Сайт учителя начальных классов
.
Есептерді  шешуде координаталарды қолдану -

Есептерді шешуде координаталарды қолдану

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 1802 | Просмотров: 5565 | Размер: 39.0 Kb | Автор: Karlo
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жансейіт ауылы, №133 негізгі мектептің математика пәні мұғалімі Қарлығаш Райымбекова
8 сынып. Геометрия пәні бойынша сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы Есептерді шешуде координаталарды қолдану
Жалпы
мақсаты Кесіндінің ортасы, екі нүктенің ара қашықтығы, түзудің, шеңбердің теңдеулерін пайдалана отырып, есептер шығаруға дағдыландыру
Қандай модульге негізделеді Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері. Оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау. АКТ
Оқу нәтижелері: Оқушыларды Кесіндінің ортасы, екі нүктенің ара қашықтығы, түзудің, шеңбердің теңдеулерін қолданып есептерді шешеді.
Түйінді идеялар x=(х1+х2)/2 у=(у1+у2)/2; АВ =√((х2-х1)+(у1-у2)); (х-а)2+(у-b)2=R2; х2+у2=R2; ax+by+c=0;
Оқытудың әдіс-тәсілдері, стратегиялар Топпен жұмыс, диалог, миға шабуыл стратегиясы,СТО, АКТ
Бағалау түрлері формативті
Уақыт Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Ресурстар
2мин
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. “Бақылау сұрақтары”
3. “Оқушылардың ізденіс жұмыстары”
4. Есептер шығару
5. Сергіту сәті
6. Тест Оқушыларды құрал-жабдықтарын түгендеп, сабаққа дайындалады.

Геометриялық фигуралар арқылы 2 топқа бөлінеді

Үшбұрыштар, төртбұрыштар

Түрлі-түсті стиктер
3мин 2. Бақылау сұрақтары
(миға шабуыл стратегиясы)
1. ах+ву+с=0 түріндегі теңдеу қандай теңдеу ?

2. Екі нүктенің арақашықтығын анықтайтын формула қандай?

3. Шеңбердің теңдеуі қандай формуламен өрнектеледі?

4. Абсцисса, ордината сөздерінің мағынасы ? 2 топ кезекпен жауап береді


Оқулық
Оқушылар
Мұғалім
3мин
3. Оқушылардың ізденіс жұмыстарына талдау жасау Үшбұрыштар тобы: Тарихқа шолу жасау
Төртбұрыштар тобы: Декарттық координаталар жүйесінің қолданылу орындарына мысалдар

17 мин 4. Есептер шығару
«Үшбұрыштар» тобына
1) M1(-2;3), M2(4;6) нүктелері берілген. Осы нүктелермен шектелген ƛ=2 қатынасында бөлінген. М(х;у) нүктесінің координаттарын табыңдар;
2) Мына берілгендер арқылы түзудің теңдеуін құрыңдар:
ƙ= ; b=3.
3 x-5у+15=0 теңдеуімен түзу берілген. Оны кесіндідегі түзудің теңдеуіне келтіріп, осы түзуді салыңдар;
Мына түзулерді салыңдар: х+2у+3=0 және 3х+4у-12=0
«Төртбұрыштар» тобына:
1) N1(-4;6), N2(2;3) нүктелері берілген. Осы нүктелермен шектелген ƛ=3 қатынасында бөлінген. N(х;у) нүктесінің координаттарын табыңдар;
2) Мына берілгендер арқылы түзудің теңдеуін құрыңдар:
ƙ=-2; b=-5.
3) 3 x+7у+21=0 теңдеуімен түзу берілген. Оны кесіндідегі түзудің теңдеуіне келтіріп, осы түзуді салыңдар;
4) 2х-3у+21=0 , 3 x+2у-1=0 теңдеулерімен берілген түзулердің қиылысу нүктелері арқылы өтетін түзуді салыңдар



Оқушылар есептерді топта орындайды
Өзара бағалау жүргізеді

Әр топ қарсы топтың есептерін дұрыс жауаптармен салыстырып, тексереді


интерактивті тақта, топ тапсырмалары
5 мин 5. Сергіту сәті.


Сергіту сұрақтары
1. Өзара қиылыспайтын түзулер перпендикуляр деп аталады
2. Вертикаль сызылған координаталық ось ордината деп аталады
3. Рене Декарт француз математигі
4. Түзуге берілген нүктеден бірнеше перпендикуляр түзулер жүргізуге болады
5. Горизонталь сызылған координаталық ось абсцисса деп аталады
5 мин 6. Тест тапсырмалары
Кесіндінің ортасының координатасы
Екі нүктенің арақашықтығы
Центрі координаталар басымен беттесетін шеңбердің теңдеуі
Түзудің бұрыштық коэффиценті
Түзудің жалпы теңдеуі Тест жауаптары
A aх+by+c=0
B x2+y2=R2
C AB=
D x= y=
E = ƙ

3мин IV. Қорытындылау.
Үй жұмысы. Тест тапсырмаларын орындап келу
Бағалау

Тарау соңында берілген тест тапсырмасын орындап келуді күнделіктеріне жазып алады
Рефлексия
2 мин Стикерлер тарату

Үміт ағашына тілектерін жазу

ID: 1675 | Просмотров: 5565