Сайт учителя начальных классов
.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу -

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 1360 | Просмотров: 4006 | Размер: 606.0 Kb | Автор: Karlo
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жансейіт ауылы, №133 негізгі мектептің математика пәні мұғалімі Қарлығаш Райымбекова
Сыныбы: 6 Пәні: математика Күні: _______2014 ж
Тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Мақсаты:
Білімділік: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу алгоритмін біліп, ережелерді тұжырымдап үйренеді.
Тәрбиелік: Оқушыларды үнемі өз білімдерін қорытындылауға, пысықтауға, толықтырып отыруға тәрбиелеу, жеке жұмыс жасауға дағдыландыру, білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа баулу.
Сабақтың түрі: Аралас Типі: Жаңа білім беру
Әдісі: жеке, жұптық, топтық, практикалық
Көрнекілігі: АКТ, смайликтер, деңгейлік тапсырмалар, бағалау парақшасы
Кезең/ уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Пайдаланылатын ресурстар
Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі
2 мин Сәлемдесу
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Оқушылар күн ретін, сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазады.

Тұсаукесер
5 мин Оқушыларды смайликтер арқылы 2 топқа бөлемін

Сан аралықтары тақырыбына шолу жасап, бірнеше сұрақтар, слайдтар арқылы есептер беремін.

Қандай сан аралықтарын білесіңдер?

Оқушылар смайликтер таңдай отырып, сәйкес келгендері бойынша топқа бөлініп отырады.

Ашық, жабық сұрақтарға жауап береді


Кестеге қарап отырып, оқушылар бос орындарды толтырады. Жауаптарын интер. тақтадан тексереді

Математика-6

Интернет материалдары
Негізгі бөлім
33 мин Алдын ала даярлық тапсырмасы бойынша екі топтан берілген есептердің жауабын тексеремін

Сұрақ – жауап:

1.Бір айнымалысы бар сызық-тық теңдеу дегеніміз не?

2.Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу алгоритмін айт?

3.Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешуді ашқан ғалымды ата?

ІV. Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыра отырып, ережелерін тұжырымдауға үйрету
5х-2<8; х-5>0; 3х+5>21-х ; (х+4)/2<(х+7)/3- бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер.

ax>b,ax Мұндағы:a, b, - қандай да бір сандар.
х – айнымалы (белгісіз)

Бір айнымалысы бар теңсіздіктің шешімі деп, айнымалының теңсіздікті тура санды теңсіздікке айналдыратын мәнін айтады.

Теңсіздікті шешу дегеніміз – оның барлық шешімдер жиынын табу немесе шешімдерінің болмайтынын дәлелдеу.

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу үшін:
Теңсіздіктің бір жақ бөлігін немесе екі жақ бөлігін де теңбе – тең түрлендіріп, ықшамдау керек.
Теңсіздіктегі белгісізі бар мүшелерді теңсіздіктің бір жақ бөлігіне, бос мүшелерді теңсіздіктің екінші жақ бөлігіне жинақтау керек.
Теңсіздіктегі ұқсас мүшелерді біріктіру керек.
Теңсіздіктің екі жағын да белгісіздің коэффициентіне (егер ол нөлге тең болмаса) бөлу керек.
Теңсіздіктің шешімдерін тауып, қажет болса, оны сан аралығында белгілеу керек.

1.Егер а>0 болса, онда ax>bтеңсіздігінен x> b/a. Демек, берілген теңсіздіктің шешімдер жиыны: (b/a; +∞) аралығы болады.

2.а<0 болса, онда ах>bтеңсіздігінен x< b/a . Демек, берілген теңсіздіктің шешімдер жиыны: (-∞; b/a) аралығы болады.

