Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшелерінің қосындысы

  • Жүктеулер: 720
  • Көрсетілім: 1491
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 31/Мар/2015
Күні: 8.11.2011
Сабақтың тақырыбы: «Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы»
Сабақтың мақсаты: формуласын пайдаланып, есептер шығаруға, аса үлкен шамалардың мәнін бағалай білуге жаттықтыру;
Тәрбиелік мақсаты: Білімділік пен білімсіздікті салыстыруға, терең ойлай білуге, шыдамдылыққа, төзімділікке, тапқырлыққа баулу;
Сабақтың түрі: театрландырылған сабақ;
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, шахмат, формула жазылған плакат;
Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру;
Арифметикалық, геометриялық прогрессия анықтамалары;
n-ші және алғашқы n мүшелерінің қосындысы туралы формулалар;
Есеп: -арифметикалық прогрессия.
. Табу керек; -?
Шешуі:

Шахмат ерте замандардан келе жатқан көне ойындардың бірі. Ол туралы көптеген аңыздар бар. Бүгінгі сабағымызға тікелей қатысы бар осы аңыздардың бірі бойынша оқушылардың көмегімен дайындалған театрландырылған көріністерді тамашалай отырып, жаңа сабақты баяндауға кірісейік.
Қатысушылар:
1. Шерам-Ертедегі үнді патшасы (Нуроллаев Файзулла )
2. Сета-шахмат ойынын ойлап тапқан өнерпаз (Габдулов Диас)
3. Уәзір (Дүйсенов Сұлтан)
Шерам.(Қолында шахмат тақтасы бар, ойланып сөйлеп жүреді) Ғажап өнер!Неткен даналық, тамаша! (Қолын соғып уәзірін шақырады)Уәзір!
Уәзір.Жарлығыңызды орындауға дайынмын, тақсыр!Әміріңіз бойынша келіп тұрмын.
Шерам.Мынау ғажап ойынды, шахмат ойынын кім ойлап тапты?
Уәзір.О, Ұлы Әміршім. Ол- өзіңіздің бағыныштыңыз. Бұл ойынды ойлап тапқан Сета болады, тақсыр!
Шерам. Шахмат ойыны маған қатты ұнады. Осы ойынды ойлап тапқан Сетаға зор сыйлық жасағым келіп тұр, дереу шақырып кел!
Уәзір.Әміріңіз орындалады, тақсыр патшам!
Мұғалім. Уәзір Сетаны шақырып келгенше мына есепті шығарайық. 3;9;27;...геометриялық прогрессия. Табу керек
Шешуі:
Уәзір. О,Ұлы патшам! Сіздің жарлығыңыз бойынша Сета келіп тұр.
Сета. Даңқыңыз арта берсін, зор мәртебелі билеушім!
Шерам.Тұрмыс жағдайың қалай?
Сета.Онша емес, мәртебелім. Күн көріс қаражатымды шәкірттерімнен алып тұрамын,ал олардың жағдайлары да оңып тұрған жоқ.
Шерам. Сета, ойлап тапқан тамаша ойының үшін сыйлық бергім келіп тұр.
Сета. Әрқашан да сіздің мәртебеңіздің үстем бола беруіне тілектеспін, сүйікті патшам!
Шерам. Байлығым жетеді, ашық айт, не қаласаң да бере аламын.
Сета. Тақсыр, сіздің қайырымдылығыңыз мол ғой, ертең ойланып келіп тілегімді алуға рұқсат беріңіз.
Шерам. Болсын!
Мұғалім. Балалар, Сета Шерам патшадан сұрайтын сыйлығын ойланып келгенше мына есептерді шығарайық:
1. геометриялық прогрессияның әріптермен белгіленген мүшелерін табыңдар.

Автор: Хайнешова Шынаргүл Талапеденқызы

Атырау қаласы М.Әуезов атындағы №7 орта мектеп

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.