Математикадан ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Математикадан ашық сабақтар

«Математика жұлдыздары» білім сайысы
[ Сайттан жүктеу (27.3Kb) ] 05.08.2015, 15:25

Материалдың жеке номері 1716

«Математика жұлдыздары» білім сайысы

загрузка...
«Математика жұлдыздары» білім сайысы
Мақсаты:
Оқушылардың математика пәнінен алған білімдерін жинақтау.
Оқушылардың ойлауын математикалық сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылын арттыра отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Оқушыларды шапшандыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке , ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға , ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд-шоу, интерактивті тақта, ноутбуктар
Саламатсыздар ма, ұстаздар,
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан оқушылардың,
Сәті келді сыналар.

Сәлеметсіздер ме, оқушылар,
Білім сайысқа қызығушылар.
Естігенін еске тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.

Міне залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны бізде қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың ғылымы
Нақты ғылымдар жайында
Ойын-сайысымызды бастаймыз.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан «нақты ғылымдар» пәндерінің апталығына қош келдіңіздер! Міне бүгін сіздердің алдарыңызда 8 «а», 8 «б» сынып оқушылары «Математика жұлдыздары» атты сайыста білімдерін сынамақ. Олай болса ойыншыларымызды ортаға шақырып, таныстырайық. Әр сыныптан сегіз оқушы шығады.
8 «а» сыныбынан: « Алғырлар» тобы
8 «б» сыныбынан: «Тапқырлар» тобы
Сайысты бастамас бұрын , алдымен сайысымыздың әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. ................................................................
2. ...............................................................
3. ...............................................................

Сайыс 6-кезеңнен тұрады. Кезеңдері:
1-кезең: «Кім тапқыр?»
2-кезең: «Тіл - өнер»
3-кезең: «Қатесін тап»
4-кезең: «Кім тез?»
5-кезең: «Қай сөз артық?»
6-кезең: «Сергіту сәті»
1-кезең: « Кім тапқыр?»
Шарты: Ұяшықтарға сұрақ жасырылған . Әр топ ұяшықты таңдайды. Ұяшықта қандай сан жазылса сонша ұпай қосылады.
А) математика пәнінен сұрақтар мен есептер
Б) физика пәнінен жұмбақтар
В) өзін-өзі тану пәнінен сұрақтар
Г) «Мақал- сөз мәйегі» ұқсас мақалды табу.

2-кезең: «Тіл-өнер»
Шарты: Мақал-мәтелдің белгісіз сөздерін тауып, ол сөздерді үш тілде айту.

1. ..... жақсы қос болмас,
..... жаман дос болмас (екі)
2. ...... бармақ жиналса,
жұдырық болады! ( бес)
3. .....тістен шыққан сөз ,
.....рулы елге тарайды. (отыз)
4. .....жұрттың тілін біл,
.....түрлі білім іл! (жеті)

3-кезең: «Қатесін тап»
Шарты: Электронды поштамен келген хатқа вирус кіріп ақпаратты бүлдіріпті. Сіздердің мақсаттарыңыз бүлінген ақпараттың қатесін табу

1-хат: Өзенге жетіп, ұйықтауға өзеннің жағасына жаттық. Кешке қарай салқындап кетті, балалар өзенге түсіп шыққаннан кейін, бірден жылынып сала берді. Су түбінде бір үлкен тас жатыр екен, ұлдардың үшеуі әзер көтеріп, судан шығарып жіберді.

2-хат: Жаздың ашық, ыстық күндерінің бірінде тауға шықтық. Жолда ыстықтамау үшін қара киімдер киіп алдық. Алдымен құмдауыт өзен жағасымен жүріп отырдық. Құм құрғақ және таза екен, жүру өте оңайға түсті. Содан соң жол көк шалғынмен жалғасты, бұл жермен жүру қиындау болып, жылдамыдығымыз азайып қалды.

3-хат: От жағып, екі шәйнек шайды оттың үстіне іліп, қайнатуға қойды: біреуі цилиндр тәрізді, екіншісі дөңгелек . Дөңгелек шойыннан су қайнап кетті. Кеш батып ай туды, айдың ойығы оң жағына қарап тұр екен. Табиғат өте әдемі.

