Сайт учителя начальных классов
.
Алматы облысы Райымбек ауданы Талас ауылы
Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп
Математика және информатика пәнінің мұғалімі
Жусанбаева Баян Октябрьқызы

Алгебра 7 сынып
Сабақтың тақырыбы Рационал өрнектерді көбейту және бөлу
Сілтеме АКТ, жоспар, сабаққа жасалған слайд, тест есептері, формулалар, сұрақтар
Жалпы мақсаты
Бөлшектерді көбейту және бөлу ережесін еске түсіре отырып, рационал бөлшектерді көбейту және бөлуді практикада пайдалануға дағды қалыптастыру, белсенділігін арттыру, өз бетінше ізденуге тәрбиелеу, танымын, пәнге қызығушылығын дамыту.
Оқу нәтижелері
• Рационал бөлшектерді көбейту және бөлуге үйренеді
• Практикада пайдалануға дағды қалыптасады.
• өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамиды
• өз білімдерін жүйелі түрде қалыптастырып, пәнге қызығушылығы артады.
• ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілікттері қалыптасады.
Негізгі идеялар Рационал өрнектерді көбейту және бөлуге есептер шығару, қолданылуын білу
Тапсырмалар
1. «Еске түсіру» стратегиясы (сұрақ арқылы және ауызша есеп, слайд)
2. «Ой шақыру» стратегиясы (рационал бөлшектерді көбейту, бөлу, слайд)
3. «Миға шабуыл» стратегиясы (оқулықпен жұмыс, есептер, слайд)
4. «Араласқан кезеңдер» стратегиясы (жауабын сәйкестендіреді)
5. «Ой толғаныс» стратегиясы (тест тапсырмалары)
Топқа бөлу ( Мезгілдер бойынша) (1 минут)
Оқушылар төрт мезгілді таңдайды.Таңдаған мезгілдері бойынша топқа бөлінеді.
Сыныптың психологиялық ахуалын көтеру(1 минут)
Оқушылар тақтадағы сөзді дауыстап оқиды. (слайд)
Әрбір адам? Досым сыныптасым.
Әрбір сабақ? Үйрену, оқу, іздеу.
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.
1-тапсырма «Еске түсіру» стратегиясы ( минут) ( слайд )
Мақсаты: Сұрақтар қою арқылы өткен материалды еске түсіру. Кезекпен жауап береді. Ауызша есептер шығарылады.
Өткен сабаққа байланысты және бүгінгі тақырыпқа байланысты мынадай сұрақтар қойылады:
1. Бөлшектерді көбейту ережесі
2. Бөлшектерді бөлу ережесі
3. Бөлшекті қысқарту дегеніміз не?
4. Рационал өрнектер дегеніміз не?
5. Қысқаша көбейту формулалары (4 топқа беріледі, плакатқа жазады, қорғайды)
2-тапсырма «Ой шақыру» стратегиясы ( минут)
Мақсаты: Рационал бөлшектерді қалай көбейтуге, қалай бөлуге болатындығына оқушыларға ой тастау, сол арқылы әр топ өз ойларын ортаға салады, ережені қорытады
• Плакат беріледі.
• Мысал келтіреді.
• Түсіндіреді.
3-тапсырма «Миға шабуыл» стратегиясы ( минут)
Мақсаты: Төрт топқа тапсырма беріледі. Оқулықтағы тапсырмаларды топпен пікірлесе отырып шығару, дағдылау
Топ болып жұмыс істейді.
1-топ №547 1)8) №554 1)
2-топ №547 2)7) №554 2)
3-топ №547 3)6) №554 3)
4-топ №547 4)5) №554 4)
Тақтаға талданады.
4-тапсырма «Араласқан кезеңдер» стратегиясы (10 минут)
Мақсаты: Мұғалім 4 топқа есептер таратады. Әрбір оқушы сол есептердің жауабын
сәйкестендіреді. Жеке- 1 мин, жұппен- 1 мин, шағын топпен- 1мин.
Топтардан жауабын сәйкестендірілгенін сұрайды.
Спикерлерге сөз береді.
1. =
2. =2
3.
4.
5. 2
6. 2z
5 – тапсырма. «Ой толғаныс» стратегиясы (тест тапсырмалары) ( минут)
Мақсаты: 2 нұсқамен тест таратылады. Бірінші топ екінші топты, екінші топ бірінші топты тексереді. Үшінші топ төртінші топты, төртінші топ үшінші топты тексереді.
І нұсқа. (бірінші және екінші топқа)
1. Бөлшекті қысқартыңдар.
А) В) С) Д)
2. Көбейтуді орындаңдар:
А) В) С) Д)
3. Бөлуді орындаңдар:
А) В) С) Д)
ІІ нұсқа. (Үшінші және төртінші топқа)
1. Бөлшектерді қысқартыңдар:
А) В) С) Д)
2. Көбейтуді орындаңдар:
А) В) С) Д)
3. Бөлуді орындаңдар:
А) В) С) Д)

Үйге тапсырма №546, 549 ( 1 минут)
Кері байланыс Оқушылар өздерінің нені білгенін, нені үйренгенін кестеге толтырады. Стикерлерге жазып тақтаға іледі. (3 минут)
Қорытынды Өздерін өзі дескрипторлар арқылы бағалайды. (5 минут)
Пайдаланған әдебиеттер • Алгебра: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық,Ә.Н.Шыныбеков - 4-басылым,- Алматы: Атамұра, 2012. – 125-129 бет.
• Алгебра. 7 сынып. Әбілқасымова
• Алгебра. Дидактикалық материалдар. Жалпы білім беретін мектептің 7-сынып мұғалімдеріне арналған, Алматы: Атамұра, 2012.

ID: 1724 | Просмотров: 3328