Математикадан ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Математикадан ашық сабақтар

Тарихи дөңгелек
[ Сайттан жүктеу (6.06Mb) ] 04.12.2015, 18:50

Материалдың жеке номері 2245

Тарихи дөңгелек

загрузка...
Күні : 02.12.2015жыл
Сабақ тақырыбы: Тарихи дөңгелек
Сыныптар 9-11 сынып арасында
Сабақ мақсаты:
1. а) АТҚ пайдалан отырып оқушыларды математика пәнінің тарихына деген көз қарастарын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылықтарын ояту;
ә) оқушылардың математикалық ой – өрісін дамыту;
б) оқушыларды алғырлыққа,топпен жұмыс жасауға , шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, MS Power Point бағдарламасының көмегімен осы сабаққа арнайы дайындалған слайдтар (презентация).
Сабақтың барысы.
Математика – ермек емес , балалық,
Математика – көрегендік , даналық
Сондықтанда балалар қалыс қалып қалмайық, бүгінгі сайыста бар күшімізді салайық деп сайысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру.
1. Шығармашылық тапсырма
2.Кім? Қашан? Қайда?
3.Мергендер сайысы
4.«Үндемес» ойыны
5. Әріптер мекені
6. Қорытынды
І – кезең : Шығармашылық тапсырма (Оқушылардың топ аты , мүшелері, эмбемалары, үй тапсырмасы шағын көрініс қою)
ІІ –кезең : Кім? Қашан? Қайда?
Ойын шарты . Бейне тақтада сұрақтар шығып отырады. Бірінші ол адамның кім екенін содан сол ғалымның қай елден , қай жылы туганын айтып беру керек . Дұрыс жауап тақтадан шығып отырады.
Кезеңінің сұрақтары
1-слайд. Сфера бетінің көлемі мен ауданын есептеп шығарып, қару ойлап тапқан, тұтқалар мен блоктардың принципін түсіндірген. Ол: «Маған ұзын тұтқа мен тіреу нүктесін беріңдерші, сонда мен Жерді орнынан жылжытамын»,-деген кім? Және қай жылдары өмір сүрген , қай елден?
1 слайд жауабы 2 слайд 3 слайд 4 слайд 5 слайд 6 слайд
жауабы : Архимед
Бэд 287-212ж Ежелгі грек тің ғалымы.Математиканың көптеген фактілері мен әдістерін алғаш ашқан , тамаша
2-слайд . Жердің шар тәріздес екенін бірінші ұққан және дұрыс ұшбұрыштардың әйгілі теоремасын дәлелдеген кім? Қай жылдары , қай жерде дүниеге келген?
Жауабы:Пифагор Самосский Б.э.д. 570 ж-490ж
Ежелгі грек ғалымы Пифагор матиматикаға негізделетін құпия ілімнің негізін қалады. Ол сандардың барлық нәрсе екенін және математиканың көмегімен кез келген құбылысты түсіндіруге болатынын дәлелдеген
3-слайд .”Пропорцияны қазіргіше жазуды 1693 жылы енгізді және интегралды белгілеуді ойлап тапқан кім? Қай жылы өмір сүрген және қай елден?
Жауабы:Г.В.Лейбниц1646-1716ж Неміс философы , математик, физик, заңгер, тарихшы , тіл маманы
4-слайд . 10 жасында 1-ден 100 дейінгі сандардың қосындысын тапқан кім? Қай жылы туган , қай жердің математигі ?
Жауабы:К.Ф. Гаусс 1777-1855ж 30 ақпан Неміс матемаигі , астроном, физик
5-слайд . Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауда және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық математиктер мектебін қалыптастырды. 1958 жылы (академик) алғаш рет қазақ тілінде математикалық талдау туралы оқулығын шығарған. Ол кім , қай жылғы, қай елден?