4-хат: Алыстан отын шауып алып жатқан адамды көрдік, балтасының дыбысы бұтаққа тиген сәтте құлаққа келіп тұрды. Оған 200метр жол қалғанда, балта дауысы төмен түскеннен кейін біраздан соң естіліп тұрады. Жолдағы телеграф сымдар, ыстықтан қатты тартылып тұр екен.

4 – кезең . «Кім тез?»

Шарты: Сұрақтарға тез, шапшаң жауап беру.
І- командаға:
1. Фигуралардың қасиеттерін зерттейтін ғылым
2. Геометрияның жазықтықтағы денелерді зерттейтін бөлімі
3. Ең кіші натурал сан
4. Жазықтықтағы қиылыспайтын түзулер
5. Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы нешеге тең?
6. Шаманың жүзден бір бөлігі
7. 90º градустық бұрыш
8. Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғаларына қатысты теорема кімнің атымен аталады?
9. Егер дөңес төртбұрыштың диагональдары тік бұрыш жасап қилысса,ол қандай параллелограмм?
10. Түзудің бір нүктемен бөлінген бөлігі

ІІ-командаға:
1. Геометрияның кеңістіктегі фигураларды зерттейтін бөлімі қалай аталады?
2. 180º–қа тең бұрыш
3. Түзудің екі нүктемен шектелген бөлімі қалай аталады?
4. Шаршының қабырғасы 6 м болса, оның ауданы неге тең болады?
5. Шаманың жүзден бір бөлігі
6. Тең бүйірлі үшбұрыштың бір бүйір қабырғасы 3 см болса, екінші бүйір қабырғасы қаншаға тең?
7. Қабырғалары өзара тең үшбұрыш
8. Бір бұрышы тік бұрыш болып келетін үшбұрыш
9. Бұрыштың түрлерін ата?
10. Көпбұрыштың периметрін табу үшін не істейді?

5-кезең «Қай сөз артық?»
Шарты: Тақтада 4 сөзден анаграмма түрінде берілген. Артық сөзді табу керек. Әр сөзге 2 ұпайдан, тарсырмаға 3 ұпай беріледі.
1. Түбір, График, Тышқан, Парабола . (Артық сөз тышқан)
2. Теңдеу, Функция, Жақша, процессор (Артық сөз процессор)
3. Өрнек, Теңсіздік ,Компьютер ,Формула (Артық сөз компьютер)
4. Принтер, Дәреже, Бөлшек, Көбейту (Артық сөз принтер)

6-кезең. «Сергіту сәті»
Ойынның шарты: Командаларға 8 сұрақ қойылады. Сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Топтарға қойылатын сұрақтар:
1. 11 санының квадраты 122 санына тең. (жоқ)
2. Төрт бұрышы тік болатын төртбұрыш квадрат деп аталады. (жоқ)
3. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді хорда деп аталады. (иә)
4. Шеңбердің радиусы 6 см болса,онда диаметрі 18 см ге тең (жоқ)
5. Санды ноль санына бөлуге болмайды. (иә)
6. Ең улкен натурал сан - 1 000 000 (жоқ)
7. Егер Д = 0 болса, квадрат теңдеудің бір ғана түбірі болады. . (иә)
8. Квадраттық функцияның графигі – Парабола болады (иә)

Сайыс соңында қазылар алқасы ұпай саны бойынша жеңіске жеткен топты анықтайды. Жеңіске жеткен топ және сайысқа белсене қатысқан оқушылар марапатталады. Ұпай саны есептелу уақытында оқушылар «тыныштық сәтін»
көріп демалады.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақыл шың,
Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі математикалық сайысымызды қорытындылаймыз.
loading...

Автор: Қасымова Әлима Ертайқызы

Қызылорда қаласы Жалаңтөс Баһадүр атындағы спорт мектеп -интернаты

Бөлім: Математикадан ашық сабақтар | Қосты: Қасымова_Әлима
Көрсетілім: 1172 | Жүктеулер: 643 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5930
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 28
Қонақтар: 28
Тіркелгендер: 0