Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру.

  • Жүктеулер: 778
  • Көрсетілім: 1435
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 08/Мар/2015
Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Алгебра. Сыныбы: 8 «а»

Сабақ № Күні:

Сабақ тақырыбы: Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру.

Сабақтың мақсаттары: а)оқулық: оқушыларға квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру тәсілдерін меңгерту, квадрат түбірлері бар өрнектерді ықшамдау, бөліміндегі иррационалдықтан құтылу есептерін шешуді үйрету.;
ә)дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ой ұшқырлығын дамыту;
б)тәрбиелік: оқушыларды ұқыпты болуға, тиянақтылыққа, көпшіл болуға тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері: - квадрат түбірлері бар өрнектерді ықшамдай алады;
- бөліміндегі иррационалдықтан құтылу амалын орындай алады;
- бөлшектерді қысқарта алады;
- дәлелдеуді орындай алады;
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, кеспе қағаздар,.

Орындалатын іс-әрекеттер:
Мұғалімнің орындайтын іс-әрекеттері: Оқушының орындайтын іс-әрекеттері:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушыларды түгендеп, сабаққа қатысуын тексеру;
ә) оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
б) сынып оқушыларын санату арқылы төрт топқа бөлу.
Көшбасшыларға бағалау қағаздарын үлестіру.

ІІ. Үй жұмыстарын тексеріп шығу.
2.1. Оқушылардың үй жұмыстарын тексеріп өту.
2.2. Өткен тақырып білімдерін еске түсіріп өту. Топтарға сұрақтар беру:
1) Квадрат түбірлердің қандай қасиеттерін білесіңдер?
2)Көбейтіндінің квадрат түбірін қалай есептейміз?
3)Бөліндінің квадрат түбірін қалай есептейміз? Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

ІІІ. Жаңа сабақ тақырыбын таныстыру. Сабақ материалын сынып оқушыларымен топтасып жұмыс орындау көмегімен түсіну:
Квадрат түбірді ықшамдауға тапсырма: (постермен топпен жұмыс).
Өрнекті ықшамдаңдар:
√15-√60+3√135 =√15 - √415+3√915=
√15 - 2√15+9√15= 8√15 .

2-тапсырма: Бөліміндегі иррационалдықтан құтылыңдар:
4/(√7+√3)= (4(√7-√3))/((√7+√3)(√7-√3))=(4(√7-√3))/((〖√7)〗^2-(〖√3)〗^2 ) = (4(√7-√3))/(7-3)= (4(√7-√3))/4= √7-√3.

3-тапсырма:
√(х^2+2х+1)= √((〖х+1)〗^2 )= x+1

IV. Топтық жұмыс:
№151. Көрсетілген амалды орындаңдар:
6√2 + 5√18 = 6√2+5√92 = 6√2+53√2=6√2+15√2 =21√2 ;
Есептің 3, 5 нұсқаларын орындату.

№153 есептің тақ нұсқалын орындату.
√(16х^2 )=4x
√(1,44a^2 x^6 )=1,2ax^3

Жұппен жұмыс

№154 есептің тақ нұсқаларын интербелсенді тақтада жұптаса шығару.

№157 есептің 3 нұсқасын жекелей шығарту.

№167 есептің 1)нұсқасын жалпы сынып болып интербелсенді тақтада кеңесе орындау.

№168 есептің 1-3) нұсқасын топпен орындату.

Оқушылар өз топтары ішінде сабақ материалын игеру бағытында жұмыс жүргізеді.
Топтық жұмыс.

Оқушылар өз пікірлерін көрсетеді.
VI. Сабақты қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма беру: §4, 4.2. тақырып, №151 (ж), 157 (ж), 168 (ж)

VI. Оқушыларды бағалау.
(көшбасшының бағаларын ескеру).

Топ көшбасшысының бағалауы.
Оқытуды бағалау.

Автор: Сапарғалиев Марат Тілеулұлы

Талдықорған қаласы, №16 орта мектеп-гимназиясы, математика пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.