3.a=0және b>0,0x>bтеңсіздігінің шешімдері болмайды. Себебі 0 саны кез келген оң саннан үлкен емес.
0х>9
Жауабы: шешімдері жоқ
a=0 және b<0,0x>b теңсіздігі х – тің кез келген мәнінде тура теңсіздік болады. Себебі нөл саны кез келген теріс саннан (b<0) үлкен. Сондықтан мұндай теңсіздіктің сансыз көп шешімдері бар.
0х>-9
Жауабы: кез келген сан
V.Сыныпта есептер шығару:
А) Теңсіздікті шешіңдер (ауызша)
І топ ІІ топ
1). 3х>15 4). 4х>16 2).7х>3,5 5). 5х<20
3). 2х<1 6). 6х<3

Ә) «А» деңгейі есептері

І топ

Кім жылдам? В деңгей

1023. Теңсіздікті шешіңдер:

«Қатесін тап» ойыны
1.7-3х<2х+2
-5х<-5
х>1

Жауабы: [1┤; +∞)

2. 9х-11>9-х
10х>20
х>2
Жауабы: (2; +∞)

Әр топ орталарынан бір оқушыға өз жауаптарын оқытады.
Келесі топ дұрыс жауап арқылы тексеріп отырады.
І топ 4х-5<3х+1
Жауабы: х<6
ІІ топ
2) 3х+7>х+15 Жауабы: х>4
Топтар жауаптарын келісе отырып айтады
1.ах=b түріндегі теңдеу (мұндағы х-айнымалы, а және b – қандай да бір сандар) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады.

1)теңдеуді теңбе-тең түрлен-діріп, ықшамдау керек;
2) айнымалысы бар мүше-лерді теңдеудің сол жағына, ал бос мүшелерді теңдеудің оң жағына жинақтау керек;
3) теңдеудегі ұқсас мүшелер-ді біріктіріп, теңдеуді ах=b түріне келтіру керек;
4) теңдеудің екі бөлігін де x=b/a түрге келтіріп, теңдеу-дің түбірін табу керек

Бір айнымалысы бар сызық-тық теңдеуді шешуді ІХ ғасырдағы Орта Азия ғалы-мы Мұхаммед Мұса әл-Хорезми

Оқушылар теңсіздікті шешу алгоритмін пайдалана оты-рып, мысалдар келтіреді

1 – мысал.
4(x-3)+5x≥3x
4x-12+5x≥3x
9x-12≥3x
9x-3x≥12
6x≥12
x≥2
Жауабы: [2┤; +∞)

2 – мысал.

х/2-5х/7>7 теңсіздігінің екі жағын да 6 – ға көбейтеміз (себебі ЕКОЕ (2; 3) =6) :
6∙ х/2-5х/7∙6>7∙6
3х-10х>42
-7х>42
х<-6
Жауабы: х<-6 немесе (-∞; -6)

1) 5у+9≤3-7у 4) 6-5у>3у-2
2) 3х+1≤4х-5 5) 3-7у>5у-3
3) 1/4-у/3≥1/3-у
6)х/6+1/2>х- 1/3

Топтар теңсіздіктің дұрыс шешімін тауып жазады.


Қорытынды
3 мин ҮІ Жаңа сабақты бекіту
Сергіту сәті.
«Таңбалар ережесін» кайта-лауға арналған «Мысық пен күшік» Әр топқа шағын тест тапсырмасы беріледі

Таңбалар ережесін еске түсіреді
Рефлексия Мен қайталау арқылы ... үйрендім.

Мен үшін бүгінгі жаңалық ...

Өзіңді қай жауабың үшін мақтай аласың?

Қай жауабыңа қанағаттанбадың?

Не үшін?

Өзіңді бағала.
Ойларын шығу парақшасына жазып береді
Бағалау парақшасы
Тапсырмалар І топ ІІ топ
Өткен сабаққа саяхат
1.Алдын ала даярлық тапсырмасын орындауы
2.Сұрақтарға жауап беруі

Теңсіздікті шешу алгоритмін пайдала-на отырып, мысал есептерді шығаруы
Ауызша тапсырма
«Кім жылдам» деңгейлік тапсырма-ларды орындауы
«Қатесін тап» ойыны
Шағын тест тапсырмасы
Топтағы ынтымақтастығы

ID: 1674 | Просмотров: 4006