдерін тереңдете түсу
2.Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Түрлі тапсырмалар орындату арқылы шығармашылық, іскерлік қабілеттерін жетілдіру.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, білімділікке,белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, жеке жұмыс, ойын.
Көрнекілігі: қима қағаздар, суреттер, сызбалар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындық.
Топқа бөлу. Әр топ басшысына бағалау парақшасын беру.

II. Өткен сабақты еске түсіру, пысықтау.Оқу,қатесін анықтау.
№8.9 (214 бет)
Х=252, а=34, а=69, х=28.
Сұрақ – жауап
1) Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
2) Шаршының ше?
3) Жақшалы өрнектер қалай орындалады?
4)Көлемді қалай табамыз?
III. Жаңа сабақ
Баға, сан, құн шамалары.
Баға – бір заттың бағасы. Мысалы: 1 дәптер - 10тг.
Сан – сол заттың саны. 3 дәптер
Құны – сол екі заттың бағасының жалпы құны. З дәптер – 30 тг.

Суретпен жұмыс
Суретте көрсетілген ойыншықтардың саны нешеу?
Әр ойыншықтың бағасы қандай?Баға бірдей болса,саны әртүрлі, құнында өзгеріс бола ма?

IV. Есептер шығару
№1 215 бет.
Заттың бағасы Заттың саны Заттардың құны
400тг 2 ? Заттың бағасы тұрақты болса,заттың саны әртүрлі болғанда құнында өзгеріс бола ма?
№2 215 бет Ауызша талдау, салыстыру

№ 3 215 бет

ID: 1523 | Просмотров: 5419