Сайт учителя начальных классов
.
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Білім бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: «Ғажайып саяхат»
Мақсаты: Балалардың ой-өрісін дамыта отырып, биік-аласа, кең-тар, үлкен-кіші, ұзын-қысқа ұғымдарымен таныстыру.
Міндеттері:
1. Білімділік: Шамаларды, заттарды салыстыра білуге үйрету. Заттарды биіктігіне, үлкендігіне, кеңдігіне, ұзындығына қарай салыстыра білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Аласа-биік, үлкен-кіші, кең-тар, ұзын-қысқа ұғымдарын қалыптастыру жолдарын қарастыру, ғажайып саяхттың тапсырмаларын орындату арқылы қызығушылықтарын ояту.
3. Тәрбиелік: Ұғымдарды қалыптастыруға жаттықтыру, тілін-ойын дамыту.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық кезең (Балалар сабақ бөлмесіне кіреді)
Тәрбиеші: - Келіңдер балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ, себебі сабағымызға қонақтар келді. Қане амандасайық!
-Сәлеметсіздер ме!
-Балалар бүгінгі сабағымызда ғажайып саяхатқа баруға қалай қарайсыңдар?
-Ал саяхатқа немен барамыз?
-Қане балалар тыныш тұрып, мұқият тыңдайық. Мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Жұмбақ: Әкемнiң тор тайы,
Май жалап, су iшсе,
Тоқтамай жортады.
(Машина)
-Дұрыс айтасыңдар, балалар! Ендеше жолға шығу үшін машинаның дөңгелегіне жел берейік
-Жақсы балалар! Үлкеееен дөңгелек пайда болды. Енді машинамыздың жанармай құятын багын ашайық.
- Ал енді машинамызға жанармай құямыз
-Көп жанармай құямыз
-Жанармай багын жабамыз
-Енді машинамызға от алдырамыз
-Машина от алды
-Машина жүруге дайын
-Кеттік пе?
-Алдымен машинамыздың дабылын тексерейік
-Дабыл істейді екен, ендеше кеттік.
Машина, машина,
Жолға біз шығамыз.
Жүргізуші ағаймен,
Саяхатқа шығамыз.
-Балалар біз орманға келдік, енді бір-бірімізге кедергі жасамай, ыңғайланып отырайық.

-Сә-ле-мет-сіз-дер ме!

-Иә-иә-иә
-Велосипедпен, ұшақпен, кораблмен, поездбен, машинамен.

- Машина

-шик-шик-шик

-чик-чик-чик

-с-с-с-с-с-с-с
-с-с-с-с-с-с-с
-чик-чик-чик
-чик-чик-чик
-дыгы-дыгы-дыгы
-у-у-у-у-у
-кеттік

-бип-бип-бип

Машина, машина,
Жолға біз шығамыз.
Жүргізуші ағаймен,
Саяхатқа шығамыз.

(Балалар орнығып отыруына тәрбиеші көмектеседі)

Ұйымдастырушылық кезең (Балалардың көңілін тақтаға бөлу)
-Қане тақтаға қараймыз.
-Ненің суретін көріп тұрмыз.
-Шырша қандай?
-Ал мына шырша қандай?
-Тағы қалай айтуға болады?
-Биік –аласа
-Қане бірге қайталаймыз
-Ал енді мына суреттерге қарайық.
-Қандай үйлер?
-Дұрыс айтасыңдар, мына үй биік, мына үй аласа.

