Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданы

  • Жүктеулер: 840
  • Көрсетілім: 2558
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 03/Дек/2015
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданы
Мақсаты: Оқушыны тік төртбұрыштың (шаршының) ауданын табу жолдарымен таныстыру; талдау, салыстыру және қорытынды жасай білуге дағдыландыру; ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:Оқушылардың логикалық ойы мен математикалық тілін дамыту
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, ана тілі, логика
Көрнекілік: интерактивті тақта, пішіндер суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Слайд 2
Психологиялық дайындық
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп, жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.
Үй тапсырмасын тексеру 96 бет №8
S = ?
Слайд 3
І. Тірек білімді белсендіру Математикалық диктант
«Үлгер - шапшаң!» ойыны
• 5-ті 7-ке арттыр Л
• 2-ні 9-ға арттыр Е
• 5-ті 5-ге арттыр К
• 3-ті 4-ке арттыр А
• 6-ны 7-ге арттыр Б
• 5-ті 6-ға арттыр Р
• 4-ті 7-ге арттыр Қ
• 6-ны 6-ға арттыр О
• 3-ті 3-ке арттыр Ы
Қандай сөйлем шықты?
- Балаларға оқыту КЕЛ БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!
Бұл кімнің өлеңі?
- Ы.Алтынсаринның өлеңі, жалғастыру
Ендеше, балалар атамыз айтқанындай сабаққа зейін қойып тыңдайық!
Слайд 4
Практикалық жұмыс
- Палетка не?
- Оны не үшін пайдаланамыз?
Тақтадағы фигураларға ұқсас фигураларды тарату, палетканы беттестіру арқылы пайдаланып фигуралардың ауданын табу,

Палеткамен ауданын қалай табу керек
• Толық квадрат сантиметрлердің саны –
• Толық емес сантиметрлердің саны –
• Толық емес сантиметрлердің санын – 2 ге бөлеміз
Ауданды квадрат сантиметрмен немесе квадрат дициметримен өлшеу қолайсыз болғанда біршама ірі аудан бірлігі квадрат метрді пайдаланады.
Слайд 5
Жаңа білімді меңгерту
Тік төртбұрыштың ауданы бірдей бірлікпен алынған, оның ұзындығының еніне көбейтіндісіне тең.
Тік төртбұрыштың ауданы

ұзындығы * ені S=a*b

Егер шаршының қабырғасының ұзындығы а-ға тең болса, онда оның ауданы а (кв) - қа тең болады.
Шаршының ауданы
ұзындығы * ұзындығы S=a*a
Слайд 6
Оқулықпен жұмыс. Тапсырма №1
Әр фигураның ауданын табу үшін біздер палетканы пайдаланамыз.


Қане барлығымыз палетканы қолымызға алып, мына фигуралармен беттестіреміз.
- Толық квадрат сантиметрдің саны нешеу?
- 6 ,9
- 6см2 , 9см2
S = a * b =2см * 3см = 6 см2 S = a * a =3см * 3см = 9см2
Тапсырма №2
- Бір бағанда неше квадрат см бар?
- Осындай тағы неше баған шығарып алуға болады?
- Тік төртбұрыштың қабырғалары 1 см неше тең бөлікке бөлінген?
- Тік төртбұрыштың ауданын табыңдар
Слайд 7
Тапсырма №3 Жеке жұмыс
Тақтадағы мына фигураларды өлшеп сызып, ауданын табу
Сергіту сәті «Ақ бұлақ»
Тапсырма Есеп
Шу к. – 82км
Көксу к. - ? 21км >
Басқара к. - ? 55км <
Ш: (82 + 21) – 55= 48км
Жауабы: Басқара каналының ұзындығы 48км

Қорытындылау: Жинақтау Толықтыру тесті
1) Егер тік төртбұрыштың ұзындығы 4см, ал ені 2см болса, оның ауданы_______см2 –ге тең болады.
2) Егер шаршының қабырғасының ұзындығы 3см болса, оның ауданы_______см2 –ге тең болады.
3) Егер тік төртбұрыштың ауданы 15см2, ал ұзындығы 5см болса, оның ені_______см –ге тең болады.
4) Егер тік төртбұрыштың ауданы 12 см2, ені 3 см болса, оның ұзындығы _______см –ге тең болады.

Үйге тапсырма 92 бет №7 теңдеулерді шешу
Бағалау Мадақтау
Сабақты бағалау

Автор: Кожахметова Гульсара Жорабековна

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.