Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

  • Жүктеулер: 822
  • Көрсетілім: 1855
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 13/Ноя/2015
С а б а қ б а р ы с ы :
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу;
ә) Аудитория тазалығына көңіл бөлу;
б) Сабақ мақсатын көрсету
Топ оқушылары 2-ге бөлінген. Әр топта 6 оқушыдан бар.
ІІ.Ой толғаныс кезеңі (Үй тапсырмасын сұрау): Интерактивті тақтада Натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерінің сол жақ бөлігі жазылады. Оқушылар формулалардың жалғасын табады.
ІІІ. Мағынаны тану кезеңі (Өтілген тақырыпты қайталау):
а) Экранда берілген сұрақтарға жауап беру.
С ұ р а қ т а р:
1. Дәрежелеу амалына кері амалды атаңыз? (Түбір табу амалы).
2. Қандай сандарды білеміз? (Натурал, бүтін, рационал сан, иррационал, нақты сан).
3. Нақты сандар қандай сандардан тұрады? (рационал және иррационал).
4. 1230=? (1-ге тең)
5. Натурал сандар дегеніміз не?
6. n-ші дәрежелі арифметикалық түбір дегеніміз не?
7. Рационал сандар туралы не білесіздер?
8. Иррационал сандарды қалай түсінесің?
ІҮ. Практикалық тапсырмаларды орындау:
1. Оң сандарға қол шатырдай
Қалпақ болған беделi
Квадраттасаң егер оны
Жоғалтпассың сен оны (Түбір) Жұмбақтың шешімін тапқан оқушы тақтадағы сәйкестік тест тапсырмасын орындайды.

Жұмбақ:
Бiрдей санды бiрнеше рет
Көбейтуден тұрады
Егер оны ықшамдасақ
Қандай атау болады? (дәреже)

Сәйкестік тест орындау барысында «Білім» және «Байлық» деген сөздерді табамыз. Қазiргi нарық заманында бiлiм артық па, байлық артық па?- деген сауал тасталады. Бұл сұраққа жауапты сабақтың мiндетiн орындау барысында табатын боламыз.
І-кезең: Бұл кезеңдегі есептерді шығару үшін сендерге мен жұмбақ жасырайын. Қандай тапсырма болатынын осы жұмбақты шешу арқылы білетін боламыз.
Бүтiн сан, бөлшек сандар
Барлығы да бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, терiс сан бәрi сонда (рационал)
Рационал болса, онда мына есептерді рационал көрсеткішті дәрежені есепте:
Есептер интерактивті тақта арқылы беріледі.
Есепті бұрын болған оқушы тақтаға шығып түсіндіреді, оған сыйлық беріледі. Ол сыйлықта:
• Бiлiм өмiрiңдi жарық етедi, ал дүние жолдан тайдырады
• Бiлiмдi iздей берсең толып көбейедi, ал дүниенi жарата берсең азаяды.
Оқушылардың есепті шығаруына қарай фишкалар таратылып отырады.
ІІ-кезең: Алдын-ала жұмбақ жасырылады.
Үлкен, кiшi сандарды сен,
Ажыратқың келсе егер
Қандай таңба қояр едiң
Қане, ойлан куәгер (>,<)- салыстыру
Бұл жұмбақтың шешуi >,< таңбалары болғандықтан, соған сәйкес салыстыру есебiн шығару ұсынылады.
Есептi дұрыс шешкен және бірінші болып шығарған оқушыға сыйлық берiледi. Ол сыйлықта:
• Бiлiмiң көп болса, қанша ғасыр сақтасаң да, iрiп-шiрiмейдi,
ал байлық шiридi.
• Бiлiмдi болсаң сенi ел құрметтейдi, ал байлығың болса, қызғанышпен қарайды.
ІІІ-кезең:
Нәрселердi санағанда
Керек ол бiзге ауадай
Айтыңдаршы, ол қандай сан
Жан-жағыңа қарамай (натурал сан)
Өрнектің мәнін табыңыздар:
мұндағы а=125
Жауабы «натурал сан» болады. Тапсырманы бірінші болған оқушыға сыйлық таратылады. Ол сыйлықта:
"Қазақстанның болашағы бiлiмдi ұрпақта"
"Бiлектi бiрдi жығады,
Бiлiмдi мыңды жығады".
Мол дәулеттiң байлығы,
Бiр жұтасаң жоқ болар.
Оқымыстының байлығы,
Еш жұтамақ жоқ болар.-деп Ы. Алтынсарин атамыздың сөзі жазылған сыйлық таратылады.
Топ жарысы: Математикалық терминдер жарысы: П, К
ІҮ кезең: Нақты сандар жиынының үздіксіздігін, нақты сандардың алғаш енгізілуіне себепші болған математик ғалым кім?
Біліп алу үшін осы төмендегі ІҮ-ші кезеңнің тапсырмасын орындауымыз керек.
Тапсырма. Теңдеуді шешіңіз:
Егер осы есепті дұрыс шешсек, онда біз мақсатымызға жеткен боламыз. Теңдеудің жауабы 1-ге тең. Интерактивті тақтада берілген математик ғалымдардың қайсысының тұсында 1 саны тұрса, сол ғалым «Нақты сандар жиынының үздіксіздігін» енгізген болады.
Жауабы:

1 2 3
Рене Декарт Пифагор Архимед

(1596-1650) (б.э.д.580-500 ж) (б.э.д. 287-212 ж.)
Интерактивті тақтада тест тапсырма беріледі. Оқушылар тапсырманы орындайды.
Үйге тапсырма: А.Н. Колмогоров оқулығынан №425, 426 есептер.
Қорытындылау және бағалау: Оқушыларды сабақ барысында таратылған фишкалар және тест тапсырмасы арқылы бағалау.
«дөңгелек» фишкалар - 5 ұпайды
«төртбұрыш» фишкалар - 4 ұпайды
«үшбұрыш» фишкалар - 3 ұпайды білдіреді.
Оқушылардың орташа ұпайын шығарып бағалау.

Автор: Күздеубаева Сәуле Сайфуллақызы

"Болашақ" медициналық колледжі

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.