Сергіту сәті:

-Өте жақсы балалар, серігіп демалсақ саяхатымызды жалғастырайық.
-Мынау не?
-Бұлақ қандай?
-Аттап өтеміз.
-Ал мынау өзен балалар? Өзен қандай?
-Ия балалар, әрі ұзын, әрі жалпақ екен. Ендеше өзеннен өту үшін бізге көпір керек. Көпір жасау үшін, тақтайшалар әкелейік.
-Ааах, балалар біз қайда тап болдық, бізді кім күтіп тұр екен.
-Жапалақ ақылды, көп өмір сүретін құс. Ол сендерге тапсырмалар дайындады, соны орындап көрейік.
(Тәрбиеші жапалақтың тілінде сөйлейт)
-Менің ғажайып білім мектебіме қош келдіңдер. Отырыңдар.
-Анар апай сендерге ашық хаттағы тапсыраларды оқып береді.
(Тәрбиеші ашық хатты ашады)
-Алдарыңнан шаршыны тауып көрсетіңдер, қонақтарға да көрсетейік.
-Ал енді таяқшалардан шаршы құрастырайық.
(Тәрбеші балалардың аттарын айта отырып, мадақтайды)
-Қандай фигура пайда болды
-Жақсы, дұрыс орындадыңдар.
-Үш бұрышы бар, үш қабырғасы бар бұл не?
-Дұрыс, таяқшалармен құрастырамыз.
-Жарайсыңдар, балалар!
-Енді таяқшаларды үстелдің шетіне жинап қойып, алдарыңдағы үлестірмелі карточкалардағы тапсырмаларды орындаймыз.
-Көрдіңдерме балалар, жапалақ қандай ақылды сұрақтар дайындаған.

-Шырша
-Үлкен
-Кішкентай

-Биік-аласа
(3 рет қайталат )
Үйлер
Биік -аласа

Санамақ.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.

-Бұлақ
-Жіңішке, ұзын
(Балаларды бір-бірлеп өткізеді)
Ұзын –жалпақ.

(Балалар тақтайша әкелет, тәрбиеші қоят)

-Жапалақ

(Балалар үстелдің үстінен шаршыны көрсетеді)
(Таяқшамен шаршы құрастырат)

-Шаршы

-Үшбұрыш
(Таяқшамен үшбұрыш құрастырат)
-Дайынбыз ба?
-Аспанда қанша ай бар?

- Қанша жұлдыз бар?

-Орманда қанша маймыл бар?

-Итте қанша құйрық бар

-Дұрыс балалар, өте жақсы. Жарайсыңдар жапалақтың тапсырмаларын жақсы орындадыңдар.
-Жапалақ сендерге тапсырманы жақсы орындағандарың үшін, тәтті дөңгелек печеньялар дайындаған екен.
(Балаларға тарелкадағы печеньяларды көрсетет)

-Дұрыс айтасың, жапалақ қателескен екен, сендерден кешірім сұрап жатыр. -Иә
-бір ( 1 дөңгелек белгісі бар карточканы көрсетет)
-Көп ( бірнеше дөңгелек белгісі бар карточканы көрсетет)
Ешқандай, жоқ. ( дөңгелек белгісі жоқ карточканы көрсетет)
-бір ( 1 дөңгелек белгісі бар карточканы көрсетет)
Жапалақ дөңгелек печеньялар деді, анда шаршы печеньялар да бар.
Рефлексивтік –түзетушілік. -Ал енді жапалақтың сыйлығын қабыл алыңдар.
-Бүгінгі ғажайып саяхат сабақ ұнады ма?
-Ендеше балабақшаға қайтамыз ба?
Немен қайтамыз?
-Автобусқа от алдырып, жолға шығайық.
-Автобус от алды
-Қонақтармен қоштасайық
Сұрақтарға жауап беру.
-иә-иә-иә
-иә-иә-иә
Автобуспен
Дыгы-дыгы-дыгы
Сау-бол-ыңыз-дар!
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Шамаларды, заттарды салыстыра білуге үйренді. Заттарды биіктігіне, үлкендігіне, кеңдігіне, ұзындығына қарай салыстыра білуге үйренді.
Білуі керек: Аласа-биік, үлкен-кіші, кең-тар, ұзын-қысқа ұғымдарын.
Түсінеді: Ұғымдарды ажырата білуді.

Қолданады: Үлестірмелі қағаздарды, пішіндерді, пішіндер ұғымдарын.

ID: 620 | Просмотров: 5341