Жауабы: Жәутіков Өрымбек Ахметбекұлы(1911-1989) Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылында дүниеге келген. О.Жәутіков - республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушылардың бірі. Бұл мектеп қазір Орынбек Жәутіковтің есімімен аталады. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауда және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңірген.
6-слайд . Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтіндігін , оның кеңейюін есептеген қазақ математигі кім? Қай жылы , қайда дүниеге келген?
Жауабы:Асқар Жұмаділдаев25.02.1959жылы Қызылорда облысы ,Шиелі ауданы , Шиелі кентінде дүниеге келген. Ғалым,Математика –физика ғылым докторы.
ІІІ кезең : Мергендер сайысы (Слайдтан )
Ойын шарты : ақ және қара түспен оялған дөгелек берілген .Ол дөңгелектің бөліктері сәйкес ұпайлармен белгіленген . Арнайы инелерді сол дөгелек бөліктеріне лақтырып , сәйкес сұрақтарға жауап берсе ғана ұпай қанжығасына байланады. Жауап бере алмаған жағдайда қарсылас топ жауап беруіне болады.
1 Сұрақ : Ағасында 2 кәмпит, ал інісінде 12 кәмпит бар. Ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттік орнап, олардың кәмпиттерінің саны теңеседі?
Жауабы: (5)
2 Сұрақ : Үйде 12 шәшке мен 9 табақша бар еді. Кішкентай Камшат анасына көмектеспекші болып ыдыстарды жуғанда шәшкелердің жартысы мен 7 табақшаны сындырып алды. Неше шәшке табақшасыз қалды? Жауабы : (4)
3 Сұрақ : Бір күні қасқыр мен түлкі тегін балыққа кез болады. Қасқыр түлкіге: «Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл»,- дейді. Сонда түлкі: «Саған біреу, маған екеу, саған оған үшеу, маған төртеу, т. с. с. ең соңында 20 балықты өзі алады». Қайсысы көп алды және қанша артық алды? Жауабы :(Түлкі 110, қасқыр 100 балық алды).
4 сұрақ:Шал көп балық аулап, көңілденіп, әндетіп келе жатып, жолда өліп жатқан түлкіні көреді. «Кемпіріме жаға болды»,- деп қуанған шал түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 - минутта 2 балық, т. с. с. әр лақтырған сайын алдыңғы лақтырғаннан 2 есе көп балық лақтырып отырады. 5 минутта барлығы неше балық лақтырған? Жауабы :(31)
ІҮ – кезең : Үндемес ойыны
Ойын шарты: Әр топтан 2 оқушы шығады (кезектесіп). Келесі суреттер оқушыға қағаздардан көрсетіледі . Бүл заттар қандай фигураға ұқсайды ? Топ мүшелеріне тек қимылмен ғана көрсетуі керек. Ойын соңында бейне тақтадан дұрыс жауап көрсетіледі .

І топқа ІІ топқа
Жауабы:
Ү – кезең «Әріптер мекені »
Ойын шарты : Әр топтан 1 оқушы шығып геометриялық фигураны таңдайды . Әр фигураның артында ьір әріп жасырынған . алғашқы әріпі сол әріптен басталатын мматематикалық терминдерді атап шығады . Кім көп сөз атаса сол жеңімпаз атанады .
Мысалы : Шеңбер- радиус- сәуле-еселік- кесінді т.б
Дөңгелек- квадрат – теңсіздік- т.
Білім деген - биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген – ақылшың,
Қиындықтан өткізер. Деп бүгінгі сайысымыз қорытындылауды әділ қазылар алқасына береміз.

ҮІ кезең Сабақты қорытындылау. Топ мүшелерін марапаттау, алғыс хаттар беру .
loading...

Автор: Хихметова Гульназ Каировна

Қушоқы ЖББО мектебі Бұқар жырау ауданы Қарағанды обылысы

Бөлім: Математикадан ашық сабақтар
Көрсетілім: 1035 | Жүктеулер: 520 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5929
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 6
Қонақтар: 6
Тіркелгендер: 0