Сайт учителя начальных классов
.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
«Қызылқұм» ауыл әкімшілігі
Ябек Есенбеков атындағы жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сейтбекова Ақмарал Сейдахановна
математика пәнінің мұғалімі

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сынып: Күні: Пәні: мұғалім
6 математика
Сабақтың тақырыбы Таңбалары әр түрлі сандарды қосу.
Жалпы мақсаттар: Таңбалары әр түрлі сандарды қосу ережесін қорытып шығару, оны есептер шығаруда тиімді қолдана алу. Жай және ондық бөлшектер аралас есептерді тиімді қосуға дағдылану.

Ресурстар: Оқулық, тақта, А-4 формат, сабаққа қажетті ресурстар.
Әдіс - тәсілдер Жеке, жұппен, топпен Стратегиялар: «Сандар биографиясы», «Сұрақтар кестесі», деңгейлік сұрақтар
Оқыту нәтижесі: Рационал сандарды қосу ережесін дұрыс қолданады, есептеулерді дұрыс, тиімді орындайды
Түйінді идеялар Рационал сандарға амалдар қолдану.
Дерек көздер Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс – әрекеті

Ұйымдас-тыру кезеңі:
2 мин Психологиялық жағымды ахуал орнату. «Әзіл әңгіме» айту арқылы оқушылар назарын сабаққа аудару. Оқушылар оқу құралдарын дайындайды, әңгімені тыңдай отырып, сұрақтарға жауап береді.

1 мин 1) Сабақ тақырыбын болжауға тапсырма беру. («-» + «+») Мақсатын тұжырымдау үшін сұрақтар қояды.
2) (N,Z,Q,+,- ) таңбалары бойынша топқа бөлу. Оқушылар көрсетілген таңбалар бойынша тақырыпты болжайды. «Таңбалары әр түрлі сандарды қосу»
Мұғаліммен бірлесіп сабақ мақсатын тұжырымдайды .
Топ мүшелері өз орындарына жайғасады.

Қызығушы-лығын ояту:


15 мин 1) Үй тапсырмасын сұрау.
«Егер теріс сандар болмаса..» тақырыбында эссе.
2) Жеке жене топтық жұмыс. «Сандар биографиясы» әдісі бойынша көрсетілген санға кластер құрастыру.
3) «Сұрақтар кестесі» әдісі бойынша өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар жаздыру. 1) Оқушылар эсселерін оқиды.

2) Берілген санға кластер жасайды.

3) Топ мүшелері дәптерлеріне 1 сұрақ жазады,талқылау барысында кестеге іріктеп 2 сұрақ жазады. Сұрақтың жауабын қарама-қарсы топ табады.

Мағынаны ажырату

Сергіту сәті



20 мин

2 мин

1) «қарыз + қарыз = ?»
« ыстық + ыстық = ?»
«кіріс + шығын = ?»
2) Таңбалары әр түрлі сандарды қосу ережесін қорытып шығаруға тапсырма беру.
«50 теңгеге атасы, немересі және тауықтарға тамақ болатын азық сатып алуға бола ма?»

3) Есептер шығару. № 465-477
«А» № 476,477 (жұп),472
«В» № 465,466 (жұп),472
«С» № 465,466 (жұп)
Оқушылар топта талқылау арқылы жауаптарын негіздеп, дәлеледейді. «Қарыз», «ыстық», «кіріс» және «шығын» сөзін оң, теріс сандармен алмастырып, таңбалары әр түрлі сандарды қосу ережесін қорытып шығарады.

Оқушылар өз жауаптарын ұсынады.

Оқушылар есептерді шығарып ,өз жұптарымен тексереді
Бағалау

Кері байланыс 4
мин 1) Оқушылар және топ басшысы бағалау парағын
толтырады.
2) Мұғалім « Білім мұхиты» бойынша бағалау
жұмысын жүргізеді.
Мұхитың жоғары мұз беткейі «3»-тік бағамен,
ал су бетінің деңгейі «4»-тік бағамен,ал мұхиттың
терең деңгейі «5»-к бағамен бағаланады.
3) «Смайликтер» арқылы кері байланыс жасайды.
Стикерлерге бүгінгі тақырып бойынша түсінбеген
сұрақтарын жазады.
№465,466 «3»

№465,466,472 «4»

№472,476,477 «5»

Үйге тапсырма 1мин № 468

Не сәтті өтті? Таңбалары әр түрлі сандардың өмірде қолданылуы, олардың қажеттілігін түсінді. (эссе)
Жаңа тақырыптың негізгі түйінді идеясын өмірден қарапайым мысалдарды келтіріп, дәлелдей алды.
«қарыз + қарыз = қарыз»
« ыстық + ыстық = ыстық»
«пайда + қарыз = пайда немесе қарыз»

«Білім мұхиты» бағалауы арқылы оқушылар өзін-өзі бағалаумен қатар, мұғалім де бағалады.
Не сәтсіз өтті? Кейбір оқушылар өзін-өзі әділ бағаламады, бағалау парақшасындағы табыс критерийлерін дұрыс қолданбады.


Қандай өзгерістер енгіземін? Оқушылар өздерін әділ бағалайтындай критерийлерді жоспарлау


Өзін-өзі бағалау парағы.
Сыныбы : Оқушының аты-жөні:
№ Табыс критерийлері Ұпайы Түсініктеме
1 Оң және теріс сандарды ажырата аламын
2 Теріс сандардың қосындысын таба аламын
3 Таңбалары әр түрлі сандарды қоса аламын
4 Ондық және жай бөлшектерді қосуда ережені қолдана аламын
5 Рационал сандарды қосу ережесін кез келген есептерде қолдана аламын
6 Қорытынды ұпай
Иә-1ұпай, Жоқ-0ұпай

Бағалау парағы
№ Оқушының аты-жөні Өзін-өзі бағалау Топтың бағасы Мұғалімнің бағасы





«Сандар биографиясы» әдісі бойынша санға кластер жасау

Натурал сан Бүтін сан Киелі сан
7
Тақ сан -7-ге қарама-қарсы сан Жай сан



« Сұрақтар кестесі»
Сұрақтар
« Натурал сан» тобы Жауаптар
« Рационал сан» тобы
Күндіз ауа темпуратурасы 3 градус суық болды, ал кешке -15 градус болды. Ауа- райы қалай өзгерді?
Ауа-райы -12 градусқа суыды.
Неліктен теріс сан оң саннан үлкен болады?
Себебі, оң сан теріс санның оң жағында жатады. Оң сан нөл санынан үлкен, ал нөл саны теріс саннан үлкен, сондықтан оң сан теріс саннан үлкен.

ID: 2274 | Просмотров: 6351