Сайт учителя начальных классов
.
Пәні: Алгебра
Сыныбы: 7
Пән мұғалімі: Аяпбергенова Р
Сабақ реті: 2

Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің квадраттарының айырмасы

Сабақтың мақсаттарының бағыттары Сабақ мақсаты
Білім беру 1. Көпмүшені көпмүшеге көбейтуді білу.
2. Екі өрнектің квадраттарының айырмасының формуласы мен ережесін білу,
3. Екі өрнектің айырмасы мен қосындысының көбейтіндісі фомуласы мен ережесін білу қабілеттерін қалыптастыру және осы білімдерді есептер шығаруға қолдана білуге үйрету;
4. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу,
5. Натурал сандардың квадраттарының кестесін пайдалана білуді меңгерту.
6. Қысқаша көбейту формуласын есептер шығаруда пайдалана білуге үйрету
Тәрбиелеу Тапсырмаларды орындау барысында оқушының жан дүниесіне ықпал ететін адамгершілік тұлғалық қасиеттері мен ұлттық дүниетаным мәселелеріне қатысты танымдық-тағлымдық ой-пікір туындату, жартылай ізденіске ықпал ету.
Дамыту Оқушының жан дүниесінің ерекшеліктерін ескере отырып, әр оқушының практикалық білігі мен есептер шығару дағды машықтарын дамытуға және тапқырлығы мен ой ұшқырлығын ұштауға жағдай жасау.
Сабақтың барысы:
Сабақтың дидактика
лық кезеңдері Жұмыс бағыттары мен әр дидактикалық кезең мақсаты Сабақтағы дидактикалық кезең мазмұны Жұмыс тәсілдері, әдіс-формалары Берілетін уақыт
Ұйымдастыру кезеңі Балалардың сабаққа қатысуы, дайындығын тексеру, зейінін шоғырландыра отырып мақсатқа бағыттау. Үлестірмелі қағаздар арқылы топқа бөлу, топ жетекшісін сайлау Тәсілі: Сұрақ- жауап
Формасы: топтық 1 мин
Мақсат қою
(БІЛУ) Сабақтың оқушылармен бірлесе атқарылар мақсатты жұмыс бағыттарын анықтау. Бағалау критерийі 1. Көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесі.
2. Екі өрнектің квадраттарының айырмасының формуласы мен ережесі,
3. Екі өрнектің айырмасы мен қосындысының көбейтіндісі фомуласы мен ережесі
4. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу,
5. Қысқаша көбейту формуласы
Тәсілі: қысқаша мәлімет беру 1 мин
Жаңа сабақты түсіндіру
(ТҮСІНУ) • Оқушы қызығушылығын тудыратын тақырыпқа қатысты формулалар, сұрақтар, есептер ұсынылады;
• Өзіндік пікірін қалыптастыруға бағдар беру;
• Практикалық біліктерін толықтыруға бағдар беру;
• Практикалық құндылықтары негізінде ғылыми ізденіске бағдарлау; 1. Көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесі.
2. Екі өрнектің квадраттарының айырмасының формуласы мен ережесі,
3. Екі өрнектің айырмасы мен қосындысының көбейтіндісі фомуласы мен ережесі
4. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу анықтамаларын тұжырымдату, дәлелдеу.
5. Есептер шығаруда формулаларды қолдана білу

Әдістері: ой тудыру, қорытынды ойға жетелер пікір алмасу;

Жекелей тапсырма беру арқылы ізденіске жетелеу; Формасы: топтық, жұптық

7-8 мин
Жаңа сабақты бекіту
(ҚОЛДАНУ) Төмендегі есептерді орындата отырып өз білетін мәліметтерін пайдалана отырып, практикалық білігі негізінде ізденіске жағдай тудыру. Есептің орындалуына ғылыми негіздеме бергізе отырып өз пікірін айтуға қолайлы сәт туғызу.
Оқулықпен жұмыс:
(А) Жекелей № 366 (ауызша), 368, топтық 369, 371 есептер
(В) № 377, 379
Жалпы дидактикалық әдіс: жартылай ізденіс, тұжырымды пікір айтуға ұмтылдыру.
Ғылыми дәлелдерге сүйену.
Формасы: топтық, жұптық, жекелей. 10-15 мин
Жаңа сабақты пысықтау
(ЖИНАҚТАУ) Сыныпты топқа бөліп интерактивті тақтадан (дайын сызба) арқылы есепке түсініктеме жасату. Бір сызба-нұсқадан тапсырма шартын бірнеше нұсқада жасау;

Есеп шарты бойынша
жарқын идеялар жәрмеңкесі . Тиянақты жұмыс үлгісіне бейімдеу.
Шығар-лыққа жетелер түрлі әдістер арқылы ізденіске бағдар беру.
Формасы: ұжымдық, топтық, жекелей. 10 мин
Жаңа сабақты қорыту
(БЕКІТУ) Өзіндік ізденіске бағыттау.

. (С) № 389 есеп арқылы оз ойларын дәлелді ізденіске және ой жүйесін сауатты жеткізуге бағыттау. Нақты жауап, дәлелді ізденіс, қорытынды пікірге баулу. Формасы:
ұжымдық, жекелей 4-5 мин
Бағалау
Оқушы пікірі мен талдау жұмыстарын бағалау. Ой қорытуға сабақ соңында сұхбаттасуға шақырар пікір қолдану. Бүгінгі сабақта нені білдім,
Нені білгім келеді,

Рефлексия
Топты және жекелей жетістіктерді бағалау. 2-3 мин
Үй тапсырмасы Үй тапсырмасы- келесі сабақтың іргетасы.
Сыныпта жасаған тапсырмалар төңірегінде үй тапсырмасын дұрыс орындауға бағыт беру Есептер, Ережелер, Формула:
№ 367(А), №378 (В) Жауапкершілікті сезіну, қосымша материалдармен жұмыс істеу, шығармашылық әрекеттерін дамытуға, тұлғалық қасиеттерін дамытуға жол ашу. 1-2 мин

ID: 1480 | Просмотров: 2935