Сайт учителя начальных классов
.
ҒАЖАЙЫП ТАПҚЫРЛАР САЙЫСЫ
1 сынып
Кабдыкова Салтанат Қарабайқызы
Бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: «ҒАЖАЙЫП ТАПҚЫРЛАР»
Сабақтың мақсаты:
1) математикалық ұғымдарды ажырату, амалдарды шапшаң орындау машықтарын жетілдіру үшін ойын түрлерін ұтымды пайдалану;
2) оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру, шапшаң ойлау, өз ойын дәлелдей алу дағдыларын дамыту;
3) белсенділікке, білім сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық сайыс

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс, жарыс, көрнекілік.

Көрнекі құралдар: ойын атаулары, конверттер, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:
- Екі көз не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі құлақ не үшін керек?
- Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
- Екі қол не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін.
- Екі аяқ не үшін керек?
- Туған жерге жету үшін?
- Бас не үшін керек?
- Есепті шығару үшін.
- Олай болса қазіргі сабақ қандай сабақ?
- МАТЕМАТИКА.

2. Сабақтың мақсатын қою.
- Балалар, бүгінгі сабақта осы уақытқа дейінгі өтілген математикалық ұғымдарды қалай меңгергенімізді тексереміз, 3 топқа бөлініп жарысамыз.

3. Таныстыру:
І – топ: «Азамат» тобының ұраны:
Кел, балалар, ойнайық!
Ойнайық та ойлайық,
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық!

ID: 1270 | Просмотров: 2430