Сайт учителя начальных классов
.
«Бөлігі бойынша санды табу» тақырыбы  сабағының қысқа мерзімді жоспары -

«Бөлігі бойынша санды табу» тақырыбы сабағының қысқа мерзімді жоспары

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 987 | Просмотров: 2448 | Размер: 20.6 Kb | Автор: Сапаргалиев_Марат
Сабақтың тақырыбы: Бөлігі бойынша санды табу.

Сабақтың мақсаттары: а)білімділік: оқушыларға бөлігі бойынша санды табу ұғымын таныстыру, ережесін түсіндіру, есептер шығару білімдерін меңгерту.
ә)дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ой ұшқырлығын дамыту;
б)тәрбиелік: оқушыларды ойын дұрыс жеткізе білуге, сызбаларды ұқыпты сызуға, таза жазуға тәрбиелеу.
Орындалатын іс-әрекеттер:
Мұғалімнің орындайтын іс-әрекеттері: Оқушының орындайтын іс-әрекеттері:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушыларды түгендеп, сабаққа қатысуын тексеру;
ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) сынып оқушыларын топтарға бөлу. Сыныптағы тәртіп, оқушылардың топтасуы.

ІІ. Үй жұмыстарын тексеріп шығу.
2.1. Оқушылардың дәптерлерінен үй жұмыстарын тексеріп өту.
2.2. Өткен тақырып білімдерін еске түсіріп өту, жалпы сыныпқа сұрақтар қою.
1) Бөлшекті бөлшекке бөлу ережесін айтып беріңдер?
2) Аралас санды аралас санға бөлуді қалай орындаймыз?
3) Натурал санды бөлшекке қалай бөлеміз? (Оқушылар сұрақтарға жауап береді.)

ІІІ. Жаңа сабақ материалын топтаса меңгеру.
1-мысал. Сыныпта 8 ұл бала бар. Олар сыныптың барлық оқушыларының 2/7 –сі. Сыныпта барлығы неше оқушы бар?
Шешуі: 8:2=4
4•7=28.
2-мысал: Велосипедші 15 км жол жүрді. Бұл оның барлық жүруі керек жолының 3/8-і. Велосипедші барлығы қанша жол жүруі керек?
Шешуі: 15:3=5
5•8=40 км.
Сонда біз 15 санын 3/8 -ке бөлуді орындадық.
15: 3/8=15• 8/3 = 5•8=40 км.

Бөлігі бойынша санды табу үшін бөлікке сәйкес санды осы бөлшекке бөлу керек.
1-мысалдағы есепті мына түрде шығарған дұрыс :
8: 2/7=8• 7/2 = 4•7=28 оқушы.

IV. Білімдерді бекітуге жаттығулар орындау:
Оқулықпен жұмыс жүргізу.

№830 есепті ауызша орындап өту.

№831. Есептің тақ нұсқаларын тақтада жекелей бірнеше оқушыға орындату.
15:3/4=15•4/3=5•4=20; 5) 90:3/5=90•5/3=30•5=150;

3) 13:1/2=13•2/1=13•2=26;

№832 есептің 3-нұсқасын топтаса орындау.

380:2/5=380•5/2=190•5=950 км;

№834 . Есепті жұптаса орындату.
Бірінші жәшікте 8 кг алма бар.
Екіншің жәшіктегі алманы табамыз: 8:4/5=8•5/4=2•5=10 кг;
Сонда екі жәшікте: 8+10=18 кг алма бар.

№835. Есептің 1-нұсқасын талантты оқушылардың белсенділіктері көмегімен жұмыла шешу.

№836 есептің тақ нұсқаларын жекелей орындау.

V. Сабақты қорытындылау
Бөлігі бойынша санды қалай табылады?
Қандай жағдайда санның бөлігі сол саннан кіші болады?
Қандай жағдайда санның бөлігі сол саннан үлкен болады?

VІ. Үйге тапсырма беру: ІV тарау, 4.9. т, №831 (ж), 833, 835 (2)

VІІ. Оқушыларды бағалау.
(көшбасшының бағаларын ескеру).
Топ көшбасшысының бағалауы.

ID: 789 | Просмотров: 2448