Математикадан ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Математикадан ашық сабақтар

Ондық бөлшектерді салыстыруға есептер шығару
[ Сайттан жүктеу (23.1Kb) ] 13.11.2015, 20:33

Материалдың жеке номері 2086

Ондық бөлшектерді салыстыруға есептер шығару

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді салыстыруға есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей білуге, разрядтары бойынша және натурал сандарға дөңгелетіп салыстыра білуге үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту және пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға, логикалық, шығармашылық ойлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі ашық сабақ
Көрнекі құралдар: кесте, бейне суреттер, сандардың жуық мәнін анықтаудығы «Алгоритм» реттілігінің ережесі, есептер жазылған кеспе қағаздары, ұпайларын санайтын фишкалар.
Сабақтың жабдығы: компьютер, интерактивті тақта, тақта, бор, кітап, дәптер
Сабақтың типі: топтасып жарыс түрінде есептер шығару
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, қызығушылығын ояту, әр дұрыс жауап бір фишкамен ұпайландыру.
Байланыс: тарих, экологиялық, қоршаған орта, жаратылыстану
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру: оқушылармен амандасып, түгендеу. сабаққа дайындау, оқушылардың
назарын сабаққа аудару және топтастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру:

Шешімі: Бірлік кесінді 10 бөлікке тең болғандықтан, А(3,5) < B(5,2) < C(8) < D(9,8) болады.

3. Өткен тақырыпты тексеруге қайталау сұрақтары: “Кім жылдам?”
Ондық бөлшек деген не?
Бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан
Ондық бөлшектер координаталық сәуледе қалай салыстырылады?
Координаталық сәуледе үлкен ондық бөлшек оң жақта, ал одан кіші ондық бөлшек сол жақта кескінделеді
Ондық бөлшектің соңына нөлдерді тіркеп жазғаннан немесе алып тастағаннан ондық бөлшек өзгере ма?
Өзгермейді
Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша қалай салыстырады?
Ондық бөлшектің алдымен бүтін бөлігін, егер бүтін бөлігі тең болса, онда ондық немесе жүздік, мыңдық және т.с.с үлестерін салыстырып, қайсысы үлкен болса сол сан үлкен болады
Ондық бөлшектерді натурал санға түрлендіріп, салыстыруды түсіндір
Ондық бөлшектерді ондық таңбаларының сандарын теңестіріп, сонан соң үтірді алып тастап, натурал сан түрінде салыстыруға болады

4. Тарихқа шолу
Ондық бөлшектің бүтін бөлігін бөлшек бөлігінен үтірмен ажыратуды
Шотландия математигі Джон Непер (1550- 1617) және неміс аспан
әлемін зерттеушісі И. Кеплер (1571 -1670) енгізген.

Ресейде Леонтий Филиппович Магниицкий 1703 жылы басылып
шыққан өзінің “Арифметика” оқулығында ондық бөлшектер туралы баяндауды жалғастырды.

5. Жай бөлшектері бар жәшіктерге сәйкес ондық бөлшектерді салайық!

6. Сандарды салыстырыңдар:
І топ ІІ топ
235,8 және 235,800 54,36 және 54,089
29,3 және 29,298 236,02 және 236,005
14,739 және 14,74 0,02356 және 0,02395
0.1 және 0.09998 25,164 және 25,160

7. Көптеген аурулардың себепкері жайсыз экологиялық жағдайлар болып табылады ауаның, судың, топырақтың ластануы.
Сандарды өсу ретімен орналастырып, қай жердің экологиялық жағдайы жағымды екенін анықта.
Мысалы, ауаның ластануы:
Зауыт үстінде – 0,86
Қаланың үстінде – 0,129
Ауылдың үстінде – 1/100
Өзен, көлдердің үстінде – 1/1000
Орманның үстінде – 0,0003
Сергіту
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!

8. Тапқырлар сайысы: әлемдегі ең кішкентай құс?
Бес бүтін оннан екі 5,02
Т 5,2
К 5,002
П
Ноль бүтін мыңнан сегіз 0,008
О 0,08
Е 0,8
У
Үш бүтін мыңнан жиырма бес 3,25
Д 30,25
В 3,025
Л
Он алты бүтін жүзден бес 16,005
А 16,5
Е 16,05
И
Он сегіз бүтін жүзден сегіз 18,8
Ш 18,08
Б 18,008
В
Бес бүтін онмыңнан он бес 5,0015
Р 5,015
У 5,15
И
Отыз төрт бүтін мыңнан жүз бес 34,0105
В 34,105
И 34,15
М
Колибри әлемдегі ең кішкентай құс.
Оның көлемі түкті арамен бірдей, ал салмағы 1,5 – 2 грамм.

Раффлезия - әлемдегі ең үлкен гүл.
Оның жапырағы да, сабағы да, тамыры да жоқ. Оның салмағы 4-6 кг болады.
Ол орамжапыраққа ұқсас ал ашылған күйінде диаметрі қанша метрге жететінін білгің келсе төмендегі есепті шығар.
0,32 м + 4 дм 8 см + 70 см =
Жауабы: 1,5 м

9. Өзіңді тексер:

I топ
Сандарды ондық бөлшек түрінде жаз:
3/10 ; 2 17/100 ; 1 43/1000
2. Салыстыр:
а) 0,026 және 0,27
б) 2,1 және 1,853.
3. Амалды орында:
а) 2,3+15,4
б) 8,3-5,42
в) 5,7+0,332
I топ
1. 0,3 ; 2,17 ; 1,043
2. а) 0,026 < 0,27
б) 2,1 > 1,853
3. а) 2,3 + 15,4 = 17,7
б) 8,3 – 5,42 = 2,88
в) 5,7 + 0,332 = 6,032

II топ
Сандарды ондық бөлшек түрінде жаз:
7/10 ; 5 263/1000 ; 3 6/100
2. Салыстыр:
а) 0,53 және 0,534
б) 3,2 және 2,753.
3. Амалды орында:
а) 3,5+12,4
б) 5,6-1,73
в) 2,8+0,227
II топ
1. 0,7 ; 5,263 ; 3,06
2. а) 0,53 < 0,534
б) 3,2 > 2,753
3. а) 3,5 + 12,4 = 15,9
б) 5,6 – 1,73 = 3, 87
в) 2,8 + 0,227 = 3,02
10. Қорытынды сұрақтар
Мына сандардың қайсысы шамалардың дәл мәні, қайсысы жуық мәні:
1) Осакаров №1 орта мектебінде 683 оқушы бар
2) Гепард жануары өз жемін аулағанда ол 120 км/сағ жылдамдыққа дейін жүгіре алады.
3) Сыныпта 25-тен кем оқушы, 5-тен артық мұғалім отыр.
4) Бүгін 5 «Б» сыныбында математика пәнінен
«Ашық сабақ» болды.
5) Ертеңгі ауа-райы 〖10〗^0-қа жылы болады
Үй тапсырмасы: №928 және №930
Бағалау: Жеңімпаз топты мадақтау.
Назарларыңызға көп рахмет!
loading...

Автор: Жапар Қазна

Бөлім: Математикадан ашық сабақтар | Қосты: Ұстаз
Көрсетілім: 1042 | Жүктеулер: 524 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5898
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 26
Қонақтар: 26
Тіркелгендер: 0