Сайт учителя начальных классов
.
Рационал сандарды азайту. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы. -

Рационал сандарды азайту. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы.

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 1294 | Просмотров: 3849 | Размер: 94.8 Kb | Автор: abseitova_r
Сабақтың тақырыбы:
Рационал сандарды азайту. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға рационал сандарды азайту,
координаталық түзудегі кесіндінің
ұзындығын табуды үйрету.
Алған білімдерін есептер шығаруда
қолдана білуге үйрету.
Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу.
Сабақтың түрі:
Теориялық білім беру.
Сабақтын әдісі:
тақырыпты сөз жұмбақ арқылы ашу.
Көрнекіліктер: логикалық тапсырма
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушыларды түгендеу.
ә) психалогиялық ахуал
б) оқушылардың сабақта
жұмыс істеу дайындығын тексеру.
в) үй тапсырмасын тексеру
II.Жаңа тақырыпты ашу мақсатында
Сұрақтары:
1.Оң сандар мен теріс сандар бір- біріне ......-қарсы.
2.Картадағы кескін ұзындығының жер бетіндегі қашықтыққа қатынасы .............
3.Екі қатынастың теңдігі .............
4. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын кесінді...
5.Координаталық түзу бойындағы санды кескіндейтін нүктенің санақ басынан бірлік кесінді есебімен алынған қашықтық...........
6.Күнделікті өмірде қолданылатын сандар......
7.Екі санның бөліндісі сол сандардың .......
8. Қарама –қарсы екі санның қосындысы .......
III . Жаңа материалдарды игеру кезеңі:
Азайту қосынды мен белгілі қосылғыш бойынша екінші (белгсіз) қосылғышты табу амалы.
b+x=a; x=b-a;
Таңертең ауаның температурасы -20С болды, ал түсте
+50С-қа ,болды. Ауаның температурасы неше градусқа өзгереді?
Шешуі: 50С-(-20С) немесе 5-(-2)=5+2=7, яғни +70С.
Анықтама: Бір саннаң екінші азайту үшін азайғышқа азайтқышқа қарама-қарсы санды қосу керек.
a-b=a+(-b).
Анықтама: Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек.
Координаталық түзудегі кесінділерді сызып мысалдар арқылы көрсету:
IV Жаңа материалды оқушылардың игеру деңгейін анықтау:
• Рационал сандарды азайту ережесі.
• Рационал санарға қандай сандар жатады?
• Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы қалай табылады?

Ж.Караев технология бойынша тапсырма беру
V Сергіту сәті (логикалық тапсырма)
А – деңгейі
№519 (1)
(+6)-(-8)=6+8=14; (-1)-(-3)=-1+3=2; -9-10=-19
В – деңгейі
№529
1) 1/3-(+2/3)=1/3-2/3=-1/3
2)5/6-(-1/6)=5/6+1/6=1
3)5/8-(-7/8)=5/8+7/8=1,5
Логикалық тапсырма,
Бір-бірімен белгілі байланыспен орналасқан сандар қатары берілген. Сандар байланысы ерекшелігін тауып, қатар жалғастыр, яғни келесі қай сан екенін анықта. 9, 7, 10, 8, 11, 9, 12,...? Жауабы: 10
Адамның қолында 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ
Жауабы: 100
Ит түйеден 10 жыл аз, ал түйе есектен 20 жыл аз жасайды. Егер есек 50 жыл жасаса, ит пен түйе неше жыл жасайды?
Жауабы: Ит 20 жыл, түйе 30 жыл
Төртбұрышты үстелдің бір бұрышын кесіп тастасан неше бұрыш болады?
Жауабы: 5
5 кг тауық таразыда тұр, егер бір аяғын көтеріп тұрса онда қанша келі болады?
Жауабы: 5
С – деңгейі
№540
1)a+(-b)-(-2a)=a-b+2a=(a+2a)-b=3a-b
2)-a-(+a)+2b-(-b)=-a-a+2b+b=(-a-a)+(2b+b)=-2a+3b
Рефлексия
Бағалау
Үйге тапсырма № 519(2,3),№ 529 (2,4,6),№540(3,4) 152 бет
№519
2)(-9)-(-5)=14
3)(-7,1)-(-7,1)=0
№529
2)-2/5-(-3/5)=1/5
4)-3/7-(+4/7)=-1
6)-1/9-(+2/9)=-1/3
№540
3)-a-(-b)-4a=-5a+b
4)-a-(+3a)+(-b)=-4a-2b

ID: 2182 | Просмотров: 3849