Сайт учителя начальных классов
.
Санды 3-ке көбейту кестесі.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Кестелік көбейту және бөлу ережелерін қайталай отырып, 3-ке көбейту және бөлуді үйрету, ұғындыру. Көбейту кестесін құруды, көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдалануға үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау қабілетін өздігінен жұмыс істеу дағдысын, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Білім, білік, дағдыларын кеңейту, қиялын, ауызша есептеу қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік:Оқушылар өзгенің пікірін тыңдап, өз ойын еркін айтуға баулу, белсенділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ойын, математикалық диктант, логикалық сұрақтар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі
Көрнекілігі: көбейту кестелері, үлестірмелі қима қағаздар, көбейту кестесіне байланысты суреттер.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Ал, кәнекей, балалар,
Бері қарай қарайық.
Қажет құрал, кітапты,
Алдымызға алайық.
Алаңдамай басқаға,
Сабаққа назар салайық.
Дұрыс есеп шешімін,
Мұқиятпен табайық.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
№ 6. Теңдеулерді шеш:
а • 2 = 6. 6 : х = 3. 2 • х = 6. а : 2 = 3.
III. Өткен сабақты пысықтау.
- Балалар, біз өткен сабақта санды 2-ге көбейту кестесін өтіп, есептер шығардық. Қазір соны қалай меңгергендеріңізді білу үшін сұрақтар қойып өткенді еске түсіреміз.
- Көбейту амалына кері амал?
- Көбейтудің компоненттерін ата?
- Бөлудің компоненттерін ата?

Оқулықпен жұмыс.
№1
3 • 3= 3 • 2 + 3 = 9 : 3 = 3.
4 • 3= 4 • 2 + 4 = 12 : 3 = 4.
5 • 3 = 5 • 2 + 5 = 15 : 3 = 5.
6 • 3 = 6 • 2 + 6 = 18 : 3 = 6
Топпен жұмыс
№ 2 есеп
1 – топ а) 4 • 3 = 12. Жауабы: 12 киіз үй жасады.
2 – топ ә) 12 : 3 = 4. Жауабы: Әр ауыл 4 сәйгүлік қосты.
№ 3 есеп
1 – топ а) 3 • 6 = 18. Жауабы: Байқауға 18 оқушы қатысты.
2 – топ ә) 15 : 3 =5. Жауабы: Әр бумада 5 кітаптан болды.
Математикалық диктант
3 • 3 = 5 •3 = 3 • 4 = 3 • 3 =
30 • 3 = 50 •3 = 3 • 40 = 3• 30 =
4 • 3 = 6 • 3 = 3 • 5 = 3 • 6=
40 • 3 = 60 •3 3 • 50 = 3 • 60 =

5-мысал.
Амалдарды орында.
1-топ.
9 : 3 = 12 : 3 = 3см • 3 = 4 см • 3 =
90 : 3 = 120 : 3 = 30 см • 3 = 40 см • 3 =
30 : 3 = 12 : 4 = 9 см : 3 = 12 см : 3 =
90 см : 3 = 120 см : 3 =

2-топ.
15 : 3 = 18 : 3 = 5см • 3 = 6 см • 3 =
150 : 3 = 180 : 3 = 50 см • 3 = 60 см • 3 =
15 : 5 = 18 : 6 = 15см : 3 = 18 см : 3 =
150 см : 3 = 180 см : 3 =

Математикалық ойын.
2 • 2 = • 2 = : 2 = +10 = : 6 =
3 • 2 = +4 = : 2 = • 2 = : 5 =
Логикалық есептер.
1-топ
1. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
2. Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді?
3. 4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?
4. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?
5. 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
6. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
2- топ
1. Бір айда 5 жексенбі бола ма?
2. Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
3. Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш.Айгүл Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені?
4. Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды.Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
5. Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
6. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
ІV.Оқушыларды бағалау.
V. Үйге тапсырма: 237 бет № 7

ID: 1585 | Просмотров: 3014