КВАДРАТ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ШЕШУДІҢ ӘР ТҮРЛІ ТӘСІЛДЕРІ

  • Жүктеулер: 805
  • Көрсетілім: 2025
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 12/Ноя/2015
Тақырыбы
КВАДРАТ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ШЕШУДІҢ ӘР ТҮРЛІ ТӘСІЛДЕРІ
Мақсаты «Квадрат теңдеулер» тақырыбы бойынша алған білімдерін есеп шығару барысында жан- жақты ойлануға үйренеді.
Жалпы мақсат тақырыпты тереңірек меңгеруге бағыт беру, оның шешілу жолдарын таба білу, теңдеулерді шешудің тиімді тәсілдерін таңдай білу дағдыларын қалыптастыру. Жеке, жұппен, топпен ынтымақтастықта жұмыс жасай білуге дағдыландыру, бірін-бірі, өзін-өзі және топты бағалай білуге үйрету .

Күтілетін нәтиже Теңдеуді шешудің әдіс- тәсілдерін біледі, есеп шығруда тиімді жолын қолданады.
Қолданылатын әдіс- тәсілдер топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, бағалау.
Қолданылатын ресурстар компьютер,өзіндік жұмыс тапсырмалары;жұптық, топтық жұмыс тапсырмалары,плакаттар
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сандар бойынша топтарға бөлу.Төрт топқа бөлінеді:1, 2, 3, 4. Топтың басшысын стикер арқылы таңдайды. Әр топ жеке- жеке отырады, столда әр топқа тапсырмалар берілген. Топ басшылары жұмысты ұйымдастырып, тапсырмаларды бөліп және жинап отырады.
Модульдің қолданылуы
Жас ерекшелігіне сай, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ,сыни тұрғыдан ойлануға үйрету, оқытудағы басқару мен көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушылардың іс- әрекеті
Білім
Қызығушылықтарын ояту Ой толғау
Пысықтау сұрақтары:
1. Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады ?
2. Егер ах2 +вх+с=0 теңдеуіндегі в немесе с нөльге тең болса, онда ол теңдеулер қандай теңдеулер болады ?
3. Квадрат теңдеуді шешудің қандай әдістерін білесіңдер?
Әдістері:
•Көбейткіштерге жіктеу
•Екімүшенің квадратын айырып алу
•Формула арқылы шешу
•Графиктік тәсілмен шешу
•Виет теоремасын қолдану Үйге берілген тапсырманы сұрақ қоя отырып әр топпен диалог орнату Берілген тапсырманы орындау, берілген сұрақтарға әр топ сыни ойлана отырып жауап береді.
Түсіну Ой қозғау
1.Берілген мақал- мәтелдердегі сандардан квадрат теңдеу құрастыру.
Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді.
2) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім ал.
3) Білімді мыңды жығады,білекті бірді жығады.
4) Бір тал кессең, он тал ек
өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында әр топқа тапсырмалар беру Берілген тапсырманы оқушылар топпен ұжымдаса отырып орындау. Топ басшысы қорғайды
Қолдану Жұптық жұмыс.
Бір есепті әр түрлі тәсілмен шығару.
х²-10х-8=0 теңдеуін шешу.
1.Топ. Көбейткіштерге жіктеу тәсілімен
2.Топ. Екімүшенің квадратын айырып алу әдісімен
3.Топ. Формула арқылы шешу тәсілімен
4.Топ. Виет теоремасын қолданып Екі оқушы арасында «ЖАДА» қалыптасады.әр жұп бір- біріне сұрақ қоя отырып жұптасып есептің шешімін іздейді. Алдымен екі оқушыдан жұптасып есепті шығарып,сосын топ ішінде шешімін талқылап, жауаптарын салыстырып, тиімді жолмен шығарған дұрыс шешілген есепті тақтада қорғайды.
Сергіту сәті Логикалық сұрақтар «Кім жылдам» Тапсырманы интерактивті тақтада ұсынады Жылдам жауап беруге тырысады
Талдау Топтық жұмыс
Біліміңді тексер.

1-топ .
1) 2х2=0
2) х2– 25=0
3) 4х2-8х=0
4) х2+х–12=0
2-топ.
1)6х²=0
2) х²-225=0 3)9х²+9х=0
4) 24х2-10х-2=0

3-топ. 4-топ.
1) 3х²=0 1) 9х²=0
2) х²-49=0 2) х²-36=0
3)2х²-4х=0 3)ху+у²=0
4) х2 -9х+18 = 0
4) у2 + 8х+12 =0

Әр топқа берілген есептерді ақылдасып шығарып, шешуін талдап, бір-біріне түсіндіреді. Топтарға тапсырма беріледі, шешуін тақтаға шығып,әрбір оқушы түсіндіріп, қорғайды

Жинақтау Оқушылардың өзіндік жұмысы.
Ойлан тап
Тест жұмысы 2 нұсқада берілген. Аяқтаған соң қатар отырған екі оқушы, жұмыстарын ауыстырып, бірін-бірі тексеріп бағалап, бағасын қояды. (формативті бағалау). алған білімдеріңді жинақтау үшін жеке тапсырма беріледі, жауаптарынды жауап парағына толтырамыз Берілген тапсырманы уақытында орындау

Бағалау «Бағдаршам»
Бағалау парақшасы Егер тақырыпты түсінбесен қызыл қағазды алып қызыл бағдаршамға, егер әлі де кейбір сұрақтарға көмек қажет болса сары қағазды алып, сары бағдаршамға, тақырыпты жақсы түсінсендер жасыл қағазды алып, жасыл бағдаршамға жапсырамыз Өзін-өзі, топпен бағалайды.
Рефлексия Рефлексия және сабақтың қорытындысы.
Сабақ ұнады ма?
Қандай қиыншылықтар болды?
Үйге тапсырма. Әр топқа стикерлер таратып беріледі. Стикерге өз ойын жазу.

Автор: Базылбекова Мейрамгуль Берикболовна

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.