Математикадан ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Математикадан ашық сабақтар

Теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу
[ Сайттан жүктеу (1.30Mb) ] 18.06.2015, 01:16

Материалдың жеке номері 1695

Теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу

загрузка...
Математика пәнінің мұғалімі Жакупбекова Гулсим Мухамедияновнаның
қысқа мерзімді жоспары
24.04. 2015 ж Алгебра 8- сынып
Сабақтың тақырыбы: Теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу
Жалпы мақсат: Теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешуді үйренеді.
Функционалдық математикалық сауаттылықты дамытуға бағытталған есептерді шешеді.
Сілтеме: 8- сыныпқа арналған алгебра есептер жинағы;
PISA тапсырмалар жинағы
Оқу нәтижесі: • теңсіздіктерді шешу механизмін біледі;
• теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шеше алады;
• математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша жəне жазбаша түрде анық жəне нақты түсіндіре біледі;
• математикалық сауаттылықты анықтауға байланысты тапсырмаларды орындай алады.
Негізгі идеялар: Теңсіздіктерді шешу дегеніміз - оның барлық шешімдерін табу немесе шешімдерінің болмайтындығын дәлелдеу
Сабақта керекті жабдықтар : флипчарт, маркерлер, стикерлер, таратпа материалдар
Оқыту әдістері: топтық жұмыс, жұптық жұмыс, өзін-өзі бағалау
Дерек көздері: 1. Есептер жинағы
2. Алгебрадан оқыту әдістемесі

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Іс-әрекет түрлері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
3 минут «Шаттық шеңберіне» шақырады.
-Балалар, алдымызда қандай мерекені тойлаймыз?
-Иә биыл Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы. -1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні.
Алдағы мерекелерге бір-біріне тілек айтады
ІІ. Сыныпты топқа бөлу
2 минут Суреттермен топтасу .
- Бұл ашықхаттар Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерейтойына арналған. Оқушылар Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне арналған ашықхаттар қиындысы бойынша 4 топқа бөлініп отырады.
ІІІ. Қызығушылық
ты ояту
«Жұбыңды тап»
3 минут Теңсіздіктердің шешіміне сәйкес келетін аралықтарды теңсіздіктермен жұптастыру ұсынылады. Екі топ жұптарын табады, қалған топтар тексереді.
x>2 -1 x
-1
(2;+ )
[-1;3] [2;+ )
(-1;3]

Жұптасып теңсіздіктерді аралықтармен сәйкестендіреді.

Өткенді еске түсіру
4 минут
1. Теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу алгоритмін атаңдар Теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу алгоритмін еске түсіреді
Сабақты бекіту.
Ой толғаныс
Топтық жұмыс
15 минут 1. Берілген теңсіздіктерді шешіп кестені толтыру керек, әр теңсіздікке бір әріп сәйкес келеді.
1 (2-х)(8-х)<0
(- ;-9) (3;+ )
А
2 х2+6х-27>0 (2; 8) Г
3 х 2 – 5х 0
(- ;0) ( 2,5; + ) И
4 2х – 5х 2 < 0 (7;8) О
5 < 0
(- ;-2] [1;3)
Т
6 (- ;0] [5;+ )
Р

1 2 3 3 4 5 6


Ағылшын математигі Томас Гарриот теңсіздіктер белгісін ойлап тапқан. Жеке шығарады, топта талқылайды, ортақ шешімге келеді, кестені толтырады, жасырылған есімді табады

1 2 3 3 4 5 6
Г А Р Р И О Т

2. Сынып бөлмесінің терезесі тіктөртбұрыш пішінді. Егер оның ұзындығы енінен 1 м-ге артық, ал ауданы 6 м2-қа артық немесе тең болса, онда терезенің енін табыңдар? Шешуі: х(х+1) 6
х2+х-6 0
х2+х-6=0
теңсіздіктің шешімдері [-3; 2] аралығы, өлшемдер оң санға тең, ендеше терезенің ені 1м немесе 2 м-ге тең.
V. Бағалау
3 минут Оқушылардың жетістіктері өлшемдер арқылы бағаланады (қосымша 1)
Оқушылар өзін-өзі бағалайды
VI . PISA тапсырмасын орындау
10 минут Тапсырма. Ең көп адамы бар бөлме
Төменде диаграммада А, В және С бөлмелері көрсетілген. Бөлмелердің ауданы мен әрбір бөлмедегі адам санын салыстыра отырып, кай бөлмеде адамның ең көп екендігін айта аламыз.
Ескертпе: Үш суретте де масштаб бірдей.

А бөлмесі В бөлмесі С бөлмесі
Сұрақ. Нұргүлдің айтуынша А бөлмесінде ең көп адам бар. Нұргүлдің айтқанын дәлелдеу үшін түсіндірме беріңіз.

VIІ. Бағалау
2 минут Өлшемдер арқылы бағаланады (қосымша 1) Өзін-өзі бағалайды
VІІІ. Қорытындылау. Үйге тапсырма беру
1 минут Оқулықтан №561 есеп
ІХ. Рефлексия
2 минут Сабақтағы іс-әрекетін сипаттайтын сөздің тұсына белгі қою ұсынылады (қосымша 2) Оқушылар өз жұмыстарына сипаттама береді

Қосымша 1.
Оқушылардың оқу жетістігін өлшемдік бағалау
Критерийлер Жетістік деңгейі Дескрипторлар ұпай Жиынтық баға
A
(Max3) 0 Квадрат теңсіздіктерді және олардың коэффициенттерін анықтай алмайды
1 Теңсіздікті шешудің интервалдар әдісінің алгоритмін біледі
2 Теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешуде қателіктер жібереді
3 Теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шеше алады
B
(Max3) 0 Мәтінді есептің мағынасын түсіне алмайды
1 Есепке теңсіздік құра алады
2 Теңсіздіктің түрін ажыратып, шешуде қателіктер жібереді
3 Теңсіздіктердің барлық категорияларын ажыратады және шешеді, өз пікірін білдіреді
C
(Max3) 0 Тапсырманың мағынасын түсіне алмайды
1 Тапсырманың мағынсын түсініп, ой елегінен өткізе алады
2 Стандартты емес жағдайды жүйелей алады
3 Стандартты емес жағдайларды жүйелей алады және өз пікірін дәлелдей алады

Бағалау шкаласы
Баға Балл
«5» 8-9
«4» 6-7
«3» 4-5
«2» 0-3

Қосымша 2.
Рефлексия
Сабақ Мен сабақта Қорытынды
қызықты жұмыс істедім тақырыпты түсіндім
қызықсыз демалдым бұрынғыдан да жақсы түсіндім
басқаларға көмектестім түсінбедім
loading...

Автор: Жакупбекова Гүлсім Мухамедияновна

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы №7 мектеп-лицейі

Бөлім: Математикадан ашық сабақтар | Қосты: Жакупбекова_Гүлсім
Көрсетілім: 1438 | Жүктеулер: 655 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5901
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 6
Қонақтар: 6
Тіркелгендер: 0