Математикадан ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Математикадан ашық сабақтар

Геометриялық фигуралар. Периметр.
[ Сайттан жүктеу (60.8Kb) ] 09.07.2015, 15:00

Материалдың жеке номері 1703

Геометриялық фигуралар. Периметр.

загрузка...
Сабақ жоспары
Сыныбы 3, математика Күні
Сабақтың тақырыбы Геометриялық фигуралар. Периметр.
Мақсаты Геометриялық фигураларды, олардың периметрлерін табуды жетік меңгереді
Күтілетін нәтижелер Геометриялық фигураларды, олардың периметрлерін табу формулаларын біледі(барлығы).
Геометриялық фигуралардың периметрлерін табуда формулаларды тиімді қолдана алады (көбі).
Геометриялық фигураларды, олардың периметрлерін табуға мысалдар келтіре алады (кейбіреулері)
Керекті жабдықтар Тақырыптық плакаттар, геометриялық фигуралар, үлестірме парақтар, оқулық, компьютер, проектор, белсенді тақта, бағалау парақтары
Әдіс-тәсілдер Жеке, жұппен, топпен жұмыс жасау, сұрақ-жауа, Блум өлшемдері арқылы тапсмырмалар, қалыптастырушы тест, сергіту сәті, бес жолды өлең.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
3 мин Амандасамын
Сынып оқушыларын «шаршы», «шеңбер», «үшбұрыш» фигураларын таңдату арқылы үш топқа бөліп аламын. Әр топқа түскен фигураларын қорғап шығартамын. Үй тапсырмасын сұрақтар беру арқылы, жауабын экраннан көрсетіп тексертемін. Амандасады
Сынып оқушылары «шаршы», «шеңбер», «үшбұрыш» фигураларын таңдату арқылы үш топқа бөлінеді. Әр топ өз фигураларын қорғап шығады. Үй тапсырмасын сұрақтарға жауап береді және дұрыс жауабын экраннан қарап тексереді.
Тұсау кесер
3 мин «Білу» №3 тапсырмасын орындатамын: берілген бұрыш түрлерінің атауларын тапқызып, ол бұрыштар геометриялық фигураларға жататынын айтқызып, сабақтың тақырыбымен таныстырамын және мақсатына тоқталамын. Оқушылармен бірігіп сабаққа критерий шығарамын. «Білу» тапсырмасын орындайды: берілген бұрыш түрлерінің атауларын табады, ол бұрыштар геометриялық фигураларға жататынын айтады, сабақтың тақырыбымен танысады және мақсатына тоқталады. Оқушылар бірігіп сабаққа критерий шығарады.
Критерий:
1. Геометриялық фигураларды біледі;
2. Геометриялық фигуралардың периметрлерін табуды біледі;
3. Мысалдар келтіре біледі;
Негізгі бөлім
7 мин

10 мин

Сергіту сәті
2 мин

6 мин

5 мин Тақырыпты«Түсіну» №1 тапсырмасын орындау арқылы меңгертемін, топтарында талқылатамын.

«Қолдану» №2 және №5 тапсырмаларын топқа бөліп орындатамын

Интерактивті тақтадан суреті мен өлең мазмұнын көрсете отырып, жаттығу жұмысын бір рет көрсетемін.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

«Талдау» бөлімінде «Сиқырлы сандықшадағы» тапсырмаларды орындатамын.

«Жинақтау» бөлімінде №7 тапсырманы беремін. Тақырыпты«Түсіну» тапсырмасын орындау арқылы меңгереді, топтарында талқылайды.
Берілген фигураларды қандай топтарға бөлуге болатынын анықтайды.
Қабырғаларын өлшеп, шаршылардың периметрін есептеп шығарады.

«Қолдану» тапсырмасын орындайды:
І топ №2 , №5 а)
ІІ топ №2, №5 ә)
ІІІ топ №2, №5 б)

Тақтадағы суретке қарай отырып, өлең мазмұнына сәйкес жаттығуды 2 рет қайталайды.

Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

«Талдау» тапсырмасына:
І топ «Сынық сызықтардың» бір бөлігінің ұзындығы белгілі болған жағдайдағы жалпы ұзындығын есептеп табады
ІІ топ «Көпбұрыштардың» периметрін есептейді
ІІІ топ «Жолақшалардың» ұзындығын есептейді

«Жинақтау бөлімінде диаграмма бойынша сұрақтарға жауап береді.

Қорытынды
5 мин

Кері байланыс
1 мин

1 мин

2 мин Сабақты бұрышқа байланысты бес жолды өлең құрастыру арқылы бекітемін

Оқушылардан бүгінгі сабақтан нені үйренгенін және алған әсерлерін сұраймын.

Үйге: № 4,6 мысалдарды шығаруға, тақырыпты оқуға беремін.

«Бағалау» бөлімінде оқушылардың бір- біріне қойған бағасын тыңдап, оқушыларды бағалаймын.

Сабаққа рефлексия жазады немесе ауызша айтқызамын. Сабақты бұрышқа байланысты бес жолды өлең құрастыру арқылы бекітеді

"Бес жолды өлең".
Мысалы: зат есім - бұрыш
сын есім - сүйір, доғал
етістік - өлшенеді, сызылады
сөйлем - оқушы сүйір бұрыш сызды
синоним - фигура.

Оқушылар кері байланыс бөлімінде бүгінгі сабақтың түсініктілігін және алған әсерлерін «Бармақ» (смайлик) арқылы бағалайды.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады
.

Топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалайды.

Сабаққа рефлексия жазады немесе ауызша айтады.
Сабақтың өзіндік талдауы: 3 сыныптың математика пәні бойынша «Геометриялық фигуралар. Периметр.» (16 - бет) тақырыбына жоспарланып құрылған сабағым өз мақсатына жетті. Оқушылар белсенділікпен қатысып, топтық жұмыстарда ұйымшылдық, ауызбіршіліктерін таныта білді. Берілген тапсырмаларды бөлінген уақыт мөлшерінде орындап үлгеріп отыруларына қарағанда оқушыларымның уақытпен жұмыс жасап дағдыланғандарын байқадым. Оқушылар кері байланыс бөлімінде бүгінгі сабақтың түсініктілігін және алған әсерлерін айтқан кезде
«Білу» , «Түсіну», «Талдау», «Қорытынды», «Кері байланыс» бөлімдеріндегі тапсырмалар қызығушылық тудырғанын айтты.


Сабақ бойынша өзгертулер

Трекин жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Берешова Амина Мерекеевна
loading...

Автор: Берешова Амина Мерекеевна

БҚО. Орал қаласы Трекин қазақ мектебі

Бөлім: Математикадан ашық сабақтар | Қосты: aminash
Көрсетілім: 3563 | Жүктеулер: 643 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5898
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 32
Қонақтар: 32
Тіркелгендер: 0