Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың тақырыбы: Пифагор теоремасы.
Сабақтың мақсаты: Есептер шығару барысында білімдерін қалыптастыру.
Білімділік: Оқушыларды зерттеу, ой қорытындылау арқылы «Пифагор
теоремасы туралы кең көлемде алған білімдерін баяндап көрсете
білуі.
Дамытушылық: Логикалық ойлау математикалық тілде сөйлеу қабілетін
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық жұмыс жасау қабілетін дамытуға
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білімді қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,интерактивті тақта

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
Сабақ мақсатын, тақырыбын хабарлау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (№ 127 есеп)
1) «Еске түсір» (сұрақтарға жауап беру)
2) «Ой толғаныс»
а) математикалық диктант
б) формулаларды сұрау
в) кестені толтыру

ІІІ. «Біліміңді тексер» (есептер шығару)

Деңгейлік есептер.

І - деңгей.
№ 129
Тіктөртбұрыштың бір қабырғасы 91 см, диагоналі 109см болса, оның
екінші қабырғасын есептеңдер
Бер: АВ=91 см, ВД=109 см
Т/к: ВС-?
№ 130
Теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 17 см, ал табаны 16 см.
Үшбұрыштың табанына жүргізілген биіктігін табыңдар.
Бер: ∆АВС АВ=АС=17 см,
ВС=16 см.
Т/к: АК-?
Шешуі:

ІІ - деңгей.
№ 131
1) 6м және 8м диагональдары бойынша ромб қабырғасының
ұзындығын табыңдар.
Бер: АВСД ромб
АС=8 м, ВД=6м.
Т/к: АВ?
Шешуі:

№ 132
Ромбының қабырғасы 13см, ал диагональдарының бірі 10см.
Екінші диагоналін табыңдар.
Бер: АВ=13 см, ВД=10см
Т/к: АС?
Шешуі:

ІІІ - деңгей.
№ 142
Теңбүйірлі трапецияның табандары
11 дм және 23 дм.
Бүйір қабырғасы 10 дм.
Трапецияның биіктігін табыңдар.
Бер: АВСД трапеция
АВ=СД
ВС=11 дм, АД=23 дм, АВ=10 дм.
Т/к:ВК?
Шешуі:

IV. «Тарихқа көз жүгіртсек» (Ерікті тапсырма)
а) Пифагор өмірі жайлы
ә) «Пифагор теоремасы» туралы ертегі
б) «Пифагор теоремасы» туралы эссе
в) Пифагордан қалған нақыл сөздер.
г) Пифагор жайлы сөзжұмбақ

V. Сергіту сәті

VI. Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма:
№ 140 есеп
Бағалау парағы: Пифагор теоремасы.

ID: 1699 | Просмотров: 2608